Инфрақызыл сәуле
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Физикалық фактор
Орындаған:Райымбек Ә.С
Тобы: ВС-503
Тексерген:Нұркенова М.К
Этиология – аурудың себептері мен пайда болу жағдайлары
туралы ілім.
Ауру себептері шартты түрде бөлінеді
Эндогенді Экзогенді
Аурудың экзогендік себептеріне сырқы ортаның
организмге әсер eтетін факторары жатады, олар:
Физикалық
Механикалық Биологиялық
Химиялық
Физикалық факторлар
Дыбыстың және шудың әсері
Барометрлік қысымның өзгеруі
Жоғары және төменгі температураның әсері
Күн сәулесі, лазерлік сәуле
Электрлік ток
Радиация
Космосқа ұшудағы факторлар (үдеу, салмақсыздық).
Инфрақызыл сәуле
Инфрақызыл сәуле – көрінетін жарықтың қызыл бөлігі (0,74 мкм)
мен қысқа толқынды радиосәуленің (1 – 2 мм) арасындағы спектр
аймағына орналасқан электрмагниттік сәуле. Инфрақызыл сәуле
қыздыру шамын, газразрядты шам шығаратын сәулелердің едәуір
бөлігін құрайды.Кез келген жылы зат инфрақызыл сәуле шығарады.
Инфрақызыл сәулелер - Толқын ұзындығы 760 нм-ден 2 мм-ге ( λ =
0,74 мкм ) және (λ ~ 1—2 мм) дейінгі аралықта жататын
электромагниттік сәуле. Инфрақызыл сәуле қыздыру шамын,
газразрядты шам шығаратын сәулелердің едәуір бөлігін құрайды.
Инфрақызыл сәулелер электромагниттік толқындар шкаласында
радиотолқындар мен көрінетін жарық арасындағы бөлікті алып
жатады. Инфрақызыл сәулені 1800 жылы ағылшын ғалымы
В.Гершель ашты.
Жалпы сипаттама
Инфрақызыл сәулелерінің табиғаты көрінетін жарық табиғатымен бірдей.
Инфрақызыл сәулелерінің спектры жеке сызықтардан, жолақтан немесе
тұтас болып келеді. Қозған атом немесе ион сызықты спектр шығарса,
қозған молекула жолақ спектр шығарады. Қызған қатты немесе сұйық
денелер тұтас спектрлі инфрақызыл сәулелер шығарады. Күн сәулесінің 50
пайызы инфрақызыл аймақта жатады. Электр шамынанбөлінетін сәуле
энергиясының 80 пайызға жуығы инфрақызыл сәуле болып келеді.
Инфрақызыл сәуленің екі маңызды сипаттамасы бар:
толқын ұзындығы (тербеліс жиілігі)
сәуленің интенсивтілігі.
Инфрақызыл сәулелер толқын ұзындығына байланысты үшке бөлінеді:
жақын (0,75—1,5 мкм);
орташа (1,5 – 5,6 мкм);
алыс (5,6—100 мкм).
Инфрақызыл сәулелерінің әсері және қолданылуы
Кейбір заттар инфрақызыл сәулелер түскенде өзінің
мөлдірлігінің сыну және шағылу коэффициенттерін
өзгертеді. Көрінетін жарық түскенде мөлдір болатын кейбір
заттар инфрақызыл сәуле түскенде мөлдір болмайды.
Инфрақызыл сәулелер ғылыми-зерттеу жұмыстарында,
криминалистикада, жердегі және ғарыштағы байланыс
жұмысында, медицина саласында, фотографияда, жеміс-
жидектерді құрғатуда, машиналарды тез кептіру ісінде,
биология және мал дәрігерлігінде пайдаланылады.
Мал дәрігерлігінде
Жаңа туған бұзаулар мен балапандардың тіршілігінің
алғашқы кезінде қолайлы температура тудыру үшін
инфрақызыл сәулелерін пайдаланады. Жылыту барысында,
сәуле импульстары орталық жүйке жүйесіне беріліп, дененің
температурасын реттеп отыруға "басшылық" етеді. Осының
нәтижесінде дененің қан айналымы арта түседі де, ағзаның
сырқауға деген төзімділігін күшейтеді. Тері
температурасының жоғарлауы ферменттердің қызметін
арттыра түседі. Ферменттер белоктарды уақтай бастайды.
Соның нәтижесінде қанда ұнтақталаған белок өнімдері пайда
бола бастайды. Соған орай бұлшық ет пен орталық жүйке
жүйесінің жұмысы жақсарады.
Иттің инфрақызыл сәуле шығаруы Кез келген жылы зат
инфрақызыл сәуле
шығарады
Ультракүлгін сәуле
Ультракүлгін сәуле шығару — жарық сәулелері спектрінің күлгін бөлігіне іргелес,
күлгін және радиосәулелер аралығында орналасқан, толқын ұзындығы 400—10
нанометр (нм) аралығына сәйкес келетін электрмагниттік сәулелер. Толқын ұзындығы
қысқарған сайын мөлдір денелердің оларды сіңіруі күшейе түседі, ал ұзындығы 100 нм-
ден кем сәулелер толық ұсталып қалады. Көптеген ғарыш денелері, әсіресе Күн
ультракүлгін сәуле шығарады. Жерге түсетін ультракүлгін сәулелер А (толқын
ұзындығы 400—320 нм), В (320-290 нм) және С (290-40 нм) болып бөлінеді. "А"
ультракүлгін сәулесі Жер бетіне көрінетін сәулелермен (жарық сәулелерімен) қатар
келіп жетеді, айтарлықтай фотохимиялық әсері бар, мысалы, теріпі "тотықтырады"
(секпіл басып кетеді). "В" ультракүлгін сәулесінің едәуір бөлігі Жер атмосферасының
озон қабатында тұтылып қалады, тірі протоплазманы жою қасиеті бар. Ол көп мөлшерде
әсер еткен жағдайда теріні күйдіреді, қабыршақтандырады, тері обырының кейбір
түрлерінің (базальдық клеткалар ісігі, терінің тікенек тәріздес клеткаларының обыры,
меланома) себепші болады. Жер бетіне келіп жететін "С" ультракүлгін сәулесі
толығымен дерлік атмосфера қабатында тұтылып қалатындықтан, Жер бетіне жетпейді.
Ультракүлгін сәулелер организмнің иммунитетін төмендетеді, әр түрлі көз ауруларына
себепші болады.
Спектрдің 3 әр түрлі бөлігінде сәулеленудің биологиялық
эффекті әр түрлі болғандықтан, биологтар өз ісінде ең
маңызды деп келесілерді атайды:
Жақын ультракүлгін, УКА сәулелер (UVA, 320-400Нм)
УК-В сәулелер (UVB, 290-320Нм)
Алыс ультракүлгін, УК-С (UVC, 40-290Нм
Күйік
Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның
шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы
немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және
одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған
зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан
теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.
Күлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер (1 дәрежедегі күйік)
• Күйіктен кеп зардап болдырмау және ауырғанын жеңілдету үшін күйік шалған жерді дереу салқын суға малыңыз. Басқадай
ешбір ем-дом жасаудың қажеті жоқ, керек болған жағдайда ауырғанды жеңілдететін дәрі ретінде аспирин ішіңіз.
Күлдіреп ісетін күйіктер (2-ші дәрежедегі күйік)
• Күлдіреген жерді тесуші болмаңыз. Егер күлдіреген жер жарылып кетсе, сол жерді қайнатып салқындатылған сумен
сабындап жуыңыз. Вазелинді қайнатып стерилдеңіз де, оны стерилдеген дәкеге жағып, күйік шалған жерге салыңыз.
Егер вазелиніңіз жоқ болса, күйікті ашық күйде үстаңыз. Күйік шалған жерге ешуақытта тоң май немесе басқадай
майларды жағушы болмаңыз.
Күйген жерді мейлінше таза ұстаған ете маңызды. Оны шаңнан, ластан, шыбын-шіркейден сақтаңыз.
• Инфекция түскендіктің белгілері — ірің, жағымсыз иіс, қызу көтерілу немесе без шошу сияқты белгілері біліне
бастағаннан-ақ жылы түзды сумен (1 шәй қасық түзды 1 литр суға езіп) күніге 3 рет компресс жасаңыз (мүмкіндігіңіз
жетсе түзды суға 2 ас қасық хлорлы әк үнтағын қосып жіберіңіз). Таңып, байлауға тазалап жууға пайдаланылатын
шүберекті де, суды да қайнатып алыңыз. Күйік салдарынан тері мен тәннің өлген ағза, қабыршақтарын мейлінше
сақтықпен алып тастаңыз. Жарақатқа жеңілдеп қана неоспорин тәрізді антибиотикті мазь жағып қоюға болады (371-
бет), ауыр жағдайларда күйіктің ауыр түрлерінде пенициллин не ам-пициллин тәріздес антибиотиктерді
пайдаланудың ретін езіңіз байыпқа салып керіңіз.
Терең күйік жарақаттары (3-ші дәрежедегі күйік)
• Теріні бүлдіріп, дененің ІШКІ ағзаларын жалаңаштайтын және терінің едәуір бөлігін қамтитын мұндай күйік жарақаттары
өте қауіпті болып келеді. Зардап шеккен адамды сол бойда емдеу орнына жеткізу қажет. Оны ем көрсетілетін жерге
жеткізгенше күйік шалған жерді ете таза шүберекпен немесе орамалмен жауып қойған жөн. Дәрігерлік білікті көмек
көрсетіле алмаған жағдайда күйген жерді жоғарыда айтылғандай тәсілмен тазалап, ем жасаңыз. Егер вазелин болмаса,
күйік шалған жарақаттың бетін ашық тастап оған шаң түсіп, шыбын қонбас үшін шыт орамалмен немесе ақжаймамен
жеңіл ғана бүркеп қойыңыз. Пайдаланған шүберегіңіздің таза болуын үнемі қадағалап отырыңыз, егер ол күйік жарақаттың
аузынан аққан қан мен қан аралас сұйықтан ластанғандай болса, алмастырыңыз. Күйген жерге ешуақытта малдың майын,
тоң май, тері, кофе, шөп немесе нәжіс жағушы болмаңыз.
Радиация:
Радиация — иондану сәуле шығаруы;
Радиация - жылулық сәуле шығаруы;
Күн радиациясы — электромагнитты және
корпускулярлық табиғаты бар Күн сәулелерi;
Радиация — сәуле шығаруға синоним.
Радиация әсері
Қоршаған ортаның адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып
табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды
әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының
өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни
мутацияға душар етуі мүмкін.
Соңғы он жыл ішінде радиациялық сәулеленудің табиғи фоны көтерілді. Бұл кейбір елдерде
ядролық қарулардың өндірілуіне, ядролық энергетиканы пайдалануға, уран өндіруді
көбейтуіне, радиация қалдықтарының дұрыс сақталмацуына байланысты болып отыр. Осыған
байланысты барлық тіршілік иелеріне - өсімдіктерге, жануарларға, адамдарға нақты қауіп
төнді. Мутация көлемі ұлғайды, тұқым қуалайтын әр түрлі аурулар, дамуында түрлі
кемістіктері бар (қатерлі аурулары, сәлелік аурулары және тағы басқа) ауру балалар мен
адамдардың саны ұлғайды. Табиғаттың барлық жерлерінде табиғи радиабелсенді сәулелері
болады. Барлық тірі организмдер сияқты адамға да табиғи сәулелердің әсері тиеді. Сәулелердің
артық мөлшері адам организмде ауытқуларды және әр түрлі ауруларды туғызады. Сондықтан
адам радиосәулелердің мүмкіндік мөлшерін анықтай алуы тиіс. Оны дозиметр деп аталатын
арнайы құралмен өлшейді. Сәулелердің артық мөлшері организмнің ауруға қарсы мүмкіндігін
төмендетеді, тыныс алу, көз, тері және тағы басқа ауруларға себеп болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ө.Ығылманұлы «Ветеринариялық патологиялық
анатомия» Алматы 2010 жыл.5-27 беттер.
2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов,
У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және
сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық
сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
3. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша –
латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.
4. Ғаламтор желісі. Google.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz