Веноздық гиперемия


Slide 1

Тақырыбы: Домбығу. Ісіну. Гиперемия

СӨЖ

Орындаған: Уалихан Ж. Ш

Тобы: ВС- 505

Тексерген: Нуркенова М. К

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

Ветеринариялық санитария

Slide 2

Жоспар

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

Домбығу. Домбығудың жіктелуі мен даму факторлары.

Ісіну. Ісінудің жіктелуі, айқындалу факторы.

Гиперемия

Артериалдық гиперемия

Веналық гиперемия

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Slide 3

Домбығу

Домбығу дегеніміз сұйықтың ұлпаларға және ұлпа аралығындағы қуыстарға патологиялық жиналуы және іркілуі. Сұйық жасуша ішінде де іркілуі мүмкін. Мұны жасуша ішіндегі домбығу деп атайды. Домбығу кезінже ұлпа көлемі ұлғаяды, оның созымдылық қасиеті температурасы кемиді. Домбыққан ұлпаны немесе мүшені басқанда біраз уақыт ойық пайда болады. Домбығудың өршуі ұлпаларды қысып, онда қан айналысын бұзады.

Slide 4

Домбығудың пайда болу механизмі

Тамырлар мен тканьдердегі сұйықтың алмасуы капиллярлар кенересі арқылы өтеді. Бұл кенерені жартылай өткізетін биологиялық мембрана ретінде қарастыруға болады, өйткені ол екі бағытта суда электролитті, кейбір органикалық қосылысты іркіліксіз өткізеді, бірақ белоктарды іркіп қалады. Домбығудың дамуы мынадай факторлармен айқындалады.

1. Плазманың коллоидтық осмостық қысымның кемуі

2. Капиллярлардағы қысымның артуы

Slide 5

3. Капиллярлар кенересінің өткізгіштігінің артуы

4. Клетка аралығындағы сұйықтың коллоидтық осмостық қысымының артуы

5. Организмде судың және хлорлы нартийдің бөлінуінің азаюы және олардың көптеп келуі

6. Қышқыл сілті тепетеңдігінің бұзылуы

7. Нерв эндокринді жүйелердің бұзылуы

Домбығудың пайда болу себептеріне қарай оны іркілетін, бүйректік, улы, қабындыратын, кахексиялық, эндокриндік және нервтік трофикалық деп бөледі.

Slide 6

Іркілу домбығуы веноздық қан айналысы бұзылған кезде және лимфа тамырларынан лимфа бөлінгенде пайда болады.

Бүйрек домбығуы бүйрек ауруларында нефроз, нефритте пайда болады.

Нефроздық домбығу пайда болуына бірқатар факторлар қатысады.

Нефриттік домбығу басты ерекшелігі ткань аралығындағы сұйықта белоктың өте көп болатындығы, жіне тканьдердің гидрофильділігі артатындығы.

Slide 7

Ісіну

Ісіну деп сұйықтың тканьдерге және ткань аралығындағы қуыстарға патологиялық жиналуын және іркелуін айтады. Сұйық клетка ішінде де іркілуі мүмкін. Мұны клетка ішіндегі ісіну деп атайды. Ісіну кезінде ткань көлемі ұлғаяды, оның созымдылық қасиеті, температурасы кемиді. Ісінген тканьді немесе органды басқанда біраз уақыт ойық пайда болады.

Slide 8

Ісінудің пайда болу механизмі

Тамырлар мен тканьдердегі сұйықтың алмасуы капиллярлар кенересі арқылы өтеді. Бұл кенерені жартылай өткізетін биологиялық мембрана ретінде қарастыруға болады, өйткені ол екі бағытта суды, электролитті, кейбір органикалық қосылысты іркіліссіз өткізеді, бірақ белоктарды іркіп қалады.

Slide 9

Ісінудің дамуы мынадай факторлармен айқындалады:

1) Плазманың коллоидтық-осмостық қысымының кемуі

2) Капиллярлардағы қысымның артуы

3) Капиллярлар кенересінің өткізгіштігінің артуы

4) Клетка аралығындағы сұйықтың коллоидтық-осмостық қысымының артуы

5) Организмде судың және хлорлы натрийдің бөлінуінің азаюы және олардың көптеп келуі

6) Қышқыл-сілті тепе-теңдігінің бұзылуы

7) Нерв-эндокринді жүйелердің бұзылуы және т. б

Slide 10

Ісінуді жіктеу

Ісінудің пайда болу себептеріне қарай, оны іркілетін (жүректік), бүйректік, улы қабындыратын, кахексиялық ( жүдеу), эндокриндік және нервтік - трофикалық деп бөледі.

Іркілу ісінуі веноздық қан айналысы бұзылған кезде және лимфа тамырларынан лимфа бөлінгенде пайда болады. Бұл ауру жүрек жетімсіздігіне, веноздық қысымда және қан іркілісінде өршиді. Алдыңғы қуыс венада қысымның көтерілуі лимфа тамырларын тарылтып, ісікті өршіте түседі.

Slide 11

Бүйрек ісінуі бүйрек ауруларында (нефроз және нефрит ) пайда болады.

1) Нефроздық ісінудің пайда болуына бірқатар факторлар қатысады. Нефроз кезінде қанда белок мөлшері, сонымен қоса хлорлы натрийдің бөлінуі де азаяды.

2) Нефриттік ісінудің басты ерекшелігі ткань аралығындағы сұйықта белоктың өте көп болатындығы және тканьдердің гидрофильділігі артатындығы.

Slide 12

Уытты ісіну әр түрлі улану кезінде (фосгенмен, хлормен, дифосгенмен, хлорлы аммониймен т. б) сондай-ақ көптеген улы заттардың жекелей әсер етуінен өршиді. Мәселен, хлорды, фосгенді, әсіресе дифосгенді ауамен жұтқанда өкпе ісінуі, ал теріге иприт, люизит және басқа заттар әсер еткенде тері ісігі пайда болады.

Ісінудің өршуіне тамыр кенересінің зақымдануы, олардың жарылуы, сондай-ақ ыдыраған ткань өнімдерінің көптеп жиналуы, онда осмостық қысымның көтерілуі де әсер етеді.

Slide 13

Қабыну ісінуі көптеген ауруларға ұшыратып, әсіресе қан айналысып, зат алмасуды бұзып, қабыну ошағында нервтік-трофикалық өзгеріс тудырады. Қабну ісігінің өршуіне тканьдердегі осмостық және онкотикалық қысымның артуы, қанның іркілуі және тамыр кенересінің өткізгіштігінің артуы ықпал етеді.

Кахексиялық ісіну созылмалы ауыр сырқаттан (инфекциялық, қан аздық, қатерлі ісік т. б) организм жүдегенде, сондай-ақ ашыққанда пайда болады. Мұндай ісіктің пайда болуына әртүрлі себептер әсер етеді.

Slide 14

Эндокринді ісіну кейбір ішкі секреция бездерінің функциясы бұзылғанда білінеді. Мәселен, гипотирееоидтық ісік (кілегейлі ісік -миксидема) қалқанша без функциясы әлсірегенде пайда болады.

Невроздық ісіну нерв жүйелері, оның трофикалық функциясы бұзылғанда пайда болады. Аллергиялық ісік (қан сарысуы ауруында, есекжемде т. б) деп аталатын да тапогенезі жағынан невроздық ісікке жатады.

Slide 15

Ісінудің организм үшін мәні

Алуан түрлі ісіктің даму механизмі көп жағдайда ортақ, сондықтан ісіктерді нағыз патологиялық процеске жатқызуға болады. Кез келген патологиялық процесс секілді, ісіктің де зақымдайтын, сондай-ақ қорғанып-бейімделетін де қасиеті болады. Ісінудің өршуі тканьдерді қысып, онда қан айналысын бұзады. Ткань аралығында сұйықтың тым көбейіп кетуі қан мен клетка аралығындағы зат алмасуды бұзады. Ісінген тканьдерге инфекция тез жұғады.

Slide 16

Қорғану-бейімделу қасиетінен мыналарды атап көрсетуге болады:

Сұйықтың тамырлардан тканьдерге қауырт ауысуы және сонда іркілуі, қанда еріген улы заттардан арылуына, сондай-ақ организмнің сұйық ортасындағы осмостық қысымның тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді, ісіну сұйығы ісінудің өршуіне ықпал ететін әр түрлі химиялық және улы заттар концентрациясының кемуіне, олардың патогендік әсерінің азаюына әсер етеді.

Slide 17

Гиперемия

Гиперемия - жеке бір органда немесе ткань учаскесінде қанның әдеттегіден көп болуы. Артериалдық және веноздық гиперемия деп бөледі.

Артериалдық гиперемия ұлғайған тамырлар арқылы өтетін қан мөлшерінің көбеюінен органға қанның толуының артуы.

Артериалдық гиперемияның этиологиясы :

1) әдеттегі физиологиялық тітіркендіргіштер (күн сәулесі, жылу т. б ) әсерінің нормадан артып кетуі

Slide 18

2) ауру тудыратын тітіркендіргіштердің (механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық т. б) әсері

3) ткандердің физиологиялық тітіркендіргіштерге ерекше сезімталдығы, мәселен аллергиялық, сенсибилизация, фотосенсибилизация т. б кезінде.

4) нерв жүйесінің бастапқы зақымдануынан парезге және параличке шалдығу.

Белгілері:қызару, температураның көтерілуі, органдар мен тканьдердің көлемінің ұлғаюы.

Slide 19

Гиперемияны физиологиялық және патологиялық деп бөледі.

Физиологиялық гиперемия. Оған органдардың функциясы күшейген кезде пайда болатын жұмыстық гиперемия жатады.

Физиологиялық деп, физикалық немесе химиялық факторлардың бірдей дозасының әсер етуінен пайда болатын рефлекторлық гиперемияны айтады. Физиологиялық гиперемия шартты рефлекс механизмі әсерінен де пайда болуы мүмкін.

Slide 20

Патологиялық гиперемия ауру тудыратын факторлардың ықпалынан пайда болады, әрі оған қан айналысы мен орган функциясы күйінің арасындағы сәйкессіздік тән сипат, мұндайда тіпті тыныш тұрған қалпында да қан айналысы күшейеді.

Патологиялық гиперемияға оның мынадай түрлері жатады :

а) қабыну кезіндегі артериалдық гиперемия

б) қан азайғаннан кейінгі гиперемия бұл әр түрлі қуыстардағы іркілу немесе қабыну сипатындағы сұйықты тез сорып алғаннан, байланған жіпті босатқаннан кейін пайда болады

Slide 21

в) вакаттық гиперемия сиреген алаңға қанның күшті келуі

г) нейропараличтік гиперемия нараличте немесе қан тамырын қысқан таңғышты кескенде, сондай-ақ олардың орталығы зақымданғанда пайда болады.

Эксперименттік жолмен қоянның құлағында нейропараличтік гиперемия тудыруға болады. Ол үшін мойынның симпатикалық түйінін кеседі, немесе симпатикалық түйінді новокаинмен блокадалау арқылы қан тамырлары түтігінің импулсін тарылтады немесе адреналидтік немесе симпатикалық дәрідәрмектермен шеткі адренорецепторларды шектейді.

Slide 22

Артериалдық гиперемия патогенезі

Артериалдық гиперемия даму механизмінің негізгі буыны артериоланың кеңуі, әрі осыған байланысты тканнен өтетін қан мөлшерінің ұлғаюы.

Артериоланың ұлғаюы көбінесе рефлекторлы түрде өтеді

А) тамыр ұлғайтатын нервтер тонусының артуы

Б) тамыр тарылтатын механизмдердің тежелуі

В) Тамырлардағы зақымданған тканьдерде аксон-рефлекторлы механизмінің қосылуы

Г) гуморалдық факторлардың ықпалы алмасу метаболиттердің әсер етуі

Slide 23

Артериалдық гиперемия зардабы


Ұқсас жұмыстар
АРТЕРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕНАЛЫҚ ГИПЕРЕМИЯ
Перифериялық қан айналым
ПЛЕВРИТ ЖӘНЕ КЕУДЕ АУРУЛАРЫ
ҚАБЫНУ ЭТИОЛОГИЯСЫ
Мұрынның қосалқы қуыстарының құрылымы және топографиясы. ЛОР ағзаларының патологиясына қосалқы қуыстарының даму ерекшеліктерінің әсері
Пульстің көрсеткіштері
Шемен
ҚАБЫНУ ОШАҒЫНДА ЗАТ АЛМАСУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Қабыну және оның түрлері
Артериялық қысым - артерияда қан тудыратын қысым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz