Гормондармен емдеу



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Гормондармен емдеу
Шымкент 2018

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Гормондардың жіктелуі
Гормондардың жалпы қасиеттері
Гормон СЖК мен емдеу
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Гормон деген терминді 1905ж Бейлис және Старлинг деген ғалымдардың 12 елі ішектегі бөлінуші секретин гормонын зерттеу кезінде енгізілген. Hormao- грек тілінде «қоздырамын» деген мағынада.
Гормондар-жоғары активті биологиялық зат, эндокринді бездермен ағзаның ішкі ортасына синтезделіп бөлінеді, реттеуші әсер беретін заттар.
Эндокринология-гормондар туралы ғылым. Бездер, олардың қызметі, сөлдерінің бөлінуінің қалыпты жағдайдан ауытқуларын туғызатын науқастар туралы ғылым. Қазіргі таңда 60-қа жуық гормондар бар.

Гормондардың классификациясы
Гормондарды жіктеу түрлі критериилерге байланысты.
Ерігіштігі бойынша - гидрофильды, липофильды.
Химиялық құрылымы бойынша:
1. АМҚ туындылары: тирозин туындылары: адреналин, тироксин, дофамин, норадреналин, трийодтиронин
2. Белокты-пептидті гормондар:
-полипептидтер: глюкагон, кортикотропин, меланотропин, вазопрессин, окситоцин, пептидті гормондар
-жай белокты (протеиндер) : инсулин, соматотропин, пролактин, паратгормон, кальцитонин
-күрделі белокты (гликопротеидтер) : тиреотропин, фоллитропин, лютропин
-стероидты гормондар: кортикостероидтар (альдостерон, кортизол, кортикостерон), жыныс гормондары: андрогендер, прогестерон

3. Сигналдарды өткізу механизмі және рецепторлардың орналасуы бойынша, екі негізгі топқа бөлінеді:
а) стероидтар, йодтирониндер, кальцитриол. Бұлардың рецепторлары цитоплазма, ядрода орналасады
б) суда еритін гормондар - олар плазмалық мембранадағы рецепторлармен байланысады
4. Сигналдық табиғаты, жасушаішілік эффект бойынша.
5. Биоқызметтеріне қарай - АМҚ, липид, көмірсуды реттеушілер (инсулин, глюкагон, кортизол, адреналин) .
Су-тұз алмасуын реттеуші (вазопрессин, альдостерон) .
Са алмасуын реттеуші (паратгормон, кальцитриол, кальцитонин) .
Репродуктивті қызметті реттеушілер (эстрадиол, тестостерон, прогестерон) .
Тропты гормондар - либерин, статиндер гипоталамустын, гипофиздің кейбір гормондары басқа гормондардың синтезін де реттейді.

Гормондардың жалпы ортақ қасиеттері:
Физиологиялық әсер - қатаң спецификасы
Жоғары биоактивтілігі: гормондардың физиологиялық әсері аз дозада (10-6-10-10 моль\л) .
Әсер етудін дистальды сипаты: гормон түзілу жерінен әдетте нысана-жасуша алыс орналасады.
Генерализденген әсері (жайылынқы) .
Ағзаға гормонның физиологиялық әсерінің 4 типі белгілі: кинетикалық, орындаушы мүшенің белгілі әсерін тудыру, метаболиттік, морфогенетикалық, корригирлеуші.
Гормонның метаболиттік әсері түрлі жолдармен жүзеге асады. Оның ішінде ең маңыздысы:
жоғары, төмен ферменттін активтілігін
жасуша мембрана өткізгіштігінің активтілігін
энергетикалық, биосинтетикалық реттеушілік
Гормонды эффектінің этаптары: синтезі, қанға өтуі, тасымалдау түрлері, гормонның әсер етуінің жасушалық механизмі.


Гормондардың әсер ету механизмі
Жасушалық деңгейде гормондардың әсер етуі 2 негізгі механизімі белгілі:
жасуша мембранасының сыртқы қабатындағы эффектінің реализациясы;
гормон ішіне енгеннен кейін реализация.

Гормондардың биологиялық эффекті, рецептормен байланысатын, плазмалық мембранада орналасқан, бұл процесс екінші реттік өткізгіштік арқылы жүзеге асады оны мессенджер деп атайды.
Оны атқаратын заттын жіктелуіне байланысты гормондарды бөледі:
биологиялық эффектіні көрсететін цАМФ гормоны. Оған: глюкагон, лютеин, ФСГ, ТСГ, кальцитонин, паратиреоидты гормон, антидиуретикалық гормон, адреналин, норадреналин жатады
өз қызметін циклдік нГМФ арқылы жүзеге асатын гормон - азот тотығы
өз қызметін мессенджер арқылы жүзеге асырады олар - фосфатидилинозитол (инозитолтрифосфат және диацилглицерин) немесе екеуін де бірге. Оларға: антидиуретикалық гормон, адреналин, норадреналин, ангиотензин ІІ, гонадотропин-рилизинг немесе люлиберин, тиролиберин жатады
өз қызметін каскадты, фосфатазаларды белсендіру арқылы жүзеге асырады. Оларға: инсулин, пролактин, эритропоэтин жатады.

Гормон СЖК

СЖК (СЫВОРОТКА ЖЕРЕБЫХ КОБЫЛ) . Serum equae praegnantis.
Құрамы және қасиеттері. СЖК - құрамында гонадотроптық гормон (фолликула стимулдеуші және лютеиндейтін) бар препарат. 4-10-жастағы буаз биенің қан сарысуы, жүктілік мерзімі 45-90 күн. Мөлдір немесе сәл жылтыр ашық-сары (кейде қызғыш түсті) сұйықтық, жиі құты түбінде ақуыздық тұнба болады, шайқаған кезде біркелкі қоспаға айналады.
СЖК-ң белсенділігін халықаралық бірлік арқылы анықтайды(ХБ) Сарысудың 1 бірлігін 20-28 күндік жыныстық жетілмеген тышқандарға тері астына енгізгенде жатыр мен қынап 50%-дан кем емес жануарларда үлкейгені байқалады.

Фолликул реттеуші гормон (ФРГ) немесе фоллитропин,
Фолликул ұрықтарының өсуі мен пісіп жетілуін және олардың ұрықтануға дайындығын арттырады. Ертеректерде ФРГ әскерінен сперматозоидтар пайда болады.

Лютеиндеуші гормондар (ЛГ) немесе лютропин
Піскен фолликулдың қабығының жарылуынан, яғни ұрықтану мен жасыл дененің пайда болуын қамтамасыз етеді. Еркектерде бұл гормон еркектің жыныс гормондары-андрогендердің пайда болуын қамтамасыз етеді.
ФРГ және ЛС гонадолибериннің пайда болуы экстрогендер мен андрогендердің деңгейіне байланысты қайтымды байланыс механизмі бойынша ретеледі. Аденогипофиздің пролактин гормоны гонадотропты горомондардың өнімдерін жояды.
ЛГ бөлінуіне тежеуіш әрекетті глюкокортикоидтар жасайды.

Шығарылу формасы. Сыйымдылығы 200 мл-лік оралып қапталған флакондарда шығарылады. СЖК-ны 2-10°С қараңғы жерде сақталады.
Қолданылу мерзімі - 1, 5жыл. Зеңі бар немесе тұнба түзбесе жəне флакон қапталуы дұрыс болмаса препарат қолданылуға жіберілмейді. Қыс уақытында гормон СЖК-ны 40°С температурада 5-7 минут жылытады. Ашылған флакондар сақталуға келмейді.
СЖК-ның орнына буаз биенің қанын пайдалануға болады (КЖК) - Sanguis equae proegnatis. Оны донор-биелерден алады.
10°С-тан жоғары емес температурада сақталынады. 1 мл КЖК-да 80 БІР кем емес белсенділігі сақталған жағдайда қолданылуға болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz