Дәрілік заттардың дозасы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Жалпы рецептура
1.Жазу тәсілдері оңын ережелері
2. Қатты, жұмсақ, сұйық, жаңа галендін дәрілік формалар
Орындаған: Уалихан Ж.Ш
Тексерген:Тойкина Г.Н
Тобы:ВС-505
Жоспар:
І.Кіріспе:Жалпы түсінік
ІІ.Негізгі бөлім:
Жалпы фармакология
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері.
Дәрілік препараттарды қолданғанда ескеретін факторлар.
ІІІ.Қорытынды:
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
.
Фармакология – сау және ауру организмге немесе оның
жеке органдарына дәрі-дірмек заттардың қандай әсер
ететіндігін зерттейтін ғылым.
Рецептура- дәрілік зат формаларын жасап дайындау
және беру ережелерін зертейтін ғылым.
Рецептура дәрі жазып беру әдісін үйрететін дәрігерлік
және Мемлекеттік фармакопеяның ережесіне сүйеніп дәрі
дайындау технологиясын үйрететін фармацевтикалық
рецептуралар болып екіге бөлінеді:
дәрілік рецепура әртүрлі дәрілік формаларына рецептер
жазу;
фармацевтикалық рецептура- дәрілік формаларды жасап-
дайындау және беру тәртібінің ережелерін зертейді.
Жалпы түсінік
Жалпы рецептура – фармакологияның бөлімі болып саналады.
Рецепттерді дұрыс жазылып, тиімді қолдануын тексеріп,
бақылайды.
Дәрілік пішін – дәрілік аттардың бір қалыпты жағдайы,
қабылдағанға ыңғайлы болып табылады, тиімді пайдаланады.
Дәрілік жабдықтар – құрамында бір немесе бірнеше дәрілік
заттар бар, дертті емдеуге арналған, диагностика немесе
дерттің алдын алу үшін.
Дәрілік заттек – жеке химиялық қосылыстардан тұратын,
дертті емдеуге арналған, диагностика немесе дерттің алдын
алу үшін.
Дәрілік препарат - дәрілік жабдық, қабылдағанға ыңғайлы
болып табылады, өзіне тән дәрілік формасы бар.
Дәрілік шикізат өсімдіктен, жануардан, микробтан немесе
минералдан тұрады, дәлілік заттың құрамына кіреді
Жалпы дәрілердің барлығы үш тобқа
бөлеміз:
(А):тізімі - уытты заттар.
(Б):тобы - қатты әсер ететін
заттар.
Жалпы топқа - қатты әсер
етпейтін заттар жатады.
Рецепт– бұл дәрігердің фармацевтке арналған қол хаты.
Дәрілік заттарды дұрыстап дозамен, қабылдау мерзімін
ескере отырып қабылдалынуы керек. Рецепт
медициналық, құқықтық, финансалық мағынасы бар
құжат болып табылады.
Рецептің пайдалану мерзімі болады:
Наркотикалық дәрілерге - 5 күн .
Уытты дәрілік заттар кодеин, этилморфин
гидрохлориді, ұқтататын дәрілік заттар,
антипсихотропты заттар, стероидты гормондар, этил
спирті - 10 күн.
Қатты әсер етпейтін заттарға жазылатын рецептер
бір ай.
Қатты дәрілік заттарға таблеткалар, ұнтақтар,
драже, капсулалар жатады. Жұмсақ дәрілік заттарға
маздар - жағылмалар, майлар, пасталар, суппозиторилер
жатады. Сұйық дәрілік заттарға ерітінділер,
эмульсиялар, суспензиялар, қайнатпалар, тұнбалар
Дәрілік заттардың фармакодинамикасы.
Фармакологиялық тиімділік– органдардағы және
системалардағы дәрілік заттардың қатысуымен
жүретін өзгерістер. Организмге әсер ете отырып:
жүректін соғуын тездетеді немесе азайтады,
бронхтарды кеңейтеді, қан қысымын жоғарлатады,
ауырып тұрған сезімді азайтады, дене температурасын
төмендетеді және т.б. бұлардың барлығын негізгі
фармакологиялық тиімділік деп атайды.
Жағымсыз тиімділік кері әсер деп аталады.
Әсер механизмі – бұл әдіс дәрілік заттармен
фармакологиялық тиімділік шақырады. Кейбір
препараттар арнайы рецепторлармен қарым – қатынас
жасайды, кейбіреулері заттармен химиялық
әрекеттеседі.
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері.
Негізгі әсер – бұл әсерді алу үшін препараттар қолданылады.
Қайшы әсер – дәрілік заттың жағымсыз әсері дерттер туғызады.
Жергілікті әсер – дәрілік препараттың қолданылатын жері.
Резорбтивті әсер – препараттардың қанға еніп, бүкіл ағзаға әсер етуі.
Рефлекторлы әсер - сезістал рецепторларға тітіркендіргіш
препараттарды қолданып, орталық жүйке жүйесіне қоздырғыш
импульс өткізеді, ал орталық жүйке жүйесінен дертке шалынған
органға барады, сол арқылы оның жұмысын өзгертеді.
Тура әсер – препараттың әсер етуінен органның функциясы өзгереді.
Қиғаш әсер – припарат бір органға әсер етіп, басқа органның жұмысын
өзгертеді.
Дәрілік заттың әсері тура және қайтарылымсыз болады.
Дәрілік заттардың дозасы.
Доза деген – бір рет қабылдауға арналған дәрілік заттың мөлшері .
Терапевті минималды доза – бұл препараттың ең аз мөлшері дәрінің фармакологиялық тиімділігін шақырады.
Уытты минималды доза– бұл препараттың ең аз мөлшері дәрінің уытты әсерін тудыратын.
Терапевтік әсердің кеңдігі – минималдыды терапевтік және минималды уытты дозаларының ара қашықтығы. Терапевтік
әсердің жалпақтығы көп болса, дәрілік заттың қолданылуы қауіпсіздігі көп болады.
Ең жоғарғы бір рет қолдануға арналған доза – ең жоғарғы бір рет қабылдануға арналған доза, бұл дозаны үлкейткенде
уытты әсер болады.
Ең жоғары тәулік бойы қабылдануға арналған доза – бір тәулік бойы қабылданатын ең жоғарғы доза, бұл дозаны
үлкейткенде уытты әсер болады.
Орташа терапевтік дозаларды практикада ең жоғары бір рет қолданатын дозасының ½ немесе ⅓ бөлігін қолданамыз.
Дәрілік препараттарды қолданғанда
ескеретін факторлар.
Жасы –кейбір д.препараттарға 18 жасқа дейінгі балалар және 60 жастан үлкен егде
сезімталдығы жоғары, осыған байланысты олардың қабылдау мөлшері төмен болуы қажет.
Мемлекеттік фармакопеяда ең жоғарғы тәулік бойы және ең жоғарғы бір рет қабылдауға
арналған дәрілік заттардың дозасының кестесі балалардың әр жасына берген. Жалпы сызба
берілген:бір жасқа дейінгілерге 1/24 -1/12 үлкендердің дозасынан;1жастағы балаларға - 1/12;
2жастағы - 1/8; 4 жастағы-1/6; 6 жастағы - 1/4; 7-жастағы-1/3; 14жастағы-1/2; 18жастағы -
2/3. Егде адамдарға ОЖЖ-ні тежейтін, жүрек гликозидтерін, зәр айдайтын заттарды үлкен
адамдардың қабылдайтын дозасынан ½ бөлігін,ал уытты және қатты әсер ететін д.з. ⅓ бөлігін
белгілейміз.
Дене салмағы – дене салмағы ұлғайған сайын, доза да көбейеді. Науқастың бір кг дене
салмағына дозаны санау кестесі бар. Кей кезде дозаны дене пішініне есептейді.
Жыныс – кейбір дәрілік препараттарға мысалы, никотин, маскүнемдікке ер адамның
сезімталдығы аз, ал әйел адамдікі көптеу келеді. Ерекетерге қарағанда, әйелдерде
верапамильдің биожеткіліктігі жоғары.
Ағзаның сезімталдығы– кейбір ферменттердің гентикалық жетіспеушілігіненде
идиосинкразия – заттарға жағымсыз реакциялардың себебтерінің бірі болуы мүмкін.
Мысалы, сутегі асқынтотығы ерітіндісі жараға құйғанда көпірмесе.
Патологиялық жағдай -патологиялық (дерт пайда болатын кезең) жағдайда препараттардың
әсері ұлғаяды. Мысалы:аспирин көтерілген дене температурасын түсіреді, ал бір қалыпты
температураны түсірмейді.
Дәрілік препараттарды қайталап қолданғанда
болатын әсерлер.
Кумуляция - дәрілік заттардың денеден баяу уақыт шыққаннан
дәрілік заттардың тіндерде жиналуы, фармакологиялық
тиімділікті ұлғайтады.
Бейімделу- д.з. қайталап қолданғанда әсер ету белсенділігі
төмендейді, оны жоғарылату үшін д.з. дозасын ұлғайтұлуы
қажет болады.
Дәрілік тәуелділік– препаратты қайта қабылдау қажеттілігі
үстем болады, эйфория шақырыды (көңіл - күйі жақсы).
Наркотикалық заттарға бейімдеушілік және маскүнемдікті
наркомания деп атаймыз.
Бейімдеушілікті тудырған д.з. – қолданудан алып тастағанда
абстиненция (ауыр жағдай), депрессия және физиологиялық
функциялардың бұзылуына әкеліп соғады.
Жұмсақ дәрілік формалардың классификациясы:
Жақпамайлар
Пластыри
Суппозиториялар
Пилюли
Сұйық дәрілік формалар:
Ерітінділер
Суспензиялар
Эмульсиялар
Тұнбалар
Линиметтер
Дәрілік сироптар
Экстракттар
Рецепт 6 құрамдас бөлімнен тұрады:
І- бөлім – Кіріспе – Inscriptio
Рецептіде ең алдымен дәрігердің мекем жайы,
телефон номері, күні, айы, жылы көрсетіледі, ауру
мал туралы деректер (түрі, жасы, иесінің аты-
жөні, т.б.) егер рецепт емдеу мекемесінен
жазылған болса, жоғарыда көрстетілген
мәліметтердің орнына оның мөрі басылады.
Рецептін бөлімі (inscriptio), орыс тілінде немесе
жергілікті ұлттық тілінде жазылады.
II- бөлім – Дәрігердің фармацевке өтініші – Praepositio
Қағаздың сол жақ бетінен 1 ½ - 2 см қалдырып, жаңа
жолдан recipe, яғни – ал, қысқаша екі әріппен
белгіленген (Rp.:) деген сөз жазылады, содан кейін
міндетті түрде қос нүкте қойылады. Рецептін бұл бөлімі
(praepositio) яғни invocatio, яғни өтіну деп аталады.
Recipe сөзден кейін жаңа жолдан бастап жолдың
бойымен керекті заттардың аттарын ілік септік
жалғауында міндетті,бас әріппен жалғастырып жаза
береді.
III – бөлім – дәрілік заттардың атаулары -
Designatio materiarum
Рецептін құрамында дәрілік заттар белгілі бір
тәртіппен, ретпен жазылады. Күрделі рецептін
құрамында заттар былай жазылады: 1) негізгі әсер
ететін (basis), 2) негізгі заттың әсерін күшейтетін
(adjuvans), 3) дәмін жақсартатын (corrigens), 4)
форма беретін (constituens) заттар кіруі мүмкін.
IV- бөлім – дәрі жасау және оны босату туралы нұсқау
беріледі – Subscriptio
Қандай затты қанша мөлшерде алу керек екенін
көрсеткеннен кейін жаңа жолдың сол жағынан
қысқаша М әріпімен белгіленген misce (араластыр)
деген сөз жазылады. Қандай дәрілік форма алу керек
екенін көрсеткенде қысқаша f әріпімен белгілеп, fiat
(жаса), деген сөз жазып, латынша керекті форма
көрсетіледі.
V- бөлім – тағайындау – Signatura (қысқаша S.)
Бұл бөлімде дәрілердің қолданылу тәсілі, қанша
мөлшерде және қанша рет беру керектігі
көрсетіледі. Сигнатура ауру иесі алатындай
тілде жазылуы керек.
VI- бөлім – дәрігердің қолы -Nomen medici : Бүл бөлім
рецептің ең жаупты бөлімі (дәрігер қол қояр алдында
жазылған рецепті мүқият тексеріп шығуы керек).
Рецепт бір заттаң ғана құралса, оны қарапайым
рецепт дейді; жасалған дәріге де осындай ат беріледі.
Құрамына және одан да көп заттар жазылған
жағдайда рецепт және оған сәйкес жасалған дәрі
күрделі рецепт немесе күрделі дәрі деп аталады.
Қорытынды:
Сонымен,жалпы рецептура-фармакологияның бөлімі
болып саналады.Рецептерді дұрыс жазылып,тиімді
қолдануын тексеріп,бақылайды.Қандай да болсын
рецептті жазу үшін міндетті түрде барлық белгілі
формаларды ажырата алу қажет және олардың
әрқайсысын қандай жағдайда қолдану тиімді екенін
білу өте маңызды.Сондай-ақ,әрбір дәрігер,әсіресе
фармацефт өз елінің фармакопеясында жазылған
заңдылықтарды қатаң ұстануы тиіс!!!
Пайдаланылған әдебиеттер
1)К.Н.Қожанов «Ветеринариялық Фармакология»
Интернет желісі:
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz