МОНОНУКЛЕАРЛЫ ФАГОЦИТТЕР
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет
Ветеринариялық санитария
СӨЖ
Тақырыбы: Фагоцитоз.Опсоно-фагоцитарлық
реакция.Мононуклеарлы фагоциттердің жасушалық
жүйесі.
Орындаған: Уалихан.Ж.Ш
Тобы: ВС- 505
Тексерген: Нуркенова М.К
Жоспар
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
Иммунология
Фагоцитоз
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Иммунология (иммунитет және грек. logos – ілім) – организмнің
әртүрлі антигендерге (организмге түскен жат текті агенттер)
молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық
реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын
өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін
медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы.
Иммунология организмнің қорғаныш қабілетін және онда пайда
болатын иммунитетті зерттейді. Иммуналогия медицина,
ветеринария, биология, т. б. көптеген ғылым салаларымен тығыз
байланысты. Иммунологияның дамуына 18 ғасырдың аяғында
медицина мен биологияда ашылған жаңалықтар үлкен ықпал етті.
Мысалы, 1796 жылы ағылшын дәрігері Э.Дженнер
алғаш шешекке қарсы егуді ұсынып, соның
нәтижесінде организмде иммунитет
қалыптасатынын дәлелдеген. 1880 жылы
Л.Пастер күйдіргі мен құтыруға қарсы егілетін
вакцинаны тапты. 1887 жылы И.И.Мечников
ғылымдағы үлкен жаңалық – фагоцитоз процесін
ашып, иммунитеттің жасушалық теориясын
ұсынды. 1900 жылы австралиялық ғалым
К.Ландштейнер адам қанының тобы мен резус-
факторын ашып, соның нәтижесінде тіндік
бірдей антигендер теориясының негізін салды.
Иммунологияның зерттейтін нысаны – организмнің иммундық
жүйесіне өзіндік немесе өзіндік емес әсер етіп, оның қызметін
күшейтетін немесе әлсірететін жат заттар – антигендер;
иммунды компотентті органдар (сүйек кемігі, қалқанша без,
көк бауыр, лимфа бездері, шырышты қабаттардың
лимфоидты аппараты); жасушалар (лимфоциттер,
макрофагтар, фибриобласттар, т. б.) мен олар бөліп
шығаратын молекулалар (иммунды-глобулиндер, медиаторлар,
комплементтер, цитокиндер, т. б.) сондай-ақ молекулалардың
қатысуымен болатын құбылыстар мен патологиялық
жағдайлар (жүре пайда болатын иммунитет, аутоиммунды
аурулар, иммундық тапшылықтар, трансплантациялық
иммунитет, иммунологиялық төзімділік) болып табылады.
Фагоцитоз-(грек. phagos –,жұтамын. cytos –
жасуша),организмді бөгде заттардан қорғауды
қамтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты
фактор. Бұл фактор алғашында
ішекқуыстыларда құрылған ертеде пайда болған
иммундық қорғаныстың бір түрі.
Құбылысты И.И.Мечников ашып зерттеген.
Фагоцитоз процесін арнайы мамандалған
фагоцит деп аталатын жасушалар атқарады.
Фагоциттерің екі түpi бар:
микрофагтар
Макрофагтар
Оларға ортақ қасиет лизосома деп аталатын
диаметрі 025-0,5 мкм түйіршік болады. Лизосомада
көптеген ферментер: қышқыл фосфатаза,
миелопероксидаза, р-глюкуринидаза, колагеназа,
лизоцим, катепсин, РНК-аза, ДНҚ-аза т.б. болады.
Осы ферменттер арқылы фагоцитоз кезінде
микробтар мен бөгде антигендер ыдыратылады.
Фагоцит физиологиясының ерекшеліктері.
Фагоциттердің құрамына тотықтар мен иондарды
қорытуға қатынасатын ферменттер жыйнағы
кіреді. Иондар мен тотықтар фагоцитоз процесін
колдайды. Фагоциттердің цитоплазмалық
мемебранасында комплементтермен,
иммундыглобулиндердің құрамымен, гистамин және
тағы да басқа заттармен байланысатын
рецепторлар бар. Жасушаның ішіндегі лизосомаларда
қандай да болмасын заттарды қорытатын 100-ден
астам ферменттер түрі кездеседі.
Фагоцитоздың өту сатылары
Фагоциттің жұтылатын затқа жақындауы
(хемотаксис)
Жұтылатын заттың фагоциттың
қабырғасына жабысып қонуы (адсорбция, адгезия)
Жасуша мембранасының жасуша ішіне
жұтылатын затпен бірге кіру арқылы
фагосомада протопласта құрылуы (вакуольдер
т.б.)
Фагосоманың лизосомамен қосылып
фаголизосомаға айналуы
Лизосоманың белсендіірілген ферметінің
көмегімен фаголизосоманыың ішінде заттың
қорытылуы
Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық
фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын
топқа жинақталған. Ол топқа тін макрофагтары
(альвеоларлық, перитонеалдық) Лангерганс және
Гренстейн жасушалары (терінің эпидермоциттері),
Купфер жасушалары (жұлдызша
ретикулоэндотелиоциттер), эпителиодты жасушалар,
нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және басқа
жасушалар кіреді.
Фагоциттер өте жылжымалы. Олар биологиялық
ерекше белсенді заттар – хемоаттрактантардың
концентрациясына сәйкес фагоцитозға түсетін
объектінің бағытына қарай белсенді жылжу
қабылеті бар.
Фагоциттердің жылжу түрі хемотаксис деп
аталды (грек. chemeia - металл балқыту өнері және
taxis -орналастыру, құру, салу). Хемотаксис
жиырылатын ақуыздар актин, миозин
қатынасуымен өтетін АТФ-тәуелді процесс.
Хемоаттрактанттардың қатарына комплемент
компонентінің кейбір бөлшектері (С3а, С5а),
лимфокиндер, ИЛ-8 және де жасушалар мен
бактериалардың ыдыраған заттары жатады.
Фагоциттердің негізгі функциясы
Өлген жасушалар мен олардың құрылыс
құрамын ағзадан шығарады
Ағзаға әр жолмен енген қорытылмаған
органикалық емес заттарды тысқа
шығарады
Иммундық жүйенің реттелуіне қатысады
Микробтарды (бактерия, саңырауқұлақ
т.б.) олардың қалдықтарын жояды,
залалсыздандырады
Опсоно –фагоцитарлық реакция - сарысудағы опсонин
белсенділігінің бактериялардың немесе қан сарысумен
өңделген басқа да корпускулярлық антигендердің
фагоцитоздарының тиімділігіне бағалау әдісі.
Опсоно -фагоцитарлы индексті анықтау үшін, опсоно
индексінің анықтамасында, зерттелген қанның
қоспасынан және бактериялардан дайындалады. Онда
микроскоптың астында 25 фагоцит пайда болады,
және олардың әрқайсысы, олар сіңіретін бактериялар
санына байланысты белгілі бір топқа тағайындалады.
МОНОНУКЛЕАРЛЫ
ФАГОЦИТТЕР
Мононуклеарлы фагоциттер жүйесіне шығу тегі, морфологиясы және
қызметтері бойынша біріктірілген шеткері қан моноцитгері және әртүрлі
локализициядағы макрофаттар кіреді.
Бүгінгі күні макрофагтардың көптеген иммунологиялык серпілістерге міндетті
түрде катысатыны аныкталған. Осы жасушалардың иммундық жауапты
қалыптастыру, реттеу және жүзеге асырудағы рөліне толығырак тоқталсақ.
Ересек адам организмінде сүйек кемігінде моноцитопоз үнемі жүреді. Аз жетілген
мононуклеарлы фагоциттерге сүйек кемігінің монобластгары жатады. Олар
гранулоцнтарлык-моноцнтарлык. ізашар жасушаларынан шығады. Ал олар өз
кезегінде көп қабілетті гемопоэтикалық бағана жасушаларынан өрбиді.
Моноцитгер мен макрофагтар өндіретін барлық өнімдерді келесі
топтарға бөлуге болады:
Арнайы емес жуқпага қарсы қорганыс факторлары: пероксидаза,
оттегінің белсенді түрлері, катионды нәруыздар, лизоцим және
интерферон;
Жасушасыртылық нәруыздар үшін белсенді ферменттер Оларга
коллагеназа, эластаза, плазминоген активаторы жәнс лизосомды
ферменттер (қышқыл гидролазалар) жатады. Бүл өнімдердің
бөлінуі лимфоксиндср, иммундық кешендер, микроб кабырғасының
компонснттсрі жәнс баска да бірқатар стимулдардың әсерінен
белсендіріле түседі.
Әртүрлі физиологиячық үрдістердің медиаторы мен модуляторы
болып келетін биологиялық белсенді заттар: простагландиндер,
ленкотриендср және циклдык нуклеотидтср;
Иммундық серпілістерді белсендіретін және реттейтін заттар
Макрофагтардың эффекторлық серпілістерге катысатыны
жоғары сезімталдыктың баяу түрінің серпілістерінде көрнекті
көрсстілген. Бұл кезде инфильтраттарда, негізінен,
моноциттер кездеседі, яғни олар жасушалық иммунитет
серпілістеріне (фагоцитарлық түрдегі жауап) тікелей
қатысатындығын дәлелдейді. Макрофагтар эффекторлық
жасуша кызметін плазмалық мембранасындағы рецепторлық
аппараттың болуы және бірқатар цитокиндер мен
биологиялық белсенді заттарды өндіру мен бөлуі арқасында
атқарады. Моноциттер мен макрофагтардың
цитотоксикалық әсері, көпшілік жағдайда, нысана жасушамен
тікелей байланысуы кезінде бөлінетін лизосомды
ферменттердің, сонъшсн катар басқа ііитокиндердің көмегімен
жүзеге асады.
Қорытынды
Мононуклеарлы фагоциттер жүйесіне -шығу
тегі, морфологиясы және қызметтері
бойынша біріктірілген шеткері қан
моноцитгері және әртүрлі локализициядағы
макрофаттар кіреді.
Бүгінгі күні макрофагтардың көптеген
иммунологиялык серпілістерге міндетті түрде
катысатыны аныкталған.
Пайдаланылған әдебиеттер
Интернет желісі
Б.Т.Толысбаев К.Б.Бияшев “Микробиология және
Иммунология”
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz