Қояндарды ұстау


Slide 1

Тақырыбы: Қояндар мен терісі бағалы аңдар гигенасы

СӨЖ

Орындаған: Райымбек А

Тобы: ВС- 503

Тексерген: Қойгельдинова А. С

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

Ветеринариялық санитария

Slide 2

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Қоян шаруашылығы

2. Қояндарды ұстау

3. Терісі бағалы аңдар

4. Терісі бағалы аңдарды ұстау

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі.

Қоян және терісі бағалы аңдарды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым өрісін, азықтандыру мен су ішуін, қора-жайын тиісті талаптарға сай жолға қойғанда ғана өнім жақсы береді.

Slide 4

Қоян шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Қоянды еті, терісі, түбіті үшін өсіреді: еті - диеталық тағам; терісі - бағалы шикізат ретінде, түбіті -тоқыма өнеркәсібінде қолданылады. Қоянның 200-ден астам түрі бар. Қазақстанда бірнеше түрі өсіріледі. Қоян салмағы 7 келіге дейін, ал кейбір жағдайларда 9 келіге дейін тартады. Қоянды етімен қатар жүні және терісі үшін өсіреді. Ол үшін қажетті тұқымды таңдап алу қажет. Мәселен, жүні үшін өсірілетін қоян терісінің жүні 12 сантиметрге дейін жетеді. Қазақстанда үй қоянының шиншил, ақ алып, сұр алып, күміс түсті, қара-бурыл, веналық көгілдір, мардер, көбелек, рекс, калифорниялық, ангор мамықты, т. б. тұқымдары өсіріледі. Қояндар өсімтал келеді. Осы қасиетінің арқасында тез көбейеді.

Slide 5

Қояндардың гигиенасы

Үй қояндарын өсірудің маңызы оның биологиялық ерекшеліктерімен байланысады. Қояндар өте тез өсетін, басқа малдар мен салыстырғанда шағылысқа келу мерзімі ерте туатын және аналық қоян жылдың әр кезінде күйті келіп, шағылысқа түсе алады. Онымен қоса бір аналықтан жыл ішінде 25-30 бас көжек алуға болады, яғни әр аналықтан 80-100 кг құнды, жұғымды ет және бағалы 30-35 қоян терісін алады. Сол сияқты қояндар, басқа үй малдарына қарағанда, сыртқы ортаның әсерлеріне өте сезімтал келеді де, әртүрлі тосын жағдайларға үрейленіп, стресске ұшырайды.

Slide 6

Қояндарды ұстау жағдайы

Үй қояндарын ұстау үшін әртүрлі конструкциялы торкөзді клеткалар пайдаланады. Клеткаларды орналастыратын жерлеріне байланысты қояндарды мынандай ұстау жүйелеріне бөледі.

Сыртқы клеткаларда (ашық аспан астында) ;

Арнайы сарайлар - шедтарда;

Жабық қоян қораларында.

Slide 7

Қояндарды өсіру кезінде ең көп тараған және ең тиімді жүйе болып клеткада ұстау есептеледі. Бұл жүйе бос және жартылай бос ұстауға қарағанда дұрыс өсіруді ұйымдастыруға, азықтандыруға, тұқым алғанда, тұқым санын анықтағанда, жүріп-тұруға ыңғайлылығы мен ауру туындаған жағдайда онымен күресте өте қолайлы. Қояндарды өсіру технологиясына байланысты темір клеткаларда, баздар мен жабық қораларда ұстайды.

Slide 8

Торда ұстау

Клетканы кез келген құрылыс материалынан жасап алуға болады. Оның құрылысы барынша қарапайым, қоянды күтуге, соның ішінде азықтандыру мен тазалық жұмыстарын жүргізуге қолайлы болғаны жөн. Жүретін жолдар 120-140 см, негізгі топтасқан қояндар үшін клетка: диаметрі 120-140 см, ені 65-70 см, алдыңғы қабырға биіктігі 55 см және артқысы 40 см.

Slide 9

Сарайлар (шеды)

Соңғы кездері сарайда өсіру кеңінен бет алуда. Ол 60 метр ұзындықта болатын, ағаштар мен темірлі бетоннан жасалады. Қояндарды сарайда баққанда ең қарапайым азықты жіберу, суғару, көңдерін тазарту, күтушіні ауа-райының қолайсыз кезінде жұмысты жеңілдететін механикаландырумен қамтамасыз етеді. Шедтің ішкі жағында бір не екі қабат(ярус) болады, екі қатарлары бар, 1, 2 м қашықтықта қозғалу жолы орналасады. Қояндарды күтіп-бағуда сарайлардың екі әмбебап түрін қолданады. Ұзындығы -90, ені -70, биіктігі -45см болатындай етіп жасайды

Slide 10

Азықтандыру

Қояндардың негізгі қорегі өсімдік азықтары болып саналады. Олар жалпы рационның көректі заттары мен энергиясын ішек газдары және зәр арқылы өте аз (4-6) бөліп шығарады да, оның физикалық энергиясы - 95-96 % болады. Сондықтан қояндардың рационына коллориясы жоғары және жақсы қортылатын азықтар болуын қадағалайды. Қояндарды азықтандыруға көбінесе көк шөп, тамыр-түйнектілерді, сүрлемді, ағаш жапырақтарын, дәнді азықтардан жасалған жемдерді пайдаланады. Сол сияқты, қоян рационына бидай кебегін, ет-сүйек ұнын және балық ұнын, бұзаулар мен торайларға дайындалған құрама азықтарды қосып пайдалануға болады.

Slide 11

Азық құрамындағы құрама жемдерді азайтып, ал қатаң, сулы азықтардың бөлігін арттырып, кейбір тұқымды қояндарды семіріп кетуден сақтаныдырады. Ірі қояндар мен буаз аналықтарды және өнімдік жас қояндарды қалыпты мөлшермен көректендіреді. Көжектері еміп жүрген аналықтар мен ет бағытындағы қояндарды шектеусіз азықтандырады. Қояндарды тобымен шектеусіз азықтандырған кезде азық науаларының әр қоянға тұратын орны белгіленбейді, ал нормалы көректендірген кезде әрқайсысына науаның ұзындығынан есептеп бір уақытта тұрып жейтін орын (бір басқа) қалдырады.

Slide 12

Қояндарды ұстау гигиенасы

40 градустан жоғары температурада қояндардың күн сәулесінің түсуінен соққы алып, өлуі жиі кездеседі. Желдің соғуынан, ылғалдың болуы, температураның ауытқуы - осының бәрі қоянның ауруға шалдығуына себептер. -30 градус температурада қоянның дене мүшелерінің кейбір бөліктері қатып қалады. Ал, -40 градус боса онда қоян қатып қалады.

Осындай жағдайларды болдырмау үшін ыстық күндері тордың шатырына бұтақтар, сабан, шөп, үнемі су құйып отыру керек. Ыстық өтіп кетті деген күдікті қояндарды тез арада көлеңке және салқындау жерге апарып, 2-3 минут сайын басына суды шашыратып отыру қажет.

Суық күндері торды жақсылап жылылап, құрғақ сабан салу керек. Сонда туылған көжектер қатып қалмайды

Slide 13

Қоян қораларының жобасы

Үй қояндарын өсіруде торша ішінде ұстау жүйесі кең тараған, онда жерден биіктігі 0, 5 м жылжымалы және жылжымайтын торшалар болады. Жеке торшалардың көлемі: ұзындығы 100 - 130 см, ені 60 - 70 см, алдыңғы жағының биіктігі 50 - 65 см, артқы жағы 35 - 45 см болады. Қояндар жасына, жынысына қарай бөлек ұсталады. Қоян өсіретін фермаларда бір мезгілде 1000 - 3000 аналық және 240 - 260 аталық қоян ұстауға болады. Мұндай фермаларда қыста орташа температура 14 - 16°С, ылғалдылық 60 - 75%, тор ішіне ауа жіберу жылдамдығы 0, 3 м/с болуы керек. Қоян көжектер алдында кеудесіндегі және бауырындағы түбіттерін жұлып төсеніш жасайды. Аналығы көжектеген кезде торшада су мен жемі болмаса жаңа туған көжектерін жеп қояды. Көжектер 16 - 20 күнге дейін сүт ішеді, одан кейін өздігінен қоректенуге көшеді

Slide 14

Шағын қояндар фермаларында ірі қояндарды жекелеме түрде, ашық аспанның астында қос бөлмелі, тұрақты аналыққа арналған орны бар клеткаларда ұстайды. Әрбір клетканың ішіне бөлік жасап одан 20*20 см кіріп-шығатын тесік қалдырып, азық бөлімінің ұзындығы 60 см, ұялы бөлмесінікі - 40 см, ал азық бөлімінің есігіне өздігінен аударылып кететін су науасы және құрама қоспалар салатын астаушалар отырғызады. Азық бөлімінің едендері тор көзді болып, олардың нәжістері астындағы арықшаға түсетіндей қылып клеткаларды қатар-қатар тізбектеп, жерден 60-70 см биіктікке, аяққа тұрғызады. Әр қатарда 15-17 клеткадан соң, бір көлденең жол тастап отырады.

Slide 15

Терісі бағалы аңдар

Терісі бағалы аңдарды өсіру - сапалы тері өндіру мақсатымен қолда аң өсіретін мал шаруашьшығының дербес саласы. Қазақстаңда 1946 жылдан Алматы облысында дами бастады. Кейін Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында а. ш. -мен кеңінен айналысты. А. ш. -да негізінен қара жөне қара-көк түлкі, әр түрлі түсті күзен және саз құндызы өсіріледі. А. ш. аң үш түрде өсіріледі: әр аң басы жеке не үйірімен торда ұсталатын - торда өсіру; аң басы ауқымды қоршалған жерде өсірілетін - еркін өсіру; ересек аналық жөне аталық аң торда, ал күшігі қоршалған жерде еркін өсірілетін - құрамды өсіру түрінде. Аң өсірумен арнайы құрылған қатар жеке тұлғалар мен жеке шаруалар да айналысады.

Slide 16

Терісі бағалы аңдарды ұстау гигиенасы

Терісі бағалы аңдарды бағып-ұстау ерекшеліктерімен қатар оларды азықтандыру мен өсірудің санитариялық-гигиеналық талаптарын жақсы білу керек.

Жоғары сапалы тері алу және дені сау аңдарды өсіру үшін аңдарды биологиялықциклын және олардың организмінің қоршаған ортамен байланысын білу керек. Аңдарды бағудың үш тәсілі бар: торлы, жартылай еркін және еркін.

Slide 17

Торда ұстау

Аңдарды өсіруде көп жағдайларда тиімді әдіс болып торлы әдіс саналады. Бұл кезде негізгі жануар және олардың төлдері торларда күтіп бағылады. Бұндай күтіп бағу кезінде жоғары сапалы өнім және мол төл басын алуға болады.

Slide 18

Еркін ұстау

Аңдарды еркін күтіп бағу кезінде олар табиғи жағдайда болады, бірақ белгіленген аймақтан шыға алмайды. Шаруашылық территориясы торлы қоршаумен қоршалып, оның төменгі жағы 30-40 см төмендікте көмілуі керек. Қоршаудың биіктігі түлкі, құндыз және бұлғын асырайтын шаруашылықтарда 2 м, ал күзендер үшін 1, 5 м. Түлкілер мен құндыздардың торлы қоршауларының үстіңгі ішкі жағынан қалқан жасалады.

Slide 19

Жартылай еркін ұстау

Жартылай еркін күтіп-бағу жүйесі - бұл аралас әдіс, яғни торлы және еркін күтіп бағу жүйелерінен тұрады. Аңдардың негізгі басын (ересек) торларда ұстайды, ал төлдерін керекті мезгілге дейін табиғи жағдайда ұстайды.

Slide 20

Аңдарға арналған сарайлар

Сарайдың ені 4 м, ұзындығы 60 м кем болмау керек. Түлкі мен поляр түлкілері еркектеріне арналған бөлек торларды бір қатарда 50 қояды.

Тор қатарлары арасындағы қашықтық 4 м, ал серуен алаңындағы үйшіктер арасындағы қашықтық 1, 8 м кем болмау керек. Торларды көбінесе 1 қабаттан орналастырады.

Бұлғындар, күзендер, түлкілер үшін сарайлардың (шедтердің) сыртқы ұзынша жағынан және азық беретін жол бойымен тор тартылады, тереңдігі 20 см кем болмау керек. Сарайлардың бүйірінен торлы есіктер жасайды. Жануарларды сарайларда ұстау қолайлы жағдай туғызады, азық беруді, көң шығаруды механикаландыруға мүмкіндік береді.

Slide 21

Азықтандыру гигиенасы

Аңдарды тек сапасы жоғары азықтармен азықтандыру - аурулардың алдын алу кепілі. Ашыған азықтармен азықтандруға жол берілмеуі керек. Ал тез ашитын азықтарды мырыш жалатылған ыдыста сақтауға болмайды, жануарлардың улануына соқтырады, себебі қышқыл ортада цинк тез еріп малды улайды. Жаз кезінде азық науалары өте таза болуы керек.

Түлкі, поляр түлкісі, күзен және бұғы - ет қоректі, ал құндыз шөп қоректі аң. Саз камшатын азықтандыру қояндардыкіне ұқсайды. Олар бұршақ тұқымдастарды, бидайды, тамыр жемістілерді, сүтті, жұмыртқаны, жемді және т. б жаратады. Бұлғындар рационында кедр жаңғағы, жас піскен немесе кептірілген жемістер болу керек.

Slide 22

Терінің атқаратын қызметі: жануарлар организмін сыртқы ортадан, механикалық химиялық және бактериялық әсерлерден қорғайды, жылу алмасуды реттейді сезіну органдары болып, сонымен қатар жануардың тіршілігіндегі өңделген заттарды денеден бөліп шығару қызметін атқарады.

Slide 23

Бағалы аң терісін алғашқы өңдеудің негізгі мақсаты - жануарлар ұшаларынан терілерді бөліп алу және оларды сақтау шараларын жүзеге асыру. Одан кейінгі өңдеу шикізат түріне байланысты. Алғашқы өңдеудің сапасынан бағалы аң терісінің сапасы байланысты, осыдан дүмбілдің сапасы да соған байланысты.


Ұқсас жұмыстар
ҚОЯН ГИГИЕНАСЫ
Қояндардың ұстау жүйелері
Тышқан мен мысық
Қоян және терісі бағалы аңдар
КОМПЛЕМЕНТТІ БАЙЛАНЫСТЫРУ РЕАКЦИЯСЫ
Диагностикалық антигендер
Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы ауру кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаулар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz