ҚОЯН ГИГИЕНАСЫ



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
“Ветеринария және биоқауіпсіздік” жоғары мектебі
Дайындаған:Вм-31 тобының студенті Адыров Ғ. Б.
Тексерген: а. о. Валиева Ж. М.
Тақырыбы:
Қоян гигиенасы

Қоян шаруашылығы мал шаруашылығы саласы бойынша тез жетілгіш, қосалқы шаруашылық болып есептеледі. Үй қояндарынан әр түрлі өнімдер - тері, түбіт, қоян еті және т. б. өндіруге болады. Қоян терілерінен әр түрлі бұйымдар, бас киімдер, мех өңдейтін өнеркәсіптерде бағалы шикізат ретінде пайдаланады. Қоян түбітінен жеңіл де жылы трикотаж бұйымдары жасалады. Бір үй қоянынан жыл бойы 500 гр-ға дейін түбіт жинауға болады Үй қояндарының еті диеталық азық ретінде бағаланады. Қоян етінің құрамында ақуыздың мөлшері көп болады және холестерині басқа ауыл шаруашылығы малдарының етімен салыстырғанда өте аз.


Үй қояндарының тұқымдары
Ақ және қоңыр великан. Бұл тұқымдағы үй қояндары етті, жүнді бағытта өсіріледі. Тірі салмағы орташа 5, 0 кг, кейде 7-8 кг-ға жетеді. Денесінің ұзындығы 60-61 см, кеудесінің орамы 37-38 см. Ақ түсті қояндардың көзі қызыл болып келеді, жүні тығыз, қалың. Қоңыр түсті қояндардың түсі жабайы қоянның түсіне келеді. Төлдегіштігі бір көжектегенде орташа 7-8 көжектейді. Терісінің мөлшері 2500-2700, кейде 3000 см2 болады.
Қара және күміс түсті үй қояны. Бұл тұқым да етті жүнді бағытта өсіріледі, орташа салмағы 4, 4-4, 7 кг, кейбір қояндары 6, 3-6, 6 кг салмақ тартады. Денесінің ұзындығы 57-60 см, кеуде орамы 36-37 см. Бұл тұқымның қояндарының еті дәмді, өсімтал және жүні қалық.

Совет шиншилласы. Бұл тұқымның қояндары орташа 4, 7кг салмақ тартады, ірілерінікі 7 кг-ға дейін жетеді. Денесінің ұзындығы 58 см, кеудесінің орамы 36 см. Еттік қасиеті жақсы жетілген. Бройлердің жас қояндары 60-70 күнде 1730-1785 гр салмақ тартады, 1 кг қосымша салмаққа 4, 5 кг азық бірлігін жұмсайды. Жүндері күміс түсті, аспан көк, қара араласқан, әсіресе жотасы мен бүйрінде қара түс көбірек.
Ақ түсті түбітті қоян тұқымы. Бұл қояндардың ерекшелігі жіңішке, жұмсақ және ұзын түбітті жүндері бар. Түбіттің ұзындығы 6-7 см. Орташа салмағы 4 кг, денесінің ұзындығы 54 см, кеудесінің орамы 34 см. Бір жылда бір қоян орташа 450 гр түбіт береді.
Қысқа жүнді қоян тұқымы. Бұл қояндардың жүні жүндес қояндардан екі есе қысқа болады. Жүндері тығыз, әрі қалың, жұмсақ келеді, Түсі әр түрлі, қара, қоңыр, көгілдір және ақ болуы да мүмкін. Орташа салмағы 4, 3 кг, ірілері 5, 8 кг тартады, денесінің ұзындығы 54, 4 см, кеудесінің орамы 34 см, бір көжектегенде 5-6 көжек туады.

Үй қояндарының ауруларының алдын алу шараларын ұйымдастыру барысында бұл жануарлардың биологиялық ерекшелігін, әсіресе олардың ауа ортасының сапасына сезімталдығын, сескенгіштігін және түнгі уақыттағы белсенділігін ескеру қажет.
Қоянды бағу жүйесі жергілікті жердің климатына тікелей байланысты, себебі бұл жағдай қояндардың денсаулығына, өсімталдығына, ет және тері өніміне әсерін тигізеді. Қазіргі кезде қояндарды бағудың үш жүйесін қолданады: сыртқы торлық, шедтік және микроклиматы қолдан жасалатын жабық қоралар.
Үй қояндарының гигиенасы

Сыртқы торлық жүйе. Бұл жүйеде қояндарды жыл бойы жылжымалы немесе түрақты торларда ашық аспан астында күтіп бағады. Қояндарды сыртқы торда күтіп баққанда олардың әртүрлі ауруларға төзімділігі артады және тері сапасы жоғарылайды. Ересек қояндарды жеке торларда, ал жас төлдерді топ-тобымен торларда немесе қора алдындағы алаңда бағып күтуге болады.

Қояндарды күтіп-бағу үшін жеке және топтық әртүрлі конструкциялы торлар қолданылады. Негізгі топты ұстауға арналған әр тордың ұзындығы 120 см, ені 70 см, биіктігі: алды 60см, арты 40 см. Торлар азықтық және ұялық - аналық (гнездовые-маточные) болып бөлінеді. Аналық бөлімінің ені 40 см, азықтық бөлімдікі 80 см. Торда екі есік бар: торлы (азықтық бөлімде) және ағашты (аналық бөлімде) .
Негізгі қоян топтары үшін жеке торлардың екі түрі болуы мүмкін: тұрақты ұялы бөлімшесімен (бір секциялық) және алмалы-салмалы ұялы бөлімшесімен. Ұрғашы қояндарды туу және күтіп-бағу кезеңінде бір секциялы тор ішінде ұя қақпақты (жабық тип) немесе қақпасыз (ашық тип) болып орналастырылады. Top ішіндегі еденді негізгі топпен асырайтын жас қояндар үшін тордан жасайды, оларды қатты ағаштан, пластмассадан немесе металдан жасайды.

Торлардың көлемі өзгеріп тұруы мүмкін. Қояндар күтіп-бағылатын қоралардың және торлардың технологиялық элементтерінің мөлшері және көлемдерінің нормалары күтіп-бағудың тәсіліне және қояндар топтарының жынысына, жасына байланысты болады.
Шедтік жүйе. Шед (сарай) - бұл екі қатармен орналасқан бір немесе бірнеше қабаттан тұратын, жалпы ұзындығы ересек жануарлар үшін 50-65 м, жас төлдер үпіін 58-85 м болатын торлы блоктар жиынтығы.

Қояндарды шедтік жүйемен бағудың үлкен маңызы бар. Шед - сарай - бұл тор блоктарының екі қатармен ыңғайлы орналасуы (бір немесе бірнеше ярусты) . Top блоктарының арасындағы жол үстінен шифермен жабылған, ол блоктар қатарларын бір құрылымға біріктіреді. Кейде оны әйнекпен қаптайды. Торлар қатарына параллельді құрылған бүйірлік қабырғалар суық кезде ағашпен, сабанмен жылытылады. Шед-сарайларда ұстау жануарларды бағуға ыңғайлы және қорада қолайлы жағдай туғызады (жаңбырдан және қардан қорғайды) . Шед-сарайларды температура - 30°С төмен түспейтін аймақтарда қолдануға болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz