Құрылыс металл конструкцияларының материалдары: болаттар мен алюминий қорытпалары


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «Құрылыс және көлік» факультеті «Өнеркәсіптік азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы Презентация Тақырыбы: Металл конструкциялардың материалдары

ОРЫНДАҒАН:

ТОБЫ:

ҚАБЫЛДАҒАН:

2019жыл

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Жалпы түсінік

Негізгі бөлім

Құрылыс болаттары: жалпы сипаттамасы және механикалық қасиеттері

Алюминий қорытпалары: жалпы сипаттамасы және механикалық қасиеттері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Металл конструкцияларында негізінде болаттар және алюминий қорытпалар қолданылады. Болат материалы - прокатты және құйма түрінде пайдаланады және олардың дәнекерлену қасиеттері жақсы болады. Алюминий қорытпалардың беріктігі жоғары және өте жақсы пластикалық қасиеттері болады. Құрылыс конструкцияларда 95% прокатты болат қолданылады, алюминий қорытпалар негізінде қорғау конструкцияларда қолданылады.

Slide 4

Құрылыс болаттар

Болат дегеніміз - темірдің, көміртектің (У), рудадан қалған қоспалардың және легирлей қосымшалардың қорытпасы.

Болат көміртекті және легирленген болады.

Құрылыс металл конструкцияларда негізінде аз көміртекті болаттар қолданылады, олардың пластикалық қасиеттері жоғары және дәнекерлеу қасиеттері жақсы.

Құрылыс металл конструкцияларда негізінде аз легирленген болаттар қолданылады, бірақ кейбір жағдайда орта легирленген болаттарда қолданылады. Болаттарды мартен және конвертор қорыту тәсілімен жасайды. Болаттардың қасиеттері және сапасы негізінде механикалық қасиеттері мен және химиялық құрамымен сипатталынады.

Slide 5

Болаттың химиялық құрамы

Болаттың химиялық құрамы әр түрлі қосымшалардың және қоспалардың мөлшері процентпен сипатталынады.

Көміртек (У) - аққыштық шекті және беріктікті ұлғайтады, бірақ дәнекерлену және пластикалық қасиеттерін төмендетеді, сондықтан МК аз көміртекті болаттар қолданылады. Болаттың құрамына арнайы легирлену қосымшаларды енгізеді, олар болаттардың қасиеттерін жақсартады.

Мысалы: Кремний (С) - беріктігін ұлғайтады, бірақ төзімділігін дәнекерлену қасиеттерін және соққы тұтқырлығын төмендетеді. Кремнийдің жағымсыз әсері марганең (Г) қосымшаның көп мөлшерімен басылады (төмендетеді) .

Марганец (Г) - ұлғайтады, пластикалық қасиеттерін төмендетеді;

Мыс (Д) - беріктікті, коррозияға тӛзімділігін ұлғайтады;

Алюминий (Ю) - соққы тұтқырлығын ұлғайтады, фосфордың жағымсыз әсерін төмендетеді; Азот (А) - легирлеу элементтермен қосыла болаттың механикалық қасиеттерін жақсартады; Легирлеу қосымшалар - никель (Н), ванадий (Ф), вольфрам (В), молибден (М), титан (Т), бор (Р) азкөміртекті болаттардың беріктігін және механикалық қасиеттерін жақсартады. Кейбір қоспалар зиянды болады:

Фосфор - пластикалық және соққы тұтқырлық қасиеттері төмендейді, төмен температураның әсерінен болат морт қирауы мүмкін. Күкірт - беріктігін төмендетеді, дәнекерленген кезде жарықшақтардың пайда болуына себеп болады ; О2, Н2, N - оттегі, сутегі, азот - балқытылған болатқа аудан О2, Н2, N түскен жағдайда болаттың морттылығы күшейтіледі.

Slide 6

Егер балқытқан болатты ашытпасақ, онда газдар сыртқа шығып болат қайнаған су сияқты болады. Осындай болаттарды қайнатылған деп айтады. Бұндай болаттардың құрамында көпдеген газдар болады және тез суытылғаннан, болаттың құрамы біртекті емес болады. Сондықтан балқытылған болаттың құрамына ашытқыш элементтер қосады - кремний және алюминий (0, 1%) дейін. Осы элементтер болаттың құрамындағы еріген оттегімен (О2) қосылып, оның жағымсыз әсерін төмендетеді. Осы процессті - ашыту процесс деп санайды және бұл кезде жылу шығарылады. Ашытқан процестен кейін болатты тындырады және оны тынық деп атайды. Қайнатылған және тынық болат ортасындағы болаттың сапасы жартылай тынық болаттың түріне сәйкес. Бұл жағдайда болатты кремний элементпен ашытады (0, 050, 15%) .

Slide 7

Алюминий қорытпалары

Slide 8 Slide 9

Алюминий қорытпаларын прокат түрінде (табақ, профильді құбыр және т. б. ) зауыттарда өзіне қойылған стандарттар бойынша шығарылады. Шығару жағдайына байланысты маркадан кейін келесі шартты белгілеп қойылады:

-ГП - ыстық тапталған;

-М - жұмсақ (күйдірілген)

-Н - ногартталған

1/2 - жартылай ногартталған (П)

Т - суарылған (қатты) және ескерілген 3-6 тәулікте

Мысалы: Д16-Т дюралюминий №16, суарылған және ескерілген. AI - қорытпалар бөлінеді:

а) 1 топ - төмен және орта беріктік, коррозияға төзімді AMr, AMn, АВ қабырға және шатыр панельдер үшін, витрина, терезе рамалар мен переплет.

б) 2-топ - жоғары беріктік, бірақ коррозияға тӛзімділігі орташа Д - дюралюмины, В - ж. б. қорытпа оларды кӛтергіштік конструкциялар ретінде.

Slide 10

Пайдаланған әдебиеттер

Бржанов Р. Т. Темірбетон және тас құрылымдары: Қысқаша дәрістер құралы / Бржанов Р. Т. - Петропавловск. : М. Қозыбаев атындағы СКМУ. 2006. - 80 бет.

Мандриков А. П. Темірбетон конструкцияларын есептеудің мысалдары: оқу құралы. І-бөлім / А. П. Мандриков. - Алматы. : РБК. 1996. -299б.


Ұқсас жұмыстар
Жүктемелер мен әсерлер және жүктеме үйлесімдері: болат пен алюминий қорытпаларының құрылымдық қасиеттері
Құрылыс материалдары мен конструкцияларын сынаудың әдістері және талаптары
Магний: қасиеттері, өндіріс әдістері, қорытпалары және қолдану мен экологиялық перспективалар
Ғимараттың құрамдас бөліктері мен құрылыс материалдары: жоспар, фасад және қима
Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру: түрлері, құрылыс материалдары және техникалық жүйелері
Құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытудағы мемлекеттік қолдау: әдістері, нысандары және мақсатты индикаторлар
Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау принциптері мен әдістері: құрылыс материалдары кәсіпорны мысалында
Көкшетауда шағын құрылыс материалдары дүкенін ашу: бизнес-жоспар және қаржылық-экономикалық талдау
Құрылыс материалдары ЖШС-інде еңбек қорғау шараларын арттыру және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Төмен қоспалы құрылыс болаттары мен арматуралық болаттардың құрамы, қасиеттері және жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz