САҢЫЛАУЛАРЫНАН ӨТЕТІН СҰЙЫҚТЫҢ АҒУЫ




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
«Техникалық» факультеті
Мұнай-газ ісі кафедрасы

2.1 ШТАНГАЛЫ ҰҢГЫЛЫ СОРАП (ШҰС) ГИДРОМЕХАНИКАСЫ:
ПЛУНЖЕР-ЦИЛИНДР ЖӘНЕ КЛАПАН ЕРШІГІ-ШАРИК
САҢЫЛАУЛАРЫНАН ӨТЕТІН СҰЙЫҚТЫҢ АҒУЫ

Орындаған: Сулейменов Н

Ақтөбе 2019
Ұңғымаларды штангалы ұңғымалық сораптармен (ШҰС)
пайдалану әлемнің мұнай өндіретін кен орындардың көп
бөлігінде кеңінен таралған.

Сурет 1. Штангалық ұңғылық сорап қондырғысы
1-СКҚ, 2-штангылер тізбегі, 3-саға жабдығы, 4-балансир басы,5-балансир, 6-тіреу, 7-
редуктор,8-электроқозғалтқыш, 9-тереңдік сорап, 10-тоғыту клапаны,11-плунжер,
12-пайдалану тізбегі,13-қабылдағыш (сорғыш) клапан.
ҰҢҒЫМАЛАРДЫ ШТАНГАЛЫ СОРАПТАРМЕН
ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰРАЛ-
ЖАБДЫҚТАР:
- тереңдік плунжерлік насос;
Ұңғымаға сораптыкомпрессорлы құбырлар (СКҚ) 1
бағанасымен сұйық деңгейіне сорап цилидрін түсіреді, оның
төменгі бөлігінде, тек жоғары ашылатын қабылдау
клапаны 13 орналасқан. Содан кейін, сорап штангілер 2
арқылы СКҚ 9 ішіне плунжер деп аталатын поршеньді 11
түсіреді, оны сорап цилиндрі ішіне орнатады.
Плунжердің жоғары ашылатын бір немесе екі клапаны
10, 13 болады, олар шығарынды және айдау клапандары
деп аталады.
Штанганың үстіңгі жағын тербелмелі-станок
балансирдің алдыңғы иық басына бекітеді.
Сорапты-комрпессорлы құбырларымен сұйықты мұнай
құбырға бағыттау үшін және оның ұңғыма сағасында
төгілуін болдырмау үшін тройник 3 және оның жоғарғы
жағында сальник орнатады. Осылар арқылы сальникті
(жылтылдатылған) штокты өткізеді.
Ұңғымалық сорап тербелмелі-станоктан қозғалысқа келеді,
мұндағы қозғалтқыштан 8 алынатын айналмалы қозғалыс,
кривошипті-шатунды механизм 7 редукторының және балансир 5
көмегімен қайтымды-үдемелі қозғалысқа түрлендіріледі.
Плунжердің жоғары жүрісі кезінде, қысым құлайды, және сору
клапаны құбыр сыртқы кеңістіктегі сұйық бағанасы қысымның
әсерінен ашылады да, содан кейін, сұйық ұңғымадан сорап
цилиндріне келіп түседі. Бұл уақытта, плунжердің айдау клапаны 10,
оның үстінде орналасқан сұйық бағанасы қысымы әсерінен жабық
тұрады.
Плунжердің төменгі жүрісі кезінде, қабылдау клапан 13 сорапты
құбырда сұйық бағанасы қысымы әсерінен жабылады, ал плунжерде
орналасқан клапан 10 ашылады және сұйық сорапты-компрессорлы
құбырға келіп түседі.
Плунжердің үздіксіз жұмысы кезінде, сору және айдау кезектеседі,
соның нәтижесінде әрбір жүріс кезінде сұйықтың біршама мөлшері
сорапты құбырға еліп түседі. СКҚ-ғы сұйық деңгейі көбейеді және
ұңғыманың сағасына жетеді де, сұйық сальникті жабдығы бар
тройник 3 арқылы лақтырынды желіге құйылады.
Тербелмелі
станок

ШҰСҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ
ЖАБДЫҚТАРЫ

Арқанды алқа
Сальникті шток балансир басына арқанды алқа көмегімен жалғасады. Арқанды алқа
конструкциясы, диаграмма түсіріп алатын аспап – динамографты орнатуға мүмкіндік береді,
динамограф - шток жүрісінен іліну нүктесіндегі әсер ететін күштердің тәуелділігі [P(S)].
Сонымен қатар, арқанды алқа көмегімен плунжердің сору клапанына соғылуын немесе
плунжердің цилиндрден шығып кетуін болдырмау үшін, плунжердің цилиндр сорабына
отырғызылуын реттейді.
Арқанды алқа (6-сур) төменгі 1 және жоғарғы 4 траверсадан тұрады. Төменгі траверсаға арнайы
қысқыш 2 көмегімен арқанның ілмегі 7 бітеледі. Жоғарғы траверсада сальникті штокты ұстап
тұратын, сыналы (клиновый) қысқыш бекітілген. Төменгі траверсаның шеттерінде, жоғарғы
траверсаны көтеру үшін және арасына динамографты орнату үшін винттер 3 болады.
Тербелмелі-станок жиынтығына кіретін арқанды алқа конструкциясының элементтері
стандартты болып келеді. Арқанды ілмек балансир басындағы арнайы роликке кигізіледі.
Сальникті штокты сына ұстағышпен ұстау орнын өзгерту - жоғарғы траверсаны шток
бойымен керекті жерге орын ауыстыру арқылы және сыналы ұстағышты муфтамен 6 қайта
СОРАПТЫҚ ШТАНГАЛАР
Әдеттегі штангалар, штанга диаметрі бойынша төрт
номиналды өлшемде шығарылады: 16, 19, 22 және 25 мм.
Штанганың ұштары штанга бағанасын бұрау және бұрап
шығару кезінде, арнайы кілтпен ұстау үшін басы
қалыңдатылған квадрат қималы түрінде болады.
Қалыпты ұзындықты штангалардан басқа (8 м),
стандартты диаметрлі, ұзындықтары 1; 1,2; 1,5; 2; 3 м
болатын, қысқартылған штангалар шығарылады. Қысқа
штангалар штанга бағанасының ұзындығын реттеу үшін
қажет, мұнда ілінген плунжер сорап цилиндрінде
берілген шектерде орын ауыстырады. Штанга
бағанасының жоғарғы ұшы қалыңдатылған
жылтылдатылған штокпен бітеді, ол ұңғы сағасындағы
сальникті тығыздатқыш арқылы өтеді.
Салынатын сораптар
Цилиндр плунжер және клапанмен бірге, штанга

арқылы түсіріледі. Бұл кезде сорапты құбырлардың
аяғында алдын-ала арнайы отырғызылатын
қондырғы – құлыптық тіреу орнатылады, мұнда
сорапты отырғызу және тығыздатылу жүреді. Жөндеу
кезінде салынатын сорапты шығару үшін, тек
штангаларды шығару жеткілікті, сол арқылы
барлық сорап шығарылады.
Салынатын сорапта берілген диаметрлі құбырлар

арқылы тек плунжер ғана емес, сонымен қатар
қапталмен (кожух) цилиндр жіберіледі, сондықтан
салынатын сораптың плунжер диаметрі құбыр
диаметрінен бірнеше есе аз болу керек. Сол ұшін
берілген диаметрдегі құбырда салынатын сорапты
жіберу әрқашан салынбайтын сорапқа қарағанда аз.

Ұқсас жұмыстар
Арқанды алқа
Жыныстық циклдің өтуіне экологиялық және климттық жағдайдың, азықтандырудың, күтіп- бағудың, аталық малдың тигізетін әсері
Тамырлар арқылы қан қозғалысының жалпы физика-математикалық заңдылықтары. Биологиялық ұлпалардың селқос механикалық қасиеттері
«Тамшылы сұйықтардың ағуы»
Гидравликалық кедергілер
СҰЙЫҚТАР МЕН ГАЗДАР МЕХАНИКАСЫ
НЬЮТОНДЫҚ СҰЙЫҚТАР
Сібір жарасы,Туберкулез
Ішкі үйкеліс күштері
Сұйықтар қозғалысының режимі
Пәндер