Зәрдің түзілуі


Slide 1

Зәр бөлу мүшелер жүйесі

Орындаған:Адыров Ғ. Б.

Вм-23 топ студенті

Тексерген:а. о.

Жұмағалиева Г. Қ.

Slide 2 Slide 3

Несеп мүшелері

Несеп мүшелері организмнен зат алмасудың суда еріген соңғы заттарын - тұздар мен азоттық қосылыстарды шығару қызметін атқарады. Несеп мүшелері, біріншіден, екі безден (бүйректер, олардың экскреті - несеп), екіншіден, несеп жиналатын және оны шығаратын мүшелерден (несеп ағарлар, қуық, несеп шығарғыш өзек) тұрады.

Slide 4

Бүйрек, құрсақ қуысының артқы қабырғасында іштіктің артында жатқан қос, несеп бөліп шығаратын, экскреттік мүше. Бүйректер соңғы кеуде және жоғарғы екі бел омыртқаларының деңгейінде омыртқа жотасының бүйір беттерінде орналасқан. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен орта есеппен 1-1, 5см төмен орналасқан (жоғарғы жағынан бауырдың қысымына байланысты) .

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

БҮЙРЕК ТҮБЕГІ, ТОСТАҒАНШАЛАР ЖӘНЕ НЕСЕПАҒАР

Несеп қуыққа жеткенше кіші, үлкен тостағаншалар, бүйрек түбегі және несепағар арқылы өтеді.

Кіші тостағаншалар - саны 8-9, бір ұшымен 2-3 емізікшелерді қаусырып, екінші ұшымен үлкен тостағаншалардың біреуіне ашылады. Үлкен тостағаншалар әдетте екеу - жоғарғы және төменгі. Үлкен тостағаншалар бүйрек қойнауының өзінде қосылып, бүйрек түбегін түзеді. Бүйрек түбегі қақпадан бүйрек тамырларының артынан шығады да, төмен қарай иіліп, несепағарға жалғасады.

Slide 11

Несепағар - ұзындығы 30см, диаметрі 4-7мм түтікше. Несепағар түбектен басталып, тікелей іштіктің артында төмен әрі медиальды бағытта астау қуысына барады. Астау қуысында ол қуықтың түбіне барады да, оның қабырғасын қиғаш бағытта тесіп өтеді. Несепағардың өң бойында түбектен бастап, құрсақ, астау қуысындағы бөлімдерін ажыратады.

Тостағаншалар түбек және несепағар бүйректің экскреттік (шығарғыш) жолдарының макроскопиялық көрінетін бөлімін құрайды.

Slide 12

Қ у ы қ несептің жиналатын орны болып табылады. Одан несеп несеп шығарғыш өзек арқылы мезгіл-мезгіл сыртқа шығарылады. Қуықтың сиымдылығы орта есеппен 500-700мл және ол әр адамда әр түрлі. Қуықтың пішіні және оның көрші мүшелерге қатысты орналасуы мүшенің толуына сәйкес өзгеріп отырады. Қуық бос болғанда ол түгелдей кіші астау қуысында қасағалық қоспаның, артында жатады; артқы жағында оны тік ішектен, ер адамдарда тұқымдық көпіршіктер мен тұқым шығарғыш жолдардың соңғы бөлімдері, ал әйелдерде жатыр мен қынап бөліп тұрады. Қуық несеппен толғанда, оның жоғарғы жағы өзінің пішіні мен көлемін өзгертіп, жоғары көтеріледі, қуықтың өзі жұмыртқа тәрізді пішінге ие болады. Оның төменгі кеңіген және бекіген бөлімі - түбі, төмен және артқа қараған; ал мойын, жіңішкеріп несеп шығарғыш өзекке жалғасады; үшкірленген ұщы іштің алдыңғы қабырғасының төменгі бөліміне жанасып жатады. Ұшы мен түбінің арасында жатқан бөлімі қуықтың денесі деп аталады.

Slide 13 Slide 14

Зәр - өзіне тән иісі бар, сарғыш түсті сұйық. Оның меншікті салмағы 1, 010- 1, 025, реакциясы әлсіз қышқылды. Оның құрамында 98 - 99 % су және 150 түрлі химиялық заттар болады. Зәрдің құрамында белок алмасуының өнімдері (мочевина, несеп қышқылы, креатин), минеар тұздар (ас тұзы), пигменттер (урохром, уробилин) болады. Тәуліктік зәрдің мөлшері 1, 5 л.

Slide 15

Зәрдің түзілуі. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 фазада өтеді. Алғаш 1-ші фазада алғашқы зәр, 2-де соңғы зәр түзіледі. Алғашқы зәр нефронда пайда болады. Капсуладағы тамырлар шоғырында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлімі капсула ішіне сүзіледі. Капсула қуысына сүзілген сұйықтықты алғашқы зәр деп атайды. Ересек адамда тәулік ішінде нефрондық тамырлар шумағы арқылы 2000 л қан өтеді де, 150 - 180 л жуық алғашқы зәр түзіледі. Екінші фазада каналдарындағы алғашқы зәрдің құрамындағы организмге қажетті су, глюкоза, амин қышқылы, минералдық тұздар қанға сіңеді. Организмге қажетсіз мочевина, несеп қышқылы, сульфат т. б. кері сіңбейді. Кері сіңу каналдар қабырғасындағы эпителий клетканың қызметіне байланысты, нәтижесінде соңғы зәр түзіледі.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
НЕСЕПНӘР ЖӘНЕ ЗӘР ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІ, ЗӘР ШЫҒАРУДЫ РЕТТЕУГЕ ҚАТЫСАТЫН ГОРМОНДАР
Несеп каналы
Жас ушалар мен тіндердің патологиясы
Жасушалар мен тіндердің патологиясы
ЗӘРДЕГІ ҚАНТТЫҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
ҚУЫҚ ЗАҚЫМДАНУЫ
Сарғаю белгілері билирубин
Жасушалар мен тіндердің патологиясы Несеп жолындағы тас пайда болуы. Себебі. Патогенезі
Зәр тастар
Созылмалы гломерулонефрит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz