Фарабидің энциклопедиясы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Дайындаған:
Вм-23 тобының студенті
Ерғазиев Н. Т.
Тексерген:
Саркулова Г. С.
Тақырыбы:
«Әл-Фарабидің және Ибн синаның энциоклопедизмі»
Орал-2019ж.

Әбу Насыр Әл-Фараби (араб. : أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки (870 - 950 ж. ш. ) - әлемге әйгілі ойшыл, философ,
социолог, математик,
физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.

Әл - Кинди идеяларын одан әрі дамытушы әл - Фараби. Оның даңқы әлемге тарап, көзінің тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі екінші ұзтаз атанған. Антикалық, орта ғасырлық білімді терең түсініп, шығармашылық деңгейге көтеруге көп еңбек еткен әл - Фараби Платон мен Аристотель еңбектеріндегі көптеген философиялық ойларды дамытты.

Аристотельден негізгі айырмашылығы әл - Фараби, ең алдымен, әлемнің пайда болуы, әсіресе адамның пайда болуы, иерархиялық болмыстағы адамның ролі мен орнын анықтауға тырысты. Әл - Фараби өзінің космологиясындағы негізгі көптүрді Аристотельден алды және оны әрі қарай жалғастырды.

Фарабидің пікірінше, әлемнің жоғарғы, төмен, оңды - солды бөліктері өзара бір зат, нәрсе арқылы немесе күш жәрдемімен байланысады. Бөліну кезінде пайда болатын орта бөлік осындай күш болып табылады. Әлемді бір - бірін жалғап, басын қосып тұрған әлемдік күш бар. Ойшыл күшті бірнеше топқа бөледі.

Аристотельдікі сияқты әл - Фараби космосында да жоғары құбылыс - аспан аяқталған, ал төменгі құбылыс - жер аяқталмаған. Аспан денелерінен төмен тұрған болмыс өмір сүру сатысы бойынша әлі аяқталмаған.

«Фарабидің энциклопедиясы»
Ғылымның даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап, реттеп белгілі бір жүйеге салу тəртібі ежелден бар.
Бабамыз Фараби бұл тұрғыда да қарап қалмай, өзінің ең атақты шығармаларының бірі «Ғылымдар энциклопедиясы» деп аталатын трактатын жазған. Бұл еңбектің ғылым тарихында алатын орны ерекше үлкен. Осы трактат «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдар реті», «Ғылымдар классификациясы», т. б. аттармен Шығыс пен Батыс елдерінде өте ертеде-ақ мəлім болып, одан көп ғұламалар тəлім алды.
Бұл кітап мындай бес тараудан тұрады:
Тіл білімі жəне оның тараулары;
2. Логика жəне оның тараулары;
3. Математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, айла-əрекет жөніндегі ғылым (механика) ;
4. Физика мен метафизика жəне олардың тараулары;
5. Азаматтық ғылым жəне оның тараулары, заң ғылымы жəне кəлəм (дін ғылымы) .

Тіл білімі
Фараби тіл білімін 7 тарауға бөледі: дербес жəне қарапайым сөздер мен сөйлемдер туралы; мəнерлеп оқу ережелері; тілдің заңы мен ережелері жайлы ғылым; дұрыс оқу ережелері; өлең жазу; шайырлық туралы ғылым немесе поэтика. Кейінгінің өзі ырғақ, ұйқас жəне поэзия болып үшке бөлінеді.

Логика. Фарабидің анықтауы бойынша, логика - ойлаудың заңдары мен ережелері туралы ғылым. Бұл ғылымның арқасында адам өзінің ойлау əрекетін тəрбиелей алады; өзінің ойын анықтап айқын, жүйелі түрге келтіреді; ой қорыту, талқылау барысында логикалық қателер жіберуден аулақ болады.

Математика
Фарабидің энциклопедиясында математика ғылымдарына көп орын берілген. Ол математиканы үлкен-үлкен жеті тарауға бөлген. Арифметика, яғни, сан туралы ғылым. Оған практикалық жəне теориялық арифметика деп айрықша мəн берді. Фарабидің түсіндіруі бойынша, сан объективті ақиқат нəрселердің сезіп-түйсінуге болатын, яғни «көзбен көріп, қолмен ұстауға» болатын жақтарын елеусіз қалдырып, тек саналуға, есептеуге тиісті қырларын бейнелейді. Бұл өте дұрыс материалистік түсінік.

Геометрия.
Бұл ғылымның мазмұны мен мəнін ғалым төмендегіше тұжырымдайды. Геометрия екі ғылымды біріктіреді: біріншісі - практикалық геометрия; екіншісі - теориялық геометрия. Практикалық геометрия сызықтар мен беттерді, ағаш ұстасы, темірші, тас қалаушы, жер өлшеушілердің ыңғайына лайық ағаш, темір, тас денелердің бетінде қарастырылады. Теориялық геометрия сызықтардың, жазық фигуралардың, геометриялық денелердің формасы мен мөлшерін, теңдігі мен теңсіздігін, олардың түрлері, реті жəне басқа осыларға байланысты барлық нəрселерді зерттейді.

Оптика.
Фарабидің жіктеуі бойынша, математикаға оптиканы да жатқызған. Бұл туралы ол былай дейді: «Оптикада геометрия тəріздес форма, шама, рет, тəртіп, орын, теңдік, теңсіздік, т. б. нəрселерді қарастырады». Оптиканың мəні мен ақиқаты, анық пен оның алдамшы көрінісінің парқы ажыратылады, қатаң дəлелдеу жолымен мұның себебі айқындалады, көзбен көруде кездесуі мүмкін болатын қателердің барлығы ескеріледі, одан құтылуға көмектесетін, яғни қарастырылып отырған нəрсенің мөлшері, формасы, орны, құрылысы, т. б. туралы ақиқатқа жеткізілетін əдіс, айлалардың түрлері көрсетіледі.

Астрономия.
«Астрономия деген бір атпен екі ғылымды түсінеміз, - дейді ғалым. Олардың біреуі - жұлдызнама. Бұл ғылым жұлдыздарға қарап болашақта не болатынын, кейде қазіргі кезде болып жатқан жəне өткенде болған оқиғаларды болжауға арналған. Екіншісі - математикалық астрономия. Астрономияның осы бөлігі ғана математикалық ғылымдардың қатарына жатады, ал қабілет - өнердің бір түрі; ол арқылы не болатынын адам болжамдай алады; мəселен, түс жору, құстың ұшуы бойынша жорамалдау, бал ашу, т. б. қабілеттер».

«Фарабидің энциклопедиясы» ХІІ ғасырда арабшадан латын тіліне екі рет аударылған. Одан кейінгі ғасырларда бұл еңбек толық немесе үзінді түрінде ескі еврей, неміс, ағылшын, француз, түркі, т. б. тілдерге тəржімаланған. Роджер Бэкон, атақты Əбу Əли ибн Сина (980-1037) жəне басқалар тікелей соның əсерімен өздерінің көпке мəлім энциклопедиялық еңбектерін жазған.

Ұлы ғұламаның бұл еңбегінің құндылығы, оны басқа халықтардың өз қажетіне жаратып, оның еңбек заңдарына, еңбек адамдарының өз жұмысына саналылықпен, ұқыптылықпен қарап, өндірісті дамыту, еңбек өнімін, жеке адамның еңбекке құштарлығын, ьнта-жігерін арттыру мақсаты көзделгендігінде.
«Ғылымдар энциклопедиясында» ойшыл ғалым Аристотельден өзіне дейінгі 1300 жылдай уақыт ішінде өркендеген ғылымдарға талдау жасаған, пəнін тағайындаған, мазмұнын анықтаған, үйрену жəне үйрету жолдарын белгілеген. Бұл еңбек Фарабиден кейін де 500 жыл бойы Шығыс, Батыс оқымыстыларының қолынан түспес кітабына айналды. Жоғары мектептерге ғылым негіздері жөніндегі басты оқулық болды.

Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллах ибн аль-Хасан ибн Әли ибн Сина ((парсыша: ابو علی حسین بن عبدالله بن سینا), батыселдерінде Авиценна
атымен белгілі - ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық
мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456-ге жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған.

«Канон» - медицина энциклопедиясы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz