Іңгендерді сауудың гигиенасы



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
“Ветеринария және биоқауіпсіздік” жоғары мектебі
Дайындаған:Вм-31 тобының студенті Адыров Ғ. Б.
Тексерген: а. о. Валиева Ж. М.
Тақырыбы:
Сахараның сұлуы-
түйе деген
(Түйе гигиенасы)

Түйе шаруашылығы, түйе өсіру- мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні - киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.

Түйе өсіретін шаруашылықтар

Қазақстанда қолға үйретілген айыр өркешті түйенің қолтұқымы көбірек кездеседі. Оны кейбір аймақтарда «айыр түйе», Арал мен Каспий аралығының тұрғындарының «түс түйе» деп атайды. Айыр өркешті түйенің жабайы түрі «қаптағай» деп аталады. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «інген», еркегін - «бура» дейді. Денесі ірі, салмағы 450-550 килоға дейін жетеді.
Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты - «нар». Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта Азия мен Казақстан жерінде ғасылар бойы халықтың сұрыптау әдісімен өсіріліп келеді. Қазір түйені көлік ретінде пайдаланудан гөрі, еті, шудасы, сүті үшін өсіру пайдалы. .
Түйенің түрлері
айыр өркешті түйенің қолға үйретілген үш қолтұқымы
Бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне тең.
Түйе сүтіндегі белоктың құрамы

ТҮЙЕ ӨНІМДЕРІ
Түйе адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Соның ішінде түйе сүті көптеп қолданылады. Түйе сүтінің пайдасы оның құрамындағы нәруіздарда. Түйе сүтінің ерекшелігі май, белок, минералдық заттары және басқа құрамдық элементерінің мөлшері көп болып келеді; оның үстіне аса нәрлі. Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, құрт, балқаймақ дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінен 85%таза, өте бағалы түбіт. Оның мұндай қасиеттерін өте ертеден-ақ білген. Мықты шаршамайтын мініс атын өсіру үшін, мысалы, Құлынға түйе сүтін берген. Түйе сүтінің түсі әдетте аппақ болады, дәмі тұщылау-тәтті немесе тәттілеу -тұздылау болып келеді, консистенсиясы қою, бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда қатты көпіреді.
ШУДАСЫ
Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, буйрек ауруларына радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалынады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.

БОТАЛАРДЫҢ ГИГИЕНАСЫ Түйелердің басқа малдарға қарағанда буаздық мерзімі ұзаққа созылып, орта есеп пен дромедарлерде 390 күн, ал бактериандарда - 400-410 тәулікке созылады. Соған байланысты сауылатын мерзімі де 15-18 айға созылады да, екі жылда бір рет қана боталайды. Іңгендердің шағылысқа келу мерзімі, оның сауылу уақытының 10-12 айлығына және буаздықтың 5-6 айлығымен дәл келеді. Егер іңген ұрықтанбаса, оның сауылу мерзімі екінші жылдың аяғына дейін созылып, боталарды енесінен айыру 16-18 айлықтарында жүреді.
Іңгендерді буазыдықтың 8-айынан бастап жұмысқа пайдаланбайды да, боталағаннан соң екі айға дейін жұмыстан босатылады. Боталауына 20-30 күн қалғанда іңгендердің желіні толып, тууына бір тәулік жетпей үрпінен уыз шығады. Боталау кезінде іңгендер жекеленуге құмартып, елсіз жерге кетіп қалады, оны бошалап кетті дейді. Сондықтан туардың алдында мұқият бақылауда болады. Іңгендер жатып боталайды да, ол 30-40 мин. созылады. Іңгендердің боталауы, көбінесе оңай өтеді, тек өте сирек дәргерлік көмекті қажет етеді. Ондай кездерде, ботаның басы көрініп, аяғы шыққаннаң соң алдыңғы аяғына жіп салып, түйенің бауырына қарай бағыттап, сақтықпен тартып көмектеседі. Бота басқа малдардікі сияқты шаранасымен шығады да, оны жарып, ботаның аузын, көзін тазалайды. Іңгендер ботасын басқа малдардай жаламайды. Туған соң ботаның кіндігін қарнынан 8-10 см қашықтықта кесіп, орнын 5 % йод ертіндісімен өңдейді.
Жаңа туған бота енесінің салмағының 5-7 % дай болып, яғни салмағы 35-40 кг кем болмауы керек. Жас туған ботаны құрғатып сүрткеннен, кіндігін кесіп өңдеуден өткізгеннен кейін жылылап жабулайды. Себебі олар суыққа өте төзімсіз болып, тез ауруға ұрынады және жас боталар, басқа малдардың төлдеріндей - өздігінен аяқтанып, енесінің емшегін тауып еме алмайды. Сондықтан туғаннан соң 2-сағаттан асырмай, тұрғызып, енесінің бауырына апарып, емшегін аузына салып, уыз сорғызады. Іңгендердің уыз беру уақыты, басқа малдарға қарағанда ұзағырақ болады да, орта есеппен 10 тәулікке созылады. Ботаның кейбіреуі, туғаннан соң, 2-3 күннен кейін тоңғағы қатып, шықпай қалуы мүмкін де ондай кездерде оларға тәулігіне 2-3 рет ерітілген 150-200 гр сармай берсе ашылып кетеді. Ботаны енесіне әрбір 4 сағатта бір рет емізеді. енесінің сүтін емген боталар жақсы өсіп-дамиды.

Боталар енесінің бауырында 1, 5 жасына дейін жүреді де, ол кездерде негізгі көрегі, әсіресе жарты жылға дейін, енесінің сүті болып саналады. Бірақ, кейбір шаруашылықтар, әсірсе оңтүстік аймақтарда, түйені сауып сүтін алу үшін ботаны бір айлығынан бастап енесін емуді шектеп, бөліп алып, іңгенді сауады. Іңгендерді, әсіресе ботаның жас кезінен бастап сауу, олардың өсіп-дамуын тежейді де, күйі төмендеп әртүрлі ауруларға шалдығады. Сондықтан, ірі түйе шаруашылықтарында іңгендерді саумауға тырысады, ал егер сауса, бота өсіп жетілгеннен кейін саууды ұсынады. іңгендер 7 айлық буаздығынан бастап сүт беруді тоқтатады, яғни боталарды 5-6 айлығынан бастап құрама азықтарды біртіндеп (200 г тәулігіне) беріп, енесінен айыратын мезгілге дейін 1, 5-2 кг жеткізеді. Бірақ, боталар алғашқы айдан бастап жайылып, шабындық шөптеріне үйреніп, дағдылана бастайды. Боталар жарты жасынан бастап жайылып, дала өсімдігі мен көректенуге толықтай үйренсе де, тайлық күнінде де енесінің сүтін емуді тастамайды. Жас тайлақтарды өсіру кезінде, олардын алғашқы 1-2 жастарында өте тез өсіп дамитын ерекшеліктерін ескеріп, оларды шөбі құнарлы, қалың жайылымдарға жайған жөн болады. Боталарды енесінен бірден бөліп алып, бір тәулік бойы аш ұстап, енесін емізбей, сонан соң жайылымға жіберсе тез машықтанып, айдауға жүріп, оңай үйреніп өздігінен жайыла бастайды. Тайлақтарды, бота күнінде қолда ұстап үйретілмеген болса, біртіндеп әуелі ноқтаға, одан кейін жетекке, шөгеріп жатқызып-тұрғызуға үйретеді.

Іңгендерді сауудың гигиенасы Түйелердің тұқымына байланысты сауу мерзімдерінің ұзақтығы нарларда - 500-560, қос өркештілерде 520-540 тәулікке созылады. Алғашқы кездерінде сүт мөлшері дромадарларда 2800-3500, ал бактериндарда - 770-1700 кг дейін болады. Бірақ сүті аз бактриан іңгендерінде майлылығы жоғары болып,
орта есеппен 5, 4 % болса, сүтті нар іңгендерінде - 4, 5 % болады. Күнделікті іңгендердің сауынға келіп тұру үшін, оларды таңертең ерте боталардан бөліп алып, жайылымға жібереді де, ал олар көзден таса болған соң, 30-40 минуттан кейін боталарды шығарып, басқа жаққа жайылымға жібереді. Түс мезгілінде, боталар ашығып, іңгендер желіндеріне сүт жинағаннан соң, оларды қайта айдап келіп қамайды (сауу аланы, бота қорғанына) .

Іңгендердің желіндерін саууға дайындау және сауу құрылымдары мен жабдықтарын тазартып, дезинфекциялау, сиырларды сауға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес жүргізіледі. Іңгендердің желіндерінің сиымдылығы кіші болғандықтан, оларды әрбір 3-4 сағаттан асырмай сауу қажет және олардың көбі ботасыз сүт бермейді. Сондықтан сауу кезінде әуелі ботаны жіберіп, бір-екі сорғызып, енесін иітіп алып, ботаны алдында ноқта мен ұстап тұрып, сауады. Егер іңген ондай жағдайда да иімесе, оның бір жағынан ботаны босатып, жарты желінен емізеді де, екінші жағынан жартысын сауып алады. Түйенің емшегі жерден жоғары (110-105 см) болғандықтан, іңгенді түрегеп тұрып сауады. Іңгендерді машина арқылы саууда ірі шаруашылықтарда қолданылады да, ол үшін ДА-3м құрылымын пайдаланады. Бірақ іңгеннің желнінің анатомиялық ерекшеліктеріне сәйкес, ондай апаратты қайта өзгертулер керек болады. Бір түйені саууға орта есеппен 4 минуттай уақыт кетеді. Әр сағатта 50-60 бас іңгенді саууға болады. Сауу кезіндегі ваккум (қысым) - 0, 7 кг/м² болып, әр минутта 60 қозғалыс жасап, бір литр сүт сауылады. Машинамен сауудан соң қолмен әр емшегін жебеп сауады. Түйе тепкенде жанына және артына қарай айналдырып аяғын сермейтіндіктен, сауған кезде өте сақтық пен отыру керек. Кейде түйенің артқы аяғының тірсегіне жіп салып, сақтық үшін сауғанда бекітіп қояды. Жалпы іңгенді саууға жас кезінен бастап, біртіндеу үйрету қажет.

Түйелерді қырқудың гигиенасы Түйелерді жылына бір рет қана қырқады.
Егер көктемде түйелерді қырқып үлгермесе, олардың денесіндегі жүндері түсіп қалып, жазда жалаңаштанып тоңғыш болады. Наурыз айынан бастап, жүні көтеріліп түлеп түсе, бастайды да, дер кезінде күзеп, жинап отырмаса, 3-18%, жүнін жоғалтады.
Бірақ, наурыз айында түйені қырқу, суыққа ұрыну қаупі туатындықтан, жүргізілмейді де, тек тұрақты жылы күндерде ғана қырқады. Қырқудың алдында, іштері өтіп жүндерін ластаудан сақтандыру үшін, суғармай, 10-15 сағат аш ұстайды. Түйелерді қолмен қайшы арқылы немесе қойларды қырқатын электр машинкаларымен қырқады. Қолмен қырқу кезінде 5-6 түйені жабық, едені тегіс, таза базаға орналастырып шөгереді де, аяқтарын тізесінен орап байлап бекітеді де, қырықтықпен (қайшы) қырқады. Машинкамен қырқу кезінде, ұзындығы 20 м дейін, ені 70 см тар коридор жасап, түйелерді кіргізіп отырып, әрбір түйенің арт жағынан сырмалы жапқышпен жауып бөлектеп қояды да, түйені тұрып тұрғанда қырқады. Түйенің жүндерінің, қойдікіндей кемістіктері (жіңішкеруі, үзілуі, қыйығы т. б. ) болмайды. Түйе жүні тазалығы мен шығымы бойынша барлық қой тұқымының жүндерінен жоғары бағаланады. Бактриандардың жүні 3-4 жасына дейін өседі де, 5 жасында тұрақтап, орта есеппен 6, 5-6, 8 кг түседі. Нарлардың жүні бактриандардікіне қарағанда аз (5-6 кг) болып, бірақ биазы, түбітті болып келеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz