Ара гигенасы


Slide 1

Тақырыбы: Ара гигенасы

СӨЖ

Орындаған: Айтмұханбетова Б

Тобы: ВС- 505

Тексерген: Қойгельдинова А. С

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Slide 2

Ара - жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Аралар топтанып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір аналық, бірнеше жүз еркек аралар және ондаған мың жұмысшы аралар болады. Аналық ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі. Аналық ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 - 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Жұмысшы аралар 7 - 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және мұны мүлтіксіз орындайды.

Slide 3

Бал ара (Apis mellifera) Бал арасы (apis mellifera)

Ғылыми топтастыруы Ара, үй арасы, бал арасы (Apіs mellіfera) -жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20 - 25 мм, ал салм. 150 - 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 - 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады.

Slide 4 Slide 5

Жұмысшы Аралар 7 - 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір Ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Аралардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар. Қазақстанда Іле Алатауының етегінде Араның антофора деген түрі дара тіршілік етеді. Ара ұясынан емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады. Арадан алынатын ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады. Аралардың 20 мың түрінің ішінен тек 1 мың ғана түрі ұйымшыл жәндіктер санатына жатады.

Slide 6

Омартаға орын таңдау

Омартаны балдық шырындарға бай кең алқаптарға орналастырады. Омартаның орналасқан жерінің бал жинайтын көздерден 1, 0-1, 5 км қашықтығы балдың түсімін төмендетеді. Омартаны басқа омартадан аралардың ұшатын жолдарына орналастыруға болмайды. Ондай кездерде аралардың қарқынның төмендеп, тіпті басқа омартаның аралары мен төбелесіп, бірін-бірі өлтіруге дейін барады.

Омартаға территория таңдағанда әр араның ұясына орта есеппен 30-40 шаршы метр жер керек екендігін ескеру қажет омартаға таңдаған жер біраз су көздері бар аймаққа таяу болып, желден жақсы қорғалған және қатынас жолдары болуы керек. Омарталар құрғақ, желсіз, мал фермаларына 1 км жақын болмай, темір жолдар мен тас жолдардан 500 м, ал басқа аралардың омартасы мен химия өндірістері және тәтті тағамдар дайындап шығаратын фабрикалардан 5-7 км таяу орналаспауға керек. Тұрақты омартаның территориясын қоршап, айналасына бал шырынды ағаштар және бұталар егіп, ал омартаның аймағындағы бос жерлерді жыртып, бал шырынды өсімдіктер егеді.

Slide 7

Ауыстырылмайтын омартаның ұяларының ара ұшатын алдының өсімдік қыртысын алып тастап, ал үстіне құм сеуіп қояды. Омарта территориясын тегістеп, басқа заттардан тазалап, мезгіл-мезгіл шөбін шауып, өлген араларды және қоқыстарды жинап жағып жібереді. Омартаның территорисында арнайы орындар бөліп, оған бақылау ұясын, аралардың ішетін суын, дезинфекциялау алаңын, кір сулардың ағып жиналатын жабық орындары және туалеттер орналастырылады.

Slide 8 Slide 9

Ара ұяларының микроклиматы

Ұядағы (семья) аралардың барлық түрлерінің қалыпты өсуі үшін, ұядағы температура бір қалыпты, тұрақты 34-35С болып азық қоры жеткілікті және асырағыш аралардың болуы қажет.

Аралардың ұясында, әсіресе өну зонасында, сыртқы ортаның температурасына байланыспай-ақ тұрақты қалыпты температураны ұстап тұрады. Бұл жерде температураның тәуліктік ауытқуы еш уақытта болмайды. Ұяның өну орталығының шеткі аймақтарында температура +33, 5С болады. Сыртқы ортаның температурасы төмендеп +10С болғанда, ұяның шет жағындағы температураның қалыптыдан ауытқуы 1, 5С ғана болады. Аналық аралардың өсу зонасындағы температурада, өте тұрақтылығы мен сипатталады.

Ол арадағы орташа температура 34С болады. Ұяның сыртындағы ауа температурасы 23С тан 11С дейін төмендегенде аналықтар ұясының температурасы 0, 5С артық өзгермейді.

Slide 10

Ұядағы салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшері сыртқы ауаның температурасы мен ондағы су буының шамасына, сол сияқты аралардың жағдайы және қарқынына байланысты болады. Сыртқы ортаның ауа температурасы жоғары болғанда ұядағы ылғалдылықта жоғарлайды да 20% дан 100 % дейін көтеріледі. Ең тұрақты салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшері ұяның ортасында болады да, 72-78 % шамада тұрады, ал ұшып шығатын өңешінде (летка) ылғалдылық - 63 % болады.

Жыл мезгілдеріне байланысты ұяларда ауаның құрамы да біркелкі болмайды. Араның өсіп-өнуі басталған көктем-жазғы мезгілдерде, олардың ұяларында ең жоғарғы мөлшерде оттегі және ең аз көмірқышқылы газының концентрациясы болады. Осы кезде ұяның ортасында көмір қышқыл газының мөлшері - 0, 1 % дан 1 % дейін болса, ал шеткі жақтарында - 0, 05 % дан 1 % дейін өзгермейді. Тек мерзімнің аяғында ғана оның концентрациясы ұя ортасында 2 % дейін, ал қыста 3 - 4 % көбейеді.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Аралар гигенасы
Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі
Жал - ұлттық тағам
Қазы - жылқы етінің бөлігі
Қақталған өнімдер ұзақ жолға шыққанға ыңғайлы, жақсы сақталатын өнім
Құстар гигенасы
Аяқ киім гигенасы
Шошқа малдарының гигенасы
Психогигиена және психопрофилактика
Консервілеудің биохимиялық әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz