Кеңірдек бифуркциясы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік униервитеті

СӨЖ

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі

Тексерген: Нуркенова М. К

Орындаған: Асан А. А

Тобы: ВС-505

Slide 2

ЖОСПАР

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Мұрын қуысы

Көмекей

Өкпе

III. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Тынысалу дегеніміз - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қан тарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды.

Slide 4

Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.

Slide 5 Slide 6

Мұрын қуысы

Мұрын қуысы (cavum nasale) ұрықтық дамуда ауыз қуысынан таңдай өсiндiлерiмен шектелiп, қалыптасады. Кiреберiстен және меншiктi мұрын қуысынан тұрады.

Кiреберiс (vestibulum nasi) көпқабатты жайпақ түлейтін эпителиймен төселген. Астында жайғасқан кiлегейлi қабықтың меншiктi тақташасы борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Мұрынның кiреберiсiнде түк жабыны (жылқыда көп) және бездер болады. Мұрын кiлегейлi қабығының алдыңғы -төменгi бөлiгi бiр қабатты көп реттi тербелмелi эпителиймен төселiп, онда бокал тәрiздi жасушалар кездеседі. Оның жоғарғы және артқы аймағының бетi иiс сезу ағзасы (сезiм ағзаларын қара) болып келедi. Мұрын кiлегейлi қабығының меншiктi қабаты борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпадан құралып, бірталай эластинді талшықтарды, кiлегейлi бездерді сақтайды. Эпителийдегi бокал тәрiздi жасушалар мен кiлегейлi қабықтың меншiктi тақташаларындағы бездер кiлегейлi түзiндi бөледi. Бұл түзiндiлерге тыныс алуда ауамен түсетiн бөлшектер жабысады. Эпителийдегi жасушалардың кiрпiкшелерi қозғалып, аран бағытында сұйықтық ағымын қалыптастырып, эпителий жабынын тазартады. Мұрын қуысы кiлегейлi қабығының меншiктi тақташасы борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады, терең аймағында қалың қуысты кең көктамырлар торы болады. Бұл торлар қанға толғанда, кiлегейлi қабық iсiнедi, тыныс алуда ауа түсуiн шектейдi, сөйтiп оның жылуына мүмкiндiк

Slide 7 Slide 8

Көмекей

Көмекей, көмей (лат. larynx ) - тыныс алу түтікше мүшелерінің бастама бөлігі. Көмекей - жұтқыншақтың тыныс жолын (аңқа) кеңірдекпен жалғастырып, қақпақ ретінде азықтың жұтқыншақтан кеңірдекке түспеуін қамтамасыз етеді. Көмекей қабырғасының негізін сақинаша, қалқанша, бөбешік және жұп ожауша шеміршектер құрайды. Шеміршектер бір-бірімен және тіласты сүйегімен буындар мен байламдар арқьлы қозғалмалы байланысып, оның ішкі қуысы арнасының өзгеріп отыруын қамтамасыз етеді. Түтікше мүше ретінде көмекейдің қабырғасы ішкі - кілегейлі қабықтан, ортаңғы - шеміршекті-талшықты қабықтан және сыртқы - адвентиция қабығынан тұрады. .

Slide 9

Ерекшеліктері

Жылқыда көмекейдің сақинаша шеміршегінің тақташасы, оның доғасымен тік бұрыш жасай орналасады. Қалқанша шеміршектің каудальды бетінде терең каудальды ойық болады. Шеміршек тақташасының сыртқы бетінде бұлшық еттер бекитін қиғаш сызықтар байқалады.

Сиырда сақинаша шеміршек тақташасы доғасымен сүйір бұрыш түзеді. Қалқанша шеміршектің артқы мүйіздігі ілмек тәрізді иілген. Ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісі жақсы жетілген.

Ұсақ малдар көмекейінің құрылысы сиыр көмекейі құрылысына ұқсас. Бірақ оларда орталық қалта жақсы жетілген.

Шошқа көмекейі басқа жануарларға қарағанда ұзындау келеді. Сақинаша шеміршектің доғасы, оның тақташасына қиғаш орналасқан. Ұзынша келген қалқанша шеміршектің алдынғы жиегі қалың болады.

Ит көмекейінің тұрқы қысқа, кіреберіс тесігі кең болады. Бөбешік шеміршектің пішіні төртбұрышты болып келеді. Көмекей қарыншасы жақсы жетілген. Дыбыс қатпарлары алға және төмен қарай қиғаш орналасады.

Slide 10 Slide 11

Кеңірдек - өңештің алдында орналасқан ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм. түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Сақиналар мойынның қандай қозғалысы болмасын ауаны ұстап қалмайды

Slide 12

Ерекшеліктері

Жылқыда кеңірдек сақиналарының пішіні көлденең сопақша болып келеді, олардың саны 48-60. Кеңірдек бифуркциясы 5-6 қабырғалар тұсында орналасады.

Сиырда кеңірдек сақиналарының екі бүйірі қысыңқы келеді. Оның бос ұштары бір-бірімен түйісіп тұрады. Шеміршек сақиналарының саны 46-50. Бифуркцияға дейін кеңірдектен оң өқпенің алдыңғы бөлігіне қосымша кеңірдектік бронх (bronchus trachealis) ажырайды.

Ұсақ малдарда кеңірдектегі шеміршек сақиналарының саны 46-50. Бұларда да кеңірдек бифуркциясына дейін оң өкпенің алдыңғы бөлігіне кеңірдектік бронхы ажырайды.

Шошқа кеңірдегіндегі шеміршек сақиналарынық саны 31-36. Олардың пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Сақиналарының бос ұштары ұзын болып келеді, бір-бірімен айқасып жатады.

Ит кеңірдегінде 42-46 дөңгелек пішінді шеміршек сақиналар болады. Олардың шеміршек ұштары бір-біріне түйісіп жатады. Оларды жалғастырып тұрған көлденең бұлшық ет шеміршектің жоғарғы бетінде орналасады.

Slide 13 Slide 14

Өкпе


Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу аппараты (apparatus respiratorius)
Тыныс алу мүшелері гистологиясы
МҰРЫНЖҰТҚЫНШАҚ КӨМЕЙ
Көмей қызметі
Өңеш атрезиясы
Тыныс алу мүшелерінің орналасуы, құрылысы
Өкпе ішіндегі қан айналымы
Ауа қапшықтары
Балалар ауруларының пропедевтикасы
ТЫНЫС АЛУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz