I-II Мемлекеттік Думалардағы (1906-1907) қазақ өкілдерінің қатысуы мен қызметі


Slide 1

Қазақтардың I-II Ресей мемлекеттік Думасының қызметіне қатысуы

Slide 2

Мемлекеттік дума

1906-1917 жж. Ресей империясының заң жөнінде кеңес беретін заң шығарушы құқықтары шектеулі уәкілетті мекемесі. Мемлекеттік дума Бірінші орыс төңкерісі нәтижесінде демократиялық даму жолындағы өзгерістерді енгізуге мәжбүр болған Ресей патшасының 1905 ж. 17 қазанда жариялаған манифесі негізінде құрылды.

Мемлекеттік дума төрт рет шақырылды. Қазақ халқы оның тек екеуіне қатысты. I және II Мемлекеттік думаға қатысқан қазақ депутаттары Ресей парламентіне өз аймақтарының көкейкесті мәселелерін жеткізуге тырысты;

Ресей Федерациясының екі палаталы Жоғарғы Заң шығарушы органының төменгі палатасы

Slide 3

Бірінші Мемлекеттік Дума

Slide 4

1 Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат сайланды:

А. Бірімжанов (Торғай облысы)

А. Қалменов (Орал облысы)

Ә. Бөкейханов (Семей облысы)

Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы)

Slide 5

Екінші Мемлекеттік Дума

Екінші Мемлекеттік Дума- Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б. Қаратаев, Ақмоладан Ш. Қосшығұлов, Торғайдан А. Бірімжанов, Семейден Т. Нұрекенов, Жетісудан М. Тынышбаев, Сырдариядан Т. Алдабергенов, Астраханнан Б. Құлманов сайланды.

Slide 6

Қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ. ) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ. ) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.

Slide 7

Мұсылман фракциясына 36 депутат енді. Бұл фракция "мұсылман фракциясы" және "мұсылман қызмет фракциясы" болып екі топқа бөлінеді.

1907 жылдың 21 сәуірінен мұсылман депутаттары "Дума" газетін шығарып, Думада қаралып жатқан мәселелерді жариялап тұрды.

Мұсылман фракциясы Ресейдің шет аймағындағы отарлау саясатын әшкерелеп, парламенттік жолмен кұрес жұргізді. Қазақ депутаттары Нұрекенов, Алдабергенов, Қосшығұлов, Бірімжанов мұсылман фракциясының құрамына, Тынышбаев конституциялық-демократиялық фракция құрамына кірді.

Slide 8

І және ІІ Мемлекеттік Думаға сайлаған қазақ депутаттары


Ұқсас жұмыстар
1906-1907 жж. қазақ депутаттарының I-II Мемлекеттік Думалардағы қызметі мен жер саясатына реакциясы
Қарқаралы петициясы және қазақ петициялық қозғалысы (1902-1907): дін мен жер мәселелері
Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің I-II топ элементтерінің фармакопеялық талдауы: мыс, күміс, мырыш
HLA (MHC) жүйесінің құрылымы мен генетикалық полиморфизмі: локустар, гаплотиптер және I-II класс антигендері
Фотосинтездің жарыққа тәуелді реакциялары: I және II фотожүйелер, электрон тасымалы және фотофосфорлану
Қазақ тілінің орфоэпиялық ережелері: ә, ы, і және и дыбыстарының айтылуы мен жұтылуы
Сара Тастанбекқызы (1853-1907): өмірі, шығармашылығы және әдеби мұрасы
Мұхамеджан Тынышпаев: тұңғыш қазақ теміржол инженері және қоғамдық-саяси қайраткердің өмірі, қызметі мен еңбектері
Бейорганикалық фармацевтикалық қосылыстар: мыс пен күміс (I топ), магний, кальций, барий және мырыш (II топ)
Мемлекеттік органдар: белгілері, қызметі және мемлекеттік құрылым түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz