Ұсақтау процесі



Ұсақтаудағы автоматтандыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Агротехнология институты
Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары жоғарғы мектебі
Орындаған: ТПР-31 топ студенттері
Тексерген: а. о. Г. М. Жазыкбаева.
Орал - 2019 жыл

Жоспары:
Ұсақтау процесі
Ұсақтау машиналары
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын ұсақтағыштар
Ұсақтағыштарға қойылатын талаптар

Ұсақтау процесі
Ұсақтау - механикалық күштердің әсерімен қатты денелерді бөлу процесі. Ұсақтау процесінде материалдың көлемі сақталады да, оның бөліктер саны және қоршаған ортамен жанасу беті көбейеді. Ұсақтау процесі химиялық, тағам өнеркәсібінде және т. б. өндірістерде кеңінен қолданылады.
Ұсақталған материал экстракциялау, жылумен өңдеу және т. б. процестердің өтуін тездетеді және заттардың, жылудың шығындарын азайтады.
Ұсақтау қолданылатын күштердің түріне байланысты:
қысу;
шағу;
сындыру;
үйкеу;
айыру.
Бөлшектердің өлшеміне (размеріне) және материалдың механикалық қасиетіне байланысты ұсақтау тәсілін таңдап алады.
Ұсақтаудың тиімділігі ұсақтау дәрежесімен анықталады.
Ұсақтау дәрежесі і материал бөлшектерінің ұсақтауға дейінгі (D) және ұсақтаудан кейінгі (d) өлшемдерінің қатынасына тең.
Материал бөліктерінің және ең үлкен кесектерінің бастапқы және соңғы мөлшерлеріне байланысты:
ірі;
орташа;
ұсақ;
жұқа;
коллойдты.

Негізгі ұсақтау машиналары келесі типтерге бөлінеді:
жақты, гирациялық (жартылай дірілді), балғалы ұнтақтағыштар және соққылы әрекетті ұнтақтағыштар;
үйкеліс машиналары;
білікшелі ұнтақтағыштар мен жүгіргіштер;
шарлық және сырықты (стержневые) ұнтақтағыштар;
сақиналы, дірілді және коллоидты диірмендер.
Ұсақтау машиналары


Тағам өнеркәсібіндегі ұсақтағыштар
А1-КДО ұсақтағышы
Кептірілген көкөністерді, картопты, өнімділігі 2, 5 т/сағ болатын тағамдық концентраттарды өндіру желісінде, т. б. өнімдерді ұсақтауға арналған.
Ұсақтағыш транспортер, тұтқыш (рушитель), ұсақтағыштан тұрады. Транспортер жетекші және жетекті барабандарды қамтитын шексін лента түрінде орындалған. Тұтқыш ірі кесектерді алдын ала уатуға, содан кейін оларды ұсақтағышқа беруге арналған. Тұтқыштың негізгі жұмыс органы ротор болып табылады. Ұсақтағыш бастапқы өнімді талап етілген ұсақтау мөлшеріне дейін ұсақтауға және оны патрубкаға беруге арналған. Жұмыс органдары - ротор және екі дека.
Алдымен, бастапқы өнім транспортерге төгіледі де ұсақтағышқа беріледі. Ірі кесектерді байқаған жағдайда, ұсақтату үшін тұтқышты қолданады. Содан кейін тұтқыштан шыққан өнім ұсақтағышқа жіберіледі.
1 - дека; 2 - ұсақтағыш; 3 - ротор; 4 - патрубка; 5 - планка; 6 - вал; 7 - рушитель; 8 - лента; 9 - транспортер

ВДР-5 ұсақтағышы
1 - бункер; 2 - верхний диск; 3, 4 - дека; 5 - выгрузочный рукав; 6 - нижний диск; 7 - ступица; 8 - защитная воронка; 9 - электродвигатель; 10 - сварная станина; 11 - корпус; 12 - крышка.
Жаңа піскен алмаларды, басқа да тұқым жемістерін (алмұрт, айва) ұсақтауға арналған. Жеміс-жидектердің шырындарын өндірудің технологиялық желісінің жабдықтарына кіреді.
Станина, бункер, ротор, ұсақтау камерасы, реттеу механизмі бар декалардан тұрады.
Жемісті бункерге жүктейді, айналмалы жоғарғы дискіге түседі, оның пышақтары оларды қатты ұсақтайды. Ұсақталған масса төменгі дискіге түседі, ол ішкі қалақтарымен жылжымалы декаға қысады да, пышақпен толығымен ұсақтайды. Ұсақтадған масса бөлшектері ортадан тепкіш күш пен сыртқы қалақтардың әсерінен келте құбырлары арқылы шығарылады.

А9-КРВ “Ритм” машинасы
Сәбізді, қызылшаны, картопты, ақ тамырды текшелеп, “кеспе” және дөгелектеп кесуге қолданылатын әмбебап түбіркескіш болып табылады.
Тиегіш бункер арқылы шикізат барабан ішіне түседі, ортадан тепкіш күш әсерінен корпустың ішкі бетіне лақтырылады және қалақшалармен төменге, тарақты пышақтарға ығыстырылады. Шикізат айналмалы дискідегі пышақпен көлденең бағытта кесіледі.
Машина өнімділігі 2000 кг/сағ. ;
Электрқозғалтқыштың қуаты 1, 7 кВт.
Көлемі 1080X1160X1500 мм.
Салмағы 380 кг.
Шикізат 7 немесе 10 мм-лік текшелерге, 5 немесе 10 мм-лік бағаналарға, 5 немесе 7 мм қалыңдығы бар дөңгелекшелерге кесіледі.
1 - барабан, 2 - диск, 3 - задняя крышка, 4 - вал, 5 - подшипник, 6 -корпус, 7 -передняя крышка, 8 - неподвижные пальцы, 9 - воронка, 10 - движущие пальцы, 11 - лопасть.

К6-ФКМ коллоидты диірмені
Шұжық, сосиска, ет және балық паштеттерін, шошқа терісінен жасалған тұрақтандырғыштарды дайындау кезінде жұмсақ шикізатты (фарш) жұқа ұсақтауға арналған.
Тесігінің диаметрі 3 мм-ден аспайтын және температурасы +6°С-тан аспайтын ет тартқыштарда алдын ала ұсақталған өнім қабылдау бункеріне жүктеледі. Ауырлық күші мен вакуум әсерінен өнім кесетін механизмге түседі.
Ротор мен статор арасындағы саңылау арқылы өтеді, ұсақталады да, алдын ала дайындалған қабылдау сыйымдылығына түсіру патрубкасы арқылы шығады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz