Аралар гигенасы


Slide 1

Тақырыбы: Аралар гигенасы

СӨЖ

Орындаған: Уалихан Ж. Ш

Тобы: ВС- 505

Тексерген: Қойгельдинова А. С

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

Ветеринариялық санитария

Slide 2

І. Кіріспе:

ІІ. Негізгі бөлім:

Ара особьтарының қызметі

Аралар гигенасы

3) Аралардың қыс мезгіліндегі климаты

ІІІ. Қорытынды:

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар

Slide 3

Кіріспе

Бал ара (Apis mellifera) Бал арасы (apis mellifera)

Ғылыми топтастыруы Ара, үй арасы, бал арасы (Apіs mellіfera) -жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20 - 25 мм, ал салм. 150 - 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 - 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады.

Slide 4

Аналық Ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 - 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан ақпанның 2-жартысынан бастайды. Еркек Ара денесінің ұзындығы 15 - 17 мм, салмағы 250 мг болады. Ол негізінен ұрғашы Араны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады. Омартаның негізін қалайтын жұмысшы Аралардың денесінің ұзындығы 12 - 15 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы Аралар көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы аралар. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды.

Slide 5

Жұмысшы Аралар 7 - 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір Ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Аралардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар. Қазақстанда Іле Алатауының етегінде Араның антофора деген түрі дара тіршілік етеді. Ара ұясынан емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады. Арадан алынатын ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады. Аралардың 20 мың түрінің ішінен тек 1 мың ғана түрі ұйымшыл жәндіктер санатына жатады.

Slide 6

Бал араларының басқа барлық аралардан ерекшеленетін себебі, оның тозаңды жинайтын және таситын арнайы икемі: олардың артқы аяқтарының кең жіліншіктерінде талшықпен жиектелген иілімді аумақ болады (ол қоржынша деп аталады) . Шірені бал арасы тұмсығының жәрдемімен тартып алады және оны жемсауында балға айналдырады. Ара отбасысының басым бөлігін жұмысшы аралар (аналықтарды төлдетуге қабілетсіз) құрайды. Олар шіре мен тозаң жинайды, ұяшықтар тұрғызады, дернәсілдерді қоректендіреді, ұяшықты тазалайды және қорғайды. Ара мен сонаның бізгегі - бұл түрі өзгерген жұмыртқалаушы мүше. Бізгегі тегіс және көп мәрте пайдалану құралы болып табылатын сонадан ерекше арада ол кетік болып келеді. Дұшпанын шаншып алғаннан кейін бізгегі жараның ішінде қалғандықтан, олардың көпшілігі өлім құшады.

Slide 7

Еркек ара - отбасысындағы еркек дарақ. Еркек аралар омартада ешқандай жұмыс атқармайды, шіре мен тозаңды жинамайды. Олардың жалғыз ғана қызметі - аналықпен некелік ұшып келу кезінде шағылысу. Күзге қарай жұмысшы аралар еркек араларды өлтіріп тастайды немесе қыстық азық қорына масыл болмасы үшін омартадан қуып жібереді. Аналық - бұл отбасының отанасы, ол жұмысшы арадан екі еседей дерлік үлкен. Оның міндеті - ұрпақ жалғастығы. Омартадан неке уақытында ұшып кеткенде ол әуеде 9-10 еркек арамен бірге самғайды, содан кейін жұмыртқаларды ұяшықтарға тастайды. Бұл ұяшықтардың кейбірі өте үлкен және бұрыс пішінде - бұл болашақ анаға арналған ұяшықтар. Бал араларын адамдар 5 мың жыл бұрын қолға үйреткен. Адамдар олардан бал, балауыз, прополис және көптеген аурулардың емдеуде қолданылатын ара уын алуды үйренді.

Ара особьтарының қызметі

Slide 8

Үлкен ұяшықтағы аналық пен дернәсілді жұмысшы аралар арнайы ара сүтімен қоректендіреді, ал еншісіне жұмысшы ара және еркек ара болу жазылған дернәсілдерді ара сүтімен тек дүниеге келген сәттен алғашқы үш күнде ғана азықтандырады. Содан кейін олардың негізгі тамағы балтозаңға (балмен дәмі келтірілген тозаң) айналады. Жаңа аналық шыққан кезде бұрынғы аналық бір топ жұмысшы аралармен бірге ұяны тастап шығады және жаңа орынға жайғасады.

Дәрнәсілдері

Slide 9

Бал сақталатын және дернәсілдер бүр жаратын ара ұялары балауыздан құралады (ол жұмысшы аралардың ағзасында әзірленеді) . Дұрыс алты бұрышты пішінінің арқасында ара ұялары таңғаларлықтай үнемді, мығым және сыйымды. Дайындалуына бар болғаны 40 г балауыз кеткен ұялар 2 кг-ға жуық балды сыйдыруға жарамды! Не ағаш саңылауы болсын, немесе олар үшін арнайы тұрғызылған омарта болсын, ара баспанасы өзінің мінсіздігімен таң қалдырады. Аралар онда қажетті микроклимат жасау үшін көп күш жұмсайды: суықта омартаның жүздеген тұрғындарының кеуде бұлшықеттері жылу шығарып, жайлап қысқарады, ал ыстықта олардың бір бөлігі омартаға су тасиды (буланған су температураны төмендетеді) .

Slide 10

Жұмысшы балараның құрылысы

Баларалардың түк басқан ірі басының екі жағында екі күрделі көзі, олардың аралығында үш жай көзшелері болады. Алдыңғы жағынан ұзын имек мұртшалары шығып тұрады.

Балара тіршілігінде сезім мүшелері маңызды роль атқарады.

Қараңғы ұялардың ішінде негізінен мұртшаларына орналасқан сипап сезу мүшелерінің маңызы зор. Балараларға гүл іздеуі үшін иіс сезімі мен көру сезімі қажет. Баларалар сары және көк түстерді, адам көре алмайтын ультракүлгін сәулелерді ажыратады, бірақ қызыл түсті көрмейді.

Баларалар ұяшықтар жасағанда балауызды жақсы жетілген кеміргіш жоғарғы жақтарымен илеп өңдейді. Олар гүлдерге қонғанда аталықтардан тозаң алады. Төменгі жақтарымен және төменгі ұзын ерінімен балара шірінін жалап, сорады, сондықтан баларалардың ауыз мүшлері кеміріп жалағыш мүшелер деп аталады.

Гүлден сорылып алған шірін көлемділеу келген жемсауға түседі, жемсау бездерінен бөлініп шыққан сұйықтықпен араласады. Осыдан соң ара шірінді кәрез ұяшықтарына орналастырады, ол сонда балға айналады.

Балараның көкірегін қалың түк басқан, оның арқасында екі жұп мөлдірлеу жарғақ қанаттары болады.

Slide 11

Жұмысшы баларалардың аяқтары гүл тозаңын жинауға, кәрез ұяшықтарын жасауға бейімделген. Жұмысшы балараларда құрсағының ұшында шаншары болады. Оны жануарлардың немесе адамның денесіне шанышқанда у құйылып, қатты ауыртады. Ұсақ жәндіктер араның уына өліп кетеді.

Slide 12

Омартаны балдық шырындарға бай кең алқаптарға орналастырады. Омартаның орналасқан жерінің бал жинайтын көздерден 1, 0-1, 5 км қашықтығы балдың түсімін төмендетеді. Омартаны басқа омартадан аралардың ұшатын жолдарына орналастыруға болмайды. Ондай кездерде аралардың қарқынның төмендеп, тіпті басқа омартаның аралары мен төбелесіп, бірін-бірі өлтіруге дейін барады.

Омартаға территория таңдағанда әр араның ұясына орта есеппен 30-40 шаршы метр жер керек екендігін ескеру қажет омартаға таңдаған жер біраз су көздері бар аймаққа таяу болып, желден жақсы қорғалған және қатынас жолдары болуы керек. Омарталар құрғақ, желсіз, мал фермаларына 1 км жақын болмай, темір жолдар мен тас жолдардан 500 м, ал басқа аралардың омартасы мен химия өндірістері және тәтті тағамдар дайындап шығаратын фабрикалардан 5-7 км таяу орналаспауға керек. Тұрақты омартаның территориясын қоршап, айналасына бал шырынды ағаштар және бұталар егіп, ал омартаның аймағындағы бос жерлерді жыртып, бал шырынды өсімдіктер егеді.

Омартаға орын таңдау

Slide 13

Ауыстырылмайтын омартаның ұяларының ара ұшатын алдының өсімдік қыртысын алып тастап, ал үстіне құм сеуіп қояды. Омарта территориясын тегістеп, басқа заттардан тазалап, мезгіл-мезгіл шөбін шауып, өлген араларды және қоқыстарды жинап жағып жібереді. Омартаның территорисында арнайы орындар бөліп, оған бақылау ұясын, аралардың ішетін суын, дезинфекциялау алаңын, кір сулардың ағып жиналатын жабық орындары және туалеттер орналастырылады.

Slide 14

Ара ұяларының микроклиматы

Ұядағы (семья) аралардың барлық түрлерінің қалыпты өсуі үшін, ұядағы температура бір қалыпты, тұрақты 34-35С болып азық қоры жеткілікті және асырағыш аралардың болуы қажет.

Аралардың ұясында, әсіресе өну зонасында, сыртқы ортаның температурасына байланыспай-ақ тұрақты қалыпты температураны ұстап тұрады. Бұл жерде температураның тәуліктік ауытқуы еш уақытта болмайды. Ұяның өну орталығының шеткі аймақтарында температура +33, 5С болады. Сыртқы ортаның температурасы төмендеп +10С болғанда, ұяның шет жағындағы температураның қалыптыдан ауытқуы 1, 5С ғана болады. Аналық аралардың өсу зонасындағы температурада, өте тұрақтылығы мен сипатталады.

Ол арадағы орташа температура 34С болады. Ұяның сыртындағы ауа температурасы 23С тан 11С дейін төмендегенде аналықтар ұясының температурасы 0, 5С артық өзгермейді.

Slide 15

Ұядағы салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшері сыртқы ауаның температурасы мен ондағы су буының шамасына, сол сияқты аралардың жағдайы және қарқынына байланысты болады. Сыртқы ортаның ауа температурасы жоғары болғанда ұядағы ылғалдылықта жоғарлайды да 20% дан 100 % дейін көтеріледі. Ең тұрақты салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшері ұяның ортасында болады да, 72-78 % шамада тұрады, ал ұшып шығатын өңешінде (летка) ылғалдылық - 63 % болады.

Жыл мезгілдеріне байланысты ұяларда ауаның құрамы да біркелкі болмайды. Араның өсіп-өнуі басталған көктем-жазғы мезгілдерде, олардың ұяларында ең жоғарғы мөлшерде оттегі және ең аз көмірқышқылы газының концентрациясы болады. Осы кезде ұяның ортасында көмір қышқыл газының мөлшері - 0, 1 % дан 1 % дейін болса, ал шеткі жақтарында - 0, 05 % дан 1 % дейін өзгермейді. Тек мерзімнің аяғында ғана оның концентрациясы ұя ортасында 2 % дейін, ал қыста 3 - 4 % көбейеді.

Slide 16

Ұяның ауасындағы газдың концентрациясы оның желдетуіне байланысты болады. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері - 0, 3 % болғанда 6-7 ара желдетеді, ал 8 % болса желдететін аралардың саны 20 есеге дейін көбейеді. Көмірқышқыл газының мөлшері 1, 4 % болғанда ұяны желдету тежеледі. Қыс айларында көмірқышқыл газының концентрациясы 4 % көтерілгенде аралар ұяны қарқынды желдете бастайды. Көмірқышқылы газының мөлшері өте жоғары болғанда (4 % көп) аралардың физиологиялық жағдайы нашарлап, көктемдегі өсіп-өнуіне зиянды әсерін тигізеді.

Slide 17 Slide 18

Аралардың қыс мерзіміндегі гигиенасы

Ауа райы суытып, тұрақтаған кезде араларды қыстаққа (зимовка) көшіреді. Араларға қыстақтық қораны, ауа райы суық жерлерде ара ұяларын 5-7 ай бойы қыстату үшін салады. Қыстаққа қатты жел өтінен жасырын, сәл атмосфералық жауын-қар сулары жиналмайтындай, су ағары бар дөңестеу, жер асты сулары төмен орналасқан (2 м жақын емес) құрғақ участок таңдалады. Қыстаққа кеміргіштер кіре алмайтын, күндізгі жарық түсіп және әртүрлі шулар мазаларын алмайтын болуы керек.

Slide 19

Қыстақта температура мен ылғалдық тұрақты болуға тиіс.

Қыстақтың ішкі ауа температурасы бір қалыпты 0-2С болып, минус 2С дан плюс 4С дейін ауытқуы рұқсат етіледі.

Салыстырмалы ылғалдылық қыстама қорасының ауасында 75-85 % аралығында болуы керек.


Ұқсас жұмыстар
Ара гигенасы
Бал араларын адамдар
Аралардың гигиенасы
Ара шаруашылығының маңызы
Бал арасы
Ара шаруашылығы өнімдерін аралардың бактериалы және вирсуты ауруларына байланысты ветеринариялық санитариялық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары
Ара шаруашылығының маңызы мен экологиялық рөлі
Араларды қысқа дайындау
Балықтардың аурулары
Қол машиналары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz