Эпизоотиялық ошақта жануарлар басының көпшілігі
Презентация қосу
Тілме (рожа) – жіті кезеңінде септицемиямен және терінің
қабыну эритемасымен, ал созылмалы кезеңінде эндокардит
және артритпен сипатталатын жұқпалы бактериялық ауру.
Қоздырғышы: Бактерия Erysiphelotrix insidiosa
Әдетте, бұл ауруға 3 айлық жастан бір жас аралығындағы
жануарлар шалдығады. Сонымен қатар, шошқа тілмесінің
қоздырғышына сүт қоректілер мен құстардың көптеген
түрлері сезімтал келеді.
Шошқа тілмесі - жұқпалы ауру, әсіресе 3-12 айлық шошқаларды
зақымдайды. Жіті және созылмалы, энзоотиялық тұтану түрінде
өтеді. Тілменің жеке тұтанулары кеміргіштердің, күрке
тауықтардың, үйректердің, қырғауылдардың және қозылардың
арасында болуы мүмкін.
Аурудың қоздырғышы сыртқы ортаның факторлары мен шіруге
тұрақты келеді. Етті тұздау мен қақтау бактериядан
зарарсыздандырмайды.
Ауру шошқаларда, дені сау бактериятасығыш-шошқаларда
бактериялар олардың жұтқыншақ бездерімен және ішектерінің
фолликуласында орналасады, сонымен бірге кеміргіштер мен
құстар аурудың негізгі көздері болып табылады.
Инфекцияның қоздырғыштарын тарату факторларына тілменің
қоздырғыштарымен ластанған азық, су, сою өнімдері, өлекселер
жатады. Осының ішінде топырақ маңызды орын алады. Осыған
байланысты тілмені топырақтық, маусымдық (көктем-жазда)
індеттер қатарына жатқызады. Кеміргіштер, шыбындар, құстар
қоздырғыштарды таситындар болуы мүмкін. Қоздырғыштардың
таралуының негізгі жолы - азықпен, жәндіктер арқылы және
жанасу арқылы. Тілменің эпизоотиялық ерекшелігі - оның
тұрақты болып, жылдың жылы мезгілінде қайталануында.
Эпизоотиялық ошақта жануарлар басының көпшілігі, 20-30%
ауруға шалдығады. Өлім көрсеткіші жоғары - 55-80%.
Тілме ауруы шошқалардан басқа ірі қара,
қой, солтүстіктің маралдары, иттер, жабайы
сүтқоректілер және зоопарк құстарында
бірлі жарым спорадия түрінде кездеседі. Ал
қазы, үйрек, индейка және кеміргіштер
арасында тілме ауруы біршама жиірек
кездеседі.
Тілме ауруымен адам да ауырады. Шошқаның
тілмесін обадан, пастереллезден, листериоздан, сібір
жарасынан, күн және ыстық өткеннен ажыратады.
Созылмалы өткен кезде, обадан, микоплазма
полисерозитінен, полиартриттен, стрептококтық және
коринебактериалдық індеттерден, рахит пен
остеомаляциядан ажырату керек.
Обадан және басқа вирустық індеттерден айыру
мақсатында, ауру шошқалардың температурасын өлшеп,
күніне 4 рет тілмеге қарсы сарысудың емдік дозасын
пенициллинмен қосып беру ұсынылады. Тілмемен ауырған
шошқалардың температуралары төмендеп, жалпы жағдайы
жақсарады. Обамен және басқа вирустық аурулармен
ауырғанда көрсетілген емдеу көмек бермейді.
Бактериологиялық зерттеуге
өлексені тұтас немесе
паренхиматозды мүшелерін
(жүрек, бауыр, көк бауыр,
бүйрек) алады. Алынған
материалдарды зерттеуге
жедел түрде жөнелтуге
мүмкіндік болмаған
жағдайда, оларды
глицериннің 30%-ды
ерітіндісімен консервілейді.
Жілік сүйектерін жұмсақ
тканьдерден тазартып, 2-3%-
ды карбол қышқылының
ерітіндісімен
дымқылдандырылған
дәкемен орайды.
Патологиялық
материалдардан жағынды
дайындап, Грам тәсілімен
бояйды. Зерттеудің оң
нәтижесінде жеке-жеке,
қос-қостан немесе
шоғырланған ұсақ таяқша
тәріздес грам-оң
бактерияларды көруге
болады. Жүректің
зақымдалған
клапандарынан жасалған
препараттарда микроб
ұзын жіп тәріздес болып
келеді.
Қоздырғышты патологиялық материалдан бөліп алу үшін
ЕПС немесе Хоттингердің сорпасын және ЕПА қолданады.
Себінді жасалған қоректік орталар термостатта 37 0С-де 18-24
сағат бойы ұсталынады. Егер осы уақыт аралығында
қоздырғыштың өсіп-өнуі байқалмаса, қоректік орталарда
тағы да 24 сағатқа термостатта қалдырады.
E. rhuisopathiae – аэроб, микроэрофил болғандықтан,
қолайлы өсу температурасы 370С рН 7,2-7,6.
ЕПС-да шамалы лайланады, ал 48-72 сағаттан соң қоректік
орта мөлдірленіп, шыны түтіктің түбінде тұнба пайда болады.
ЕПА-да қоздырғыш ұсақ мөлдір тамшы тәріздес S-формалы
колонияларды түзеді, ал кейде ірі, беті тегіс емес, шеттері
тарамдалған өсінділері бар R-формалы колонияларды да
көруге болады. Мұндай колониялар, әдетте, аурудың
созылмалы түрінде байқалады.
Патогенез. Организмге түскен тілменің бактериясы бірінші түскен
жерінде көбейеді де, организмде сенсибилизация (аллергия)
тудырады. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларында және стресс
алған жағдайда тілме бактериясы қорғаныс барьерін жеңіл бұзып,
қанға және паренхималық органдарға өтіп , организмде септицемия
тудырады .
Кезеңі мен симптомы. Жасырын кезеңі 2-5 күн . Қоздырғыштың
санына және вируленттілігіне, инфекцияның қақпасына, малдың
бейімділігіне және сыртқы ортаның факторларына байланысты.
Тілме ауруы өте жылдам, жіті, жітілеу және созылмалы болып
бөлінеді. Сонымен қатар септикалық, терілік (крапивница ) және
жасырын түрлеріне бөлінеді.
Зат шынысының бетіне
1:50 қатынасындағы
шошқа тілмесіне қарсы
алынған иммунды қан
сарысуын тамызғаннан
кейін, бактериологиялық
ілмекпен тығыз қоректік
ортада өсірілген өсіндіні
алып, тамшыға таратады.
Бөлініп алынған микроб
шошқа тілмесінің
қоздырғышы болған
жағдайда шыны бетінде
тез арада ұсақ
түйіршіктер АР
(агглютинация құбылысы)
пайда болады.
Паренхиматозды органдардан дайындалған суспензияны
немесе ЕПА-да 1-2 тәулік бойы өсірілген өсінді шайындысын
16-18 г салмағы бар ақ тышқандардың тері астына егеді.
Шошқа тілмесінің қоздырғышы зертханалық жануарларды 2-
4 тәуліктен соң өлімге ұшыратса, вируленттілігі төмен
бактерияларымен жұқтырылған жануарлар ұзақ уақыттан
кейін барып өледі. Өлген зертханалық жануарларды сойып,
олардың ішкі органдарынан таза өсіндіні бөліп алу үшін ЕПС
мен ЕПА-на себінді жасайды.
Шошқа тілмесіне бактериологиялық диагнозды дұрыс қою
үшін келесі жағдайлар ескеріледі:
1)иммунофлюоресценция реакциясымен (ИФР) зерттелген
материалдардан ауру қоздырғышының табылуы;
2)патологиялық материалдардан бөлініп алынған
культуралардың өсінділік және биохимиялық қасиеттері
шошқа тілмесі қоздырғышына тән болуы;
3) жұқтырылған жануарлардың өлекселерінен шошқа тілмесі
қоздырғышының таза өсіндісінің бөлінуі.
Патанатомиялық өзгерістер. Тілме ауруында әртүрлі
көкірек асты терісі аурудың жіті кезеңінің септикалық
формасында көгереді. Ал крапивницада арқасында
және бүйірінде қанық қызыл, қабынған жерлер әртүрлі
көлемде байланысады. Лимфа түйіндері үлкейген,
бауыры қанға толған, бүйрек ісінген және қызарған,
нүктелі және жолақты қабынған. Созылмалы кезеңінде
веррукозды эндокардиттің белгілері білінеді немесе
клапанда ет өседі, ал буыны қабынғанда фиброзды өскін
бөлінеді.
Диагноз. Шошқаның тілмесіне диагнозды
эпизоотологиялық, клиникалық, патологоанатомиялық
деректер мен ауру және өлген жануарлардан
бактериологиялық зерттеулерге алынған
патматериалдардың нәтижелерін негізге алып қояды.
Аурудың шыққан уақытын, таралу сипатын, ауырған
жануарлардың жасын назарға ұстайды.
Емі.Тиімді емдік препараттарға тілмеге қарсы сарысу және
антибиотиктер жатады. Ауыр жағдайда сарысудың жарты дозасын
құлақ венасына салса, өте тиімді болады. Антибиотиктер–
пенициллин, стрептомицин, эритромицинді 1 кг салмаққа 2-3 мың
ED, 6-8 сағ аралығында салып отырады.
Иммунитет. Ауырып жазылған шошқаларда иммунитет түзіледі.
ВР вакцинаны, концентратты формолвакцинасы қолданылады.
Торайларда 2 айлық жасында сүттен айырған соң екі аптадан соң
ревакцинация жасайды.
Алдын – алу және күресу шаралары. Азықтандыру, бағу,
орналастыру, технологиялық талаптары мен ветеринарлық –
санитарлық шараларды қатаң сақтау жалпы алдын алу шаралары
болып саналады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz