Созылмалы гаймориттің симптомдары




Презентация қосу
Кіріспе.

Гайморит-мұрынның екі жағында орналасқан гаймор
қуысының қабынуы. Оны 1613-1685 жылдар аралығында
ағылшын тәнтанушысы Н. Гаймор ашқан. Гаймориттің
негізгі қоздырғыштары- инфекциялар мен бактериялар.
Індет мұрын қуысы және қан арқыла гаймор қуысына түсіп,
оны зақымдайды. Гайморит кезінде адам қатты әлсіреп,
иммундық жүйесі төмендейді. Егер бұл ауруды дер кезінде
емдетпесе мұрындағы ірің миға өтіп, менингит ауруын
туғызуы мүмкін.
Гайморит
• Гайморит – мұрынның гаймор қуысының
(жоғары жақ қуысы) қабынуы. Дем алудың
қиындауы мен, мұрын жолдарынан шырышты
іріңді бөліністің бөлінуі мен бетте және мұрын
қанаттарында интенсивті ауырсыну мен,
зақымдалган жағында ұрттың және қабақтың
домбығуы мен, дене қызуының көтерілуымен
көрінеді. Өз уаұытында басталған ем ауыр
асқынулардың алдын алады: отиттің,
менингиттің, ми абцесінің, остеомелиттің және
жүрек пен зақымдалуының.
• Гайморит жедел немесе созылмалы формада
дамуы мүмкін.
Гаймориттің даму механизмі.
• Гайморов (жоғары жақ) қуысы – жоғары жақ сүйегінің
қуысы ауаға толған болады. Гайморов қуысы
қабырғасында мынадай сүйектік құрылымдар бар:
жоғарыдан – көз орбитасы, төменнен – ауыз қуысымен,
ішінен – мұрын қуысымен.
• Жоғары жақ қуысы басқа мұрын маңы қуыстарымен
(екі маңдай, екі торлы және бір негізгі) бірге келесі
функцияларды орындайды:
• Бастың Қуысты құрылымдардағы ауа қысымының
сыртқы атмосфералық қысымның қарым қатынасына
қатысады.
• Дауыстың дыбысталуын индивидуальді құрайды.
• Барлық қуыстар кішкентай тесік арқылы мұрын
қуысымен байланысады. Егерде осы тесіктер қандайда
себептен бітлеліп қалса, қуыстарда вентиляция тежеледі
және тазаланады. Қуыста микробтар жиналады, қабыну
дамиды.
Гайморит дамуының қауіпті факторлары және
себептері.
• Гайморит стрептококктармен, стафилококктармен, хламидиялармен,
гемофильді таяқшалармен, саңырауқұлақтармен, вирустармен
және микоплазмалармен шақырылуы мүмкін. Әлсіреген және
иммунитеті әлсіз малдарда саңырауқұлақтық және сапрофитті
микрофлора гайморит тудырады.
• Аурудың дамуына қалыпты вентиляцияның қиындауы және қуыс
ішіне инфекця енуіне қолайлы жағдайлар:
• Жедел және созылмалы риниттер.
• Созылмалы тонзиллит және фарингит.
• Жоғары жақтағы түбірлі тістердің кариесі, тістерге немесе
жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісіне жасалған хирургиялық
әрекеттер.
• Мұрын жолдарының туа біткен тарылуы.
• Мұрын қалқасының қисаюы.
• Гайморит дамуы қаупі қысқы және көктемгі мезгілдерде
жоғарылайды бұл кезде имунитет төмен болады.
Гаймориттің жіктелуі
• Гайморит катаральді немесе іріңді болуы мүмкін. Катаральді
гайморит кезінде жоғарғы жақ қуысынан бөлінген сұйықтық
асептикалық болады, ал іріңді гайморитте микрофлора анықталады.
• Инфекция ену жолына қарай гематогенді, риногенді , одонтогенді
(гаймор қуысына жақын орналасқан кариесі бар түбірлі тістерден)
және жарақаттық гайморитті ажыратады.
• Созылмалы гайморитті морфологиялық өзгерістеріне қарай мынадай
түрлерін бөліп қарастырады:
• Экссудативті (катаральді және іріңді созылмалы гайморит) Ірің түзілу
процесін тудыруы.
• Продуктивті (іріңді-полипозды, полипозды, некротикалық, атрофиялық
қабырғалық – гиперпластикалық гайморит т.б) Бейімдеуші процесс –
гаймор қуысының шырышты қабатындағы өзгерістер (полиптер,
атрофия, гиперплазия т.б).
• Созылмалы гайморитте шырышты бездердің бітелуіне байланысты
жиі гаймор қуысында шынайы және жалған кисталар құрылады.
• Полипозды және полипозды іріңді созылмалы гайморит кең таралған.
Қабырғалық – гиперпластикалық және катаральді аллергиялық
формалары сирек, козеозды холестеотомды және некротикалық
формалары өте сирек кездеседі.
Жедел гаймориттің симптомдары.

• Ауру жедел басталады. Малдың дене қызуы
жоғарылайды, жалпы интоксикуация симптомдары
бірден байқалады, қалтырауы мүмкін. Кейбір ауруларда
дене қызуы қауіпті немесе субфебрильді болуы мүмкін.
Гайморитпен ауыратын малдарда зақымдалған жоғары
жақ қуысы аймағында, маңдай және мұрын түбірінде
ауырсыну мазалайды. Пальпацияда ауырсыну күшейеді.
Ауырсыну зақымдалған жақтың бетінің жартысына және
жоғарыға иррадиация беруі мүмкін.
• Зақымдалған жағында мұрынмен демалу қиындайды.
Екі жақты гайморит кезінде мұрынның бітелуінен мал
аузымен демалуға мәжбүр болады. Кейде көз жасы
каналының бітелуінен көзінен жас ағады.Мұрыннан
бөлінетін сұйықтық басында серозды ,сұйық,кейіннен
жабысқақ ,бұлыңғыр ,жасыл түсті сипатталады.
Созылмалы гаймориттің симптомдары.

• Созылмалы гайморит әдетте жедел гамориттің нәтижесі болып
табылады.Ремиссия кезеңінде малдың жалпы жағдайы қалыпты.Өршу кезінде
жалпы интоксикация симптомдары (әлсіздік ,шаршағыштық ),дене қызуы
фебрильді немесе субфебрильді деңгейге дейін жоғарылауы мүмкін.
• Экссудативті созылмалы гайморитге өршу кезінде бөлінді анықталады және
малдың жағдайы біршама жақсара түседі.Катаральды гайморит кезінде
бөлінді сұйық ,серозды және жағымсыз иісті болады.Іріңді формасында қою,
сары жасыл көп созымтал шырышты бөлінді бөлінеді,олар мұрын қусында
қабыршақтар түзіледі.
• Бас ауру созылмалы гаймориттің өршу кезінде немесе жоғары жақ қуысынан
сұйықтық ағу бұзылған кезінде болады.
• Созылмалы гайморитпен ауырған мал жай емге берілмейтін жөтелге
шағымданады.Бұл жағдайда жөтелдің себебі ірің болып ,ол гаймор қуысынан
жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі.
• Созылмалы гаймориті бар малдың мұрын кіреберісінде жарақаттанулар
көрінеді.Көп ауруларда коньюктивит және кератит дамиды.
Гаймориттің диагностикасы

• Диагноз клиникалық белгісіне қарап
тексеруге мұрын қуысы шырышын қарау
( қабыну ,ісіну , қуыс тесігінен іріңді
бөлініс ).Рентгенограммада гаймор қуысы
қараяды.Мәлімет жетіспеген кезде басқа
әдістерден гаймор қуысының пункциясы
жасалады.
Жедел гаймориттің емі
• Шырышты қабаттың ісіну азайту үшін және
қуыстардың қалыпты вентильяциясын
қалыптастыру үшін жергілікті тамыр тарылтқыш
дәрілер қолданылады 5 күннен артық емес.Ерекше
гипертермия кезінде қызу төмендеткіш дәрілер
,айқын интоксикацияда антибиотиктер
тағайындалады.Қолайсыз әсерді болдырмау және
жоғарғы консентрацияда антибиотиктерді
жергілікті қабыну ошағына енгізу.Дене қызу
қалыптыға түскенде физиоем тағайындалады.
( соллюкс,УВЧ). 0,1 пайыздық калий
перменганатымен, 0,2 пайыздық фурацилинмен шаю
керек.
Созылмалы гаймориттің емі

• Созылмалы гайморитті тұрақты әсерге жету үшін
міндетті түрде себептерін жою керек.Өршу кезінде
қысқа уақытты тамыр тарылтқыш дәрілер
қолданылады ( шырыштың атрофиясын болдырмау
үшін).
• Гаймор қуысын дезинфекциялық ерітінділнрмен
жуу керек( риваналон ,фурацилин,калий
перманганаты).Қуыс ішінде протеолитикалық
ферменттер және антибиотик ерітінділері
енгізіледі. Физиотерапиялық әдістер қолданылады
(ингальяциялар ,диатермия,соллюкс,УВЧ). Іріңді
полипозды , полипозды ,казиозды,холестеатомды
және некротикалық формаларда хитургиялық ем
тағайындалады.
Қорытынды.
Гаймориттің белгілері біліне салысымен жедел
түрде дәрігерге барып емделу керек. Гаймориттің
созылмалы түрінде хирургиялық емдеу жолдарын
қолданған жөн. Сонымен қатар, бұл ауруды
мұрындағы белгілі нүктелерге массаж жасау
арқылы да емдеуге болады. Ал, гаймориттің жедел
түрін қалыпты жағдайда емдеуге болады. Көп
жағдайда гайморит кезінде антибиотиктер
қолданады. Ең маңыздысы мұрын гигиенасын
ұмытпауымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ильясов Б.К., Ильясов А.Б., “Ветеринарлық
хирургия” 2012ж
Д.Чередков, В.Никаноров,
В.Захаров.”Хирургия және ортопедия”
Алматы,1953 ж
И.Е.Повоженко, К.И.Шакалов, И.А.Калашник,
Г.С.Мастыно, Б.А.Башкиров, Б.С.Семенов.
“Частная ветеринарная хирургия”
Ленинград,1981 г

Ұқсас жұмыстар
Симптомдар мен синдромдар жөнінде түсінік
Бүйректің патофизиологиясы
Миокард инфарктісі себептері
Құс стоматиті
Қызыл балықтың фурункулезі
ПЛЕВРИТ ЖӘНЕ КЕУДЕ АУРУЛАРЫ
Төменгі аяқ артерияларының атеросклерозы
Шошқаның африкалық обасы
Жануарлар ішкі аурулары клиникалық балаумен пәні
Балалардың Гастрит, гастродуодениті
Пәндер