Философиядағы ақиқат мәселесі


Slide 1

Философиядағы ақиқат мәселесі

Орындаған: Қойшыбек Айгерім

Slide 2

Жоспар:

1. Ақиқатқа түсініктеме беру 2. Ақиқаттың объективтілігі 3. Ақиқат әрқашан нақты 4. Ақиқат және адасу 5. Ақиқаттың өлшемі

Slide 3

Ақиқатқа түсініктеме беру

Ақиқат- таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі.

Ақиқат - танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды.

Slide 4

Ақиқатқа түсініктеме беру

Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі

Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді.

Slide 5

Ақиқатқа түсініктеме беру

Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика - ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді.

Slide 6

Ақиқатқа түсініктеме беру

Платонның ұғынуында ақиқат - идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады.

Slide 7

Ақиқат дінде

Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” - шындық; әділдік; парыз; міндет) ; құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”) . Йасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын Ясаауи мазһабының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады.

Slide 8

Ақиқатқа түсініктеме беру

Неміс классик философтары (Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс философтарының бір ағымы - экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психологиялық ахуалы деп талқылайды.

Slide 9

2. Ақиқаттың объективтілігі

Ақиқаттың объективтілігі - тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген коғамдық қозғалыстар мен партиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықты әрекеттесуінен жүзеге асырылады.

Акиқатты біртіндеп дәлдеу және тереңдету үдерісін белгілеу және сипаттау, оның объективті мазмүнын толыктыру үшін

абсолютті ақиқат

салыстырмалы акикат

үғымдары енгізілген.

Slide 10

Абсолютті ақиқат

Абсолютті ақиқат деп езінің мазмүны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін бішмді айтамыз. Мүндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтуға болады ("Абай Құнанбайұлы 1845 -1904 жылдар аралығында өмір сүрген") .

Slide 11

"Мәңгілік" ақиқат

"Мәңгілік" ақиқатқа болашақта ешқашан теріске шығарылмайтын ақикаттар жатады. Мысалы: "Барлық адамдар өледі", "Ай Жерді айналады", "Материяның және қозғалыстың жасалмайтыны және жоғалмайтыны" туралы философиялық ұстаным, т. б. Алайда танымда абсолюттік акикатка жетуді нақты нәтиже дегеннен гері, ғалымдар кол жеткізуге тырысатын идеал деуге болар. Сондықтан ғылымда салыстырмалы ақиқатты көп пайдалануға тура келеді.

Slide 12

Салыстырмалы ақиқат

Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелікеш бұдан өрі дөлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат.

Салыстырмалы акиқатта адамзаттың жиынтық білімінің тұрақты өсу үдерісін камтамасыз ететін, бұлжымайтын білімдердің элементтері жоқ десек, кателескен болар едік. Исаак Ньютонның классикалык механикасы танымның одан өрі даму барысында колданылудың шектеулі аясында ғана акикат, демек, салыстырмалы екендігі белгілі болды.

Slide 13

3. Ақиқат әрқашан нақты

Бұл кез келген ақиқаттың өзінің мазмұнымен және қолданылуымен, таным мейлінше дәл есептеуді қажет ететін белгілі жағдайлармен, уақытпен, өзге де арнайы ахуалмен айқындалатынын керсетеді. Абсолюттік және салыстырмалы ақиқаттардың өзара байланыстырынан, нақты ахуалды ескеріп отыруды талап ететін ақиқаттың нақтылығы туындайды.

Slide 14

4. Ақиқат және адасу


Ұқсас жұмыстар
Өндіргіш күштер функциясы
Декарт философиясы
Философиядағы қоғам мәселесі
Философиядағы таным мәселесі
Идея бірінші
Бытие мәселелері
Ортағасырлық христиан философиясының негізгі даму кезеңдері
Философияның негізгі Бағыттары
Философиядағы сана мәселесі
Философия зерттеу объектілері мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz