Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары



Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық қозғалыстар
Орындаған: Калдыбаева Нургуль
Есенбекқызы Ақбота

Жоспары:
1. Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары.
2. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі.
3. Ұлттық қозғалыс және жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы.
4. Қазақтардың Ресейдің І - ІІ Мемлекеттік Дума мен дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметі.
5. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: тарихнамасы және жаңаша көзқарас

Патша өкіметі қазақ даласын отарлау саясатын жүргізгенде әр түрлі кезеңге орай, түрліше әдіс, айлаларды қолданып отырған. Түпкі мақсаты шикізаттың мол қоры саналатын ұлан-байтақ даланың байлық көздерін басыбайлы, түбегейлі иемдену болды. Ол үшін тұрғын халқын сахараның байырғы тіршілікке оңтайлы сулы-нулы шұрайлы елді-мекендерінен құмды, шөлейт жерлерге ығыстырып, оның орнына Ресейдің халқы көп шоғырланған аймақтарынан мұжықтарды күштеп әкеп жерсіндіруге тырысты. Осыған орай отаршыл әкімшілік қол астындағы халықты жан-жақты кіріптар ету үшін, мақсатты ойын жүзеге асыру жолында әр түрлі заңдар мен низамдар шығарып, елдің ішкі ерекшеліктерін жойып, дәстүрлі ел билеу жүйесін өз пайдасының ыңғайына көшіруге күш салды. Ресейден ағылған мұжықтарға беріп тауысқан соң, енді егінге жарамсыз жайылымдық жерлерге жабысты. Қалайда бұратана санаған халықты жайлы орнынан қуып, тақыр мен шөлге бостыруды көздеді. Олардың босаған жеріне орыс мұжығын орналастыру қарқыны өрши түсті. Қазақ халқының этникалық-рухани белгісін мүлдем жойып, шоқындыру арқылы ассимиляцияға түсіру жолына да бағытталған шаралар ыждағаттылықпен жүріп жатты. 1912 жылдың 5, 26-сәуірінде болған Қасиетті Синод кеңсесінде мынадай қаулы қабылданды: «Қазақтарға отырықшылық нормамен жер бергенде бөлек ауыл болып отыруға тыйым салынсын, міндетті түрде орыспен көрші болсын. Сол кезде ысходта қандай мәселе қаралса да, орыс дауысы басым болады. Сонда православие иісі сіңіп, қазақ тез шоқынады».

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы Ресей федерациясы халқы үшін қоғамдық сананың ояну кезеңі болғаны тарихтан мәлім. Ресей империясы құрамында болған қазақ халқына мұның өзі тікелей қатысты тарихи құбылыс болуымен қазіргі және келешек ұрпаққа құнды құбылыс болып табылады. Қазақ қоғамының сол тұстағы саяси дүниетанымының оянуына, оның өмірдің өзі алға қойған проблемаларына сай дамуына «Алашорда» халықтық демократиялық ағымы бірте- бірте бүкілхалықтық сипатқа ұласуымен зор екпін, тың серпін қоса білді. Осынау ұлттық рухымызды оятып, тас-түйін бірлікке жету тек қана ұйымдасқан іс-әрекет керектігін бұқараның көзін жеткізу үшін ХХ ғасыр басындағы білім-тәрбиелі жаңа заман талабын дұрыс түсінген қазақ жастары мынадай түбегейлі міндеттерді шешуді өз алдарына және қазақ қоғамы алдына қойды:

Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезең болып табылады.
ХХ ғасыр басындағы дәуір шеңберінде қазақтың алдыңғы қатарлы жастары оқу-білімге көптеп, шын ынтамен ағылып келе бастады. Олар сол кезеңдегі Ресейдегі өнеркәсіп, ғылым мен мәдениеттің көрнекті орталықтары Санкт-Петербургте, Мәскеуде, Казанда, т. б. қалаларда орта және жоғары оқу орындарында оқып білім шыңдады.

Сонымен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің бір ғана Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқыған. Б. Қаратай, Б. Құлман, Б. Сыртанұлы, А. Тұрлыбайұлы, М. Шоқай, Ж. Ақбайұлы және басқалар. Сондай-ақ, Мәскеу мен Санкт-Петербургтың басқа жоғары оқу орындарын Ә. Бөкейхан, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышпайұлы сияқты қазақ жастары бітірген.

Мұсылман бағытындағы партиялар
-1917 ж. қыркүйек - Түркістан федералистер партиясы құрылды; -“Иттифок - и- муслимин” (мұсылмандар одағы) партиясы құрылды; -1917 ж. наурызда “Шура - ислами” саяси ұйымы; - Мұсылмандар қозғалысы негізінде “Шура и Ислам” партиясы құрылды, Семейде, Гурьевте, Ақтөбеде, Қазалыда, Павлодарда, Верныйда халық комитеттері пайда болды.

1917 ж. сәуір -Қазақтардың Жетісудағы облыстық съезі. Қаралған мәселелер:

Алаш зиялыларының ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұстанған бағыты ғылым мен білімнің көзі исламға бет бұру және оны жаңаша серпілту (жәдитшілдік) жолы еді. Қазақ даласына бұл жол қырымдық татарлардың көрнекті ғалымы Ысмайыл Ғаспыралының (Исмаил Гаспринский) «Тәржімасы» арқылы тартылды деуге болады. Алаш қайраткерлері Батыс пен Шығысты тең ұстаған, ғылыми исламды өміріне азық еткен Исмаил Гаспринскийді үлгі тұтты.
Ысмайыл Гаспыралы немесе Исмаил Гаспринский - ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысындағы бүтін түркі дүниесіне, жалпы адамзатқа ортақ аса ірі қайраткер, қаламгер, жазушы, ойшыл, ағартушы. Оның жаңашылдығы, түркі-мұсылмандар арасындағы ағартушылық-реформалық бастамалары сол кездегі ортақ отанымыз бен шетелдердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Жәдитшiлдiк бағыт негiзiн салушы Шаһабуддин Маржани болғанымен, қазақ оқығандары И. Гаспринский еңбектерi мен оқулықтарын пайдалану арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылды. И. Гаспринскийдiң осынау оқулықтары, танымдық кiтаптары, ағартушылық аудармалары ағартушының алдына қойған арман-мүддесiнiң үдесiнен шыққанын көрсетедi.
«Жәдит» термині ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Жәдидшілдік қозғалыстың түркі халықтары арасында тарауы мен дамуы ХХ ғасырдың 20-жылдарының өзінде ғылыми зерттеулерге арқау болды. 1920-1930 жылдар аралығында жарық көрген ғылыми зерттеулерде татар ағартушыларының, зиялыларының ғасыр басындағы азаттық қозғалысқа және 1917 жылғы қос революцияға қатысу барысы айқындалып, олардың қоғамдық-саяси қызметтеріне баға берілді. Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланады. Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Оқу құралы» атты кітабынан көре аламыз.

-“Қазақ ” газеті 1913 ж. ақпаннан 1918 ж. қаңтары аралығында 3000 дана таралым мен 265 нөмері жарық көрді. Ал, жекелеген нөмерлері 8000 данаға дейін жетті.
- 1911 ж. 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап” ұлттық журналының бірінші нөмері шықты. Бұл журналдың 1915 ж. қыркүйекке дейін айына бір рет, 88 нөмері мен 1000 дана таралымы болды.
- 1913 ж. қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда “Ешім даласы” газеті шығып тұрды
-1911 ж. 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді “Қазақстан” газеті шықты.
-1907 жылғы наурызда Троицкіде “Қазақ” газетінің бірінші нөмері шықты.
-1902 ж. қазақ тіліндегі мерізімді баспасөздің алғашқы басылымдары “Түркістан уәлаятының газетін”, “Дала уәлаятының газетін” отаршылдық өкімет органдары құрды.

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысы жылнамасының жарқын беттерінің бірі. Ол әлемдік империалистік соғыстың шиеленіскен уақытында, Ресейде шаруалар мен жұмысшылар қозғалысының белең алған кезінде өтті.
1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді. Ресейден шаруаларды жаппай қоныс аудару саясаты, қазақ шаруашылығының құлдырауы, азаматтық құқықтың шектелуі Қазақстанда ұлттық қатынастың шиеленісуіне алып келді.
19-43 жас аралығындағы барлық бұратана ер адамдарды майдандағы тыл жұмысына алу мен әскер үшін қорғаныс құрылыстарын салу жұмыстарына шақыру жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Бұл жарлық қазақ даласын ауыр жағдайға душар етті. Әскерге шақыру шөп дайындау, егін ору, малды қоңдандыру уақытымен тұспа-тұс келді. Еңбекке жарамды ер адамдарды әскерге алу, шұрайлы жерлерді орыс қоныс аударушыларына тартып алып беру тоқырап тұрған қазақ шаруашылығын одан әрі күйзелте түсті. Тыл жұмысына алу қазақ және Орат азияның басқа халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты қозғалысының басталуына түрткі болды.

Ә. Бөкейханов бастаған топ, 1916 жылы 7 тамызда Орынборда үлкен жиналыс өткізген. Осы жиналыста Торғай, Орал, Ақмола, Жетісу облыстарының жұмысшыларынан өкілдер сайлап алып, сол жерде патша үкіметіне өздерінің басты-басты талаптарын қояды. Бұндағы ең үлкен басты талап - барған қазақтарды отыз-отызға бөліп, артель құрып, сол арқылы тізімге алып, не бір мекемеге тіркеп, ақы берсе деген болатын. Яғни, істеген қара жұмыстарына ақы төленсе дегенді меңзеді. Одан барғаннан кейін қазақтарға діни мейрамдар мен өздерінің өткізетін іс-шараларына тыйым салынбаса деген талап қояды. Келесі бір талабы жұмысшыларға лайықтап киім беру, әсіресе қыста суық түсуіне байланысты киіммен қамтамасыз етуін міндеттеді. Міне, осындай өздерінің басты талаптарын жоғары жаққа жібереді. Біздің қазақтар ол жаққа барғаннан кейін көбі ағаш шеберлері болған, ұсталар болған. Олар көпірлер, жолдар және барактар салумен айналысты. Ең басты, негізгі істеген жұмыстары - окоп қазу болды. Алғашқы күннің өзінде 7 қыркүйекте мың адам Минскінің түбінде жол қатынасын салуға жіберілген. Сол сияқты көп мәліметтер бар. Бірақ, тылға жіберілгендердің мәліметі толық емес. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 1916 жылдың қазан-қараша айларында Батыс өңірде Солтүстік майданға - 18 мың қазақ, Батыс майданға да - 18 мың қазақ, ал, Оңтүстік-Батыс майданға - 9 мың қазақты жіберген екен. Олардың әрқайсысын топ-топқа, яғни, партияға бөліп (ол жерде топты партия деп атаған), орналастырған екен. Мұнда, әрине, қиыншылықтар болды. Себебі, бұрын жол жүріп көрмеген жұмысшылар жолдың жүру азабына тап болды, онда жұқпалы аурулар тарады. Көбінің кетіп бара жатқан жолда қаза табуына байланысты, жолдың жиегіне жерленулеріне тура келді. Тізім жасалғанда көптеген әділетсіздіктерге жол берілді. Мысалы, жарлық бойынша 19 бен 43 жас арасы деп көрсетілгенмен, 16 мен 50 жас арасындағы ер адамдар қара жұмысқа алынып жатты. Тіпті, аурушаң, керең, мылқау, бір жақ көзі көрмейтін, жұмысқа жарамсыз адамдардың майданға алынуы қиыншылық тудырды. Осы туралы Әлихан Бөкейханов баяндама жасаған болатын. Жұмысшылар ол жақта үш түрлі жерде орналасты. Біріншісі, белуардан қазған топырақтың үстін тепелеп жапқан үйде 100-200-ге жуық адам тұрды. Екіншісі, бұл арнайы салынған барактар, үшіншісі, палаткалар. Осы палаткаларда тұрғандардың арасында киімдерінің кептірілмеуінен суық тиіп ауыруы, өкпе қабынуы, жұқпалы ауруларға шалдығуы жиі кездесті. Бастапқы кезде ақы төленгенімен, кейіннен соғыстың үдеп кетуіне байланысты ақылары да берілмей, үйлерінен әкелген тамақтары да бітіп, киімдерінің тозуына байланысты жағдайларының ауырлап кету фактілері де кездесті. Әлихан Бөкейханов, Мырзағазы Есболов бастаған көптеген зиялылар 1916 жылы, 23 желтоқсанынан 1917 жылдың 12 қаңтары аралығында бүкіл Батыс өңірі, Минскінің түбіндегі 9 корпустағы қазақтардың топтарын аралаған екен. Жағдайларының қандай болғанын көзімен көріп, Мәскеуге барып, сол жерде үлкен баяндама жасаған. Қазақ жұмысшыларының жағдайларын жеңілдетуді, демалысқа жібертуді, ақысын төлеуді, майдангерлердің барлығына бірдей қылып жағдайларын жасап беруін өтінген. Кейіннен осы ұсыныс «Қазақ» газетінде 1917 жылдың 20 қаңтарында «Жұмысшылар жайында» деген тақырыпта жарияланған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz