Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Презентация қосу
Қосымша жазалар. Негізгі
ретінде де, қосымша ретінде
де қолданылатын жазалар
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
1.1Негізгі жазалардың түрлері
2 Қосымша жазалардың түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жаза — сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық
заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Жазаның негізгі мақсаты
әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы
уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің
жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Сондай-ақ,
жазаның айыпты адамның түзелуіне және оның отбасы мен асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына
ықпалы да есепке алынады. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар
қолданылады: айыппұл салу; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға
тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас
бостандығынан айыру. Негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар бар: арнаулы, әскери немесе
құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және
мемлекеттік марапаттарынан айыру; мүлкін тәркілеу т.б. Бұрын қылмыс жасамаған азаматтарға жаза
белгілеу кезінде жазаны жеңілдететін мән-жайлар ескеріледі. Ол мән-жайларға мыналар жатады: байқаусыз
жеңіл қылмыс жасау; айыпкердің кәмелетке толмауы; айыпкердің жас балалары болуы; зардап шегушіге
тікелей медициналық және өзге де көмек көрсетуі; қылмыспен келтірілген шығынды толтыруға көмектесуі;
ауыр мән-жайлардың тоғысуынан; қылмыс жасауға жәбірленушінің заңға қайшы, адамгершілікке
жатпайтын қылығының түрткі болуы; шын ниетпен өкіну, айыбын мойындап келу; қылмысты ашуға,
қылмысқа басқа да қатысушыларды әшкерелеуге, қылмыс жасау арқылы қымқырылған мүлікті іздеуге
көмектесу, т.б. Сонымен бірге айыпкер үшін қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар
да ескерілген.
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Жаза тағайындау — жасалған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімін шығарарда қылмыстық ықпал
жасаудың нақты шарасын соттың таңдауы.
Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты және маңызды саты болып табылады. Өйткені, жаза
тағайындау, оны жүзеге асыру сотталған адамды түзеуге, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, қылмыстың алдын
алуға ықпал етеді. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткізу көбіне қылмыстық жазаны әділ әрі негізді тағайындау арқылы
мүмкін болады.
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы
мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумьшың 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза
тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» № 1 қаулысында былай делінген:
Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда
кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып,
соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және коғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі
заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды.
Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы кағидаларын
бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің
болуын және оның түрін; сотталушының кылмыстық әрекеті қай сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ
немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін оның
әрекеттерінің мағынасын және келтірген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар
жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда
неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс
жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық
жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі
қажет. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін
жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ,
істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке
алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.
Жаза тағайындау кезінде сот мына жағдайларды
міндетті түрде ескеруі тиіс:
1.1 Негізгі жазалар
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып
табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және
тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа
қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге
асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген
айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа
бөлінеді:
Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза
түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту,
арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және
мемлекеттік наградадан айыру.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға
мынадай негізгі жазалар:
Айыппұл
2. Қосымша жазалар
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын,
жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын
жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Пленумының «Жаза тағайындалғанда соттардың дұрыс қолдану»
24 маусым 1993 жылғы №3 қаулысының 16 – тармағында
«Соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне бас назар
аударғаны жөн. Өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс
үйлестіре білу оны даралай көрсету принципін дәйекті түрде
жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі», –
делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының
санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану
мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы
мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде
міндетті түрде көрсетуге тиіс.
Қолданылған әдебиеттер
1. Беляев Н.А. Цели наказания и средства их достижения в исправительно-трудовых
учреждениях/ Н.А. Беляев.- Л., 1963.- 25-26 б.
2. Карпец И.И. Наказани:Социальные, правовые и криминологические проблемы/ И.И.
Карпец.- М.: Юрид. Лит, 1973.- 141 б.
3. Тарбагаев А.Н. Понятие и цели уголовной ответственности/ А.Н. Тарбагаев.-
Красноярск, 1986.- 102 б.
4. Марцев А.И. Теоретические вопросы общего и специалъного предупреждения
преступления: Заң ғылымдарының докторы диссерт. Автореф/ А.И. Марцев.- Свердловск,
1975.- 24-25 б.
5. Карпец И.И. Көрсетиген жүмыстың 156-157 беттері, жазадан босату. — М., 1973.- 6 б.
6. Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву/ М.Д.
Шаргородский.- М., 1958.- 198 б.
7. Полубинская С.В. Цели уголовного наказания/ С.В.Полубинская.- М., Наука.- 1990.-
486 б.
8. Карпец И.И. Индивидуализация наказания/ И.И. Карпец.— М., 1962.- 27 б.
9. Ефимов Е.А. Условное осуждение и условно-досрочное освобождение от наказания/
Е.А. Ефимов. - М., 1963. — Б. 6.
10. Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву/ М.Д.
Шаргородский. — М., 1958. — Б. 156-157
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz