Темірбетон арматурасы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «Құрылыс және көлік» факультеті «Өнеркәсіптік азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы Презентация Тақырыбы: Темірбетон арматурасы

ОРЫНДАҒАН: ТОБЫ: ҚАБЫЛДАҒАН:

2019жыл

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Жалпы түсінік

Негізгі бөлім

Арматуралық болаттарды жіктеу

Арматураның түрлері

Арматуралық болаттардың механикалық қасиеттері

Қорытынды

ТБК-ларда арматураны колдануы

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Жалпы түсінік

Арматура - деп бетон денесінде орналастырған стержіндерді атайды. Арматура ретінде негізгі болат материалын қолданады. Кейбір кезде арматураның орнына басқа материалды қолданады, мысалы: шыныпластика (стеклопластика) - осы материалдың беріктігі және химиялық төзімділігі жоғары. Арматура - грек сөзі, аудармасы «қаруландыру».

Slide 4

Арматуралық болаттарды жіктеу

Мысалы: А-ІІ - болат маркасы ВСт5, 10ГТ, 18Г2С А-ІІІ - болат маркасы 25Г2С, 35ГС, 18Г2С, 20хГ2Ц А-ІУ - болат маркасы 20хГ2Ц, 800С А-У - болат маркасы 23х2Г2Т 25Г2С - 0, 25% көміртек, Г - марганец 2%, 20хТ2Ц - С - кремний, 0, 20% көміртек, Х, Г - 2%, Ц-цирконий

Арматура негізгі механикалық сипаттамаларына байланысты келесі кластарға бөлінеді:

Slide 5

Арматураның түрлері

Арналуы бойынша - жұмыстық арматура ТБК-ларда сыртқы күшсалмақтардың және өзінің салмағы әсерінен пайда болған күштерді қабылдауға арналған, жұмыстық арматура қимасының ауданы есептеу арқылы анықталады; - бөліп таратушы арматура күштерді жұмыстық арматураларға біркелкі бөліп таратуға, олардың бірлескен жұмыстық және жекелеген стержіндердің конструкцияны бетондау кезінде қозғалып кетпеуге қамтамасыз етуге арналған, жұмыстық және бөліп таратушы стержіндер бір-біріне дәнекерленеді немесе тоқыма сымдармен бекітеледі;

Slide 6

Арматуралық болаттардың механикалық қасиеттері

Арматуралық болаттардың механикалық қасиеттерін анықтау үшін арматуралық үлгіні созуға сынау қажет. Арматуралық стержінді сынағаннан кейін графикті салуға болады. Осы график бойынша арматураның беріктік және деформациялық сипаттамаларын анықтаймыз.

Жұмсақ болат

___- физикалық аққыштық шегі

___- үзілуге уақытша кедергісі

1 - қисық - А-І, А-ІІ, А-ІІІ.

қисық - А-ІІв, А-ІІІв (тартып

бекемделген арматура) ___

Жұмсақ болат (1 қисық) пластикалы және үзілгеннен кейін де біршама созылады (25% дейін) .

Суық күйінде тарту, болаттардың механикалық бекемделуінің бір түрі деп саналады. Болатты ___ -тен жоғары кернеуіне ___ дейін жүктеп, одан кейін жүктеуді аяқтасақ, онда қайтадан тартқан кезде ___ кернеуі жасанды түрде көтерілген жаңа аққыштық шегі болып табылады (2 қисық) .

Термиялық бекемделген және жоғары қоспалы болаттар

үшін болатты термиялық бекемдейді. Ол үшін арматураны қыздырады (800-9000С) және тез салқындатады (суытады), одан кейін қайтадан қыздырып (300-4000С) біртіндеп салқындатады. Арматуралық болаттардың құрамына көміртегі, марганец, кремний, хром қоспаларын кіргізсек, онда болаттардың беріктігі жоғарлайды. Осындай болаттарды жоғары қоспалы болат деп атайды.

___ - шартты аққыштық шегі

___ - үзілуге уақытша кедергісі

Slide 7

Жоғары беріктік сым

Арматуралық болатты тартып бекемдегеннен кейін, яғни сымды көп мәрте тартып созсақ, онда бұл арматураны суықтай созылған арматура деп атайды. Осының нәтижесінде тәуелділігі үзілгенше сызықты болып шығады, ол беріктік шегі болса біршама артады (4-қисық) .

ТБК-лардың күшсалмақтардың әсеріне жұмыс істеуі және арматуралық жұмыстарды механизациялау үшін арматуралық болаттардың төменде аталған қасиеттерінің маңызы үлкен:

- болат пластикалығы төмен болған сайын тиімді пайдалану мүмкіндіктері шектеледі, конструкцияның морт қирауы ықтималды артады;

-арматуралық болаттың дәнекерленгіштігі сенімді жалғануымен, жарықшақтардың пайда болмауымен сипатталады;

- суықтай сынғыштық деп болаттың теріс температурада (-300С-тан төмен) морт қирауға бейімділігін айтады;

- болаттың реологиялық қасиеттері жылжығыштық пен релаксация арқылы сипатталады;

Болаттың жылжығыштығы деп - уақыт өткен сайын шамасы тұрақты күшсалмақтардың әсерінен пластикалық деформациялардың артуын айтады;

Релаксация - бұл арматуралық стержіннің ұзындығы өзгермегенде, яғни деформациялар тұрақты болғанда, кернеудің азаюы.

- арматуралық болаттың шаршап қирауы көп мәрте қайталанатын күшсалмақтардың әсерінен пайда болады;

- арматуралық болатты жоғары температура арқылы қыздырған кезде металлдың құрылымының өзгеруіне, беріктіктің төмендеуіне әкеп соғады;

Slide 8

ТБК-ларда арматураны қолдануы

Жай (кернелмеген) арматура ретінде келесі арматуралық кластары қолданады

- А-ІІ, А-ІІІ, Ат-ІІІ.

Кернелген арматура ретінде

А-ІУ, А-У, А-УІ, А-ІІІв, Ат-ІУ, Ат-У, Ат-УІ.

Конструкциялардың ұзындығы 12м аса, онда жоғары беріктік сымдар және арқанды арматураны қолданады

- В-ІІ, Вр-ІІ, К-7, К-19.

Дәнекерленген және тоқылған қаңқаларда монтаждық арматура ретінде

- А-І, А-ІІ, Вр-І.

Дәнекерленген және тоқылған торлар

- Вр-І, В-І, А-ІІІ.

Slide 9

Пайдаланған әдебиеттер

Бржанов Р. Т. Темірбетон және тас құрылымдары: Қысқаша дәрістер құралы / Бржанов Р. Т. - Петропавловск. : М. Қозыбаев атындағы СКМУ. 2006. - 67 бет.

Мандриков А. П. Темірбетон конструкцияларын есептеудің мысалдары: оқу құралы. І-бӛлім / А. П. Мандриков. - Алматы. : РБК. 1996. -229б.


Ұқсас жұмыстар
Темірбетон конструкцияларының арматурасы
Құрылыстық тор
ТҰТАС ҚҰЙМАЛЫ БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН
БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Бетон қоспасын төселген бетон
Темірбетон бұйымдарын өндіру технологиясы
ПОЛИЭТИЛЕН ГАЗ
Құрылыс алаңы
Мұнай қоймасы
ҚҰРЫЛЫС ЕРІТІНДІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz