Жануарлар патологиясы пәні, мазмұны мен міндеті және даму тарихы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет
Ветеринариялық санитария

БӨЖ
Тақырыбы: Жануарлар патологиясы пәні,мазмұны
мен міндеті және даму тарихы.Жалпы нозология.

Орындаған: Уалихан.Ж.Ш

Тобы: ВС- 505
Тексерген: Нүркенова М.К
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ультракүлгін сәуле
Инфрақызыл сәуле
Лазер
Кіріспе
Жануарлар патологиясы- жануарлар мен адамның ағза – тоқымаларында
түрлі аурулар әсерінен пайда болатын морфологиялық өзгерістерді
зерттеп, анықтайтын ғылым. Жануарлар патологиясы- дертке
шалдыққан организмдегі тіршілік әрекеттерінің бұзылуын анықтайтын
ғылым. Алғашқыда аурудан өлген мал өлігіндегі өзгерістер оны сою
барысында анықталса, кейіннен микроскоп арқылы зерттеле бастады.
Сөйтіп бұл ғылым патологиялық гитологиямен толықтырылды.Қазіргі
кезде патоморфологиялық зерттеу жұмыстары әрқилы тәсілдермен
жүргізіледі – гистохимиялық, гистобактериялық, электронды және
люминисцентті микроскопия, т.б. Осыған орай патологиялық
анатомиялық өзгерістерді ультрақұрылымдық және молекулярлық
деңгейлерде зерттеуге мүмкіндік бар. Қазіргі кезде ғылыми деректер
бойынша патологиялық процестерін даму барысыедағы тіршілік
әрекеттерінің бұзылуы мен морфологиялық өзгерістердің бір- бірімен өте
тығыз байланыстылығы нақтылы дәлелденген.
Жануарлар патологиясы (патморфология) ғылымы
әр түрлі аурулар кезінде адам және жануар
ұлпалары мен ағзаларындағы морфологиялық
өзгерістерді зерттейді, яғни – ауру заңдылықтары
туралы оқытады. Ауру ағзадағы функциональдық
өзгерісін зерттейтін патологиялық физиологиямен
бірге, ол патология (грек.phatos – қайғыру, аурулық
жағыдай logos - ғылым) ғылымының бір бөлігі болып
табылады.
Патологияның даму тарихы Патологияның дамуы
адам және жануар мәйіттерін ашып – союмен тығыз
байланысты. Өліктерді алғашқы ашып – сою
жануарлар мен адамдардың қалыпты дене құрылысын
зерттеу мақсатында жүргізілген. Біздің заманымызға
дейінгі бірнеше жүздеген жылдар бұрын Патоломей
патша дарға асылып өлтірілгендерді зерттеу үшін
өліктерді дәрігерлерге тапсыруды бұйрық берген. Бірақ,
орта ғасырлардағы дініи ырымшылдық қысымымен бұл
эксперименттерге тиым салынған және оны кім
істесе, сол адамды дарға асқан. Тек VI ғасырда Батыс
Еуропа дәрігерлері өздерінің білімдерін жетілдіру
мақсатында өліктерді ашып – союға қайтадан рұқсат
алды.
Патологияның маңызы, әдістері мен міндеттері Патологиялық
анатомияның ғылым ретіндегі міндеттері: Патологиялық
анатомияның зерттеу әдістері Ағза мен оның жеке бөліктерінің
құрылысындағы бұзылыстарды жануардан тікелей зерттеу
қиын, тіпті мүмкін емес деуге болады, сондықтан,
патологиялық анатомия үшін зерттеу заты өлі ағза немесе
операция кезінде жануардан алынған дене бөліктері болып
табылады. Зерттеу әдістері 1.Аурудың маңыздылығы жөнінде
нақты мәлімет беру. Барлық ағзаның морфологиялық өзгерісін
және әр түрлі аурулар кезінде жеке ағза жүйелерін зерттеу. 2.
Аурудың патогенезін, яғни дамуын зерттеу.Оның пайда болуын
және ақырын 3.Ауру ағзада жалпы және жергілікті
морфологиялық және функциональдық өзгерістерін тексеру
(ашып- сою). Ағзадағы барлық өзгерістерді ағзаның қоршаған
ортамен өзара қатынасы және жүйке жүйесіндегі рөлін ескере
отырып қарастыру. Яғни, пәннің міндеттеріне ауру патогенезін
дұрыс түсіну үшін қажеттілердің барлығы енеді.
Ультракүлгін сәуленің патогендік дәрежесі толқын
ұзындығына байланысты.Толқын ұзындығы неғұрлым
қысқа болса,соғұрлым патогенді.Малға ультракүлгін
сәуле ұзақ әсер еткенде қан қысымы төмендеп,
организмдегі зат алмасуы бұзылады.
Көзге көрінетін сәуленің әсері шамалы ғана. Тым күшті
жарық көз пурпурасының ыдырауына, көздің уақытша
көрмей қалуына әкеп соғады.Көгілдір түске қарағанда,
қызыл түс орталық нерв жүйесіне көбірек әсер
етеді.Көзге көрінетін сәулелер теріге жұтылады,бірақ
онша терең емес.
Инфрақызыл сәуленің әсері теріні күйдіру және едәуір тереңде
орналасқан такньдерді қыздыру арқылы білінеді.Олар денеге
бірнеше миллиметрдей енеді.Сәулені көбірек бергенде
организмде жылу өту секілді өзгерістер болуы мүмкін. Мал
дәрігерлігінде
Жаңа туған бұзаулар мен балапандардың тіршілігінің алғашқы
кезінде қолайлы температура тудыру үшін инфрақызыл
сәулелерін пайдаланады. Жылыту барысында, сәуле импульстары
орталық жүйке жүйесіне беріліп, дененің температурасын
реттеп отыруға "басшылық" етеді. Осының нәтижесінде
дененің қан айналымы арта түседі де, ағзаның сырқауға деген
төзімділігін күшейтеді. Тері температурасының жоғарлауы
ферменттердің қызметін арттыра түседі. Ферменттер
белоктарды уақтай бастайды. Соның нәтижесінде қанда
ұнтақталаған белок өнімдері пайда бола бастайды. Соған орай
бұлшық ет пен орталық жүйке жүйесінің жұмысы жақсарады.
Лазермен сәулелендіру
Лазер, немесе оптикалық квант генераторы
жарықтың, монохроматикалық шоғырын
сәулелендіріп кіші бұрышта таралады.Сәуле
тканьдерге өте қысқа уақытта (секундтың он
мыңнан бір бөлігінде) әсер етеді.Олар
пигменттелген
тканьдерге,эритроциттерге,меланомаларға т.б
жұтылады.Лазер сәулесі тірі тканьдерді
бүлдіреді.Оған әсіресе ісік тканьдері өте
сезімтал.Лазер сәулесі медицинада және мал
дәрігерлігінде қолданылады.
Оптикалык квантты генераторларды (ОКГ) немесе лазерлердi
кең түрде тәжірибеде қолдану нәтижесінде жаңа кәсіптік
фактордың пайда болуына әкеледі, бұнда өте көп энергиялар
жиналып, уақыт кеңістігімен монохромды және когерентті
ерекше биологиялық әсер етедi. Бұл лазердi қолданатын және
өңдеумен айналысатындарға қауіпті болады.
Алғашқы лазер пайда болған уақыттан (1960 ж.) бастап қазіргі
кезге дейiн ОКГ-лар өндiрiстiң әртүрлi салаларында
қолданылатын құрылғыларға айналады: медицинада, ғылымда,
ауыл-шаруашылығында, металлургияда, құрылыс жұмыстарында
және т.б.
ОКГ-ның негiзгi элементi болып - белсендi (жұмысшы) заты
есептеледi, ол энергия шығару көзi және параллелдi айнадан
туатын оптикалық резонатор. ОКГ-дағы белсендi материалды
пайдалануына байланысты бірнеше түрі бар: қатты денелiк,
газдық, жартылай өткiзгiштiк және сұйықтық. Қазіргі уақытта
белсендi қатты заттан (рубин, неодимді шыны және т.б.)
тұратын үдемелi (үнемі күшеюмен) сәулелердi генераторлаушы
импульстiк ОКГ кеңiнен қолдануы таралған.
Қатты лазердің энергия шығару көзiне импульстi шамдар
(лампалар) жатады. Ол үлкен көлемдi конденсатормен
қоректендіріленеді. Импульстің ұзақтығы және сәуленің
үдемелiлiгi көптеген факторлармен анықталады. Қатты
денелi лазердің импульс ұзақтығы 0,5-10 с. Импульстi
лазердің сәулелiк күшi үнемі өсуде және қазіргі уақытта
105Вт-қа (импульстегi энергия бірнеше ондаған килоджоуль-
Дж-ге дейiн жетедi) дейiн барады. Арнайы жабылғыштарды
қолдану (ОКГ модулдейтiн) арқылы өте жоғары күштi
сеуленi 1010 Вт дейiн алуға болады. Рубиндi лазердің сәуле
толқынының ұзақтығы 0,69 мкм, неодимді лазер шыныда
1,06 мкм-дi құрайды.
Газдық лазерде, қатты дене сияқты элементтерден тұрады.
Оларда белсендi зат ретiнде газ қоспалары қолданылады.
Энергия шығарушы болып үнемі күшеюмен немесе жоғары
жиiлiкпен жүретiн аймақ жатады. Көбірек тараған газ - гелий
неонды лазерi болады, ол ұзын толқын-диапозонды қызыл
(0,63 мкм) немесе инфрақызыл (1,06 мкм) сәуле
генераторлаушы болып саналады. Спектрдің жасыл
бөлiгiнен иондалған аргонды (0,48-0,51 мкм), ультракүлгiн
аймақта молекулярлық азотты (0,337 мкм) және алыс
инфрақызыл аймақта азотты көмірқышқыл газымен (10,6
мкм) қосылуын қолдану арқылы сәулелер алынады.
Даму механизмiнде: лазерлiк сәуленің биологиялық әсері күрделi. Лазерлiк
сәулеленудің әсерінен болған биологиялық жылжулар негiзiнен
термиялық (күйдiргiш), механикалық, фото-электрлiк және
фотохимиялық құбылыстарды туғызады. Лазерлiк құрылымдарды
қолданғанда көру ағзасы едәуір зақымдалып, оның жұмысы бұзылады.
Әсіресе, көдің торлы қабаты мен нұрлы қабығы оған өте сезiмтал.
Көздің зақымдалуы тіке жарық сәуленің, осымен бiрге әртүрлi нәрседен
шағылысып шыққан жарық бейнелерінің түсуінен және шашыраңкы
лазерлiк сәулелерден байқалады. Кәдiмгi термиялық факторлардан
туатын зақымданулар күйiк тәрiздi, ал жоғары деңгейдегі энергияның
әсерінен кездің торлы қабығында қан құйылулар байқалады.
Көздің нұрлы қабығына аз мөлшерде әсер еткен сәуле энергиясының
тығыздығы торлы қабығын да зақымдайды, себебi көздің оптикалық
жүйесінің заңы бойынша сәуле оған фокустанады. Лазерлiк сәулелену
басқа да ағзалар мен тіндердің патологиялық өзгерiстерiне әкеледі: бас,
мойын, тері, iшкi ағзаларды. Терiдегi өзгерiстер: сәл эритемадан терең
некрозға дейiн, терінің құрғауына, жарылып тiлiнуiне, күюiне, оның
әртүрлi дәрежедегі дақтардың болуына, қоңырлануына-қараюына
әкеледі. Ұзақ ОКГ-ң әcepi орталық нерв жүйесiнде, жүрек-қантамырлар
және т.б. жүйелерiнде әртүрлi дәрежелік қызметтік бұзылыстарды
туғызады
Клиникалық сипаттамасы.
Лазерлiк сәулеленудің клиникалық көріністері бiртiндеп дамиды.
Аурудың алғашқы сатысында науқастың шағымдары жалпы
әлсiздiк, тез шаршағыштық жиi жұмыс соңында пайда болады.
Демалыс күндерi аурудың жағдайы жақсарады, ал кезектi ұзақ
демалыс кезiнде аурудың жағдайы толығымен қалыпты жағдайға
келедi. Кейiн бас ауыру, әсіресе, бастың маңдай және маңдай-
самай аймағының ауыруы жиi-жиi байқалады. Жұмыс кезiнде
науқас көздің тез шаршайтынын, көз алды тұманданып
тұратынын, қарағанда затты анық көре алмауын айтады.
Жоғарғы тiтiркенгiштiк, көзінің жасаурауы, ұйқысының бұзылуы
және жүрек аймағының жиi ауыруына, жүректiң тез соғуына,
кейде жүректiң тоқтағандай сезiмiнiң болуына шағымданады.
Осы субъективтiк бұзылыстардың айқындылығы лазерлiк
қондырғылардың қуаттылық дәрежесіне және жұмыс істеген
ұзақтығына байланысты. Жүрек-қантамыр жүйесiнiң қызметтік
бұзылыстары ангиодистониялық реакциялармен сипатталады.
Лазерлi сәулеленудiң созылмалы әсерінің айқын
көрінісі астениялық немесе невростениялық
синдром негiздерiнде дамитын вегетативтi және
ангиодистониялық бұзылыстар үдеуiмен
сипатталады. Ангиодистониялық
бұзылыстардың айқын және тұрақты сипатта
болып, кенет тұрақсыздықпен (лабильдiлiкпен),
артериалық қысымның және пульстің
ассиметриялығымен, ЭКГ өзгерiстерімен де
көрiнедi. Ауыр жағдайда вегетативтi криздер жиi
байқалып, ол бастың қатты ауруымен, бас
айналуы, жүрек тұсының ауруымен, тахикардия,
қолдың мұздауымен сипатталынады.
Емі.
Патологияның бастапқы көрінісі медикаментозды ем берiлмей, тек еңбек және
демалыс режимiн рационалды орындауымен-ақ жоғалады. Ауру айқын көрініс
берген жағдайда науқастарды жұмыстан босатып емханалық-амбулаторлық
немесе аурухана жағдайында белсендi емдеген жөн. Емі кешендi болып, бұзылған
ағзалардың қызметін қалпына келтіруге бағытталуы қажет.
Тыныштандырғыш және жалпы тонусты жоғарылататын дәрілік заттар
берiледi: бром мен пустырник тұнбасы, кофеин, жень-шень, қытай лимоннигі,
көктамыр iшiне глюкозаны С, В витаминімен немесе поливитаминдер iшке,
тері астына дуплекс қолданылады. Мидың гипоталамикалық бөлiгiнiң қозуынан
байқалатын невротикалық жағдайларда аминазин, триоксазин, элениум,
диазепам, нозепам тағайындау керек. Вегетативті-қантамырлық
дисфункцияның айқын жағдайында кальций глюконаты, глутамин қышқылы,
дипразин, беллатаминал, актовегин, АТФ, сермион, винпоцетин жақсы әсер
көрсетедi. Медикаментозды терапияны физиотерапиялық процедуралар-мен
алмастырып отыру керек (гальваникалық жаға, уқалау, т.б.). Неврастениялық
синдромда сулы физиотерапиялық процедуралар тиiмдi (себезгі, жалпы
ванналар). Витаминге бай жоғары калориялық емдәмі тағайындалады. Емдеу
рационалды ұйымдастырылады, ол еңбек және демалыс тәртібiмен үйлесімдi
болуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
Интернет желісі
З.К.Қожабеков

Ұқсас жұмыстар
Токсикология мен фармакология даму жолы
Жануарлар экологиясы
Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері
Гистология даму тарихы
Экологияның даму кезеңдері
ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІ ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ МЕН ОНЫҢ ӘДІСІ
ЭКОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ
Экология пәні және оның мазмұны
Тіл дамыту әдістемесі
Бастауыш мектептегі
Пәндер