Авторитаризм - жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік саяси тәртіп


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Дайындаған:

Вм-21 тобының студенті

Адыров Ғ. Б.

Тексерген:

Галиева Ж. С.

ТАҚЫРЫБЫ: “авторитаризм, анархия, аполитизм, бюрократия, билік, вотум, мемлекет, азаматтық қоғам, демогогия, демократия, диктатура, импичмент, инаугурация, компромисс, консенус, конфедерация, конформизм, лоббизм, меритократия, монархия, мораль, қоғамдық-саяси қозғалыстар, олигархия, оппозиция”

Орал-2019ж.

БАӨЖ №1

Slide 2

Терминдерді ажырататын басты белгілері мынада: термин дегеніміз белгілі бір ғылым мен оның пәніне ғана қатысты болып, солардың ғалымдары мен мамандарының барлығына бірдей түсінікті, бірақ жалпы халыққа түсініксіз сөздер болып келсе, қоғамдық-саяси лексиканы барлық жұрт пайдаланады. Ал терминдерге ұқсайтын жағы, көбінесе, өзге тілдерден дыбыстық-құрылымдық жақтан игерілмей, еш өзгеріссіз ауысып келуінде жатыр. Өзге тілдік сөздер екенін олардың түр-тұрпаты нақты аңғартып тұрады. Осы белгісі оны термин сөздерге ұқсатып-жақындатып, кейбір адамдарды, тіпті қайсыбір тілші-ғалымдардың өзін де шатастырып жатады.

Slide 3

Авторитаризм - жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Ол көбінесі саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.

Анархия - 1) мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты басшылықтың жоқтығын білдіреді.

Slide 4 Slide 5

Билік - 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлық) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік жәнеәкімшілік өкілеттілігі бар адамдары, органдары.

Вотум - өкіметке я оның кейбір мүшелеріне сенім білдіру (вотум доверия) немесе сенім білдірмеу (ветум недоверия) мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім.

Slide 6

Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. Мемлекеттің ерекше өкімен аппараты болады. Ол бүкіл қоғам атынан ресмми істерді жүргізуге құқылы. Оның заңдарын сол ертедегі адамдардың бәрі сыйлайды және орындауға тиіс. Егер орындалмаса, оның ырықсыз көндіруге қақысы бар.

Азаматтық қоғам - жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамсыз ететін қоғамның күйі. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.

Slide 7

Демагогия - өз мақстына үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т. т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.

Демократия - халық билігін, заңдылықты мойындап азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бстандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, адамдардың экономикалық және саяси қозғалуын, шешім қабылданғанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т. б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл - тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байқалып отырады.

Slide 8

Диктатура - қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің шиеленіскен шағында, өтпелі кезеңдерде, өкімет басына күшпен келгенде және т. с. с. пайда болады.

Импичмент - жоғарғы лауазымды адамдарды Конституцияны бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі. Ол жөнінде жауапкершілікке шақыру мәселесін парламенттің төменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын жоғарғы палата. Мысалы, мұндай тәртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және т. б. елдерде орын алған.

Slide 9

Конфедерация-өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе одаққа кірген мүшелердің бәрін міндетті түрде заң шығарушы билік болмайды. Оның алғаш шешімдері оған енген елдердің бекітуінен өтуі керек. Ол өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848жылға дейін Швейцарияда, 1778-1787 жылдары Солтүстік Америка штаттарында болды. Қазір соған ұқсас құрылымды Еуропалық Одақ құрмақ ойы бар.

Инагурация- 1) мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме және т. б. салтанатты түрде ашу.

Slide 10

Конформизм - іштей келіспесе де, көпшіліктің ой-пікірі, көзқарастарын икемделу, әсіресе билік басындағы адамдардың ығына жығылып бейімделу.

Лобби- белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұғым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады. Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздеріне керекті өзгерістер жасауға және т. с. с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлі әдіс-тәсілді пайдаланады.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
САЯИ РЕЖИМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Саяси режим
Саяси билік
САЯСАТТАНУ ПӘНІ САЯСИ РЕЖИМДЕР
Бейімделудің екі түрі
МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ
Билік түрлері
Саяси жүйенің құрылымы
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны, тарихи түрлері, ұғымы белгілері
Биліктің легитимділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz