Linux операциялық жүйесінің ерекшеліктері



Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті “IT-технологиялар және автоматтандыру” кафедрасы
Орындаған: Оразалиева А. Е.
Тобы: ВТ-221к
Тексерген:
Чингенжинова Ж. С.

Linux операциялық жүйесінің ерекшеліктері

Жоспары
Кіріспе
Linux операциялық жүйесі
Тарихы
Операциялық жүйенің ерекшеліктері
Қорытынды

Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе-бұл компьютерде жұмыс істеп тұрған ең маңызды бағдарламалық жасақтама. Ол жадыны, процесстерді, барлық бағдарламалық және аппараттық жасақтамаларды басқарады. Яғни ОЖ-адам мен компьютер арасындағы көпір деуге болады.

Linux операциялық жүйесі
Linux ОЖ - бірмезетте бірнеше тапсырмалар орындалуын басқара алатын UNIX операциялық жүйесі негізінде құрылған көппайдаланушылық, көпесепті, көптерминалды операциялық жүйе. Ол серверлер мен жұмыс станцияларында жұмыс жасауға арналған, қосымша терминалдарды қосуды қамтамасыз етеді және осы режимде графикалық қабықшаны қолдануға мүмкіндік береді.
Linux ОЖ компьютердің нақты бір түрімен байланысты емес. Оның ядросы жоғары деңгейлі СИ тілінде жазылған, сондықтан оны бір платформадан басқа платформаға ауыстыру мейлінше оңай. Жүйе GNU лицензиясы немесе сол сияқты еркін лицензиялар бойынша таратылады, сонымен қатар Internet арқылы еркін орнатылады.

Көпқолданбалы операциялық жүйе
Windows-тің барлық версиялары мен МасОS жүйелері бірқолданбалы (яғни бір қолданушыға арналған) болып табылады. Windows NT кейбір қызметтері көпқолданбалылық жайында сөз етуге себеп береді, бірақ әр уақыт мезетінде жүйемен тек бір адам жұмыс істей алады. Жақын арада Windows NТ-ді көпқолданбалы платформа негізінде жаңа Windows NT Terminal Server Edition жүйесін құру әрекеті ұйымдасқан болатын.
Linux бір уақытта бірнеше қолданушының жұмысын қамтамасыз етеді, бұл оның көпқолданбалылық артықшылықтарын түгелдей пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан үлкен құндылық шықпақ: Linux-ті қосымшалар сервері ретінде дамытуға болады. Қолданушылар терминалдан немесе өздерінің дербес компьютерлерінен жергілікті желі арқылы Linux серверіне шығып, өз компьютерінен емес, осы серверден бағдармаларды жүктей алады.

Көптапсырмалы операциялық жүйе
Жүйенің көптапсырмалылығы - оның бірнеше операцияларды (үрдістерді) бір уақытта орындай алуы. Сонда жалғыз процессордан құралған компьютер бірнеше операцияны параллель орындай алады. Әрине, шынын айтсақ процессор бірнеше әрекетті бір уақытта орындай алмайды, көптапсырмалылық негізіне бір әрекеттен екіншіге шапшаң ауысуы жатады. Әрқашан да Uniх жүйелеріндегі көптапсырмалылық Windows жүйелеріндегіден гөрі жоғары деңгейде болды. Linuх бірнеше әрекетті үлкен корпоративтік серверлер мен қуатты жұмыс станциялары үшін ерекше тәсілмен орындайды. Қазіргі күндері тек Windows 2000 мен Windows NT ғана дәл сондай көптапсырмалылықты қамтамасыз ете алады. Linux жүйесі, Windows NT мен Windows 2000 сияқты, Реntium II екілік жүйесі тәрізді көппроцессорлы компьютерлерді қолдайды. Бұл компьютерлер шын мәнінде екі бір уақыттағы әрекетті орындайды. Көппроцессорлық көптапсырмалылықпен бірге бір компьютерде орындалатын бір уақытта іске асатын бағдарламалар санын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді.

ОЖ тарихы
Linux операциялық жүйесін 1991 жылы Линус Торвальдс жасап шығарды. Линукс амалдық жүйесінің ресми логотипі және тұмары - Tux (Такс болып оқылады, бірақ, көбіне Тукс деп те атайды) пингвині болып табылады. 1996 жылы, Ларри Ивинг (Larry Ewing) GIMP редакторында жасап шығарды.

Linux интерфейсі

Операциялық жүйенің ерекшеліктері
Linux - бастапқы коды ашық операциялық жүйелер жиыны. Бұл дегеніміз, олар модификациялана (өзгере) алады және кез келген адам оны әлем бойынша тарата алады дегенді білдіреді. Бұл оны Windows сияқты басқа ОЖ-ден қатты ерекшелейді. Өйткені Windows-ті құрастырушысы ғана (Microsoft) өзгерте және тарата алады. Линукстың артықшылығы, оның тегін екенінде және оның таңдауға мүмкіндік болатын бірнеше нұсқасы болады. Әр нұсқаның сырт бейнесі өзгеше болады, және олардың ең танымалы Ubuntu, Mint пен Fedora.

Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері
Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын қолданады.
Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда активті процестерді сақтайды және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің барлық жадысы қолданылады (виртуалдық және операциялық), Linux үшін бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады.
Операциялық жүйенің графиктік ортасы. XWindow - бұл стандартты интерфейс, ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды.
Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен бірге Интернет-хаттамасы TCP/IP, желілік хаттамалары SMB* және Novell, Nis ақпараттық хаттамалары, NFS, WINS және т. б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына жәрдемдеседі.

Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын процедураларды сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын береді. Олар қажет уақытта бағдарламаларға қосылады.
SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы. Linux көбінесе стандарттарды қолданады.
Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T* сияқты саудалық дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін жазуға мүмкіндік алады.
Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан.
Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды.

Қорытынды
Linux - Unix операциялық жүйесінің толық функционалды нұсқасы. Бұл операциялық жүйеге, Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux-ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған.
Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус Торвальдс жаңа оперциялық жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге дейін Линус Торвальдс болып саналады.

Глоссарий
GUI (ағылш. «graphical user interface») - пайдаланушының графикалық интерфейсі. Яғни, терезелер, панельдер, батырмалар мен т. с. с.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz