ҚАНТ ӨНДІРІСІ




Презентация қосу
ҚАНТ
ӨНДІРІСІ
ЖОСПАР
ШЫРЫНДЫ (ҚОЮ ШЫРЫНДЫ) СҮЗУ
ШЫРЫНДЫ ҚОЮ ШЫРЫН ЖАҒДАЙЫНА
ЖЕТКЕНШЕ ҚОЮЛАНДЫРУ
І КРИСТАЛЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ УТФЕЛЬДІ
ҚАЙНАТУ, ҚАНТ КРИСТАЛЛДАРЫН АЛУ
ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ
ҚАЛДЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
І САТУРАЦИЯДАҒЫ ШЫРЫНДЫ СҮЗУ
І сатурациядан кейінгі шырында шамамен 4-5% қатты
бөлшектер қалады. І сатурациядан өткен шырынды
арнайы тұрғызу орындарда немесе сүзу қондырғысында
тұрғызып алдын ала қоюландырады. Көп қабатты
немесе бір қабатты тұрғызу орындарындағы І
сатурацияланған шырын екі фракцияға бөлінеді: оның
бірі түссіздендірілген шырын. Ол бірден бақылаудағы
сүзуге жіберіледі жəне қоюландырылған суспензия 18-
20% тұнбаны құрайды, сондықтан вакуум-сүзгіге
жіберіледі. Вакуум-сүзгідегі сүзілген өнім бақылау
мақсатындағы сүзуге жіберіледі, ал шөгінді зауыттан
шығарылып тасталады.
Қазіргіуақытта І
сатурациядан өткен
шырындағы тұнбаны
қоюландыру үшін
парақшалы сүзгі-
қоюландырғыштар (ФиЛС)
қолданылады.
Олар тұнбаның қоюлану
жылдамдығына əсер етеді
жəне шырынды бақылау
мақсатында сүзуді қажет
етпейді.
І сатурациядан шыққан шырын

Түссіздендірілген шырын

Вакуум-сүзгіге жіберіледі

Сүзілген өнімді бақылау үшін
сүзуге жіберіледі

Шөгінді зауыттан
шығарылады
ІІ САТУРАЦИЯДАҒЫ ШЫРЫНДЫ
ЖƏНЕ ҚОЮ ШЫРЫНДЫ СҮЗУ.

ІІ
сатурациядағы
шырынды
бақылау
мақсатында сүзу
үшін дисклі ФД
сүзгіші, ФиЛС
сүзгіші немесе
патронды
сүзгіштер
қолданылады.
Шырынды қою шырын жағдайына
жеткенше қоюландыру
Тазартылған диффузионды шырынды екі кезеңде
қоюландырады: бірінші кезеңде оны буландыру
аппаратында қою шырын жағдайына жеткенше,
құрамындағы құрғақ заттары 62-65% болғанша жүргізеді,
бұл кезде сахароза əлі кристаллдана қоймайды. Екінші
кезеңде қою шырынды вакуум-аппаратта құрамындағы
құрғақ заттары 92,5-93,5% болғанша жүргізеді.
Қоюландыру үрдісін екі кезеңде бөліп жүргізудің себебі –
бірінші кезеңде ерітіндідегі болмашы тұтқырлықтың
болуына байланысты үрдіс көп корпусты буландыру
аппараттарында жүреді, бұл жағдай жұмсалатын қуаттың
шамамен 2,5 есе азаюына себепші болады жəне қою
шырынның сүзілу жағдайын жеңілдетеді.
І КРИСТАЛЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ УТФЕЛЬДІ
ҚАЙНАТУ, ҚАНТ КРИСТАЛЛДАРЫН АЛУ
Тазартылған,құрамындағы құрғақ заттарының
мөлшері 65-67% болатын шырын сары қанттың
клеровкасымен бірге вакуум-аппаратқа əрі қарай
қоюландырып қайнатуға беріледі. Қоюландыра
қайнатудан кейін алынған өнім, сахароза
кристаллдары мен қою шырынның қоспасындағы
өнім болып табылады, оны утфель деп атайды.
Утфель 92-92,5% құрғақ заттарға ие, оның ішінде
55% кристаллданған қантты құрайды.
Кристалларалық сұйықтық – бұл сахарозаның
қанықтырылған ерітіндісі, оның да құрамында қант
емес заттар болады.
Утфельді мерзімді қимылдайтын вакуум-
аппаратта төрт кезеңмен қайната отырып
жүргізеді:
қанықтырылған ерітіндіні алу;
қант кристаллдарының заводкасы;
қант кристаллдарын ұлғайту;
соңғы рет қоюландыру жəне утфельді
түсіріп алу.
o І кристаллданудағы утфельді қайнату
ұзақтығы 2,5-3 сағат.
Қант қызылшасы өндірісіндегі
қалдықтарды пайдалану
Меласса.
Бұл утфельдің ІІІ кристаллдануы кезінде құралатын
қойыртпақ. Меласса қара қоңыр түсті, өткір исі бар қою өнім
болып табылады, құрамындағы құрғақ заттары 76-85%, оның
ішінде сахароза мөлшері 46-51%. Мелассаның тазалығы 58-62%,
рН 5,5-7. Мелассаның құрамына: редукциялаушы заттар,
раффиноза, жалпы азот, сүт қышқылы, сірке жəне құмырсқа
қышқылы, бояғыш жəне күлді заттар енеді. Жалпы өңделетін
қызылшадан мелассаның алынуы шамамен –4,5-5,5%.
Мелассаны этанол жəне лимон қышқылдарын өндіруде
қолданады. Мелассадан дайындалған суслода нан өндірісінің
ашытқысын өсіреді. Жем өндірісінде малға арналған азық
дайындауда мелассаны бағалы тағамдық қоспа ретінде
пайдаланады.
МЕЛАССА
Жом.
Бұл қантсыздандырылған жоңқалар. Оның құрғақ заттары
пектинді заттардан (шамамен 45%), целлюлоза мен
гемицеллюлозадан (шамамен 20%), ақуыздардан, күл мен
қанттан (2-4%) құралады. Жом мал жемі ретінде балғын
күйде жəне кепкен күйде де пайдаланылады. Жомды малға
шикі күйде дайындағанда, құрғақ заттары 12-14% дейін
болатындай етіп сығымдайды, ал кептірілетін түрін
дайындағанда – құрғақ заттарын 22-25% жеткізеді.
Диффузионды қондырғының əр түрінен шығарылған жом əр
түрлі болады, КДА алынғанда ол қызылшаның салмағымен
70%, құрғақ заттары 7-8% көлемінде алынады. Осы
көрсеткіштер ауытқып отырады жəне ол қызылшаның
ұлпасының көлеміне жəне оның сапасына, сондай-ақ өзге де
жағдайларға тəуелді болады.
ЖОМ

Ұқсас жұмыстар
Балық өнеркәсібі
Балық өндірісі
Сүт өндірісі
Инвертті шырын қосылған карамель сапалық көрсеткішін анықтау
«Заманауи орауыштар мен қаптамалар түрлері»
Биоэтанол
Майлы дақылды биоотын және биодизельге пайдалану мүмкіндіктері, қоршаған ортаны сақтауда перспективалы дақылдар (мақсары, рапс,) тұқымын биоотынға өсіру ерекшеліктері
Спирт өндірісінде қолданылатын микроорганизмдер
Спиртті ашыту
Өрт сөндіру қауіпсіздігі
Пәндер