Бруцеллезды серологиялық балау
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы:
«Бруцеллезды серологиялық балау»
Орындаған :Уалихан Ж.Ш
Тобы : ВС-505
Тексерген :Нуркенова М.К
2018 жыл
Бруцеллез(Brucellosis)–үй және жабайы
жануарлардыңжұқпалы ауруы, ауру малдың
дене қызуы көтеріледі, аяқтары мен
буындары, нерв жүйесі зақымданады, іш
тастайды, шуы түспейді, эндометрит, қысыр
қалады.
Берджидің жіктеуі бойынша Brucella
тұқымының 6 түрі бар: Br. abortus (ірі
қарада), Br. suis (шошқада), Br. melitensis
(қой мен ешкіде, адамда), Br. canis (итте),
Br. neotomoe (егеуқұйрықта), Br. ovis
(қошқардың жұқпалы эпидемиті).
Антигендік және биохимиялық қасиеттері
бойынша B. abortus 9 биоварға бөлінеді. B.
melitensis - 3, B. suis - 5 биоварға бөлінеді.
2003 жылы халықаралық таксономиялық
комитеттің шешімі бойынша барлық
бруцеллалар бір түрге біріктіріліп, Brucella
melitensis деп аталатын болды.
Морфологиясы.Бруцелла, Грам теріс боялатын ұсақ, полиморфты, кокк тәріздес немесе қысқа таяқша
түріндегі микроорганизм; мөлшері 0,5 х 0,7-0,6 х 1,5 мкм. Спора тузбейді, қозғалмайды.. Е. В.
Козловский (1936) бруцеллаларды ажыратып бояу әдісін ұсынды. Бұл әдіс бойынша бекітілген
жағындыға сафраниннің 2 %-тік судағы ерітіндісін құйып, көпіршік пайда болғанша қыздырады;
содан кейін препаратты сумен жуады және 30 секундтай малахит көгінің 0,75-1 %-тік судағы
ерітіндісімен қайталап бояйды. Микроскопиялық көрініс: бруцеллалар – қызыл түсті, басқа
бактериялар – жасыл түсті. Микроскоппен зерттегенде препаратта бір-бірден не қос-қостан
орналаскан. Кейбір зерттеушілер бруцелланың уытты штаммдарынан капсулалық формаларын
байқаған. Бруцеллалар буынтықталып, бүршіктеніп, ұсақ бүршік және микроскоппен көрінбейтін
шектегі сүзілгіш форма арқылы көбейеді.
Өсінділік қасиеттері.Бруцеллаларды өсіру үшін бауырқосылған ет-пептонды агар және глюкоза
мен глицерин қосылған ет-пептонды сорпа, картоп агары, глюкоза глицеринді агар, эритрит-агар,
жылқы қан сарысуы қосылған ет-пептонды агар, Н. В.Плоскиревтың балық және ашытқы
гидролизаттарынан жасалған құрғақ Д қоректік ортасы және баскалар. рН 6,8-7,2 реакцияда, 38ºС
температурада жоғарыда аталған қоректік ортада өсіреді.
Патологиялық материалдан себінді жасалғанда бруцелла культурасының алғашқы генерациясы
көбіне 1/2-1 айда, кейде одан да кеш алынады. Таза культураны іш тастаған мал төлі қарнынан,
паренхиматозды органдарынан, лимфа туйіндерінен және басқа да патологиялық
материалдардан қан сарысуы - декстрозды агар; қан сарысуы қосылған картопты агары;
триптозды -соялы және триптозды агар; қанды агар (негізгі агар қоректік ортасына 5 % қой
қаны қосылған) орталарын қолданып бөліп алуға болады. Br. abortus алғашқы генерациясын 5-
10 % СО2 қосып өсіреді, Br. melitensis және Br. suis қалыпты жағдайда өсіріледі. Бруцелланың
мұражайлық өсінділері, соның ішінде 1-2 тәуліктен кейін аэробты жағдайда дамиды. Бөгде
микрофлорамен ластанған патологиялық материалдан бруцелла культурасын бөліп алу үшін
бөгде микроорганизмдердің дамуын тежейтін және бруцелла өсуіне кедергі болмайтын
антибиотиктер (полимиксин, бацитрацин,циклогексамид, антидион) қосқаннан кейін сол
материалды пайдаланады.
Агарда себілген бруцелла шоғырлары нәзік, жьштыр, мөлдір қабат түзеді, уақыт өткен
сайын лайланады және мөлдірлігі кемиді, көкшіл тартады. Уытты эпизотиялық штаммдар
агарда S-колониялар түзеді; олар түссіз, жұмыр, тегіс, беті дөңес, көкшіл түсті мөлдір (уақыт
өткен сайын лайланады және R-формалы колонияға ауысады). Сорпа культурасында
бруцелланың уытты штаммдары қоректік ортаны біркалыпты лайландырады. Сорпа
культурасы ұзақ тұрып қалса пробирка түбіне тұнба түседі. R-формалы штаммдар сорпада
түйіршікті түнба түзеді және бірте-бірте орта мөлдірленеді.
Биохимиялық қасиеттері.Бруцеллаларда протеолитикалыққасиеттері жоқ, ол желатинаны
сұйылтпайды, сүтті үйытпайды. Сонымен қатар сахаролитикалық белсенділігі де нашар.
Бруцелланың кейбір штаммдары ғана декстрозаны, галактозаны, ксилозаны, левулезаны
ферменттейді және арабинозаны ашытады. Br. abortus және Br. suis қоректік ортада өскенде
күкірт сутегін бөліп шығарады, ал Br. mеlіtensis бөлмейді. Кейбір зерттеушілер бруцеллаларды
каталаздық белсенділігін байқаған.
Диагноз қою әдістері.Бруцеллезге ұшыраған жануарларды деркезінде анықтаудың бұл
қауіпті ауруды жоюда маңызы орасан үлкен. Бруцеллез диагностикасын қою үшін
бактериоскопия жасалады,бруцелла культурасы бөлініп алынады, лабораториялық
жануарларға биологиялық сынақ жүргізіледі, ал жаппай зерттеуге иммунобиологиялық әдістер
қолданылады.
Зерттейтін материал:іш тастау кезінде түскен төлді,қарынішіндегісімен, шу және
қағанақ қабығы, сүт, бітеу жара ірің; өлген жануарлардан - паренхиматозды органдары,
лимфотүйіндері. Қошқардың инфекциялы эпидидимитін зерттеуге арналған материал - ен
бауының секвестрі, еннің зақымдалған жерлері.
Зерттеу әдістері.
Бактериоскопиялық зерттеу.Зерттелетін материалжағындысын Грам және Козловский
әдісімен бояйды. Бруцелла Грам әдісі бойынша қызыл түске, Козловский әдісі бойынша басқа
микроорганизмдер көк түске, бруцелла қызыл түске боялады.
Қолайлы орта - глицерин және глюкозаның 2% қосылған ет-пептонды бауыр сорпасы
және агары, картоп агары, эритрит-агары немесе декстроза агары (рН 7,2). Іш талталған
төлдің бауырынан, көкбауырынан көлемі 2х1,5х2,5 см бөлшекті кесіп алып ступкаға салып
стерилді физиологиялық ерітіндіні қосып езеді. Бөлінген сұйықтықты Пастер түтігімен тығыз
және сұйық орталарға 0,1-0,2 мл-ден себеді. Бір мүшеден бір пробирка сорпаға және екі
пробирка агарға себінді жасайды. Сүтті 30 мин бойы 3000айн/мин центрифугада
айналдырады. Тұнбадан 0,1-0,2 мл-ден 3-4 Петри табақшасына тығыз ортаға себінді жасайды.
Ластанған материалдан бруцелла культурасын бөліп алу үшін бөгде микрофлора өсуін
тежейтін заттары бар қоректік ортаны пайдаланады. Осы мақсатта оған қоректік ортада
1:100000-1:2500000 мөлшеріндей етіп генцианвиолет; 1:500000 малахит көгін не 1:100000
есебінен кристаллвиолет қосады. Культураларды өсіру үшін пробиркаларды 37-38°С
термостатта қстайды. Ірі қара мал және түйелерден алынған материалдарын зерттегенде
пробиркалардың жартысын 10-15% көмірқышқыл газы бар ортада ұстайды, екіншіні –
қалыпты
Бруцелланың бірінші генерациясы патологиялық материалдан алғашқа себінділер алынғанда баяу
өседі, 5-10 күндері ұсақ, шеттері тегіс, томпақ шқғырлар пайда болады. Сондықтан себілген қоректік
ортаны жеті сайын бақылай отырып, термостатта ең кемі 30-35 күн ұстайды. Сұйық ортада өсінді
байқалғанда сорпа бірыңғай лайланады және пробирканың қабырғасында сақина тәрізді қабыршақ
құрылады. Қабырғалық сақинаны тікелей түскен күн сәулесіне қаратып қарағанда көгілдір рең
байқалады. Өскен культураны Грам және Козловский әдістерімен бояп, микроскоппен зерттейді, түр-түсі,
көлемі, құрылысы, тыңыз ортада өсу қасиеті және бруцеллездің оң қан сарысуымен заттық әйнекке
агглютинация реакциясын қойып анықтайды.
СО2 қажет етуіне және Н2S-түзілуіне, бактериологиялық, серологиялық зеттеудің нәтижелеріне, ТБ-
фагке сезімталдығы әдістеріне сүйене отырып бөліп алынған культураны морфологиялық,
тинкториалдық және агглютинабильді қасиеттеріне қарай түрін анықтайды.
Биологиялық сынаманы жүргізу үшін теңіз тышқандарын, салмағы 350-400 г, алдын ала
бруцеллезге тексерілген, сұйылту дәрежесі 1:5 АР теріс нәтиже болғанда пайдаланады. Зардапты
материалдан стерилді физиологиялық ерітіндемен 1:10 қатынасында эмульсия дайындайды. Екі теңіз
шошқасының тері астына 1-2 мл ұлпа суспензиясы егіледі. Сүттің сынамаларын 3000 айн/мин 30 мин
центрифугамен айдарырады. Теңіз тышқандарына үстінгі қабаттан және тұңбадан 2-3 мл тері астына
егеді. Теңіз тышқанның біреуін үш жетіден, екіншісін алты жетіден кейін соып бактериологиялық зерттеу
жүргізеді. Алқым безі, мойын, шап, қарын шелі, лимфа түйіндерінен, талақтан, бауырдан және жілік
мойыннан алынған материалдар себіледі. Сынама қойылған теңіз шошқаларының қан сарысуын АР-
сымен 10, 20, 30 күннен кейін 1:10, 1:20, 1:80 қатысында зерттеу керек.
Диагноз анықталды деп есептелетін жағдай:
Қоздырушының таза өсіндісін бөліп алғанда және жануарлардың қан сарысуында АР 1:10 сұйылтуда оң
болғанда.
Алғашқы материалдан қоздырушының таза өсіндісін бөліп алмаған жағдайда жануарлардың қан сары
суында 1:10-нан жоғары дәрежелі сұйылтуда оң нәтиже бергенде.
Диагностикасы.
бактериологиялық: гемакультура жұлын сұйықтығы, синовиальды сұйықтықты қолдану
биологиялық (теңіз шошқаларын зақымдау)
иммунды ферментті анализді антиген, антидене табу үшін
агрегатгемаглютинация әдісі (АГАР)
серологиялық әдіс: комплемент байланыстыру реакциясы (КБР)
аллергиялық әдіс (ГЗТ)-Бюрне сынамасы
Қоректік ортада алғашқы материалдан бруцелла культурасы бөлініп алынса биологиялық зерттеуді
тоқтатады, ал егілген жануарларды өлтіреді.
Серологиялық реакциялардан бруцеллез диагностикасын қоюға ең жиі қолданылатыны
агглютинация, комплементті байланыстыру реакциялары.
Агглютинацияның пробиркалық реакциясын түбі біркелкі дөңес пробиркаларға төрт түрлі сұйытьшған 1
мл мөлшерінде жасайды. Шошқа, қой, ешкі, бұғы, ит қан сарысулары 1:25, 1:50, 1:100, 1:200 қатынасында;
сиыр, жьшқы және түйе қан сарысулары 1:50, 1:100, 1:200, 1:400 қатынасында сұйытьшған түрінде
алынадьІ. Жаппай зерттеулерде АР-сын сұйытьшған түрінде жасауға болады, бірақ бұлай еткенде, оң нәтиже
берген реакцияларды төрт сұйытьшған түрінде қайта тексереді.
Шошқа, қой, ешкі, бұғы және ит қан сарысуында 1:50 қатынасында ал сиыр, жьшқы, түйе үшін 1:100
және одан артық сұйытылған жағдайда агглютинация жүрсе реакция оң деп саналады. Шошқа, қой, ешкі,
бұғы және ит 1:25 қатынасында және сиыр, жьшқы, түйе 1:50 қатынасындан сұйытьшған қан сарысуында
ғана агглютинация реакциясы жүрсе күмәнді реакция болады. Күмәнді реакцияда жануардың қан сарысуын
3-4 аптадан кейін қайта зерттейді. Бруцеллез қаупі бар фермадағы малдарды қайтадан зерттегенде күмәнді
АР қайтадан қайталаған жағдайда реакция оң деп саналады.
Сутпен сақиналы реакция.Сауын сиыр бруцеллезінедиагностика қою әдісін 1937 жылы Флейшхауер
ұсынған. Бұның мәні мынадай: сүтте ерекше агглютининдер болса боялған бруцеллез антигендері топталып
жиналады, түзілген агглютинантты сүт қаймағы адсорбциялайды және қаймақпен бірге жоғары көтеріліп
боялған сақина пайда болады, сүттің қалған бөлігі түссізденеді.
Пробиркаларға 2 мл қаймағы алынбаған сүт құяды және оларға 0,2 мл (екі тамшы) антиген қосады.
Пробирканы антиген сүтке біркелкі тарағанша әбден сілкіп шайқайды және 37-38 ос температурада су
ваннасында не термостатта 1 сағаттай ұстайды. Реакцияны бағалау: сүттің жоғарғы жағында айқын көрінетін
көк түсті сақина болса (сүттің басқа бөлігі ақ) оң реакция ++++ және +++; қаймақ бөлігінде жеткілікті
көрінетін көк сақина және сүттің қалған бөлігі көкшіл түсті болса оң реакция ++ түзеді.
Сиырдың індетті іш тастауына диагноз қою үшін комплемент байланыстыру реакциясын, арбитраждық әдіс
ретінде көбіне Кумбстың тестін қолданады. Флуоресценциялағыш антиденелерді тікелей емес вариантта
қолдану әдісінің табысты болғаны жөнінде де деректер бар.
Бруцеллезге шалдыққан мал терісіне бруцеллез аллергендерін енгізгенде аллергиялық реакция пайда
болады. Қазіргі кезде қой мен ешкі және шошқа бруцеллезін анықтау агглютинация бермейтін Вг. abortus
штаммынан жасалған ВИЭМ бруцеллизат аллергені қолданы-лады. Аллерген енгізілген жер ісіп кетсе,
аллергиялық сынама оң реакция берді деп есептеледі.Көбінесе созьшмалды түрде өтетін, қошкарларда - ен
қосалқысы-ның қабынуымен, өсіп-өну қабілетінің төмендеуімен, ал саулықтарда - іш тастаумен, тіршілікке
кабілетсіз төл туумен сипатталатын дерт.
Қоздырушысы. Вrucella ovis.
Морфологиясы.Коккобактериялар,қозғалмайды,споражәнекабықша түзбейді, Грамтеріс, Козловский
әдісімен кешігіп боялады.
Себінділік қасиеттері: Көбірек қан сарысу агарында өседі, ол үшін көмір қышқыл газының құрамы ауада
көтеріңкі (10-15 %) болуы шарт.
Фуксин және тионин бруцеллалардың өсуін тоқтатпайды, қоздырушы күкіртті сүтегін тузбейді. Тығыз қоректік
орталарда колониялары R-формалы, ол бруцеллез фагымен ыдырамайды және А- және М -антигендері жоқ, ал
бұлар жылтыр пішінді бруцеллаларға тән. Br. сапіs-иммунды қан сарысуы және бұдырлы бруцелла пішіндерімен
тоғысып желімделеді.
Уыттылығы.Ауруға2-7жастағы еркек және ұрғашы мал бейімкеледі. 5-6 айлық қозьшар әдетте ауырмайды.
Жаппай ауру жұғу қоздау науканы кезеңінде байкалады. қоздырушының негізгі көзі ауру қошқарлар, олардан
қоздырғыш шәует және несеп арқьшы, ал саулықтардан - түсік, өлі туған төл, ұрық қабы - қағанақ және жыныс
жолдарынан аққан жалаяқ арқьшы шығады.
Клиникалық белгілері.Ен қосалқьшары үлкейген.Оларжалкаяқтанып, қабынған - экссудативті эпидидимит
байқалады, еннің қозғалымпаздығы азайған, аталық без тығыздалған, үсті бұдырланған, күлтілдеу байқалады.
Шәует өнімі бұзьшған, шәует сары сұр, сары жасьш түсті, ісінген. 4-14 күннен соң бұл белгілер бірте-бірте
жоғалып, ауру созьшмалы түріне көшеді.
Патанатомиялық өзгерістернегізінен ен қосалқьшарында,ендерде, жатырда және оның бүртіктерінде
(кателидондарда) болады.
Бактериологиялық әдіспен диагноз қою.Зерттеуге қошқардыңені мен оньщ қосалқы бездерін
жібереді, ал саулықтардан түсіктерін кағанағымен, жыныс ағзаларынан шыққан жалаяқты, түсік
түскеннен кейінгі алғашқы 5 күн ішінде жіберу шарт.
Патологиялық жадығаттан жағынды препараттар дайындап, Грам және Козловский
әдістерімен бояйды. Таза себінділерді бөліп шығapy үшін себіндіні тығыз және жартылай сұйық
бауыр - сарысу немесе бауыр амино-пептид немесе сарысу декстроз орталарына себеді.
Себінділерді көмірқышқыл газы 10-15 %-не жететін атмосферада инкубациялайды. Тығындарын
парафинмен бітейді немесе микроанаэростат ішіне қояды, осы мақсатпен, сондай - ақ
микроанаэрофильді жағдай жасау үшін химиялық немесе физикалық әдістерді қолдануға болады
(баллоннан шығарылған көмірқышқьш газымен көлем бөлігін толтыру, бикорбанат натрий мен
күкірт немесе тұз қышқылын қосу, спиртке малынған мақтаны жағу).
Қошқар эпидидимиті қоздырушының алғашқы себінділерін серологиялық әдіспен
ажыратады (идентификациялайды). Ол үшін екі үй қоянына өсіндңнң егіп, қайталап иммундеуден
12 күн өткен соң қан сарысуын алып комплементті ұзаққа байланыстыру әдісімен қойдан алынған
антигенмен зерттейді. Қан сарысуында антиденелердің болуы оң реакция болып саналады.
•Бруцеллездің балау әдістері.
Пайдаланған әдебиеттер
. Интернет желісі:
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz