Ондай құрттардың ұзындығы бірнеше метрге жетеді, сколексі қарусыз



Монезиоз

Аноплоцефалятоздар
Кейбір гельминтоздардың жынысы жетілген қоздырғыштары үй жануарларының ішегінде күнелтеді. Ондай құрттардың ұзындығы бірнеше метрге жетеді, сколексі қарусыз. Мұндай құрттар Anoplocepha lidae тұқымдасына Moniezia туысына жатады. Аралық иелері топырақ кенелері.

Монезиоз
Мониезиоздар - таспа құрттар аурулары, тудыратын қоздырғыштары Monieiia туыстастығының Апорiocephaliciae тұқымдастығына жатады, мониезиозбен қойлар, ешкілер, ірі қара мал, бұғылар, енекелер және жабайы күйіс қайыратын жануарлар ауырады. Негізінен жиі төлдер ауырады (қозылар, лақтар, бұзаулар) .
Монезия құрты ащы ішекті мекендейді. Олардың аралық иелері топырақта тіршілік ететін сауытты орибатид кенелері.
Мониезиоз Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған және жыл сайын пайда болатын зілді дерт. Құрттың өсіп-өнуіне қолайлы жағдайда немесе емдеу-сақтық шаралар жеткіліксіз жүргізілген шаруашылықтарда, өлім жітімге қозы-лақ көптеп ұшырауы мүмкін. Қой шаруашылықтарында қозының 40-80 %-ті монезиозға шалдығып, 30-80 %-ті шығынға ұшырауы ықтимал. Дертке ұрынған төл ұзақ ауырады, өсуі тежеледі. Кейбір деректерге жүгінсек ауру қозы салмағын 10 % кемітеді және одан 200 гжүн кем қырқылады.

қОЗДЫРҒЫШЫ
Мониезия-тұрқы 2, 5 м-ден 10 м-ге дейін жететін таспа құрт. Гельминт бунақтары жалпақ келеді, жыныс мүшелері екі қатар орналасқан. Буылтықтардың екі бүйірінен жыныс мүшелерінің (еркек пен ұрғашы) тесіктері ашылады. Мониезиоз дертін ішқұрттың екі түрі тудырады: бірін Moniezia expanse (Rud., 1810), ал екіншісін М. benedeni(Moniez, 1879) деп атайды.
М. expanse-ұзындығы 6-10 м, түсі ақшыл, бунақ (проглоттида) аралықтарындағы бездері дөңгелене келіп, буылтықтың алдыңғы жақ шеттеріне орналасқан. М. benedeni - тұрқы 2, 5-4 м, түсі күңгірттеу, бунақаралық бездері көлденең сызықшаға ұқсайды. Мониезия жұмыртқалары көп қырлы, бұрыштары көмкерілген, түстері сұрғылт болып келеді. Жұмыртқа ішіндегі алты ілгекшесі бар онкосферасы алмұрт іспеттес құрылғымен (аппарат) бекітілген


Өсіп-өнуі
Мал таспа құрттың пісіп-жетілген соңғы буылтықтарын өз нәжісімен берге сыртқы ортаға шығарады. Әр бунақтарда мыңдаған жұмыртқалар болады. Қоршаған ортада таспа проглотидалары үзіліп, ішіндегі жұмыртқалары шашылады. Кенелер өімдіктердің түбінде органикалық қалдықтармен, мал тезегімен қоректеніп, құрт жұмыртқасын қоса жұтады. Кене денесіне түскеннен кейін гельминт жұмыртқасынан онкосфера бөлініп іш қуысына енеді, одан әрі балаңқұрттың келесі сатысы цистицеркоидқа айналады. 3-5 ай аралығында цистицеркоид өсіп жетіліп, инвазиялық сатыға жетеді. Мал жайылымда шөппен бірге мониезиоз құртымен залалданған орибатид кенелерін жұтып ауру жұқтырады. Қозы мен бұзаудың ішегіне түскен мониезия құрты тез өсіп, 37-50 күн аралығында жетіліп, ересек таспаға айналады. Бұл паразит ақтық иесінің ішінде 2 айдан 6 айға дейін тіршілік етеді.


Эпизоотологиясы
Мониезиоз ауруының пайда болуы, таралуы құрттың аралық иесінің тіршілігіне, малдың төлдеу, отардың жаппай өріске шығу мерзіміне, ауа райы жағдайларына тікелей байланысты.
Мал бұл дертті қора төңірегіндегі қи, тезек шашылған жерлерде жұқтырады, өйткені өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін сауытты кенелер орибатидтер шіріген органикалық заттары мол топырақ қабатында өмір сүреді. Топырақ кенелері жер бетінде біркелкі тарамаған. Олар д а таулы алқаптарда, бұлақ, өзен аңғарларында жиірек, ал шөбі шүйгін, ылғалы мол жайылымдарда, жазық сазды жерлерде азырақ кездеседі.
Мониезиоз құрты малға өріске шығысымен жұға бастайды, ал төл арасында аурудың алғашқы клиникалық белгілері 15-20 күн өткеннен кейін байқалады. Қазақстанда бұл гельминтоз 2-3 айлық қозыларды едәуір дәрежеде шығынға ұшырататын індет болып саналады. Сонымен қатар ол тоқтыларда және сақа қойларда да кездеседі.
- Ішқұрт ауруы қоздырғыштарының өздеріне тән айырмашылығы бар. Мысалы, жаз ортасына дейін негізінен алғанда М. expansa, ал күзге қарай М. benedeni кездеседі. Құрттың бірінші түрі көбінесе жас қозыларды зақымдаса, ал екіншісі - сақа малды зарарлайды.


Қой мониезиозы Қазақстанның барлық территориясына тараған. Аурудың шығу мезгілі, қозыларды жайылымға шығару уақытымен тығыз байланысты. Оңтүстікте әдетте бұл мерзім сәуірдің бас кезіне тура келеді, ал орталық және солтүстік аймақтарында індеттің жұғу уақыты бұдан гөрі кейінірек. Қазақстанның оңтүстігінде, Оңтүстік-шығысында мониезиоз жыл бойы кездеседі, бірақ аурудың үдемелі кезеңі жас төлде жаз, тоқты мен ересек қойда көктем мен күз айларында өршиді.
Лақтар қозыларға қарағанда бұл ауруға сирек шалдығады. Бұзаулар өріске шығысымен мониезиоз қоздырғыштарын жұқтыра бастайды. Тамыз айында инвазия өзінің жоғарғы деңгейіне дейін көтеріліп, қыста күрт екендейді. Түйенің мониезиозға шалдыққанын З. В. Шумилина (1955) Орал аймағынан байқаған.

Аурудың өрбуі.
Зақымданған мал ішегінде таспа құрттың жалпы саны жүзге дейін баруы ықтимал. Құрт созылмалы денесі арқылы малдың коректік затарын соры, сколeкске орналасқан төрт сорғышымен ішекке жабысып, кілегейлі қабығын жаралайды. Кейде паразиттер ішек ішіне толып, азық жүргізбей қояды. Осының нәтижесінде ішек созылып, ішкі қабаты қабынады, бара-бара ішектің түйілуіне немесе ыдырап, үзіліп кетуіне ұшыратады. Гельминттерден бөлініп шыққан уыты қан аркылы дене мүшелеріне жайылады, жүйке жүйесінің қызметін бұзады, бүкіл мал денесін уландырады. Соның салдарынан төлдің, кейде ересек малдың іші кеуіп өтеді, нәжіс, зәр шығару кезінде мал қиналады, бұлшық еті дірілдейді, қан азаюы байқалады. Сонымен бірге басқа инфекциялық індеттерге қарсы малдың төзімділігі төмендейді.
Ауру малдың тәбеті нашарлап, тез жүдейді, көбінесе жата береді, ақырында өлім-жітімге ұшырайды.

Сырт белгілері. Клиникалық белгілердің пайда болуы мал организмі нің шыдамдылығына және жұққан құрт санына байланысты. Қозы ішегіндегі ондаған немесе жүздеген таспа құрт ауруды тым үдетіп жібереді. Малдың жем-шөпке зауқы бәсеңдейді, шөліркеп іші өтеді, сұйық нәжісіне шырыш және қан араласады. Төлдің арты үнемі былғанып жүреді, ал кейде көтен ішектен таспа құрттар үзінділері салбырап тұрады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz