Ингаляциялық наркоз


Slide 1

Тақырыбы: Наркоз оның ерекшеліктері және кемшіліктері. Нейролептиктер. Морфин оның ұйқысы. Седативтік препараттар оның қысқаша сипаттамасы. Наркотикалық емес анальгетиктер оның фармакокинетикасы және фармакодинамикасы.

СӨЖ№3

Орындаған: Уалихан Ж. Ш

Тобы: ВС- 505

Тексерген: Тойкина Г. Н

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

Ветеринариялық санитария

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе:

ІІ. Негізгі бөлім:

1) Наркоз оның ерекшеліктері және кемшіліктері

2) Нейролептиктер

3) Морфин оның ұйқысы

4) Седативтік препараттары оның кысқаша сипаттамасы.

5) Наркотикалық емес анальгетиктер оның фармакокинетикасы және фармакодинамикасы.

ІІІ. Қорытынды:

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Наркоз (грек. narkosіs - мелшию, ұйып қалу) - орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Наркоздан кейін мал есінен толық не жартылай айырылып, ауыру сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады. Негізінен күрделі хирургиялық операциялар кезінде ауру сезімін болдырмау мақсатында наркоз беріледі.

Slide 4

Наркозды организмге жіберудің: ингаляциялық(дәріні тыныс жолдарына жіберу), ингаляциялық емес (дәріні қан тамырына, бұлшық етке, тері астына егу) және күрделі (аралас) түрлері бар.

Slide 5

Ингаляциялық наркоз

Ингаляциялық наркозда бу тәрізді күйге жылдам айналатын ұшкыш сұйықтарды (фторотан, наркозға арналган эфир), сондай-ақ газ тәрізді заттар (азоттың шала тотыгы, циклопропан) қолданылады. Әдетте тыныс алатын ауада қажетті концентрацияны беретін арнайы аппараттарды қолданады. Ингаляциялық наркозға арналған заттармен тыныс алганда олар диффузия жолымен өкпеден қанга түседі. Препаратгың абсорбциясы оның тыныс алатын ауадағы концентрациясына, тыныстың көлемі мен жиілігіне, альвеолдардың, беті мен өткізгіштігіне, наркозға арналған заттардың канда еруіне және кіші қан айналымдағы қан ағудың жылдамдығына байланысты. Осының бәрі наркоздың даму жылдамдығын көрсететін препараггың кан мен тіндерде болатын концентрациясьтың өсуін анықтайды. Иигаляциялық наркозға арналған заттардың бірталайы ағзада біркелкі тарайды. Кейбір айырмашылыкгар мүшелер мен тіндердің қанмен камтамасыз етілуі бірдей еместігіне байланысты. Бұл затгар негізінен өзгермеген түрде өкпе арқылы шығады. Элиминация жылдамдығы абсорбциядағы факторларға байланысты. Әсіресе газ тәрізді наркозға арналған заттар жылдам шығады

Slide 6

Ингаляциялық емес наркоз

Ингаляциялык емес наркозға арналған заттар әдетте парентералды, сирек-энтералды қолданылады. Оларды парентералды енгізу жолдарынан көп тарағаны - көк тамырға енгізу. Қолданылатын препараттардың көк тамырға енгізетіндердің ішінде, әсерлерінің ұзақтығы бойынша олар келесі топтарға бөлінеді: әсері қысқа (наркозды көк тамырга енгізгенде әсерінің үзактығы 15 мин дейін) - пропанидид, пропофол, кетамин; эсерінің ұзақтыгы орташа - (наркоздың ұзактығы 20-30 мин) - натрий тиопснталы, гексенал; әсері ұзақ - (наркоздың ұзақтығы 60 мин және жоғары) - натрий оксибутираты. Пропанидид майлы сұйық, басқа препараттар ұнтақ тәрізді заттар болып келеді. Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар ерітінді түрінде қолданылады. Пропанидид (эпонтол, сомбревин) наркоздың қозу кезеңісіз өте жылдам басталуымен (30-40 сек кейін) өзгешеленеді. Хирургиялық наркоз кезеңі шамамен 3 мин созылады, кейінгі 2-3 мин кейін науқастың есі калыпты жағдайға келеді. Пропанидид «өте кысқа» әсерлі ингаляциялық емес наркозга арналған зат деп саналады. Пропанидидтің әсерінің қысқалығы оның қан плазмасының холинэстеразасымен жылдам гидролизге түсуіне байланысты. Наркоздан кейінгі ОЖЖ-нің тежелуі байқалмайды.

Slide 7

Наркоз берер алдында малдың ауыз қуысы, асқазаны, ішегі толық тазаланады, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі беріледі, мұны премедикация кезеңі деп атайды.

Slide 8

Премедикация.

Наркоз алдында 15 - 20 минут бұрын тері астына немесе бұлшық етке 0, 5 - 5 мл 0, 1% атропиннің ерітіндісін енгізеді, ал содан соң 1, 5 мл/ 10 кг 2, 5% аминазин ерітіндісі немесе 0, 5 - 1 мл ромпун қолданады.

Slide 9 Slide 10

Наркоздық жағдайдың 4 сатысы

1. Анальгезия - ауырсыну сезімталдығының орталықтары істен шығады, бірақта ми қабының биоэлектрлік белсенділігі арта түседі. Дем алысы терең, ырғақты; тамыр соғысы жиі; еттің тонусы, рефлекстер сақталған.

2. Қозу сатысы - қаңқа бұлшық еттерінің тонусы жоғарылаған, аяқ еттері кезексіз жирылады, дем алысы мен тамыр соғысы жиілеген, қанның қысымы жоғары, көздің қарашығы үлкейген. Сілекей, жас, тер, бронхы бездерінің секрет бөлуі үдеген, жиі-жиі жұтыну байқалады.

Slide 11

3. ) Хирургиялық наркоз. Оның төрт деңгейін ажыратуға болады:

Үстіртін наркоз - ауырсыну және тактилді сезімталдықтар толық . жойылған; . жұтыну жоқ; көздің алмасы бір шетке ығысқан; дем алысы терең, қырылдаған; қан қысымы тұрақты, тамыр соғысы жиі; қаңқа бұлшық еттері босаңсымаған; тік ішектің сфинктерінің, құрсақ пен шажырқайдың висцеро-висцералдық рефлекстері сақталған.

Жеңіл наркоз. Көздің алмасы орталыққа орналасқан, тарылған, жарыққа әлсіз реакция береді. Қаңқа бұлшық еттері жартылай босаңсыған, құрсақ еттерінің тартылу рефлексі жоқ, дем алысы мен тамыр соғысы ырғақты. Мұндай жағдайда үстіртін операцияларды жасай беруге болады.

Толық наркоз. Малдың дем алысы үстіртін, дем алу ауасына көмірқышқыл газын қосқанда жиілегені байқалады; тамыр соғысы ырғақты, қан қысымы төмендеген; аортаның және синокаротид зонасының рефлекстерінен басқа рефлекстер жойылған. Жоғарғы екі рефлекс дем алу және қан айналу орталықтарының қызметін қамтамасыз ету үшін қажет. Көздің қарашығы үлкейе бастайды, қаңқа бұлшық еттері босаңсиды. Егер тілді бекітіп ұстамаса, онда ол тыныс жолын бітеп, малдың тұншығуы мүмкін.

Өте толық наркоз - өлім мен өмір шекарасы. Дем алыс үстіртін, диафрагма арқылы. Тамыр соғысы әлсіз, қан қысымы төмен. Көз алмасы қозғалмайды, құрғақ, қарашығы үлкейген. Осындай жағдайда наркоздық препараттың түсуін тоқтатпаса, онда дем алудың салдануынан мал өліп кетеді.

Slide 12

4. Наркоз препаратының организмге түсуін тоқтатқаннан кейін қалпына келу сатысы басталады. Малдың дем алысы, жүрек соғысы, қан қысымы, рефлекстері кері тәртіппен қалпына келе бастайды. Наркоздың ізі ми қабында көбірек сақталады. Жоғарғы нерв жүйесінің қызметінің толық қалпына келуі қолданған наркоз препаратына және наркоздың тереңдігіне байланысты 7-25 тәулікке созылады.

Slide 13

Наркоздың сатылары:

Наркоздың бірінші дәрежесін базистік немесе беткейлік наркоз дейді. Наркоздың бұл дәрежесінде организмнің ауырсыну сезгіштігі толығымен жойылады, көлденең жолақты бұлшық еттердің тонусы бірден төмендейді, ал тыныс алу, тамыр соғу, қан қысымы өзгеріссіз қалады.

Екінші дәрежелі наркозды - айқын наркоз деп атайды. Наркоздың бұл дәрежесінде организмнің ауырсыну сезгіштігі толығымен жойылып, көлденең жолақты бұлшық еттердің тонусы бірден төмендегенімен, тыныс алу мен жүрек қызметі өзгермейді.

Үшінші дәрежелі наркозды - аса терең наркоз немесе мөлшерден тыс асып кетуі деп те айтады. Наркоздың бұл дәрежесінде ең маңызды орталықтардың қызметі бұзылады: қан қысымы бірден төмендейді, тамыр соғцы әлсірейді, тыныс алу сиреп, бірқалыпсызданады. Егер де тыныс алу және жүрек - қан жүйесінде патологиялық құбылыстар болатын болса, наркоз мөлшерінің шектен тыс асып кетуі жануарлардың өліміне әкеп соқтырады.

Slide 14

Иттерге наркоз жасау

Иттердің терең наркоз жасау үшін алдын-ала премедикациямен ингаляциялық түрі кең қолданады.

Премедикация. Наркоз алдында 15-20 минут бұрын тері астына немесе бұлшық етке 0, 5-5 мл 0, 1 % атропиннің ерітіндісін енгізеді ал содан соң 1, 5 мл /10 кг 2, 5 %-дық аминазин ерітіндісі немесе 0, 5- 1 мл ромпун қолданады.

Slide 15

Кіріспе наркоз

Кіріспе наркоз. Алдымен 5% тиопентал-натрий 20мг/кг ерітіндісін тамырдың ішіне жартыны немесе мөлшер үшінші бөлімін енгізеді, ал рефлекстердің жоғалуынан кейін қалған бөлімін енгізеді. Ромпунмен премедикация жасағанда тиопентал-натрийдың дозасының ширектігінің біреуіне кемітеді.

Slide 16

Кіріспе наркозға төменде келтірілген препараттардың біреуін қолдануға болады:

сибазон 0, 5 мл/10 салмағына тамырға;

дроперидол 0, 5 мл/10 салмағына бұлшық етке;

кетамин 0, 5-1 мл/10 салмағына бұлшық еттен, тамырға;

оксибутират натрия 0, 5-1 мл/10 салмағына тамырға.

Slide 17

Негізгі наркоз - алдыңғының жалғасы. Кейде ол премедикациядан кейін кіріспе наркоз өтіп кете лезде кіріседі. Ең қауіпсіз эфирлі наркоз.

Премедикация алдыңғы (кіріспе наркоз) иттің қоздыруына жол бермейді, және наркоздың терең толерантты сатысына жылдам кіреді. Маскаға эфирді секундына 1-2 тамшыдан тамшылайды, ал содан соң тамшы санын терең наркоз көрінуіне дейін молайтады (рефлекстердің жоғалуларына және көз алмаларының төмен түсуіне дейін) .

Slide 18

Негізгі наркозға:

морфин гидрохлорид дозасы 0, 02-0, 15 г, тері астына;

промедол дозасы 0, 02-0, 06 г, тері астына;

пиритрамид 2-3 мл бұлшық еттен немесе тамыр ішінен;

торбуджесик 0, 1 мл 10 кг малдың салмағына қолданады.

Slide 19

Мысықтарға наркоз жасау

Мысықтарға жиі ингаляциялық эфирлі немесе парапульмональды пентотал-натрийлі наркоз қолданады.

Премедикация. Аминазинді 0, 25-3 мг/кг бұлшық етке немесе 1-2 мг/кг тамырдың ішінен енгізеді және атропин 0, 5-1 мл 0, 1 % ерітіндісін тері астынан. Бұлшық етке аминазиннің орнына 0, 15 мл/ кг ромпун қолданады.

Slide 20

Нейролептиктер

Нейролептиктердің әсер ету механизмі өте күрделі. Соған қарамай көптеген препараттардың әсерлерінің жалпы заңдылықтары анықталған. Олар да, седативті препараттар тәрізді, ми діңгекшесінің ретикулярлы формациясын қажытады, олардың үлкен жарты шардың қабына әсерлерінің белсенділігін әлсіретеді.

Slide 21

Нейролептиктерге тән ең негізгі ерекшелік электрондар мен энергия тасымалының әлсіреуінен болатын, тыныс алу тізбегінің торшалар мембранасындағы кейбір ферменттер белсенділігінің төмендеуі болып табылады. Нейролептиктерді емдеу және алдын алу мақсатымен жануарлар үркіп-шошығанда сонымен қатар, наркоздық заттардың әсерін күшейтуге қолданады.

Slide 22

Бұл топқа :

Фенотиазин туындылары: аминозин хлорпромазин

Тиоксантен туындылары: хлопротиксен

Бутирофенон туындылары: дроперидол

Бензодиозепин туындылары: клозапин

Индол туындылары: карбидил

Аралас бензамидтер: псиаприд тридал туындылары жатады

Slide 23

Морфин

Алколоидтардың ішінде морфинді 1803 жылы неміс дәріханашысы Фридрих Вильгельм Сертюнер анықтап бөліп алған. Сертюнер морфиннің ұнтағын иттің тамағына қосып бергенде иттің қатты ұйқыға кетіп, ауырған жерін сезбейтіндігі анықталған. Бұл препаратты Сертюнер ұйқы құдайы есімімен атаған.

Ауырсынуды басады.

Тыныштандырады

Дене қызуын Зәр бөлінуін тежейді

Slide 24

Морфин гидрохлориді - Morphini hydrochloridum. Пиперидин-фенантрен тобына жататын алкалоид. Ақ түсті кристалды ұнтақ. «Аң тізімі бойынша сақталады. Суда нашар ервді (1:25), ерітінділерін бумен стерилдейді және оған 0, 1 Н тұз қышқылының 1 % - дық ерітіндісін қосып қояды. Морфин кілегейлі қабықтар және тері арқылы оңай сіңірілетіндіктен, оның резорбтивті өсері тері астына және ауыз куысы аркылы енгізгенде тез байқалады. Организмде ол бүйрек арқылы шығарылатын тотығатын қосылыстарына айнала отырып, өте баяу ыдырайды

Slide 25

Морфиннің ең маңыздысы оның анальгезиялық әсері. Бұл әсер ауру сезгіш орталықтардың қозуының төмендеуінен және шеттік сезімтал жүйкелердің әлсіреуінен болады. Морфин ауырсыну сезімділігінің барлық түрін әлсіретеді, бірақ бірден болған ауырсыну сезімділігіне қарғанда, ұзаққа созылатын ауырсыну сезімділігін әлсірету нәтижелірек болады.

Slide 26

Иттерге морфин ерекше әсер етеді. Аз мөлшерде (0, 003 - 0, 008 г) перистальтиканы баяулатып ауырсыну сезімділігін темендетеді, иттердің құсуын жиі байқауға болады. Препараттың мөлшерін 0, 02 - 0, 05 г көбейткенде перистальтика толық жойылады, ауырсыну сезімділігі күрт төмендейді де, иттер ұйқыға кете бастайды. Кейбір жағдайларда иттердің тынышсыздануын байқауға болады. Кейде иттер наркоздың әсерінен өліп те қалуы ықтимал. Тері астына бергендегі морфиннің өлімге душар еткізетін мөлшері 0, 15-0, 6 г. Ересек иттерге қарағанда күшіктер морфинге сезімтал келеді

Slide 27

Жылқыларда морфин аз мөлшерде ауырсыну сезімділігін жояды. Перистальтиканы әлсіретіп, тыныс алуды жиілетеді, жануарлар қорқып, үрке бастайды. Ауырсыну сезімділігінің төмеңдеуі 10-15 минуттен кейін басталып, 25-30 минут ішінде ең жоғарғы шегіне жетеді.

Slide 28

Ірі қара малға 0, 2 г. морфин бергенде жануарларда бір қалыпты қозу, ал мөлшерін 1, 0 дейін көбейткенде өте күшті қозу пайда болады. Шошқалар да морфинге өте сезімтал келеді. Қойларда болатын қозу аллотрофагия құбылысымен қатар жүреді. Морфиннің қоздырғыштық әсері оның уытты мөлшерінде мысықтарда айқын байкалады. Олардың көру, есту, дәм сезу мүшелерінің қызметі нашарлайды, мысықтар тынышсызданады, оларда жыртқыш андардың мінез - құлқы пайда болады, ауырсыну сезімділігі төмендейді және перистальтика баяулайды. Мысықтар сіреспеге ұқсас құбылыстан өліп те қалуы мүмкін.

Slide 29
Ұқсас жұмыстар
Наркоз бергенде кездесетін асқынулар және оны жою жолдары
Натрий оксибутират наркозы
Жануарларға наркоз беру
Жанама әсері
Ингаляциялық наркоздық заттар, олардың ветеринариядағы маңызы
Иттер мен мысықтарға наркоз беру туралы
ЖАЛПЫ АНЕСТЕЗИЯЛЫҚ ЗАТТАР
Наркоздың түрлері
Наркоз бергенде кездесетін асқынулар және оны жою жолдары туралы
Иттер мен мысықтарға наркоз беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz