Ежелгі Дүние дәуірі Ежелгі Дүние дәуірі Ежелгі Дүние дәуірі



Тақырыбы: “Философияның пайда болуы және дамуы”

Философия тарихы дегеніміз не және оны қалай түсінуге болады? Философия тарихының мәнін жете түсіну үшін, оны философияның өмір сүру формасы түрінде қарастыру қажет және философияның дамуын адамзат өркениетінің дамуымен, тығыз бірлікте зерттегенде ғана оның маңызы айқындала түседі. Философия тарихын білмеу, оны бағаламау адами ойлау процесінің рухани жұтандануына, ғылыми - зерттеу жұмыстарының жүйесіздігіне, әсіресе, жаратылыстану ғылымдары саласындағы дүмшелікке, жалаң практикашылдыққа әкеп соқтырады. Ғылымның қай саласының өкілі үшін де философия тарихын білу табиғи және тарихи қажеттілік болып табылады

Бұдан шығатын қорытынды: барлық ғалымдардың теориялық ойлау өнері мен қарулануына жол ашатын тек философия тарихы болмақ . «Теориялық ойлау тек қабілеттілікті дамытуға, жетілдіруге тиіс, ал ол үшін осы уақытқа дейінгі бүкіл философияны зерттеу үйренуден басқа ешбір жол жоқ» деген пікірде шыңдық бар. Өткен дәуірдің философиясын зерттеу, оның логикалық тарихи даму жолын білу - бүгінгі адамдар санасында ойлаудың диалектикалық әдісін қалыптастырудың бірден - бір жолы. Мұндай пікір философия тарихын логикалық, теориялық ойлаумен тығыз байланыстырып, диалектиканы дамуыдың логикасы мен таным теориясы ретінде қалыптасқан ғылыми жүйе түрінде негіздеуге жол ашады.

«Философия тарихы - нақты тарихи дамудың логикасы, ал логика - мәнге ие болған философия тарихы» деген пікір де осыдан келіп шыққан. Гегельдің «Тарихта философияның дамуы логикалық философияның дамуына сәйкес болуға тиіс» дейтіне де осыдан.
Бұдан келіп философия мен философия тарихының бірлігі мәселесі шығады, яғни өткен заманның философиялық проблемалары біздің тарапымыздан өткінші, қайтып оралмайтын процесс екен деп қаралмауы керек. Керісінше, жаңа тарихи заманда өткен дәуірдің философиялық ойларының қайта жаңғыруы, практикалық қызметпен, қоғам өмірімін тығыз ұштасуы жиі кездеседі. Яғни бұрынғы дәуірлерде тек ықтимал болып келген ой - пікірлер, теориялық толғамдар жаңа дәуірде ықтималдықтан шыңдыққа айналып, адамзатты толғандыратын нақтылы проблемалар қатарына қосылу ғажап емес. Мұндай жағдайда, философиялық ойларды тарихи тұрғыдан зерттеп отыру, қазіргі заманғы философия дамуының бірден - бір жол болып табылады.

Өткен дәуір ойшылдарымен философтарының шығармалары қай заманда да өлшеусіз маңызы бар, қоғамдық ойға қосылатын қазына болып есептеледі. Осы тұрғыдан келгенде философия тарихын тарих пен философияның қосындысы, екі ілімнің бірлігі ғана деп қарау ағаттық болады. Адамдардың практикалық өндірістік қызметі жете түсіну философия тарихында маңызды рөл атқарады. Әрбір философиялық теорияның, жүйенің дүниеге келуі, олардың сол дәуірдегі адамдарға әсері, оларды ойландыруы, өзара айтыстыруы сол ортадағы қоғамдық өмір салтына, қоғамдық өндірістік қатынастарға тығыз байланысты болады.

Философия тарихын жүйе ретінде дәлелдеген немістің ұлы ойшылы В. Ф. Гегель болатын:
1. Оның айтуынша, кез келген философиялық ілім кейбір проблемаларды негіздей отырып, тарихи қажеттілікке қарай дами келе тұтас жүйенің даму кезеңінде белгілі рөлге ие болады.

2. “Философия тарихы - нақты тарихи дамудың логикасы, ал логика- мәнге ие болған философия тарихы”

3. “Тарихта философияның дамуы логикалық философияның дамуына сәйкес болуға тиіс. ”

Алғаш рет философия тарихының пәні туралы түсінікті қалыптастыруға талпыныс жасаған XX ғасырдағы Ресейлік Кеңес Одағының философы П. В. Копнин болды.
1. “Кез келген дәуірдегі философия философия тарихынсыз өмір сүре алмайды”

2. “Философия тарихы жалпы тарих пәнімен қабысып жатыр. Өйткені, оның міндеті қоғам өмірінің материалдық жағын ғана емес, рухани жағын да көрсету. Ал философия болса, рухани мәдениеттің маңызды бөлігі. Сондықтан тарих рухани мәдениетсіз, әсіресе философия тарихынсыз өмір сүре алмайды . ”

Философия тарихы
Зерттеу әдісі
Адамзат танымының қалыптасуы, дамуы туралы тарихи білім.
Негізгі принципі
Тарихилық пен логикалық
Абстрактылықтан нақтылыққа өту.
Негізгі мақсаты- философиялық ойдың үдемелі дамуын ашып беру.
Даму
Философия тарихының таным құралы

Философия тарихы, негізінен алғанда, адам баласының ғана емес, бүкіл адамзат тарихының өзіндік санасы екенін ұмытпағанымыз жөн. Ендеше, философия тарихын зерттеп білу бүкіл адамзат тарихына тән ойлау процесінің, адамның дүниеге қатынысының негізін қоғам өмірінің қилы - қилы бұрылысқа, қайшылыққа толы жолдарымен байланыстыра отырып, ұғыну деген сөз. Әрбір философия тарихын оқып үйренуші, зерттеуші адам ең алдымен адамзаттың даму тарихын ой елегінен өткізе отырып, әрбір тарихи кезеңнің, дәуірдің сырын ашып, ондағы процестерді жан - жақты білуге ұмтылады. олай болса, философия тарихы жәй ойлауды емес, диалектикалық ойлаудың, тарихи ойлаудың жолдарын көрсетеді.

Сол арқылы терең ойлаудың, диалектикалық, логикалық ойлаудың негізі ашалады. Философия тарихы бүкіл адамзатқа тән ойлаудың жолдарын көрсете отырып, шығармашылық процеске жол ашады. Шығармашылық, теориялық ойлау әрбір ғылымның негізгі өзекті мәселесі. Онсыз бір де бір ғылымның дамуы, әрі жетілуі мүмкін емес. Философия мен басқа да ғылымдардың бір - бірімен байланыстылығының өзі, міне, осыдан басталады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz