Жаңа дәуір философиясы




Презентация қосу
Жаңа дәуір философиясы
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және
XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде
– жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы
ағылшын буржуазиялық революциясын –
капиталистік немесе буржуазиялық
қатынастардың, индустриалды өркениеттің
бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр
бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып
(антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы
ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек
– дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани
пікірді бекіткен философия болды.
Бэкон философия ғылымының практикалық
функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның
ойынша, философия ғылыми білімдердің
көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге
көмектесуі қажет. Әйгілі “Білім-күш”
“Күш-білім”деген қағиданың авторы Бэкон
еді.
Оның пікірінше, философияның негізгі
зерттеу объектілері- құдай,табиғат және
адам. Бэкон философияны табиғи
философия деп түсінеді, оның өзін
теориялық және практикалық деп бөледі.
Біріншісі табиғат құбылыстарының
себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық
жаңалықтарды пайдалана отырып, адамға
қажетті жаңалықтар ашады. Табиғи
Фрэнсис Бэкон (1561-1626) философияны Бэкон физика және
метафизика деп жіктейді, оның негізінде-
Аристотельдің себептілік ілімі.
Философияның соңғы бөлімі- адам туралы ілім. Бэеконның тұжырымдауынша , адам
ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп,
тәжірибеде көз жеткізіп отыруы тиіс. Осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді
қолдайды. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына , санасына қателіктер тән, олар ақыл-
ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл
кемшіліктерді идолдар, елестер,ескіліктің қалдықтары деп атайды.

Адам өмірде адаспауы үшін мынадай 4
елестен арылуы керек деп санайды.
Олар:
1. Тектік елестер- жалпы адамзат пен
табиғатты тануда туатын қате пікірлер;
2. Үңгір елестері – бүкіл адамзатқа
қатысы жоқ, жеке адамдардың
тәрбиесінен, талғамдары мен
әдістерінен туатын өзіндік қателіктері;
3. Нарық ( базар) елестері –
басқалардың айтқандарына сын көзбен
қарамай, сене салудан туатын
қателіктер;
4. Театр елестері – біреулердің
беделіне көз жұмып сене салудан
туатын қателіктер.
• “Философия ағаш секілді, оның
тамыры- метафизика,діңгегі-физика,
діңгектен тарайтын бұтақтары-үш
басты ғылымның: медицина,механика
және этиканың төңірегінде топталатын
ғылымдар. Жемістерді тамырдан
бастап жинайтынынымыз секілді,
философияның пайдалылығы да оны
құрастыратын бөліктерге байланысты”
деп , Декарт барлық ғылымдардың
бірлігін,тұтастығын атап көрсетеді.
• Декарт адамның ақыл-ойына көбірек
жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай Рене Декарт (1596-1650)
жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті,
оның бұл ерекшеліні математикалық
ойлау тәсілінен жақсы көрінеді.
• Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе,
Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшеліні математикалық ойлау тәсілінен
жақсы көрінеді. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика
қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау
ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды:
• 1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен
нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау
керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы білдіреді.
Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуалдық сәуле деп түсінеді.

2) Зерттейтін сұрағымызды ойша
мүмкіндігінше қарапайым элекменттерге бөліп
қарастырсақ, қиындықтарды шешу, белгілі бір
шешімге келі жеңілдейді.
3)Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден
туындайды: таным процесі қарапайымнан
күрделіге қарай жүреді.
4) Дедукцияның барлық звеноларын
ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет.
Декарттың рационализмінің негізі-күмән.
Күмәнданған адам күмін туғызған объект
туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді,
тіршілік етеді: “Мен ойланамын, яғни өмір
сүремін “.
• Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі
екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар
үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау
қосылады. Ол адамгершілік принциптерінің
табиғи сипатын ерек атап көрсетеді. Бірақ
оның философиясында құдай-табиғаттың өзі.
Ол-субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ
ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп
жүргендерді өздері түсінбеген табиғат.

Барух Спиноза (1632-1677)
• Ең бастысы- Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді.
Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға
қабілетті,қорқыту,үрей арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебі оның
табиғаты ізгілікті.Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша
қарым-қатынас орната алады, әғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Ол
мемлекеттің мақсаты- адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды.
Томас Гоббс (1588-1679)

• Гоббс философия мен теологияны бөліп қарастырады,
Бэконның теорияларын тереңдете түсіп, философияны жоғары
қояды, “философия-танушы ақыл-ойдың рационалдық іс-
әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан, екінші жағынан,
құбылыстардан оларды тударатын негіздерге қарай жүреді.
Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға теі философия” ,-дейді.
• Локк эмпиризмді- білім тәжірибеден ғана туындайды
деген көзқарасты ұстанады. Оның білім концепсиясы
сенсуализмге негізделген, ақыл-ойда әуелі сезімде
болған нәрседен басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп
тұжырымдайды. Локктың пікірінше, адамгершіліктік
ұғымдар да адамға туы біткен қасиеттер емес, оны
Локк моральдық түсініктердің әр халықта әртүрлі ,
тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әртүрлі
кезеңдерінде моральдық ережелердің бір-біріне
ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлелдейді, яғни
моральдық априори болуы мүмкін емес.
• Адам жаны , Локктың ойынша , дүниеге келгенде
таза қағаз, оны өмір әртүрлі жазулармен толтырады,
осы өмірлік тәжірибені Локк сыртқы тәжірибе деп
атайды. Бірақ ол адамның ішкі дүниесін де жоғары
Джон Локк бағалайды, оны ішкі сезім немесе пайымдау деп
атайды. Сыртқы тәжірибе идеяларын біз
көз,есту,сезіну және тағы басқа сезім органдары
арқылы, ал ішкі тәжірибе идеяларын қуаныш,
қайғы,мақтан, тағы басқа психикалық
жағдайларымыз арқылы аламыз.
• Адамдардың бәрін ол
еркін,тең, тәуелсіз, өмірге,
еркіндікке,меншікке құқы бар
деп қарастырды.

Құдай адамға бүкіл табиғатты берді, бірақ
ол жеке меншік болғанда ғана пайда
әкелмек, ол еңбек арқылы келеді.
Адам дүниені сезім мүшелерінің көмегімен,
түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп
мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды
өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше,
адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен
басқа білім бере алмайды, өзінің рухани
тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юмнің
ойынша, тәжірибе дегеніміз әсерлер ағыны, оның
себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық
жолмен дәлелдеу мүмкін емес., сондықтан
тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды. Юм
осылайша себеп-салдарлық байланысқа қарсы
шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану
мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Бірақ, оның
ойынша, субъективтік себептілік бар, ол сезімдік Давид Юм
әсерлердің идеяларды туғызуы. Мысалы, адамдар
Күннің күн сайын шығатынына сенімді. Бұл сенімнің
негізі –осы құбылыстың күнде қайталатыны. Яғни,
адамдардың практикалық сенімнің бастауы
теориялық білім емес, қалыптасқан дағды-сенім.
Осылайша Юмнің біржақты эмпиризмі, оны
рационализмнен бөліп қарауы дүниені танып-білуге
болмайды деген агностицизмге әкеліп соқты.
• Жаңа Дәуір философиясы туралы
ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі
философия эксперменталдық
ғылымдармен тығыз байланысты дамып,
таным мәселелеріне басты назар
аударған, әлеуметтік дамудың жаңа
жолдарын іздеуге талпынған, қоғамдық
келісім үлгілерін ұсынған, рухани маңызы
күшті философия болды.

Ұқсас жұмыстар
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ
Дінтанудың дін философиясынан айырмашылығы
Ғылым философиясы
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі принциптері
Орыстың діни философиясы
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ. ПӘН ФИЛОСОФИЯ
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Карл Ясперс философиясы
Пәндер