№143 Сүйінбай мектеп-лицейі: М әрпі мен дыбысы бойынша тыңдалым, сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту сабақ жоспары


Slide 1

әрпі мен дыбысы

Сүйінбай атындағы №143 мектеп - лицей

Slide 2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

1. 7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1. 8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1. 9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар: тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажыратады, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіндіреді.

Көптеген оқушылар: шығармашылық ойлауын дамытуға негізделген сұрақтарға жауап береді.

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша өзіндік ой қорыту жасай алады.

Slide 3

Жетістік критерийлері:

тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіндіреді;

шығармашылық ойлауын дамытуға негізделген сұрақтарға жауап береді;

тақырып бойынша өзіндік ой қорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды жақсылық жасауға, қайырымдылық іспен айналысуға бағыттау. Оқушылар арасында ынтымақтастық қарым- қатынас пен сынып ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру. Отбасының маңызы мен отбасы мүшелерінің арасындағы татулық мен сыйластықтың маңызын ұғындыру.

Slide 4

Шаттық шеңбері

Slide 5

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Slide 6

Ортаға түймедақ гүлі қойылады. Балалар, бүгінгі сабақта армандары орындалу үшін түймедақтың бір-бір гүлін жұлып алады. Артындағы суреттер бойынша топтасады.

Топқа біріктіру. Түймедақ гүлі

Slide 7

1- топ. Отбасы тобы

2- топ. Ағайындылар

3- топ. Бауырлар

4 - топ. Туысқандар

Slide 8

Өткен сабақты бекіту

«Сөз ойла, тез ойла!» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: Допты лақтыру арқылы бүгінгі танысқан «М» дыбысына байланысты сөздер тауып айту керек.

Slide 9 Slide 10

Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы-алғашқы қадам. Отбасы-өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге келмейтін баспалдақ.

«Отан - отбасынан басталады» деген мақал-мәтелдерімізде осыдан шыққан.

Slide 11

Ана- мама - mommy

Әке - папа- daddy

Әже - бабушка -grandmother

Ата - дедушка -grandfather

Әпке - сестра - sister

Аға - брат - brother

Менің отбасым - моя семья - my family

Slide 12

«Ыстық микрофон» әдісі

Мынау - атам. Оның аты - . . .

. . . атамды . . . көремін.

Slide 13

Оқушылар алдына А3 форматтағы қағаз беріледі. Отбасы мүшелерінің және М әріпіне байланысты суреттерді сөздермен байланыстырады. Сол сөздермен сөйлемдер құрастырады.

Топтық жұмыс. «Сәйкестендіру» әдісі

Дескриптор:

Берілген суреттерді атайды;

М әрпінен басталатын сөздермен сәйкестендіреді;

Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырады

Slide 14

Мата/ марал/ алма/ мал/ адам/ Аман/ ал/ отыр/ сула

Маса/ томар/ шама/ мол/ Марат/ Арман/ алма/ отырма/ сулама

Оқылым.

Оқулықтағы қарамен жазылған сөздерді оқушыларға оқыту.

Slide 15

Жазылым.

«М» әріпінен басталатын сөздерді көркемдеп дәптерге жазу.

Slide 16

СЕРГІТУ СӘТІ

Slide 17

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

Тапсырма . Тиісті әріпті қойып жаз. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Ал . . . а

. . . аса

Ал . . . ұрт

. . . ысық

. . . ектеп

м

Бал . . . ұздақ

. . . ұрт

Май . . . ыл


Ұқсас жұмыстар
Туған күн туралы ақпарат: сөйлеу, жазу және тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары
Мектепалды даярлық тобы үшін О дыбысы мен әрпі бойынша оқу-әдістемелік сабақ жоспары
С дыбысы мен әрпі: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
№53 мектеп-лицейі: Рационал өрнектер бойынша сайыс сабақтың оқу-тәрбие жоспары
1-сынып: Сауат ашу - Д дыбысы мен әрпін таныстыру, дыбыстық талдау және сөйлем құру дағдыларын дамыту
Қазақ тілі сабағы: лексика мен сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған Қиялдай алу - ерекше қабілетті дамыту: тыңдалым, тілдік дағдылар және мәтін талдауы бойынша сабақ жоспары
Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдыларын қалыптастыру
Пп дыбысы мен әрпі: дыбыстық талдау және сауатты жазуға үйрету
О дыбысы мен әрпін таныстыру және қайталау сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz