Ауыр металлдардың препараттары


Slide 1

Тақырыбы: 1) Ауыр металлдардың препараттары

СӨЖ№5

Орындаған: Уалихан Ж. Ш

Тобы: ВС- 505

Тексерген: Тойкина Г. Н

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

Ветеринариялық санитария

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе:

ІІ. Негізгі бөлім:

1) Ауыр металл препараттары

2)

ІІІ. Қорытынды:

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Ауыр металлдар қасиеті мен әсері етуі жөнінен бір-біріне өте ұқсас дәрілік заттардың ерекше бір тобын құрайды. Металдардың кейбіреулері таза күйінде енді біреулер қосылыстар, тұздар күйінде, ал үшінші біреулері коллойдты жағдайда фармакологиялық маңызы болады.

Практикалық тұрғыдан ең маңыздыларына тұздар жатады. Олар катиондар және аниондар күйіндеде әсер ете береді. Олардың жергілікті әсері белоктармен қосылысқанда, альбуминаттар түзуге негізделген. Бір жағдайларда белоктар жартылай ғана ұйып, құбылыс қайтымды болатын болса ал енді, бір жағдайларларда белоктар толық ұйып құбылыс қайтымсыз болады. Бірінші жағдайда тұтқырлық, ал екінші жағдайда күйдіріп әсер етеді. Бірінші және екіншілерінде тұтқырлық әсер етсе, ал соңғысында тітіркендіріп әсер етеді.

Slide 4

Ауыр металдар организмге жергілікті және жалпы әсер етеді

Slide 5

Ауыр металл ерітінділерінің тұтқырлық әсері оларды кілегейлі қабықтарға, жараға және теріге жақындатқанда пайда болады. Олардың ішінде жара маңындағы торшалар сезімтал келеді, ал кілегейлі қабықтардың ішіндегі ең сезімталы көздің кілегейлі қабығы. Металл ерітінділерінің концентрациясын жоғарылатқан сайын, ол торшаларға сіңіп белоктармен қосылыстар түзе бастайды. Пайда болған альбуминаттар цитоплазманың өте күшті тітіркендіргіштік әсер етеді. Тұтқырлық әсерге қарағанда, тітіркендіргіштік әсер күшейе бастайды, жүйке ұштарының сезімталдығы артады, қан тамырлары кеңейе бастайды. Ұлпа сұйықтарының бөлінуі күшейеді және басқада қабыну белгілері пайда бола бастайды. Ауыр металл ерітінділерінің концентрациясын онан әрі жоғарылататын болсақ, торша цитоплазмасындағы белоктардың негізгі бөлігі тез коагуляцияланады.

Slide 6

Ауыр металл препараттарының негізгі фармакологиялық әсерлерін топтастыру

Slide 7

Ауыр металл препараттарының әсері көптеген байланысты келеді. Олардың кейбіреулері тұтқырлық күйде әсер етеді, екінші біреулері тітіркендіре, ал үшінші біреулері күйдіре әсер етеді. Егер металлдарды мынадай тәртіппен Al, Pb, Bi, Fe, In, Cu, Aq, Hq бір қатарға орналастыратын болсақ, онда алғашқыларында тұтқырлық, ал соңғыларында күйдіргіштік әсер басым болады.

Тұздардың әсер етуіне ондағы қышқыл қалдығының зор маңызы бар, ал оның өзі тұздардың диссоциациялау дәрежесіне байланысты келеді. Органикалық қышқылдар нашар диссоцияцияланады сол себепті олардың тұздары тұтқырлық қана әсер етеді.

Ауыр металлдар тұздарының барлығыда бактериолитикалық немесе бактериостатткалық әсер етеді. Олардың мұндай әсері тұздар жақсы диссоцияцияланатын болса және концентрациясы жоғары боялған сайын күшейе түседі. Кейбір металлдардың мұндай әсерінің күштілігі соншалықты, оларды негізінен дезинфекциялық зат ретінде қолданады. Кейбір ауыр металлдардың тұздары гельминттерге де әсерін тигізеді.

Slide 8

Ауыр металдардың организмге сіңуінде өздеріне тән ерекшеліктері бар. Тұздар жаралар және бүлінген кілегейлі қабықтар арқылы оңай сіңеді. Ауыр металл тұздарын тері астына еккенде, еккен жерді қабындырады және ұлпаларды жансыздандырады.

Ауыр металдардың бейорганикалық тұздарын ауыз қуысы арқылы бергенде ас қорыту жүйесіндегі белоктармен қосылып альбуминаттар түзеді. Бұл альбуминаттардан организмге тек суда еритіндері ғана сіңеді. Қан құрамындағы металдар тез бөлінеді де бауырда, көк бауырда, ішектердің қабырғасында, бүйректерде, сүйектің қызыл кемігінде, ал аздаған мөлшері басқада мүшелерде жинақталады.

Ауыр металдар организмнен өте баяу бөлінеді, қайталап бергенде организмде жинақталып, кумулятивті әсер етуі мүмкін. Тұздардың негізгі бөліну жолы тоқ ішек. Олар организмнен органикалық қосылыстар күйінде бөлінетіндіктен, тұтқырлық әсер етпейді, бірақ ұзаққа созылатын бөлінудің салдарынан тоқ ішектің катаральді қабынуы пайда болады.

Металдардың кейбіреулері бүйректер арқылы жартылай, ал енді біреулері толық бөлінеді. Металдардың аздаған бөлігі сілекей, тер және сүт бездері арқылы бөлінеді.

Slide 9

Ауыр металдардың организмге әсері бірдей емес. Олардың кейбіреулері қан түзуші мүшелерге (Fe, Cu ), екінші біреулері микробтарға және плазмидоздарға қарсы (Aq, Bi, Hq), әсер етеді. Кейбіреулерінде (Zn, Al) ешқандай әсер байқалмайтын болса, ал енді біреулері (Pb), уытты әсер етеді. Олардың мұндай әсерлеріне препараттарды жеке-жеке қарағанда сипаттама беріледі.

Ауыз қуысы арқылы берілген ауыр металдар негізінен жергілікті әсер етеді. Аш ішек толық, ал тоқ ішектің алдыңғы бөлігі қабынады. Металдарды ұзақ уақыт қолданғанда, қабынудың гемаррагиялық түрі пайда болып, кілегейлі қабықтар некрозданады.

Организмге енгеннен кейін ауыр металл тұздарының уытты әсері баяу айқындалады, алқанға сіңгеннен кейін жылдам дамиды. Олардың уытты әсерлері бір-біріне ұқсас. Оның салдарынанорганизм жалпы әлсірейді, орталық жүйке жүйесі толық салданады, диурез күшейеді соңынан қабыну және анурия белгілері пайда болады. Жүрек жұмысы нашарлайды, ұсақ қан тамырлары кеңейеді. Соңынан жануарлардың қатты іші өтеді, қаны азаяды, әлсіреуі одан әрі күшейе түседі де, өлімге душар еткізеді.

Slide 10

Алюминий препараттары

Slide 11

Ашудас -Alumen (Alumini et Kalii sulfas)

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Жүрек қан тамырларна әсер ететін гликозиттер. Минералды заттар
Энергетикалық кәсіпорындардың ағын сулары
Ауыр металлдар және олардың әсері
Тұқым қуалаушы энзимопатиялар
Ауыр металдардың препараттары
Дәрілік заттардың организмнен шығу жолдары
Иммуноқуаттандырғыш дәрілер
Лейкопоэзді қуатандыратың заттар. Препараттары- әсер ету механизмі, қолдану
Фосфорорганикалық қосылыстармен улану
Дезинфекция жұмыстарын жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz