Аурудың дамуы



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Этиологиясы
Патогенез
Клиникалық белгілері
Емі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Остеомиелит(Osteomyelitis) - сүйек кемiгiнiң миының қабынуы. Жануарларда iрiңдi және актиномикозды остеомиелит кездеседi.
асептикалық
инфекциялық
Остеомиелиттiң екi түрі бар
іріңді
актиномикозды
туберкулезді
маңқалы
Iрiңдi остеомиелит микробтың енуiне қарай келесi түрлері болады
гематогенді
жарақатты

Iрiндi қабыну процесте сүйектiң барлық элементерiн сүйектiң беткi қабаты эндоста, сүйектiң кемiктерiне, сүйек майларына жайылады. Мұндай жағдайда остеомиелит барлық сүйектiң қабынуына-паноститке алып келедi.
Iрiңдi остеомиелиттiнiң жiтi және созылмалы түрі болады.
Остеомиелиттiң жiтi түрінде қабыну процессi қарқынды жүрiп, ұлпаларға тез тарап кетедi. Бұл жағдайда қабыну процессiнiң ұлпаларға тез тарап, жайылып кетуiне қан арқылы септикалық процесс әсер етедi.
Созылмалы iрiңдi остеомиелитте қабыну процессi шамалы ауқымда жүрiп, қоршалып, секвестрленедiде, остеоидтты ұлпаларымен бекiтiлiп және iрiңдi тесiктер (свищтер) пайда болады.

Жануарлардың iрiңдi остеомиелитiмен астыңғы жақ негiзгi тiстердiң iрiңдi периодонтитiнде және пульпитiнде, қабырғалармен, аяқтардың астыңғы бөлiктерi, бел кеуде омыртқаларының сыртына шығып тұрған тiк өсiндiлер сүйектерi зақымданады.

Этиологиясы
Негiзгi себептер - сүйектiң жарақаттануы, үсуi, малдың арықтауы, авитоминоздар, ауыр жұқпалы аурулар, инфекцияға ағзаның қарсыласу резистенттiлiгiнiң төмендеуi.
Асептикалық остеомиелиттiң негiзгi себебтерiнiң бiрi механикалық зақымдану болып саналады, ал iрiңдi остеомиелиттiң себебi ол ашық жарақаттану, инфекцияның таралуы, iрiңдi периоститке айналуы.

Патогенез
Сүйек кемiгi iшiнiң асептикалық қабынуы гиперемиямен және экссудациясымен сипатталады.
Бұл процесс жағымды өтiп, тез жазылады. Қабыну процессi эндостатқа өткен жағдайда, iшкi сүйектердiң ұлпаларында эндостоз пайда болады. Сүйек кемiгiне микробтардың ену кезiнде, жайылмалы реактивтi қабынулар, қан тамырлары iсiнiп, өткiзгiштiгi жоғарылайды, сүйек миы қызарады, қан тамырларының өткiзгiштiгi ұлғайып, қабыну iсiктерi пайда болады. Қан айналымы нашарлап, iркiледi. Ол жерде тромбит пен тромбофлебит дамып, қан тамырларының фибриндi iсiнулерi мен некрозына ұшырайды. Сүйек миларының ұлпалары серозды фибриндермен толып, кейiн iрiңдi экссудатқа айналады. Сүйек iшiндегi iрiңдi өлi процестер гавер және фолькман түтiкшелер арқылы сүйек бетiндегi қабықшаға және оны қоршаған жұмсақ ұлпаларға жетiп, абцесстер пайда болады. Оны хирургиялық жолмен ашқанда iрiңдi тесiктер (свищтер) пайда болады. Жұмсақ ұлпалардағы абцесстердiң, сүйек iшiндегi, өлi массалардың iрiңдi тесiк арқылы сыртқа шығуы, қабыну процестерiнiң бәсеңдеуiне септiгiн тигiзедi.

Клиникалық белгiлерi
Iрiңдi остеомиелиттiң клиникалық көрiнiсi әр түрлі болып келедi. Оның жiтi түрінiң белгiлерi ауыр өтетiн инфекциялық ауруларға ұқсас: дененiң қызуы көтерiледi, тамыр соғуы жиiлейдi, қанда гиперлейкоцитоз байқалады. Зәрдi судан lll боятқышымен араластырғанда, зәрдiң бетiнде май тамшылары пайда болады.
Бұл ауруда жануалар аяқтарын жерге басып жүре алмайды, қатты ақсайды. Зақымдалған аймақтың ұлпалары iсiңкi болады, сүйек бетi қабығында және төңiрегiндегi жұмсақ ұлпаларда инфильтрация болып, iсiнiп тұрады. Бұл қабынған аймақтарды пальпация, әсiресе перкуссия жасағанда қатты ауырып тұрғаны сезiледi.
Осы себептен сол аймақтағы лимфа бездерiнiң үлкейгенi байқалады және ол қолмен ұстатпайды.
Уақыт өткеннен кейiн қабынған сүйек көлемi ұлғайып оссифирленген периоститке айналады. Сүйек қуысынан шыққан iрiң, сүйектiң айналасындағы жұмсақ ұлпалардың арасынан өтiп, терiнi тесiп шығады. Iрiңдi сүйектiң остеомиэлитiнде, iрiңнiң құрамында сүйек майының тамшылары және талқандалған сүйек ұлпаларының түйiршiктерi кездеседi. Жылқы, шошқа және иттердiң денесiндегi тесiгiнен (свищтен) көп мөлшелерде иiсi аңқыған iрiңдi экссудаттар ағады. Қара малдардың дене тесiгiнен (свищтен) аққан iрiң көп болмайды.


Остеомилиттiң созылмалы түрінде рентген аппараты арқылы тексергенде сүйек бетi қабаттарының қалындағанын (гиперостоз), сүйектiң кортикальды жағында, сүйек ұлпаларында қуыстары көбейедi (остеопороз) және өлi ұлпалары кездеседi. Сүйек айналасындағы жұмсақ ұлпалардың iсiгi аздау болып, қабынған сүйектiң пiшiнi жақсы көрiнедi.
Аурудың дамуы

Диагнозы. Рентгенография жасау арқылы қойылады.
Болжамы. Қолайлы, кейде күдiктi.
Емi. Iрiңдi остеомиелиттiң жедел түрінде ауырған жануарға толығымен тыныштық, көп сұйықтық, витаминдерге бай азықтарды тағайындау керек.
Аурудың жергiлiктi процессiнде новокаинмен жансыздандырып сүйек iшiне антибиотиктердi енгiзедi. Өтiп кеткен, яғни өте ауыр жағдайда операцияға дайындық алдында, сүйек iшiне антибиотиктi енгiзудi тағайындайды. Ол инфекцияны басып операциядан кейiнгi жағдайын жеңiлдетедi. Остеомиелит кезiнде, сүйектiң прогрессирленуiмен өтетiн жағдайда операция жасайды. Оперативтi емдеуде сау ұлпаға дейiнгi iрiңдi- некрозға ұшыраған ұлпаларды алып тастайды. Iрiңдi экссудатты және сынған майда сүйектердi жақсы тазалау үшін, кесiктi кең етiп операция жасайды. Өлi ұлпаларды сау ұлпаларға дейiн кесiп алып тастайды. Секвестрленген сүйектi және сүйектiң трепанациясында шапқы немесе фрездiң көмегiмен жүргізедi. Грануляцияланған ұлпаларды- өткiр қасықпен алып тастайды. Секвестрленетiн және өлi ұлпалардың қуысын фурациллинмен тазалап жуып, содан соң спирттi - эфирмен өңдейдi.
Операция аяқталғаннан кейiн қуысты спирттi- эфирмен жақсылап тазалап, күрделi антисептикалық ұнтақты көп мөлшерде антибиотиктермен қосып енгiзедi. Синтомициндi және стрептомициндi эмульсиясы, А. В. Вишневский линиментi жақсы әсер бередi, жара қуысына дәкелiк кәрiз жасайды.

Операция жасалған аймақты және сынудан немесе жылжып кетпеуден сақтау үшін, гипстенедi. Кейiн қабыну реакциясы жойылғаннан кейiн алып тастайды. Кейбiр жағдайларда шиналы-гипстi байламдар жасайды.
Остеомиелиттiң созылмалы түрін емдегенде - сульфаниламидтi препараттарымен антибиотиктердi қосып ем қолданады. Жедел және созылмалы остеомиелитте физикалық емделу әдiстерiн қолданады-ультра күлгiн сәулесiн, УВЧ, озокерит парафинмен емдеудi тағайындайды.
Аурудың алдын алу. Ашық сынықтарда жараны ертерек, мұқият тазалап өңдейдi.

Қорытынды
НОЗОЛОГИЯ ТУРАЛЫ |
Патогенез |
Қызанақтың бурыл дағы |
Мес қарын паракератозы |
Аурудың ішкі бейнесінің деңгейлері |
Аурудың шығу көзі |
Инфекциялық ауру |
миокардит |
Ешкілердің кривиллозы |
Гликогеннің алмасуы |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz