Дозиметриялық аспаптар


Slide 1

Тақырыбы: Радиометрия және дозиметрия аспаптары, және олардың қолданылуы

СӨЖ

Орындаған: Уалихан Ж. Ш

Тобы: ВС- 505

Тексерген: Рахимжанов Б. А

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

Ветеринариялық санитария

Slide 2

Жоспар

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

1. Радиометрлік аспаптар

2. Радиометриялық аспаптардың қолданылуы және құрылысы

3. Дозиметриялық аспаптар

4. Дозиметриялық аспаптардың қолданылуы мен құрылысы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Slide 3

КІРІСПЕ

Радиометрлер (радиоактивтілікті өлшегіштер) - олар әр түрлі беттердің, құрал - жабдықтардың, киімдердің, ауа көлемінің негізінен альфа- және бета- бөлшектерін бөлетін радиоактивті заттармен ластану деңгейін анықтауға және сәуле көздерін табуға арналған. Радиометрмен аз деңгейдегі гамма- сәулесін де өлшеуге болады.

Slide 4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Радиометрдің детекторлары ретінде газды разрядты және сцинтилляциялық есептегіштер пайдаланады.

Бұл аспаптар ең көп таралған және кеңінен пайдаланылады. Оларға бета - гамма радиометрлер “Луч А” (1-сурет), ДП-100М, РПС-2-03А, Т және т. б жатады.

Радиометрлерді негізгі екі топқа бөліге болады: тасымалданатын және тұрақты (стоционарлық) . [2]

1-сурет

Slide 5

Тасымалданатын (далалық) радиометрлердің көлемі кішкентай, сондықтан оларды жеңіл ары-бері тасымалдауға болады. Бұл аспаптардың қоректенуі батарейлерден, аккумуляторлардан және айнымалы ток көзі жүйесімен қамтамасыз етіледі. Олар негізінен әртүрлі заттардың беттерінің радиоактивті заттармен ластануының қарқындылық мөлшерін анықтау үшін пайдаланылады.

Радиометрлердің детекторлары ретінде газды разрядты және сцинтилляциялық есептегіштер пайдаланылады. Бұл аспаптар ең көп таралған және кеңінен пайдаланылады. Олар өлшеуді стрелкалық аспаптардың көмегімен жүргізуге мүмкіндік беретін жеңіл электронды қондырғылармен жабдықталған. Детекторларды сәулелеген кезде көрсеткіш аспаптың стрелкасының ауытқуы есептеу жылдамдығын имп/секундпен есептейтін орташа мағынасын көрсетеді. Мұндай қондырғыларды есептеу жылдамдығының өлшегіш немесе интенсиметрлер есептегіш аспаптарға қарағанда төмен болады. [1, 3]

Slide 6

Тасымалданатын радиометрлер

1. универсиалды бета- және гамма- радиометр «Луч А» жатады, ол бета- және гамма- сәулелерін сапалық және сандық түрде жеке - жеке анықтауға, сонымен қатар бета- бөлшектерінің ағымының тығыздығын анықтауға арналған.

Бета - гамма - радиометрлер ДП-5А, Б, В (2, 3- сурет) жатады, олар әртүрлі заттардың беттерінің бета ластану мөлшерін және сәулелерді табуға арналған және оларды аз мөлшердегі гамма- радиацияның деңгейін анықтауға пайдалануға болады. [2]

2-сурет

3-сурет

Slide 7

Универсиалды радиометр РУП-1 жатады (3 - сурет), ол әртүрлі беттердің альфа- және гамма- сәулесінің доза қуаты мен жылулық және жылдам нейтрондардың ағымының қарқындылығын өлшеуге арналған. Ол үшін РУП-1 аспабы альфа-, бета- және гамма- сәулелерін, сонымен қатар жылдам және жылулық нейтрондарды табуға арналған детекторлармен жабдықталған. РУП-1 радиометрінің өлшеу диапазоны сырттай альфа- сәулесі бойынша 0, 5 - тен 2 бөлшек/минут см2 - қа дейін, сырттай бета сәулесі бойынша 10-нан 5 бөлшек/минут см2-қа гамма- сәулесі бойынша №1-ші штангалы датчик үшін 0, 2-ден 1000 мкР/сек-қа дейін және ұзын кабельді датчик үшін 2-ден 1мкР/сек-қа дейін, ал жылулық және жылдам нейрондар бойынша 20-дан нейтрондар/сек. см2 -қа тең. РУП-1 аспабы кернеуі 220В айнымалы ток көзінен және тұрақты ток көздері - аккумулятордан немесе батарейлерден қоректенеді. [4]

4-сурет. РУП-1 тасымалданатын универсиалды радиометр

Slide 8

ДП-5 А, Б, В радиометр - рентгенметрінің құрылысы

ДП - 5А, ДП - 5Б, ДП - 5В (5 - сурет) доза қуатын өлшегіштердің (рентгенметрлердің) барлық модификацияларының жұмыс істеу принциптері мен қолдану мақсаттары бірдей, тек көрсетілген модификациялардың айырмашылығы, негізінен олардың конструкциялық орындалуында және аздап электрлік нобайында (схемаларында) .

Тасымалданатын ДП - 5А радиометр - рентгенметрі гамма- сәулесін бөлудің деңгейін және гамма- сәулесі бойынша әртүрлі заттар мен аймақтың радиоактивті заттармен зақымданғанын анықтап өлшеуге арналған. [2, 3]

5-сурет. ДП - 5В рентгенометрінің жалпы көрінісі

Slide 9

Аспаптың негізгі бөліктері (5 - сурет) :

Жұмсақ кабелі бар зонд (датчик)

Қорап (футляр)

Телефон

Өлшегіш

Бұдан басқа жинақ құрамына аспапты салатын жәшік, оның ішінде ұзартуға арналған штанга, қоректену қалыбы, қосалқы бөлшектер жинағы және техникалық құжаттар жинағы кіреді.

Slide 10

Аспаптың зондты болаттан жасалған цилиндр түрінде болады. Оның ішінде сәуле қабылдау детекторы, күшейткіш нормаға келтіргіш және басқа да электр нобайының элементтері орналасқан. Сәуле қабылдайтын детекторлар ретінде СТС - 5 және СИ - 3БГ типтес есептегіштер пайдаланылады.

Болаттан жасалынған цинлиндрдің корпусында бета- сәулесін анықтауға арналған ойық терезесі болады. Ол терезеге суға төзімді этилцеллюлозадан жасалған пленка жапсырылып желімделген. Зондтың корпусына айналып қозғалатын цилиндр тәріздес латуннан жасалған экран орнатылған, оның да ойық терезесі бар.

Slide 11

Иондағышсәулелердің дозасы мен қуатын өлшеуге арналған құрылғы.

Жеке пайдаланатын дозиметрлар кішкентай көлемді ионизациялық камералар немесе ішінде фото пленкасы бар касеталар түрінде болады.

Олар белгілі бір уақыт аралығында өлшенген нәтижелердің қосындысын жинақтайтын, жинақтаушы, тіркегіш қондырғылармен қамтамасыз етіледі.

Дозиметрлер

Slide 12

Дозиметрлар негізгі үш бөліктен тұрады:

Slide 13

Дозиметр

Тұрақты

Жеке

дозиметриялық

бақылау

Тасымалданатын

Slide 14

Дозиметриялық өлшем

Радиация сәулесінің бір сәттегі мөлшері- доза делінеді. Дозиметрия физикасы әртүрлі сәулелерден биологиялық салдарын рентген және гамма сәулелерімен салыстырады. Дозиметриялық өлшем - рентген сәулелерінің ықпалын өлшеудің қажеттілігі. Иондандырушы сәулелердің сан көлемі олардың пайда болу тиегіне қарамастан сәулеленген заттардың элементтеріне берілген энергияның олардың массасына (салмағына) қатынасы ретінде анықталады. Осы көрсеткішті сіңіріп алынған сәуленің мөлшері деп аталады.

Slide 15

Жеке дозиметриялық бақылау

Дозиметриялық бақылау (орыс. Дозиметрический контроль) - жеке құрамның радиоактивті сәулеленуін бақылау және әскери техниканың, азыктүліктің, судың радиоактивті зақымдалу дәрежесін анықтау үшін ұйымдастырылатын шаралар жүйесі. Оны дозиметриялық аспаптарды колданып, радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері, радиометриялық лаборатория, химия нұскаушылары және арнайы дайындалған сарбаздар жүзеге асырады

Дозиметрлік аспаптардың көпшілігі арнайы қолданылады, ол жеке сәулелену түрлерін тіркеу тиімділігімен, сәулеленудің қарқындылығың өлшеу диапазонымен және “қаттылықпен жүру” (ходом с жесткостью), яғни аспаптың көрсетуі сәулелену энергиясына байланыстылығымен анықталады.

Slide 16

Әр түрлі сәулелену түрлерін тіркеу тиімділігі аспаптың детекторына байланысты. Сәулеленуді өлшеу үшін ең жарамдысы - ауасы ионданатын камераның қағидасына негізделген аспаптар. β - ағындарын өлшеу үшін газды разрядтайтын немесе сцинтилляциялық есептеуіштер түріндегі аспаптар қолданылады. Нейтрондарды тіркеу үшін бордан немесе кадмийден жасалған сүзгінің ішінде орналасқан сцинтилляциялық детекторлар пайдаланылады

Slide 17

Конденсаторлы түрдегі ИДК дозиметрі

Рентген және гамма сәулелерін жекелей бақылау кішкентай көлемді, металдан немесе пластмассадан жасалған ионизациялық камералардың көмегімен жүргізіледі. Дозиметрлердің жұмыс істеу принципі, иондаушы сәулелердің әсерінен, алдын -ала зарядталған ионизациялық камераның зарядының азайуына негізделген. Жеке бақылау жүргізу үшін бірден тура көрсететін (ДК-0, 2, ДП-22В, ДП-24, ИК-1) және бірден тура көрсетпейтін (КИД-1, КИД-2) дозиметрлері пайдаланылады.

Slide 18

Қабылданған дозаны, яғни потенциалдар айырмашылығының өзгеруін кез- келген уақытта, микроскоптан көрінетін кварцтан жасалған жіпшенің шкала бойынша жылжу жағдайына байланысты жарыққа қарап анықтауға болады. Аспаптың шкаласы, әрқайсысы 10мР болатын 20 бөліктен тұрады, демек оның өлшеу диопазоны 0, 02 -ден 0, 2P-ге дейінгі мөлшерді құрайды. Дозаны өлшеудің қателігі барлық диапазон бойынша ± 10 мР-нен аспайды.

Ластанудан сақтау үшін дозиметрдің төменгі беті шыны тәріздес мөлдір қалпақшамен жабылған, оны тек дозиметрді зарядтаған кезде ғана ашады. Дозиметрдің корпусында оны киімнің қалтасына қыстырып қоятын, автоқаламның ұстатқышы сияқты болады, соған байланысты дозиметрлер автоқаламға ұқсайды.

Slide 19

Топтық радиациялық бақылауды жүргізу кезінде келесі негізгі жағдайларды ескеру қажет:

топтық бақылау мақсатында қолданылатын аппаратура радиациялық -технологиялық үрдістің міндеттеріне және нақты жағдайларына қатал сәйкес келуі қажет;


Ұқсас жұмыстар
Дозиметрлік құрал аспаптар
Қараюдың тығыздығы сәуле шығарудың жұтылған энергиясына пропорционал
Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі
Жерге орналастыру саласындағы заманауи геодезиялық аспаптар
Қазақ музыка аспаптарының түрлері
Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау приборлары
Гравирлі құралдар
Аспаптар теодолит
Орта Азия халықтарының аспаптары
Музыкалық аспаптар сататын «Музыка әлемі» дүкенін ашу бизнес-жопары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz