С. Аманжоловтың қазақ тіліндегі диалектілерді жіктеуі және олардың дыбыстық, грамматикалық және лексикалық ерекшеліктері


Slide 1

Орындаған:Алдабек А

Тобы: Фи-17-5к

Қабылдаған: Бескемпірова Г

Шымкент, 2019ж

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

«Филология» факультеті «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы

Рөлдік ойын

Тақырыбы: С. Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілер жайында

Slide 2

Профессор С. Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілердің пайда болу мен қалыптасу тарихын қазақ жеріндегі бұрынғы тайпалық одақтармен, жүздермен байланыстырады. Қазақ тіліндегі диалектілер ру-тайпа дәуірінен басталған. Соның негізінде үш жүздің өз диалектісі пайда болған, - дейді де, солтүстік-шығыс диалектісін қазақ әдеби тіліне негіз болған «супер диалекті» деп атап көрсетеді.

Slide 3

Қазақ тілінің тарихын зерттеу нәтижесінде С. Аманжолов үш диалект бар деген түйін жасайды.

1) Оңтүстік диалектісі;

2) Батыс диалектісі;

3) Солтүстік-шығыс диалектісі;

Slide 4

Оңтүстік диалектісі:

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарын қамтиды;

Батыс диалектісі:

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды;

Ақмола, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын және Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.

Slide 5

Оңтүстік диалектісі

Бұрынғы үйсін, қаңлы, дулат және жалайыр тайпа одақтарының тілін жатқызады. Бұл одақтар ерте замандардан бастап-ақ Жетісу, Сырдария және Алатау алқабын, яғни қазіргі Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының жерін мекен еткен, олар шығысында - Синьцзянмен (Шыңжан), ұйғырлармен, солтүстік-шығысында - найман, керей, қоңырат тайпаларымен, солтүстік-батысында - алшын тайпалар одағымен, оңтүстігінде - өзбек, қырғыздармен шектескен.

Монғол шабуылына дейін де, одан кейін де, сол сияқты XVI ғасырда қазақхандығына косылған кезде де бұл тайпа одақтары Ұлы жүз болып аталды. Ерте замандардан бастап-ақ бұлардың қоғамдық, шаруашылық және мәдени ортасы бір болды. Соның нәтижесінде олардың бір кездегі тайпалық тілдері бірігіп, бір жергілікті диалект болып қалыптасты. Бұл - қазақ тілінің оңтүстік диалектісі деп аталады.

Slide 6

Оңтүстік диалектісі

1) Дыбыстық ерекшеліктері:

2) Грамматикалық ерекшеліктері

С мен ш алмасуы: мысық - мышық, есек -еилек, масқара -машқара.

Ш мен ч алмасуы: шұрқырау -чұрқырау, шана -чана, шеге -чеге, шикі -чикі, шүберек -чүберж. Бұл өзгешелік Қазақстанның шығыс аудандарында да кездеседі.

Д мен л алмасуы: теңдік - теңлік, тыңда -тыңла, маңдай -маңлай, аңдамау -аңламау.

Етістіктің жекеше II жақ бұйрық райының-ғын, -гін, -қын, -кін, -ың, -ің қосымшалары арқылы жасалған тұлғалары кездеседі: суырғын (суыр), айтқын (ант), келгін (кел), барың (бар), көрің (көр) .

Бұйрық райлы етістіктің көпше I жағының -лы -лі қосымшалары арқылы жасалған тұлғалары кездеседі: баралы - барайык, келелі - келейік.

3) Лексикалық ерекшеліктері

Айуан, дәліз, далаң -ауыз үй, алдыңғы үй, аташ -пойыз, ауқат -та-мақ, жүмыс, ашық-машық, топша, тұрым-топса, әтеш-кер, әтеижі -қысқаш, әтубер -абырой, бақуат -қуатты, бәдірең -қияр, бігіз -біз, білікЦпілік -білте, біт-пе -жазба, дава -таба, табадан, дақыл -нәрсе, зат, дарбаза -қақпа, дарын -жаршы, датқой -өсекші, дә-ке -марлі, дәс орамал -қол, орамал.

Slide 7

Батыс диалектісі

С. Аманжоловтың бөлуі бойынша қазақ тілінің батыс диалектісіне алшын тайпалар одағынын, тілі жатады. Бұл тайпалар ежелден Арал, Каспий алқабын, Жайық, Ор өзендері бойларын мекен еткен. Қазіргі әкімшілік бөлу бойынша батыс диалектісі Батыс Қазақстан, Атырау, Маңқыстау, Ақтөбе облыстарын және Қостанай, Қызылорда облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.

Алшын тайпалар одағы оңтүстігінде қазақ тілінің оңтүстік диалектісімен, қарақалпақтармен; оңтүстік-батысында түркмендермен; солтүстік-батысында татар, ноғайлармен; солтүстік-шығысында қазақ тілінің солтүстік-шығыс диалектісімен және башқұрттармен шектескен. Алшын тайпалар одағы өз ішінен бір тұтас емес: әлімұлы (6 ата), байұлы (12 ата), жетіру (7 ата) сияқты үш тайпалық бірлестіктен құралған. Алшындар ерте замандардан бастап басқа қазақ тайпаларынан оқшауланып келді. XVII ғасырдың бас кезіне дейін Ноғай ордасының карамағында болып, басқа қазақ жүздеріне ең соңынан қосылғаны тарихтан белгілі.

Slide 8

Дыбыстық ерекшеліктері:

Батыс диалектісіндегі ерекшеліктерге анықтама бер

Грамматикалық ерекшеліктері:

Лексикалық ерекшеліктер:

Slide 9

Дыбыстық ерекшеліктері:

Ш мен с алмасуы: шекер - секер, келешек - келесек, шоқаю - соқаю, шұжық - сүжік.

Ш мен ж алмасуы: келешек - кележақ, берешек - бережақ, шаң-шұң - жаң-жұң, қиыр-шиыр - қиыр-жиыр.

Батыс диалектісі

Грамматикалық ерекшеліктері:

Жіктеу есімдігінің I, II жақтарының сыпайы түріне ілік жалғауы қысқарған түрде қосылады: бізің-біздің, сізің -сіздің. Бұл есімдіктердің тәуелденген түрінде де ерекешелік бар: бізікілер-біздердікі, сізікілер-сіздердікі.

Лексикалық ерекшеліктер:

Аданас - туысқан, айлақ -кеме тоқтайтын жер, алқа-құлып, ату - мәсі, ауыт- түйе қамыты, әйдік-үлкен, бел-темір күрек, бойлай-ылғи, үнемі, бостан-бостандық, бөтеке- бөтеге.

Slide 10

Солтүстік-шығыс диалектісі:

Slide 11

Солтүстік-шығыс диалектісі:

С. Аманжолов қазақ тілінің солтүстік-шығыс диалектісіне бұрынғы керей, найман, арғын, қоңырат және қыпшақ тайпаларының тілін жатқызады. Бұл тайпалар ерте замандардан бастап-ақ Ертіс, Есіл, Тобол, Торғай өзендері бойын; Алтай, Тарбағатай алқабын, Арқа жерін мекен еткен.

С. Аманжолов солтүстік-шығыс диалектісін қазақтың әдеби тілінің негізіне жатқан диалект деп есептейді. Қазақ тілінің диалектілері мен қазіргі әдеби тілін фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жағынан жан-жақты салыстыра келіп, басқа диалектілерге қарағанда, солтүстік-шығыс диалектісінің қазіргі әдеби тілге әлдеқайда жақын екендігін атап көрсетеді.

Slide 12

\

Диалект сөздерді ерекшеліктеріне қарай топтастыр

1) Дыбыстық ерекшеліктері:

2) Грамматикалық ерекшеліктері:

3) Лексикалық ерекшеліктері:

.

Slide 13

\

Диалект сөздерді ерекшеліктеріне қарай топтастыр

1) Дыбыстық ерекшеліктері:

2) Грамматикалық ерекшеліктері:

3) Лексикалық ерекшеліктері:


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі шылаулар: түрлері, грамматикалық қызметі және қолданылу үлгілері
Қазақ тіліндегі функционалды-семантикалық грамматикалық категориялар: теория мен зерттеу мәселелері
Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің лексика-грамматикалық сипаты, түбірлік құрылымы және категориялары
Қазақ тіліндегі нөлдік морфема мен нөлдік форманың теориясы, түрлері және грамматикалық қызметі
Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері және грамматикалық, лексика-грамматикалық және семантика-грамматикалық ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі қысқарған сөздердің жасалуы және қолданылу ерекшеліктері
Жабайы аңдар: фонетикалық, лексикалық және грамматикалық тапсырмалар
Қазақ тіліндегі грамматикалық мағынаны білдіретін бірліктер: жалғаулар, нөлдік морфема және көмекшілер
Қазақ тіліндегі табыс концептісінің лингвомәдени ерекшеліктері
Gaudeamus студенттік әнұраны: тарихы, мәтіні және лексикалық-грамматикалық талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz