ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ


Slide 1

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН МІНДЕТІ

ОРЫНДАҒАН: ҚИЗАТ ЖАДЫРА

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ: СЕКЕНОВА Б. Б.

Slide 2

ЖОСПАР: 1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ 2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 3. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ТАБИҒАТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА ЖҮРГІЗУ 4. МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ

Slide 3

Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдайдың күн сайын қиындап бара жатқанын көрсетіп отыр. Табиғат байлықтарын қорғау және оны тиімді пайдалану жөнінде алға қойылған маңызды міндеттердің бірі - ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстарды жасау үшін табиғи экологиялық жүйені қосымша түрде терең оқып, білу болып табылады.

Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді: біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден, тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден, экологиялық мәдениетті дамыту; төртіншіден, қоршаған ортаны қорғауда белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.

Slide 4

Экологиялық білім берудің мақсаты мектеп оқушыларының айналадағы ортаның жай-күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады. Экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті мектеп жасынан қалыптастырып, кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін ұғындыру кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыру қажет. Экологиялық біліктілікті терендетуге жаңа саналық деңгейде экологиялық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар жүргізу, окушылардың өз бетімен ізденіп, жұмыстарына талдау жасауына өз септігін тигізеді.

Оқушылардың экологиялық сауатылығын, мәдениетін, танымдық белсенділігін арттыруға мұғалімнің білімі мен педагогикалық шеберлігі үлкен ықпал етеді. Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің міндеттеріне табиғат туралы, оның тұтастығы және қоғаммен бірлігі хақындағы ғылыми негізделген білімді меңгеру; оған ықпал етуге байланысты туындайтын практикалық шараларды дәлелдеп, орнықтыру; қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығы шексіз екенін ұғындыру; табиғи ортада дұрыс жүріп-тұрудың нормаларын сақтау; табиғатпен сырласа білу қабілетін дамыту; табиғат пен қайта қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі қызметті пәрмендірек ұйымдастыра түсу жатады. Міне, осы міндеттерді шешу жастардың экологиялық білімін арттырып, олардың табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталады.

Slide 5

И. Зверевтің пікірінше, экологиялық білімнің негізгі мақсаты - оқушылардың табиғат ерекшеліктері, оған адамдардың қарым-қатынасы, экологиялық мәселелер және оларды өндірісте, тұрмыста оңтайлы шешу үшін теориялық білімдерді игерту.

Б. Лихачев экологиялық білім мен тәрбие беру әдістері мен формаларын шартты түрде бірнеше топтарға бөледі. Ойлау мен танымды дамытудың мектептік және мектептен тыс әдістері, бағытталған тәжірибелік қызмет дағдылары мен біліктіліктерін меңгеру, құқықтық жауапкершіліктің дамуы, т. б.

А. Захлебный экологиялық бағдарлама жасауда оқушыны оқыту мен тәрбиелеуде тұлға ретінде қалыптастыру факторларына көбірек көңіл бөлу қажет деп санайды.

Slide 6

Экология - 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1968ж. ) «Естественная история происхождения» атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология - «ойкос» деген грек сөзі, «үй, баспана» ұғымын білдіреді. Э. Геккельдің айтуы бойынша экология - зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді.

«Экология» ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға айналды. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудың ғылыми-теориялық негізі. Қазіргі заманғы ғылымда «экология» деген сөздің түсінігі түпкі биологиялық мағынасымен шектелмейді. Қазір экология табиғаттағы адамның мінез-құлқының жалпы стратегиялық бағытын айқындауға жұмылдырылып отыр. Сондықтан да жастарды айналадағы табиғи ортамен тиімді байланыс жасауға үйрету, оларда экологиялық саналы тәртіп қалыптастыру жалпы білім беретін мектептердің аса маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

Slide 7

Экологиялық білім беру мәселесі ұлттық педагогиканың негізгі арқауы десек те болады. Түркі жұрты табиғатпен тікелей қарым-қатынаста өмір сүргендіктен, табиғатқа деген қамқорлыққа үлкен жауапкершілікпен қараса, ұлы ақын Абай табиғаттың ерекше құбылыстарын өз туындыларын арқау ете отырып, ұлттық экологиялық мәдениеттің негізін қалады. Ал ұлттық білімнің негізін салушылар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және тағы басқалар қоршаған ортаны аялау, салауатты өмір сүру салтын құрудың ғылыми алғы шарттарын жасады.

Slide 8

1. Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.

2. Табиғат жер байлығы,

Батырлар ел байлығы.

3. Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.

4. Су табиғаттың ажары.

5. Жауынмен жер көгереді,

Батамен ел көгереді.

Slide 9

Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер саналы экологиялық тәрбие беру мәселелерімен сусындап, бұл салада мектеп алдында тұрған күрделі міндеттерді шешуге ат салысуда. Солардың бір тобы ТМД елдерінің педагог-ғалымдары (И. Д. Зверев, А. Н. Захлебный, Н. А. Рыков, И. Т. Суравегина. А. П. Сиделъкоізский, И. Н. Пономарева, Э. А. Тұрдықұлов, А. В. Усова, Б. Мырзахмедов және т. б. ) экологиялық тәрбие берудің мақсат-міндеттері мен мазмұн жүйесін жасаумен айналысты. Ал окушыларға экологиялық тәрбие берудегі пәнаралық байланыстың алатын орны С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов, И. Я. Габеев, Н. А. Каропа, В. П. Иоганзен, Б. Хандерсон-Селлерс, X. Маркленд т. б, еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстандық ғалымдардың ішінде Ә. С. Бейсенова, Ж. Ж. Жатқанбаев, Н. С. Сарыбеков, Ә. Б, Бірмағамбетов, К. Ж. Жүнісова, К. А. Сарманова, М. Н. Сарыбеков, А. Болтаев, Н. Т. Тормансв, Ж. Б. Шілдебаев жәнс т. б. өз еңбектеріндс окушылардың экологиялық білім-біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жақтарына баса назар аударды. Сонымен қатар, С. Орынбеков, Ө. Т. Танабасв, Д. Л. Жангелдина, Р. Төлегенова т. б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары әр пәндерді оқыту барысында экологиялық тәлім-тәрбие берудің әдістемелік жолдары мен шарттарын қарастырады.

Slide 10

10

ТМД елдерінде әсіресе Ресей мемлекетінде 1994 жылдардан бері орта мектептерде экология арнайы курс ретінде оқылып келеді. Мәселен И. Т. Суравина, В. М. Сенкевич, Т. В. Кучер т. б. өз ғылыми-әдістемелік шығармаларында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде «Қоршаған ортамен танысу», «Жаратылыстану» атты кіріккен (интегралды) курстарды жүргізуді ұсынып, 5-6-сынып оқушыларына «Жаратылыстану» пәнін оқытқанда әрбір оқу жылында табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастар жайында ұғындыруды жөн санайды. Ал, жоғарғы сынып оқушылары үшін «Адам және қоршаған орта» кіріккен курсын жүргізіп, онда «Адам экологиясы», «Өнеркәсіп экологиясы», «Ауыл шаруашылығы экологиясы», «Қала экологиясы» сияқты күрделі тақырыптарды қарастыру қажеттігі туралы айтады. Бірақ, бұл ұсынылған үлгі (модель) барлық мектептерде қолдануға келмейтінін мектеп практикасы көрсетіп отыр.

Slide 11

Жоғары және орта оқу орындарында экологиялық білім және тәрбие беру мәселелеріне көптеген ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектері арналған. Белгілі эколог-ғалым академик Әлия Бейсенова мектептен бастап жоғары оқу орындарындағы ұлттық экология ғылымының жүйесін жасады. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру Н. Сарыбековтың еңбектерінде негізгі орын алады. Гуманитарлық-экологиялық бағыттағы мектеп-гимназияның экологиялық білім және тәрбие беру кешенін жасауда Ресей ғалымдары Е. С. Сластенинаның, Н. А. Рыковтың, А. И. Щербаковтың және қазақстандық ғалымдар Ә. Бейсенованың, М. Сарыбековтың, Ж. Жатқанбаевтың, Е. Мәмбетқазиевтің ғылыми ұсыныстарын, сонымен қатар халықтық педагогика негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі бойынша профессор С. Қалиев, К. Қожахметов, К. Бөлеев және тағы басқа ғалымдардың зерттеу жұмыстары мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланылды және оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім академиясының орта білім беру институтының әдіскер ғалымдары ұсынған ғылыми тұжырымдамалары басшылыққа алынды.

Slide 12

Үздіксіздік ұстанымы оқушылардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Дамытушылық ұстанымы оқушылардың білім қорын балабақшадағы сәбилік кезінен бастап, бастауыш сынып, одан жоғары сыныптарға көтерілу деңгейлеріне үйлестіре отырып дамыту. Жоғары сыныптарға экологиялық жағдайларға өз бетінше баға беретіндей деңгейге бірте-бірте жеткізу. Тепе-теңдік ұстанымы табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер арасындағы тепе-теңдіктің сақталмауы және олардағы бір құрам бөліктің өзгеруі табиғатта тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғатынын түсіндіру.

Қызығушылық ұстанымы оқыту барысында білім берудің барлық әдістері мен түрлері оқушылардың бойында қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін оның табиғи байлықтарын сүюге, аялауға ұмтылдыру. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға ынтасын арттыру.

Интеграциялау ұстанымы экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері (биология, химия, география, физика, т. б) мен гуманитарлық пәндер (әдебиет, тарих, қоғамтану т. б) арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адамнан қоғамдық деңгейге көтеру. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру.

Көрнекілік ұстанымы оқушыларға экологиялық білім беруде оқу үрдісінде көрнекі құралдар, диафильмдер, киносюжеттер, компьютерлік роликтер, кеппешөптер, коллекциялар, бейнекөріністер, индикаторды және табиғаттағы бақылаулар нәтижесін пайдалану.

Байланыстылық ұстанымы табиғаттағы тірі және өлі табиғат пен орта (топырақ, ауа, су, өсімдіктер мен жануарлар) арасында тығыз байланыстың бар екенін ұғындыру.

Қабылдаушылық ұстаным экологиялық ғылымның мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып жатық әрі түсінікті тілмен берілуі. Өлкелік ұстаным экологиялық білім беруде оқушылардың тұрмыстық салт-дәстүрлері, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескеру. Мүмкіндігінше жергілікті, аймақтық проблемаларды көтеру оған оқушылардың араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана-сезімін ояту.

Экологиялық білімді жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен принциптерін сақтау керек. Олар негізінен, ғылымилық, байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық, үздіксіздік, жалғастырушылық, интеграциялау, көрнекілік, қабылдаушылық және өлкелік ұстанымдар.

Ғылымилық ұстаным негізінен, оқушыларға білім беруде фактілер, құбылыстар мен үрдістер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда материалдар негізінде берілуі және пайдаланылуы тиіс.

Slide 13

13

Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізуде оқытудың негізгі формалары бақылау, қызықтау, серуен т. б қамтылады. Бақылауда табиғаттағы құбылмалы ауа-райын, құстың жемге келуін, мысалы аула сыпырушының қар күреуін т. б.

Қызықтау кезінде балаларды таза ауада, көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында болуы көтеріңкі көңіл күймен қатар, табиғат сұлулығын сезіне білуіне әсер етеді. Ал серуен кезінде тәрбиеші балаларды табиғатпен таныстырып, өсімдіктерге су құю қураған жапырақтарды бір жерге жинау, өсімдіктерді суару, ағаш түптерін тазалау т. т сияқты қарапайым еңбек түрлеріне қатыстырады. Мұндай еңбек түрлерін орындау балалардың еңбекке деген жауапкершілік сезімдерін дамытып, ынтасын арттырады. Нәтижесінде өсімдіктерді жұлмауға, құстарды қорғай білуге дағдыланады, өздерінің мұның пайдалы іс-әрекетімен құрбыларына да ықпал жасайды.

Slide 14

14

Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны ерекше. Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге кызығуы мен ынтасын оятудың құралы ретінде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретіндс кызмет атқарады.

Slide 15

Қорыта келе, экологиялық тәрбие беру ісі педагогика теориясы мен мектеп практикасында жаңа сала ретінде, қазіргі кезде қызу қарқынмен жүзеге асырылуда. Бұл салада теория мен практиканы дамытып, жалпы теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттігі баршаға түсінікті.

Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, олардың өз бетінше әрекет жасауын бақылау оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады. «Тәрбие отбасынан басталады» демекші, экологиялық тәрбиенің бастамалары отбасынан басталуы керек. Ата-ана кішкентайынан баланы табиғатты қорғауға, аялауға үйретсе, болашақ саналы ұрпақтың табиғатқа қиянат жасамауына үлкен септігін тигізетін еді


Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘНІ МЕН СИПАТЫ
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру жолдары
Экологиялық білім берудің негізгі ұстанымдары
Қазақстан Республикасындағы халыққа экологиялық білім және тәрбие беру
Жастар арасында экологиялық тәрбие беруге мүмкіндік алу
Экологиялық білім
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Өнеркәсіптік территорияларды көгалдандыру көгалдандырудың маңызы
ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz