Токсикологиялык маңызы және мөлшері




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Ас тұзымен улану.

Орындаған :Уалихан Ж.Ш
Тобы : ВС-505
Тексерген : Билялов Е.Е

2018 жыл
Plan

1)Poultry
2) Шошқаның улануы
3)Қорытынды
4) Пайдаланылған әдебиеттер
Ас тұзының токсикологиясы

Хлорлы натрий (NaCl) – жануарлар мен құстардың рационындағы арнайы және қажетті
азықтық қоспа болып саналады.Ол ақ түсті кристаллды ұнтақ,суда жақсы ериді.
Азықтық мақсатта ірі кесек, ірі ұнтақ немесе брикет күйінде пайдаланылады.
Қазіргі кезде оны азыққа қосумен қатар,жеке кесек күйінде ірі қара малға, оның өнімділігін
арттыру және жаңа туылған төлдердің өсіп,өнуін жоғарылату мақсатымен береді.
Кейбір әдебиеттерде шошқаларды тұздың жоғарғы мөлшерлерімен (1,25-1,66 г /кг) ұзақ уақыт
азықтандырғанда алынған тиімді нәтижелер жазылған.Осы кезде жануарлардың өсімі 33-
36% жоғары болады.
Бірақ ас тұзын абайлап пайдаланған жөн,себебі онымен жануарлардың, әсіресе шошқа мен
құстың улануы жиі кездеседі.
Токсикологиялык маңызы және мөлшері

Жануарлардың ас тұзымен улануы, әcipece, құстардың улануы, құрама жем мен құрғақ сүт
алмастырғышта тұз концентрациясының көбейіп кетуінен, ipi кара малына арналған
құрама жемді шошқа мен құстарға байқамай беріп қойғаннан, ас тұзымен ұзақ уақыт
ашыққаннан соң, ағзаға көп мөлшерде ас тұзы түсуінен, тұздалған балык пен әртурлі
тұздықтарды бергеннен болады. Кейбір кездері, құрама жемді алыс қашықтықта тeмip
жол вагондарымен және автотранспортпен тасымалдағанда тұздың сеперациясы, яғни,
натрий хлоридінің ауыр кристалдары құрама жемнің төменгі қабаттарына шөгіп,
нәтижесінде құрама жемнің төменгі қабаттарынан азықтандырылған мал улануы мүмкін.
Ас тұзының уытты және өлтіре әсер ететін мөлшері әртүрлі. Бұл токсикалық әсерге
әртүрлі факторлардың әсер етуіне байланысты болуы мумкін. Жас төлдер натрий
хлоридіне анағұрлым сезімтал, арық немесе күтіп, бапталуы нашар мал аз мөлшерінде де
уланып қалуы мүмкін. Сумен ашығу уытты әсерді күшейтеді, кристалдармен тұзбен
азықтандырғаннан ғөpi ас тұзы ерітінділермен суару әлдеқайда қауіпті.Ас тұзының өлтіріп
әсер ететін мөлшері ipi қарага-5-6г/кг, қойга 3-4г/кг, жылқыға- 2-Зг/кг, шошқаға- 1,5-2,5г/кг,
құсқа 3-4г/кг, су тышқанга 2г/кг. Үлкен мөлшерде көп уақыт ас тұзын берсе, созылмалы
улану туындайды.
Патогенез

Ол суда жақсы epin, қанға жылдам сіңеді де, изононияның бұзылуына әкеліп соғады да,
орталық және шеткi жүйке жүйесінің, жүйке мен синапстарда импульстардың өтуіне
зор ыкпал жасайтын, біp және eкі валентті катиондардың қызметін бұзады.
Қан мен ұлпааралық сұйыктағы осмостық қысымның бірден жоғарылауынан
эритроциттер бүpicin, тіршілікке маңызы зор мүшелер торшаларында сусыздану пайда
болады.
Нәтижесінде зат алмасу құбылысы алдымен үдеп, кейіннен тежеледі.
Ас тұзы сонымен қатар,асқазан мен аш ішектің кілегейлі. қабықтарын тітіркендіріп,
геморрагиялық гастро- энтеритке әкеп соқтырады.
Клиникалық белгілері

Ipi қарада ас тұзын қабылдағаннан кейін улану белгілері 30-120 минуттан кейін біліне бастайды.
Тынышсыздану, жиі күйіс қайыру, тісін қышырлату, жиі және көп зәр бөлу, іш өту, шөлдеу, әлсіздік,
теңселіп жүру, атаксия болады. . Жануарлар ұзақ жатып алады, бұзауларда опистонус болады,
рефлекстер кушейеді. Бұлшық еттің кейбір бөліктеріндегі діріл, бipтe-біртe үзіліссіз дірілге ұласады.
Тыныс алу мен жүрек қызмет нашарлайды. Мал қалтырап, дірілдеп, аз уақыттан соң өледі. Қойда
улану белгілері 16-18 сағаттан сон, өлім 1 тәулік iшінде болады. Шошқада 2-3 сағаттан соң қозу,
құсу, қатты шөлдеу, сілекей ағу болады. Көз қарашығы үлкейіп, нашар көреді. Iшi өтin, кейде қан
аралас зәр бөледі. Жүйке жуйесі бұзылуынан өзіне тән емес қимыл, қозғалыстар жасайды. Дене
бұлшық eттеpi дірілдеп, қалтырайды.
Өлер алдында құлағы мен тepici көгереді, тepi сезімталдығын жоғалтады. Жануар тәулік
көлемінде, не одан кейін өледі. Құста шөлдеу, тұмсығынан сұйық ағады, атаксия, қанаттары түсіп,
басын артына қаратып алады. өлер алдында аяқ пен қанат салданады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер

Көптеген нүктелі эндокардтағы қанталаулар, өкпе мен
шажырқайдағы icіктер, бауыр, бүйрек, лимфа түйіндері
қанға толған.
Катаралды және геморрагиялық гастроэнтерит және
бауырдағы дақтарды көруге болады.
ОЖЖ-де периваскулярлы аумактағы тамырлар
қабырғаларындағы эозинофил инфильтраты,
гемодинамикалық өзгеpicтep, iciк, жүйке торшаларының
дистрофиялық өзгepici вакуолизация мен кариопинкоз
байқалады.
Балау

Анамнездік, деректеріне, клиникалық белгілеріне және симптом,
патологиялық өзгepicтepгe сүйенеді. Ал балауды бекіту үшін
азықты, қарындағы азықты химиялық-токсикологиялық
тексерістен өткізеді. Асқазан, iшек және бауырдың құрамынан
хлорлы натрийдің мөлшерін тексереді.. Мөлшер бойынша ол 0,25%-
дан аспауы керек.
Емдеу

Су iшкізy жүйкені, жүрек жұмысы мен тыныс алуды қайта қалыпына келтіру керек. Суды мал
iшпей қойса, клизма, зонд арқылы су жіберу керек. Мұнсыз баска әдістердің әсері шамалы.
Арнайы антидот ретінде кальций хлоридінің 10%-ды ерітіндісін ipi қараға күре тамырға
жібереді, ал 5%-ды ерітіндіні 1 %-ды желатин ерітісінде ұсак малдарға бұлшық етке және тepi
астына 1-2 мл/кг мөлшерде егеді.
Жүрек әлсіздігі мен тыныс алу тарылғанда кофеин натрий-бензоотын, кордиамин және басқа да
қуаттандыратын заттар береді.
Ас қорыту жолы жұмысын жақсарту үшін iшке өсімдік майларын және нәр бергіш шырышты
заттар береді.
Алдын алу

Алдын алу. Тұзбен ашығу болмау үшін міндетті түрде
үнемі қажетті мөлшерде ағзаға тұздың келуін
қамтамасыз ету керек.
Шошқаларға азық қалдьқтарын берген кезде хлорлы
натрийдің мөлшерін бақылау керек.
Құрама жемдегі ас тұзының мөлшерін, оны
тасымалдағаннан кейінгі әр қабатындаіы хлорлы
натрийдің мөлшерін анықтау керек.
Шошқалардың ас тұзымен улануы

Шошқаларды жеке шаруашылықтарда немесе фермерлік шаруашылықтарда өсіру белгілі бір тәртіп пен
уақыт шығынын талап етеді. Әдетте фермер шошқа өсіру технологиясына, торайлау мен айыру
науқанын өткізуге, асылтұқымды шошқа бастарын немесе бірінші буындағы F1 гибридтерін алдыруға,
азықтар қорын іздестіруге және азықтандыруды ұйымдастыру ісіне көп мәнбереді.
Тәжірибелі маман, азықтандырудың торайлардың ему кезеңінде тірі салмақ қорын жинауға, әрі жылдам
бордақылауда да үлкен маңызға ие екендігін біледі. Сол себептен шошқа өсіру саласы мамандары
рационға әртүрлі қоспалар енгізеді, әртүрлі жастағы жануарларды өсіруге қажетті құрама жемдер
сатып алады.
Кейбір шаруашылық иелері шошқаларды тұздалған балықпен үстеме азықтандырып жатады немесе ірі
қара малға тұз көпкеректігін ескере отырып, тым көп мөлшерде азыққа тұз қосады. Осы кезде,
шошқалардың өзге жануарлар тәрізді ауыратынын, уланудан зардап шеге алатындығын есте ұстаған
жөн. Шошқаларда уланулар негізінен торайлардың кез-келген азықты олардың сапалығына, құрамына
балаусалығына қарамастан жейберетіндігіне орай болады.
Шошқалардың улануларын бірнеше түрлі ерекшеліктеріне қарай айыруға болады:

азықтармен;
‒ ас тұзымен;
‒ улы өсімдіктермен;
‒ улы химикаттармен;
‒ дәрілік препараттармен.
Біз торайлардың ас тұзымен улануына ерекше тоқталып кеткіміз келеді. Ас тұзымен улану көбіне
шошқалар мен құстарда кездеседі. Ірі қара малға қатысты ас тұзының өлім тудыратын мөлшерлемесі –
1,5-3,0 кг, жылқыларға – 1,0-1,5 кг, қойлар мен шошқаларға – 125-250 г, құстарға – 4,5 г. Шошқалардың тірі
салмағы килограмына шаққанда натрий хлоридінің өлім тудыратын мөлшерлемесі - 1,5-6 г/кг. Алайда
минералдық улану кезінде марқаторайлар тіптен 0,5 г/кг мөлшерлеменің өзінде өлімге ұшырайды.
Шошқаларда улану себебі әдетте, рационға шамадан көп мөлшерде шашылып таратылатын тұздың,
тұзды азықтардың, сүзбе ірімшіктің, еттің және нашар дайындалған азықтық қоспалардың,
соныменқатар асхана қалдықтарындағы тұздардың болуынан. Улануға ықпал ететіні витаминдік-
минералды жетіспеушілік. Шошқалардың ас тұзына сезімталдығы су тапшылығы кезінде күшейе түседі.
Шошқаларда улану көбіне жедел өтеді (1-2 күн).
Әдетте ас тұзымен уланудан жануарлардың басым
бөлігі өліп қалады. Шошқаларда өлімге ұшырау деңгейі
100% дейін ауытқиды, жарып сойған кезде өзіне тән
асқазан мен ішектің геморрагиялық қабынуы
байқалады.Жеңіл улануларда шошқалар бірнеше
күннен соң сауығып кетеді. Уланған шошқаларға
алғашқы жәрдем – көп мөлшерде су ішкізу. Асқазанды
жалпы күйіне скере отырып жуады, көбіне бірнеше
мәрте жууды өткізген жөн. Жуудан соң сүт немесе
кілегейлі қайнатпалар беру ұсынылады.Фермер
өздігінен торайларға күніне 4-5 рет 5% глюкоза
ерітіндісін 500 мл мөлшерінде алып клизмалар жасай
алады.
Ауыр жағдайларда ветеринар дәрігерін шақыртып, ауру торайлардың венасына дәрілер
енгізеді. Ас тұзымен уланулардың профилактикасы Рационға сапалы балауса азықтар
енгізілуін қадағалап отыру керек.Шошқаларға құрамында ас тұзы көп тағам өнімдері
қалдықтарын, тұздалған балықты бермеуге тырысу керек, себебі олардағы тұздың дәлме-дәл
мөлшерлемесін анықтау мүмкін емес.Шошқаларға күйіс қайыратындарға арналған құрама
жемдерді бермеуге тырысу керек. Жануарларға толық құнды витаминдік-минералды
азықтандыру қамтамасыз етілуі керек.
Шошқалар азығына ас тұзын келесі мөлшерлемеде қосу ұсынылады:

қабандарға – 40-50 г,
‒ буаз мегежіндерге – 30-40 г,
‒ торайы бар мегежіндерге – 40-50 г,
‒ жасы 3 айдағы торайларға – 10-15 г,
‒ жасы 5 айдағы марқа торайларға. – 15-20 г,
‒ жасы 7 айдағы марқа торайларға. – 20-30 г,
‒ жасы 9 айдағы марқа торайларға. – 30 - 40 г.
Қорытынды

Ас тұзы, натрий хлориді, NaCІ — түссіз кристалды зат. Балқу 8010С, қайнау 14130С,
тығызд. 2,161 г/см3 (200С). Суда, сұйық аммиакта, спирттерде, этиленгликолда,
құмырсқа қышқылында ериді, ал тұз қышқылында ерімейді. Судағы қаныққан
ерітіндісі (28,41г NaCІ) 108,70С темп-рада қайнайды.А. т. табиғатта галит
минералы (тас тұзы) түрінде, мұхиттар мен теңіз, сондай-ақ көл және жер асты
суларының құрамында кездеседі (қ. Ас тұзы кендері). Тех. мақсаттар үшін тас тұзы
мен тұндырылған тұз, тағамдық мақсаттар үшін буландырылған және таза
тұндырылған А. т. қолданылады. А.т-ның иодталған, брикеттелген т.б. арнаулы
түрлері де өңдірілед

Ұқсас жұмыстар
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы туралы ақпарат
Өсімдік тектес улы заттардың токсикологиясы
Химиялық­ токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және жеткізу талабы
Өндірістік улардың қабаттасып әсері етуі
Химиялық заттардың әсерін гигиеналық реттеу негіздері
Өсімдіктердің токсикологиялық классификациясы. Өсімдік уларының ерекше әсері. Тағамдық токсикоз
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістер мен техникалық аппаратуралар
Доза уыттылық
ҚОРҒАСЫНМЕН УЛАНУ КЛИНИКАСЫ
Пәндер