Педагогикалық дау-дамайлар: түрлері, себептері және шешу жолдары


Slide 1

Педагогикалық дау - дамайлар

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Орындаған: Үдербаева Г.

Тексерген: Искакова Л.

Slide 2

Педагогикалық дау-дамайлар әкімшілік - мұғалімдер, мұғалімдер мен мұғалімдер, ата-ана мен балалар, балалар мен мұғалімдер, балалар мен балалар арасында болып тұрады. Дау-дамайлар жақсы педагогикалық ұжымда да кездеседі. Сондықтан оның дұрыс шешу жолдарын білу қажет.

Дау-дамайлар адамдардың көзқарастарының, қызығушылықтарының, қажетіліктерінің қарама-қайшы келуі барысында туындайтын келіспеушіліктер.

Slide 3

Дауласу, жанжалдасудан басталған жәйт дау-дамайлық жағдаятқа ауысады. Егерде осы кезде алдын алу, үдетпей тоқтату жолдары қарастырылмаса, онда дау-дамайға ауысып үлкен дауға айналады. Үлкен дау - даумайды инцидент деп аталады.

Дау-дамайлар ашық және жабық түрде өтеді. Ғалымдар дау-дамайларды төрт түрге бөліп қарастырады:

тұлғаның өз- өзімен

тұлғааралық

тұлға мен топ арасындағы

топтар арасындағы

Тұлғааралық факторларға байланысты дау-дамайларға: эгоизм, эгоцентризм, жалқаулық, өзін жоғары бағалау т. б. жайттарды жатқызуға болады.

Slide 4

Тұлғаның қатынасы арқылы туындайтын дау-дамайларды, олардың бала тәрбиесіне ықпалын А. Ушатиков, А. Спиваковская т. б. зерттеген.

Дау-дамайлардың жалпы мәселелерін зерттеген В. Шуман, балалардың жастарына байланысты кризистерді И. Кон

Тұлға және қарым-қатынас арасындағы байланыс түрлерін А. А. Бодалев, Добрович А. Н.

Slide 5

Негізгі себептерге төмендегілерді жатқызуға болады:

- құқық, бедел, қызығушылық объектілеріне байланысты;

- қажеттіліктердің орындалмауы, «МЕН» деген позицияның, сезімнің құрметтелмеуі;

- басқа адамды бағалаұға байланысты төмен, не жоғары бағалау;

- көреалмаушылық;

- қызықты істің, алдағы перспективаның болмауы;

- жағымды эмоциялардың аз болуы, өзінің эмоциясын меңгере алмауы;

- басқаны өзіне бағындыруға тырысу, түсінушіліктің, қамқорлықтың жоқтығы;

- мәселе бойынша бір іске қатысты түсінбеушілік;

- белгілі тәртіп, қатынас нормаларына байланысты;

- бала тәрбиесіндегі келіспеушілік;

- психологиялық түсінушіліктің, үйлесімдіктің болмауы;

- құндылықтарға қатысты түсінбеушілік.

Slide 6

Н. В. Самоукина педагогикалық шиеленістерді үш үлкен топқа бөлген:

Мотивационды шиеленістер - оқушылар оқу іс -әрекетіне деген қызығушылықтарының төмендігінен пайда болады.

2. Мектептегі оқыту үрдісін ұйымдастырудағы кемшіліктермен байланысты шиеленістер.

3. Оқушылардың арасындағы, мұғалім мен оқушылардың, мұғалімдер мен әкімшіліктің арасындағы шиеленістер.

Slide 7

В. И Журавлев шиеленістің түрлерін оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бөлген:

1. Бастауыш сыныпта мұғалімнің педагогикалық әдебіне байланысты туындайтын этикалық шиеленістер: дұрыс бағаламау, мұғалімнің қызметін дегі қателіктер, дөрекілік т. б.

2. Жеткіншектермен жұмыс істеуде мұғалімнің жіберген әдістемелік қателіктеріне байланысты пайда болатын дидактикалық шиеленістер, жеткіншектердің тәртіп бұзуына әкелетін шиеленістер.

Slide 8

М. М. Рыбакова шиеленістерді әр түрлі педагогикалық жағдайлармен байланыстырады:

-іс - әрекеттегі шиеленістер;

-мінез - құлықтағы шиеленістер;

-қарым- қатынастағы шиеленістер.

Slide 9

1. Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді, олардың өміріндегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана-сезімімен ақыл-ойының өсуі, мұғалімнен жасөспірімдерге жаңа қырынан қарауға мәжбүр етеді.

2. Өтпелі кезең жасындағы балаларда теріс қылықтарын көрсетуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс− амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарды кездестіреді.

Оқушылар мен мұғалім арасындағы, әсіресе мұғалім мен жеткіншектер арасындағы қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар мәселесі мынадай себептерге байланысты болып келеді :

Slide 10

Мұғалім мен оқушылар арасындағы шиеленістердің туындап, олардың кең етек алуының бірнеше түрлері бар. Олар:

1. Оқу ісін жүзеге асырып, оны бірізділікпен жүргізуде кедергі болатын жағдайлар мұғалімнің білім деңгейі мен оны оқушыларға тиімді әдіс- тәсілдермен жеткізе алмауы, тәжірибесінің аздығын көрсетуі.

2. Мұғалім кей бір жағдайда оқушыларға сене бермейді. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынаста мұғалімнің әдістемелік жағынан қате жіберіп жаңылысуы, не оқу материалын тиянақты түсіндіре алмауы да шиеленістің себебі болады.

3. Оқушылардың жас ерекшеліктерін елемей, олардың құрдастарымен қарым-қатынастарының қыры мен сыртына мән беріп, оларды жете бағаламау салдарынан болатын шиеленістер.

4. Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне тән жағымсыз қасиеттері мен мінез-құлқына орай туатын шиеленістер.

Slide 11

Оқыту процесі барысында жиі кездесетін шиеленіс бұл - оқушылардың арасындағы шиеленіс.

Жеткіншектердің бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуде мұғалімдердің жіберген қателіктерінен де дау-дамайлар туындайды келесі жағдайларда:

- мұғалімнің оқушылардың мінез-құлқын болжай білмеуінен;

- болжай білмеушілік жиі жоспарланған сабақтың бұзылуына әкеледі;

- болған жағдайды дұрыс шешу үшін ақпараттың аз болуы;

- мұғалімдер оқушының қылығын емес, оның жеке тұлғасын бағалайды, ал

бұл жиі мұғалімдердің және құрдастарының оқушыға деген қатынасын нашарлатады;


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық үдерістегі дау-дамайлар: түрлері, себептері, шешу және алдын алу жолдары
Дау-дамайлар: психологиялық тұрғылар, түрлері және шешу жолдары
Менеджменттегі дау-жанжал: түрлері, себептері және шешу жолдары
Дау-дамайдың пайда болу себептері мен шешу жолдары
Жанжал және оны шешу жолдары: психолого-педагогикалық талдау
Дау-дамайларды алдын алу және шешу әдістері
Мемлекеттік билік қызметіндегі құқықтық конфликттер: түрлері, себептері және шешу жолдары
Этносаяси жанжалдар: теориясы, себептері және шешу жолдары
Конфликт: негізгі ұғымдар, түрлері, пайда болу себептері және шешу жолдары
Топырақтың экологиялық проблемалары: жіктелуі, себептері және шешу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz