Лексикология туралы түсінік




Презентация қосу
Лексикология туралы түсінік
• Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз жер
жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен.
Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты. Бұл термин - бір тілдегі
барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің
ұғымына тілдің жергілікті ерекшеліі де, сол бір тілдің говорлары да,
диалектілері де енеді. Лексикалың құрамына енген сөздерді тексеретін-
лексикология, мағыналарын тексеретін-этимология., сөздік жасау, сөздерді
жүйелі түрде жинау ісін тексеретін-лексикография кіреді. Бұған фразеология да
іргелесіп отырады. Тіл ғылымыныњ этимология, лексикология, семасиология,
лексикография деген тараулары лексиканы тексереді.
• Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын
(лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде
қарастырылады. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік
құрамы құралады. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер қаншама көп және
алуан түрлі болғанымен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас
элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай,
лексикологияда тілдің сөздік құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз
тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады.
Жалпы қатынас құралы ретіндегі тіл атаулының лексикалық
жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылықтар мен
ұғымдар жалпы лексикологияда қарастырылса, лексикалық
құбылыстар мен жалпы заңдылықтардың жеке, нақтылы тілдердің
лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік
құрамы мен дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалқы лексикологияда
қарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы (жеке лексикология)
жалпы лексикологияның жалпы теориялық қағидаларына
негізделеді де, нақты бір тілдің лексикасын зерттейді.
БАСТЫ САЛАЛАРЫ
Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі - сөз. Толық мағыналы сөз. Ол
лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары:
1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін
зерттейді;
2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын
зерттейді;
3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.
4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері
тексеріледі.
5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі.
6. Терминогия – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді
зерттейді.
Этимология
Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе
тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы
мүм кін. Осыған орай, лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді.
Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең
алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің
шығу тарихын ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте-өте күшті.
Осы сөздіктен мысал келтірейік: Саз, саз қосу, саз болу, сазына келтіру, сазына сай. Парсы тілінде саз
-музыкалық аспап. Қазақ тілінде «Сөзді сазына келтіріп айтты», «Домбрынаның сазына сай» деген
фразалар кездесіп отырады да ол көбінесе жақсы, ұнамды, әдемі, орынды деген мағынаны беру үшін
жұмсалады.
Мысалы, тіліміздегі «жолдас-жора», «бала-шаға» деген қос сөздердің соңғы сыңарлары («жора», «шаға»)
түсініксіз. Ал бұл сөздерді этимология тұрғысынан қарастырсақ, «жора» —қырғызша «жолдас», «шаға» —
азербайжан, түрікмен тілдерінде «бала» деген ұғымды білдіреді. Этимологиялық зерттеулер тарих,
этнография, архиология, ономастика, топонимика, т.б. ғылымдармен ұштастырыла жүргізіледі. Бір сөздің
этимологиясын әр жақты анықтау үшін генелиологиялық, фонетикалық, морфологиялық, семантикалық,
этимологиялық принциптер қолданылады.
Семасиология

Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары
семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың
өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады.
Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін
мәселесі – мағынаны әрбір сөздің “жаны” десекте болады. Семасиалогияның лексикографиялық
жұмыста да маңызы айрықша. Сөздіктерде, әдетте, сөздің мағыналық жақтары талданады.
Семасиологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын
ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмеектесіп, бағыт-бағдар сілтейді.

Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы – ономосиология деп
аталады. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономосиология
зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының неліктенекендігін қарастырады.
Анығырақ айтқанда, сөз семасиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, оның мағыналық жағына
назар аударылады да, ономосиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, ұғымның сөзбен аталу,
белгілену жағына назар аударылады. Сонымен , ономосиология заттар мен құбылыстардың
аталуы, белгіленуі туралы ілім дегенді білдіреді.
ОНОМОЛОГИЯ

• ОНОМОСИОЛОГИЯ ЗАТТАР МЕН ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ АТАЛУЫ, БЕЛГІЛЕНУІ ТУРАЛЫ ІЛІМ ДЕГЕНДІ
БІЛДІРЕДІ.
• ОНОМОСИОЛОГИЯНЫҢ ДИАЛЕКТОЛОГИЯҒА ДА ҚАТЫСЫ БАР. ОНОМОСИОЛОГИЯНЫҢ
ДИАЛЕКТОЛОГИЯҒА ҚАТЫСЫ ӘСІРЕСЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯДАН АЙҚЫН
АҢҒАРЫЛАДЫ. ӘР ТҮРЛІ ТІЛДЕРДІҢ ДИАЛЕКТОЛОГИЯЛЫҚ АТЛАСТАРЫНЫҢ ЛЕКСИКОЛОГИЯЛЫҚ
КАРТАСЫ ОНОМОСИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗГЕ СҮЙЕНІП ЖАСАЛАДЫ ДА, БІР ЗАТТЫҢ НЕМЕСЕ
ҚҰБЫЛЫСТЫҢ ДИАЛЕКТІЛЕРДЕГІ ӘР ТҮРЛІ АТАУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ ШЕГІ КӨРСЕТІЛЕДІ.
• ОНОМОСИОЛОГИЯНЫҢ АЙРЫҚША БІР САЛАСЫ – ОНАМАСТИКА ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІ ЗЕРТТЕЙДІ.
ОНОМАСТИКА ӨЗ ІШІНДЕ ЕКІ САЛАҒА БӨЛІНЕДІ: ОНЫҢ БІРІ – АНТРОПОНИМИКА КІСІ АТТАРЫН
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ ЕТІП АЛСА, ЕКІНШІСІ – ТОПОНИМИКА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ
ОБЪЕКТІСІ ЕТІП ҚАРАСТЫРАДЫ
Лексикологиялық ғылым
• Лексикология ғылымы – сөзжасаммен, морфологиямен және
синтаксиспен байланысады, сонымен қатар ол диалектология,
стилистика, когнитивтік лингвистикамен де тығыз байланысады.
• Сөзграмматикада қарастырылып зерттеледі бірақ лексикология
мен грамматитканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан алып
қарастырады, түрліше талдау жасайды. Мысалы, көр, әлеумет
деген сөздердің грамматика үшін ең басты жақтары мыналар:
көр сөзі- етістік, оның ішінде сабақты етістік, бұйрық райда;
кейде көмекші етістік қызметінде де) жұмсалады , әлеумет-зат
есім, жалпы есім, атау тұлғада зат есімнің жекеше түрі, көптік
жалғаусызда көптік ұғымды білдіре алады. Ал лексикология бұл
сөздерді тіптен басқаша жақта қарастырады.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ЛЕКСКОЛОГИЯ

• ЛЕКСИКОЛОГИЯНЫҢ ЕНДІ БІР САЛАСЫ- САЛЫСТЫРМАЛЫ ЛЕКСИКОЛОГИЯ, ТУЫСТАС
ТІЛДЕРДІҢ СӨЗДІК ЌҰРАМЫН, ОНДАҒЫ САН АЛУЫАН СӨЗДЕРДІ БІР-БІРІМЕН САЛЫСТЫРА
ОТЫРЫП ЗЕРТТЕЙДІ. САЛЫСТЫРМАЛЫ ЛЕКСИКОЛОГИЯ ТУЫСТАС ТІЛДЕРДІҢ
ЛЕКСИКАСЫН САЛЫСТЫРЫП ЌАНА ЌОЙМАЙДЫ, ОЛАРДЫ ТАРИХИ ДАМУ, ӨЗГЕРУ
ТҰРҒЫСЫНАН ЌАРАСТЫРАДЫ. СОНДЫЌТАН ОЛ, ӘДЕТТЕ, САЛЫСТЫРМАЛЫ-ТАРИХИ
ЛЕКСИКОЛОГИЯ ДЕП АТАЛАДЫ. ОНЫҢ МАҢЫЗЫ МЫНАДА: ТІЛДІҢ ЕРТЕ КЕЗДЕГІ ШАҒЫН
СӨЗДІК ЌОРЫ ТАЛАЙ ЗАМАНДАР БОЙЫНДА, БІРІНШІДЕН, ТАЛАЙ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҰШЫРАСА,
ЕКНІШІДЕН ӨРБІП, ӨСІП САН МЫҢДАДАҒАН СӨЗДЕР ЌОСЫЛЫП, БҰЛ КҮНДЕ ОНЫҢ
АУМАҒЫ ДА АРНАСЫДА КЕҢІДІ. ТІЛДІҢ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ ӘРБІР СӨЗДЕР БЕЛГІЛІ БІР
МАҒЫНА БАР. СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫЌ ЖАЌТАРЫ СЕМАСИОЛОГИЯДА ЌАРАСТЫРЫЛАДЫ.
Лексикографика
◦ Лексикография сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді.
Сөздіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразеологиялық оралымдарды жинау
және оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы
лексикографиялық жұмыс деп аталады. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп әр
түрлі сөздіктердіжасау лексикологияны және лексикографияның теориясымен
практикасын жете білуді қажет етеді.
◦ Сөздіктерде сөздерге әр түрлі жақтан сипаттама беріледі. Осысыған орай,
лексикографиялық жұмысқа тіл білімінің әр түрлі салаларының, мысалы,
лексикологияның, грамматиканың және стилистиканың сөздерге мінездеме беру
тұрғысынан қатысы келіп туады. Мысалы, сөздің мағыналық жағы түсіндірме
сөздікте де, аударма сөздікте де маңызды мәселе болып саналады. Оларда сөз ең
алдымен, мағыналық жақтан талданып анықталады. Осыдан сөздің мағынасын,
мағыналық түрлерін қарастыратын семасиологияның лексикографиямен тікелей
байланысы келіп туады. Сөздікті құрастыруда сөздерге грамматикалық мінездеме
беру де қажет болады.
Фразеология

Сөздің бейнелілігі мен сезімділігін күшейтуге тұрақты сөз
тіркестерінің, яғни фразеологизмдердің пайдасы аса зор.
Фразеологизм дегеніміз — сөйлегенде біртұтас ұғым түрінде
айтылатын, бірнеше сөздерден тұратын тұрақты тіркестер.
Мысалы, «жөргегінде үрған» (жастайынан әдет болған), «балалы
үй базар» (ол үйде шаткүлкілі өмір бар деген ұғым).
Фразеологизмдер аз сөзбен көп мағынаны білдіруге мүмкіндік
береді. Ол заттың өзін ғана анықтап қоймайды, сонымен бірге
оның қандай жағдайда өтетінін көрсетеді. «Жалғанды
жалпағынан басып» десек, адамның тек бай ғана емес, сонымен
бірге қаржыны аямай, ештеңеден қысылмай өмір сүргенін айтады.
ТЕРМИНОЛОГИЯ
• Терминология — ақпарат көзі, сонымен бірге терминология — лексиканың сыртқы өзгерістерге тез бейімделетін,
онымен тығыз байланысты бөлігі. Терминологиядан қоғамдағы тарихи өзгерістердің кезеңдерін, себептерін,
өркениеттердің тегін, тілдің мəдени, ғылыми, техникалық əлеуетін тануға болады.
• Тіліміздегі өзге тілдік (кірме) терминдердің көпшілігі орыс тілі арқылы қабылданған грек, латын т.б. тілдердің сөздері
де, қалған бөлігі араб, парсы жəне орыс сөздері болып табылады. Мысалы, латын тілінен: бейімделу — аккомодация,
кемсіту — дискриминация, үдеме — градация т.т.; грек тілінен: қолтаңба — автограф, кезең, мезгіл — период,
ақсүйек — аристократ т.т.; ағылшын тілінен: сұхбат — интервью, көшбасшы — лидер т.т.; неміс тілінен: сауыт, қап —
футляр, азат жол — абзац, бедел — авторитет т.т.; француз тілінен: ырғақ, əуез — тембр, сəн — декор, шумақ —
куплет, таңдаулы — элита т.т.; араб-парсы тілдерінен: құран, мешіт, қажы, халифат, хадис, шахмат, шах, медресе
тəрізді сөздер енген. Өз тілімізде баламалары қалыптасқан халықаралық ұғымдар да кездеседі: оратор — шешен,
диск — табақша, колорит — реңк, овация — қошемет, гонорар — қаламақы т.б., басқа тілдің сөздерін қазақ тілінің
дыбысталу заңдылықтарына сəйкестендіріп жазып қабылдаған терминдер де баршылық: мрамор — мəрмəр, артист
— əртіс, роль — рөл, номер — нөмір т.б.
• Халықаралық мəндегі терминдердің тілімізге көптеп енгендігін қашанда мерзімді басылымдардан, басқа да ақпарат
көздерінен байқаймыз. Олардың бірқатары ұлт тіліндегі терминдерге мəн беріліп жатқан кезеңде сол қалпында
қазақ тіліне аударылып, қалыптасып үлгерсе, бірқатарының екі сыңары да қолданылып, үшіншілері сол шет тілінен
енген нұсқасында қолданылып жүр. Мысалы, композитор — сазгер, мелодия — əуен, презентация — тұсаукесер,
мода — сəн, музей — мұражай, статуя — мүсін; аранжировщик — аранжировкасын жасаушы, өңдеуші; реставрация
— қайта өңдеу, қалпына келтіру; шедевр — жауһар, үздік туынды; ирония — кекесін, тəлкек; дикция — айқын сөз,
мақам; лимит — шек, меже;
қорытынды
• Қорыта айтқанда, тіл білімінің лексикология саласы сөзді біріншіден
мағынасы жағынан, екіншіден шығу тегі жағынан, үшіншіден
қарым-қатынас жасауда қолданылу аясы мен шеңбері жағынан,
төртіншіден экспрессивті-стильдік сипатымен қызметі жағынан,
бесіншіден, сөздің сөздік құрам мен сөздік қордан алатын орны
жағынан - жан-жақты қарастырып зерттейді. Демек, лексикология
сөзді тілдің лексикалық единицасы ретінде қарастыра отырып, оны
жан-жақты қамтиды. Сонымен, лексикология тілдегі сөздер және
барлық сөздердің жиынтығы-сөздік құрам туралы оның жасалып
қалыптасуы және дамуы туралы ғылым болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
ЛЕКСИКОЛОГИЯ, ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ
Жалпылама тіл білімі
Тіл білімі және оның салалары
ЛЕКСИКОЛОГИЯ
Тіл біліміне кіріспе
ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗЖАСАМЫНЫҢ ІРГЕТАСЫНЫҢ ҚАЛАНУЫ ЖӘНЕ БАСҚА САЛАЛАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Грамматикалық мағына
Сын есімнің жасалуы (грамматика) Мемлекеттік мерекелер (лексикалы қ) Наурыз мейрамы
Сын есімнің жасалуы
Табыс концептісінің лингвомәдени ерекшелігі
Пәндер