Диагностикалық антигендер




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет
Ветеринариялық санитария

СӨЖ
Тақырыбы: Диагностикалық антигендер

Орындаған: Уалихан Ж.Ш

Тобы: ВС- 505
Тексерген: Зайнеттинова Д.Б
Жоспар

Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1) Диагностикалық антиген
2) Диагностикалық қан сарысулары
3)Иммунодиагностика
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Диагностикалық антиденелер

• Ісіктік клеткаларының беткейіне
экспрессияланған нақты антигендер
қанайналымына түсуі мүмкін. Мысалы, аналық
безі обырында альфа-фетопротеин (АФП) және
адамның хорионды гонадотропиннің r-тізбегі
және т.б. кіреді. Қанда ісіктік антигендердің
жоғары деңгейін анықтау олардың ерте
диагностикасына көмектеседі, ал өспеге қарсы
дәрілер қолданғанда олардың деңгейі төмендеуі
қолданған терапияның тиімділігін көрсетеді.
• Радиоиммуносцинтиграфия әдісі ісіктік
антигендерге троптылығы бар радионуклидтермен
таңбаланған моноклонды антиденелерді қолдануға
негізделген. Көптеген қатерлі ісіктерде түзілетін
антигендерге аналық безі, тоқ ішеткің, сүт безі
және т.б. өспелердегі альфа-фетопротеин (АФП),
карцина-эмбрионды антиген, эпителиялық беткейлік
антигендер жатады. Радионуклидтермен
таңбаланған өспелік моноклонды антиденелер
жоғары аталған антигендері бар тіндерге
жинақталады, сканирлеуде олар жақсы көрінеді.
• Мини-антиденелер өздерінің тұрақтылығына, аздаған
көлеміне және антигенмен жоғары спецификалы қарым-
қатынасқа түскендіктен толық көлемді антиденелерге құнды
альтернатива бола алады. Оларға флюоресцентті нәруыздар,
ферменттер және басқа полипептидтер жеңіл қосылады.
• Мини-антиденелер, толық көлемді моноклонды антиденелер
секілді тек медицинада ғана емес, тағы молекулалық
биологияда кеңінен қолданылады, әртүрлі құбылыстарды
зерттеу үшін – ферменттер құрылысынан нерв жүйесінің
қызметіне дейін, биотехнологиялық өндірісте және т.б.
қолданысқа ие.
• Моноклонды антиденелерді қолданатын негізгі
диагностикалық реакцияларға иммунофлюоресцентті және
иммундыферментті талдау реакциялары жатады
Иммунодиагностика
• Иммунодиагностика деп белгілі бір
ауруды немесе зерттелетін
материалдағы ауру қоздырғышын
анықтауға мүмкіндік беретін
иммунологиялық әдістердің
жиынтығын айтады.
Иммунодиагностика әдістері 2 топқа
бөлінеді:
• 1) Жалпы, арнайы емес әдістер, бұл әдістер
иммунитет жүйесінің әр түрлі бөліктерінің
лимфоциттердің,гранулоциттердің,макроф
агтардың,комплементтің күйін
сипаттайды.
• 2) Арнайы әдістер, Бұл әдістер жануарлар
организміндегі және сыртқы ортадағы
антидене,антиген,Т-лимфоциттерді
анықтауға мүмкіндік береді.
Иммундық-биологиялық және диагностикалық
препараттарды
сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібі

• . МИБП-ны және ДП-ны сақтауға арналған қойма бөлек тұрған
ғимараттарға немесе денсаулық сақтау ұйымы ғимаратының
бірінші қабатында, сыртқа шығатын, басқа үй-жайлардан
оқшауланған жеке есігі бар немесе құрғақ, желдетілетін жертөледе
орналастырылады. ДП-ны сақтауға арналған қойманы тікелей
зертханаларда орналастыруға болады.
Жылыту, желдету, жасанды және табиғи жарықтандыруға
қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес Үкімет бекіткен "Дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы
саласындағы объектілерді ұстау мен пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық
қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.
• Тоңазытқыш бөлмелер, тоңазытқыш және мұздатқыш камералар еденнен
кемінде 10 сантиметр биіктіктегі стеллаждармен жабдықталады. МИБП
мен ДП жарықтың әсерінен қорғалады. МИБП мен ДП бөгде заттармен
бірге және тікелей еденде сақтауға жол берілмейді.
9. МИБП мен ДП-ны сақтау кезінде оларды түрлері бойынша,
жарамдылық мерзімін және сериясын ескере отырып, тоңазытқыш
жабдығының стеллаждарында немесе сөрелерінде орналастырылады.
Күнделікті, тәулігіне екі рет (таңертең және кешке) тоңазытқыш
жабдығының температурасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша тоңазытқыш жабдықтың температуралық режимін есепке алу
журналына белгіленеді.
10. МИБП-ны сақтау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес МИБП
сақтаудың температуралық жағдайы кезінде жүзеге асырылады.
ДП-ны сақтау минус 20оС-қа дейінгі температурада сақталатын,
төменгі температура кезінде сақтау талаптарын қажет ететін ДП-ны
қоспағанда плюс 2оС-тан плюс 8оС-қа дейінгі температурада жүзеге
асырылады.
11. МИБП-ны сақтау мерзімдері
Денсаулық сақтау ұйымдарында МИБП-ны сақтау үшін егу
кабинеттерінде, егу пункттерінде орнатылған тоңазытқыштар, ал ДП-ны
сақтау үшін зерханаларда орнатылған тоңазытқыштар пайдаланылады.
13. Профилактикалық егулерді жүргізетін денсаулық сақтау
ұйымдарында МИБП-ны сақтау кезінде:
1) әрбір қаптамаға салқын ауаның кіруі;
2) жарамдылық мерзімін ескере отырып тоңазытқыш жабдығын
толтыру қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, жарамдылық мерзімі аз МИБП
бірінші кезекте пайдаланылады.
14. МИБП-мен және тоңазыту элементтерімен тоңазытқыштың
жалпы көлемінің жартысынан асырып толтыруға жол берілмейді.
15. Тоңазыту элементтерін тез мұздату үшін арнайы мұздатқыштар
пайдаланылады, тоңазыту элементтері мұздатқышта қырынан
жатқызылады.
16. МИБП-ны еріту кезінде еріткіштің температурасы МИБП-ның
температурасына сәйкес болады. Еріткішті мұздатуға болмайды.
Әрбір МИБП-ға сол МИБП-ны дайындаған өндірушінің еріткіші қоса
ұсынылады.
Диагностикалық қан сарысуын алу тәсілдері

• Өндірістің өзектілігі: тәсілдің құрамына жануарларды лимфа
түйіндері мен бұлшықеттеріне феракрил ерітіндісі қосылған
бактериалды антигендермен иммунизациялап, қан алып, одан
иммунды сарысуды алу. Осы комплекспен иммунизацияланған
уақытта антиген мен атнидененің түзілуі. Туляремияға
диагностикалық сарысу алатын продуцент-жылқылардың
дайындық кезеңі 2-3 жылдан, 2-3 айға дейін кемиді. Бруцеллезді
агглютинирлеуші диагностикалық сарысуды алатын қояндарды
ыңғайлаған кезде, бруцеллезді қоздыратын тірі вирулентті
ортаны қолданбайды, оған инактивирленген антиденелерді
пайдаланады. Себебі, инактивирленген антиденелерді
қолданғанда эпидемияға қарсы қатаң тәртіпті талап етпейді.
Бұл әдіспен алынған сарысуларды гаммаглобулин алуда
қолдануға болады.
• Продуцент-жылқыларды қайнату әдісімен өлтірілген
туляремиялық микроб ортасымен гипериммунизация жасайды.
Аралығы 5 күн болатындай етіп, мөлшерін жоғарлата отыра 5-6
рет тамырға циклді гипериммунизация жүргізеді. Мұндай мұндай
инъекцияны 17-ретке дейін, және одан да көп қайталайды. Бұл
жұмыстың кемшілігі: сарысудың керекті титрін (1:3200) алу
үшін 2,5-3 жыл тер төгер еңбекті қажет етеді.
• Қазіргі таңдағы өндірістің негізгі мақсаты продуцент-
жануарларды аз уақытта дайындап, өнімнің активтілігін
арттыру болып табылады. Бұл жұмысты жақсарту үшін
жануарларды лимфа түйіндері мен бұлшықеттеріне феракрил
ерітіндісі қосылған бактериалды антигендермен иммунизациялап,
қан алып, одан сарысу бөліп алу болып табылады. Одан әрі
сарысуға антиген қосып, антиген мен антидене комплексін алып,
тамырға инъекциялау циклын өткізеді.
Диагностикумдар— стандартты
диагностикалық препараттар.Тиісті вирустың (ми
кроорганизмдердің) культурасынан дайындалады
және серологиялық реакцияларда антиген ретінде
қолданылады. Диагностикумдарға эритроцитарлық
иммунореагенттер де (ЭД) жатады. Бұл үстіне
вирус антигені (а н т иг е н д і к Диагностикумдар)
немесе антиденелер (антиденелік Диагностикумдар)
жабыстырылған эритроциттер жүзбесі.
Эритроцитарлы Диагностикумдар ГАТР және
ГАТРТ реакцияларында антигендер мен
антиденелерді анықтау үшін қолданылады
Диагностикалық биопрепараттар
• Мысалы: позитивті бруцеллезді сарысу- активті бруцеллезді
сарысуды, қан сарысуын бруцеллезге АР,КБР және РДСК бақылау
антигеніне қолданады. Бруцеллездің сарысу-ақшылтым болып келеді.
Оны гипериммунделген сау қояндардан немесе ірі қара малынан
алынады.Жануарларды гипериммундеу үшін бруцеллездін үш типтегі
штаммпын қолданады.Олар 2-3 күн 37-38 с температурадағы
бауырлы-глицеринді-глюкозды немесе картофельді агарда өсіреді.Таза
басқа бруцеллезді өсінділер болмаса ,агарда өсіріліп физиологиялық
ертіндімен жуылған , ватно-марлелі фильтерден өткізілген болса 100
С температурада бір сағатқа су ваннасына қояды.Бруцеллезді
өсінділердін концентрациясы әрбір штаммда 4-5 млрд. 1 мл микробты
денешіктерге. Өлшеніп алынған бруцеллалардың стерилдігін тексереді.
Егер ол стерильді болса жануарларды гипериммундеуге қолданады.
• Жануарларға бруцеллездің үш типті антигеннің екпес
бұрын араластырып аламыз. Антигенді жануарларға
тамырішіне егеді.Бірінші рет 1 мл ,содан кейін 2 және 3 мл-
ден егеді.
• Антигенді штамм бойынша бөлек 1-2 ай 2-4 С
температурада сақтайды. Антиген ретінде тірі
вакцинаны 19 штаммынан қолдануға болады.Ірі қара
малына 19 тірі штаммын тері астына 5 мл мөлшерде егеді.
10-12 күннен кейін әрбір продуценттен АР,КБР-дың
сарысудың титірін аңықтау үшін қан алады. АР-дан 1-1800
және одан жоғары ал КБР-да 1-20 және одан көп алынған
титірді жануарларды қан алуға дайындайды.АР және КБР
реакциясында активтілігін көрсеткен сарысуларды алады.
Қорытынды
Диагностикалық препараттар (бұдан әрі – ДП) –
зерттелетін материалда микроорганизмдерді,
антигендерді, антиденелерді, нуклеинді қышқылдарды
танып білуге қабілетті препараттар;
Пайдаланылған әдебиеттер
• Интернет желісі
• Б.Т.Толысбаев К.Б.Бияшев
“Микробиология және Иммунология”

Ұқсас жұмыстар
Ісіктердің иммунды диагностикасы
Преципитация реакциясы
Агглютинация реакциясы
Биотехнологиялық қан препараттары
Биопрепараттар мен диагностикумдардың жіктелуі
Бактериялар мен вирустардың антигендері
СЕРОЛОГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР
Антигендер мен антиденелер
Иммундық ферменттік талдау
Антигендердің қасиеттері
Пәндер