Утопиялық қоғам авторы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Дайындаған:

Вм-21 тобының студенті

Адыров Ғ. Б.

Тексерген:

Саркулова Г. С.

ТАҚЫРЫБЫ: Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теориялар (Т. Мор, Т. Кампанелла)

Орал-2019ж.

Slide 2

Қайта өрлеу дәуірі философиясы

Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ. ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік - табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет) . Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.

Slide 3 Slide 4

Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) - құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705) . Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.

Slide 5

Натурафилософия (табиғат туралы философия) . Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады.

Slide 6

Гуманизм (лат. humanus - иманды) - адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.

Slide 7

Утопиялық социализм - мүлік ортақтығына, жұрттың барлығы үшін міндетті еңбекке және игіліктердің тең бөлінуіне негізделген қоғам туралы ілім дамуының ғылымға дейінгі кезеңі.

Slide 8

"Утопия" деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Томас Мор қолданды. Содан кейінгі жерде бұл термин ойдан шығарылған, өмір сүрмейтін қоғамдық тәртіптерді сипаттағанда қолданыла бастады. Жеке меншікке негізделіп өмір сүріп отырған құрылысты сынап, болашақ мінсіз құрылыстың көрінісін бейнелейтін, қоғамдық меншіктің қажет екенін теориялық түрғыдан негіздеуге тырысатын утопист-социалистер көптеген көреген идеялар мен болжамдар айтты. Сондықтан да ағылшын саяси экономиясы және классикалық неміс философиясымен бірге утопиялық социализм ғылыми социализмнің идеялық көздерінің бірі болып табылады. Жеке меншікті айыптау мен мүлік ортақтығын дәріптеуді Ежелгі Грекия мен Римнің кейбір жазушыларынан, орта ғасырдағы "еретиктерден", феодализм дәуіріндегі кейбір шаруалар көтерілістерінің бағдарламалары мен шаруалар идеологтарынан кездестіруге болады, мұның өзі антагонистік қоғамдағы теңсіздік пен адамды адамның қанауына табиғи көзқарас еді.

Slide 9

Мор Томас

Slide 10

Мор Томас

Дүниеге келгені:

1478 ж. 7 ақпан Лондон

Қайтыс болғаны:

1535 ж. 6 шілде Лондон

Мансабы:

ағылшын гуманисі

Мор Томасағылш. Sir Thomas More, тағы ағылш. Saint Thomas More; 7 ақпан 1478, Лондон - 6 шілде 1535, Лондон) ) - ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. 1529 - 1532 жылы Англияда мемлекеттік жоғары қызметте болды. Папаны жақтап, корольге қарсы болғаны үшін Мор корольдің бұйрығы бойынша дарға асылды. Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің “Утопия” (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі - адамдардың теріс әрекеті, менмендік, мансапқорлық дейді.

Slide 11

Ол алғаш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде баяндап, оны еңбекті ұйымдастыру және бөлісу идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы “Утопия” мемлекетінің негізгі шаруашылық ұясы - отбасы қолөнер өндірісіне негізделген. Ондағы адамдар демократиялық басқару, еңбектің теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне 6 сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылым, өнермен шұғылданады.

Адамның жан-жақты дамуына, оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән берілген. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Оның “Утопиядағы” қиялдары утопия социализмнің бастамасы болды. Мордың “Утопиясы” кейінгі реформаторларға, Фурье, Сен-Симон секілді басқа да утопия социализмнің өкілдеріне зор әсер етті.

Slide 12

Кампанелла, Томмазо

Slide 13 Slide 14

Кампанелла Томмазо, 1582 жылы монах ретінде шашын күзегенге дейін Джованни Доменико (1568 - 1639) - италиялық философ, ақын, саяси қайраткер. Бастапқы утопиялық коммунизм ағымы өкілдерінің бірі. Кампанелла адамзаттың бірлігі мен игілігін армандады. 1599 жылы Италияны испан езгісінен азат ету мақсатымен көтеріліс ұйымдастыруға әрекет жасады. Астыртын әрекеті әшкереленіп, Кампанелла ауыр азаптаудан кейін түрмеге қамалып, онда 27 жыл отырды. Сонда отырып ол жеке меншіктен ада, жаппай молшылыққа кепіл болатын, бірақ тұрмысты реттеп отыратын, шын мәнінде абыздар билігі сипат алған мінсіз қоғам туралы өз утопиясы “Күн қаласын” (1602) жазды. Ол 1623 жылы жарияланды. “Күн қаласы” - кейінгі қоғамдық ой-пікірлердің дамуына елеулі ықпал жасады. Кампанелла көптеген канцон, мадригал және сонеттердің авторы.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Томас Мор идеялары
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі принциптері
Реформация философиясы
K. Маркстің экономикалық ілімі
Қайта Өрлеу философиясының орталық ұғымдары
ТӘРБИЕНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Асан Қайғы көптеген философиялық сөздерді, философиялық әндердің авторы
Қайта өрлеу дәуір философиясы
Ғылым философиясының негізгі мәселел
Славяншылдық бағыт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz