Серозды периостит


Slide 1

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Серозды периостит

Іріңді және фиброзды периостит

Оссифирленушi жәнетоксикалық оссифирленушi периостит.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 2

Кіріспе

Периоститтер (Periostitis) - сүйек бетiнiң қабынуы

Периоститтер этиологиялық белгiсi бойынша

жарақаттық қабыну, (қабыну процесi жұмсақ ұлпалардан өтiп, сүйекке жақындағанда),

улы

клиникалық ағымы бойынша

жіті

созылмалы

патологоанатомиялық өзгерiстерiне қарай

фибронозды

оссифицирленгенушi периостит

улы оссифицирленушiнiң остеопериостозды

созылмалы периоститтер

Серозды

Іріңді

Slide 3

Серозды периостит

Серозды периостит (Periostitis setosa) - жұмсақ ұлпалар мен аз қорғанған сүйекте жиi кездеседi. Серозды периоститтiң негiзгi даму белгiлерiнiң бiрi сүйек үстінiң бiр рет жабық механикалық зақымдануы (сiңiрдiң бекiтiлген жерден үзiлуi және жаралануы) .

Серозды периоститтер фибринозды және оссифицирленушi периоститтердiң бастапқы сатысы болып немесе өздiгiнен дамып өтетiн ауру түрінде болады. Периоститтiң жеңiл түрі. Қолайлы жағдайда және өз уақытында емдегенде қабыну инфильтраты сiңiрiлiп, морфологиялық өзгерiстер қалмайды.

Slide 4

Клиникалық белгiлерi. Жарақаттанған орынды пальпацияланғанда ошақтанған, тығыз ауырсыну, ыстық iсiнулер байқалады. Периостит аяқтарға орналасуына байланысты оның қызметiнiң бұзылуына әкеледi. Көп жағдайларда аяқтардың ақсауына алып келедi, жануардың жалпы температурасы көтерiлмейдi.

Емi. Зақымдалған аймақтарға 5% йод ерiтiндiсiмен сүртiп, бiр тәулiктiң iшiнде жарақаттанған жердiң экссудациясын азайтып, ауырсынғанын басу үшін, салқын құрғақ суықты басады, жарақатты таңады. Келесi күндерi зақымданған ұлпаны қайта қалпына келтiру үшін жылу процедуралары тағайындалады.

Slide 5

Іріңді

Iрiңдi периостит. (Periostitis purulenta) - ашық сүйек сынғанда, сүйектiң сыртқы қабығы iрiңдеп, көбiнесе стафилакоктi, стрептококтi инфекциялар айналасындағы қабынған iрiңдi қоспалардан, қаннан өтедi.

Клиникалық белгiлерi. Iрiңдi периостит жалпы, ауыр және жергiлiктi түрінде қабынулары болады. Организмнiң нашарлауы дене температурасының жоғарлауына, пульстiң жиiлеуiне, тыныстың бұзылуына, бiртiндеп және толығымен азықтан бас тартады.

Бастапқы сатысында жергiлiктi реакциясы көрiнедi айқын және коллатеральды iсiнулер байқалады; зақымданған ұлпалардың орны тығызданады, ауырсыну реакциясы байқалады. Сүйек бетi iрiңдегенде, iрiң iшiне қарай ығысады, ал оны ашқаннан кейiн iрiңдi тесiк пайда болады. Iрiңдi тесiктi тексергенде сүйек бетiнде бұжыр немесе секвесторды анықтауға болады. Егер осы қабыну процесi аяқта болса, тұяқтың толық түсуiне, немесе аяқтың күштi ақсауына алып келедi.

Емi. Iрiңдi периоститтi бастапқы кезеңiнде антибиотикпен бiрге жергiлiктi ұлпаларды новокаинмен тежеп антибиотикотерапияны пайдаланады. Iрiңдi ашып гипертоникалық ерiтiндiмен шайып, дренаж жасап тұрады. Сүйектiң секвестрiнде жiтi қабыну процессi басылғаннан кейiн операция жасайды. Зақымданған сүйек қуысын спиртпен немесе спирт - эфирiмен шайып, тазалап күрделi антисептикалық ұнтақтарды сеуiп гипстi таңғышпен таңады.

Slide 6 Slide 7

Фиброзды

Фиброзды периостит (Periostitis fibtosa) - сүйек үстінде фиброзды байланыс ұлпасының өсуiмен сипатталады. Фибриозды периоститтер сүйектiң дистальды бөлiмiнде жиi кездеседi. Сүйектiң қайталанып соққы алуынан, сүйектiң ұлпалары мен тамырлары, сiңiр байланыс ұлпаларын тiтiркендiруiмен, қабыну процессi созылмалы түрге айналады.

Клиникалық белгiлерi. Зақымдалған сүйектi терең пальпациялағанда терi астында және жұмсақ ұлпаларда температурасы жоғарламайтын аз ауырсынатын тығыз iсiнулер пайда болады. Фибринозды периоститте терi бетi жеңiл қозғалады. Организмнiң бұзылыстары фибринозды периоститтер iрi қантамырлар, жүйке жүйесі, сiңiрге, сонымен қатар буындарға жақын аймаққа орналасқанда әсерiн тигiзедi.

Емi. Пролиферативтi сұйықтықтардың сiңiрiлiп кетуiн жағдай жасап жарақаттардың қайталанып болмауына алдын алу қажет. Ауру орнына жылы процедураларды жасап, сынап майын жағады. Фибринозды периоститтiң асқынған жағдайда йодты йонофорездi енгiзедi, диатермия, нүктелi күйдiрулердi жасайды.

Slide 8 Slide 9

Оссифирленушi

Оссифирленушi периостит. Сүйек ұлпасының өсуi, көбейуi қабынған сүйек беттерiнен басталады. Фиброзды периоститте сүйек сыртқы қабығының қабынуы iшiнен де, сыртынан да басталады. Сүйек үстінiң сыртқы және iшкi қабынулары, негiзiнен механикалық фактордан iшкi қабынулардан болады (зақымданулар, сынықтар, сүйектiң жарылулары, буынның дистрозиясы, көбiне байламдардың сүйекке бекiтiлген жерiндегi жыртылуы) және қабыну процестерiнiң жақын орналасқан ұлпалардағы абцесстен, флегмонадан, жаралардың асқынуынан болады. Оссифицирленген периоститке мал аяқтарының маймағы, ауыр жұмыстар қатты әсерiн тигiзiп, ет, сiңiр, байлам ұлпаларының зақымдануына септiгiн тигiзедi.

Клиникалық белгiлерi. Сүйектiң зақымдалған аймағын терең пальпациялағанда шеттерi шектелген, тығыз, бетi тегiс, температурасы жоқ қызарған iсiнулер тiркеледi. Периостит бетiндегi терi жеңiл қозғалады. Фиброзды периоститте қан, лифа тамырларының, жүйке жүйелерiнiң, сiңiрлердiң, буындардың шоғырланған тұсында қатты ауырсыну байқалады.

Емi. Ауру аймағын жарақаттан сақтап, iсiктiң таралып кетуiне жағдай жасау керек. Ол үшін, ауру ошағына жылы процедураларды жасап, сынап майын жағып қояды. Iсiк қайтпағанда ионоферозбен йод жiберiледi, диатермия процедурасын жасап, нүктелi күйдiрулердi жүргізедi.

Slide 10

Токсикалық оссифрленушi периостит.

Токсикалық оссифирленушi периостит қабыну белгiлерi жоқ сүйек үстіндегi пролиферативтi процестерге жатады. Бiрнеше оссифирленушi түтiкшелi сүйектердiң қатпарлануымен сипатталады.

Клиникалық белгiлерi. Пальпациялағанда көптеген гиперостоздар анықталады. Иттерде фалангалы сүйектерiнде, иық және тiзе сүйегінiң эпифидерзiнде дамиды.

Ренгенографияның көмегiмен диагнозы анықталады.

Болжам: қолайсыз.

Емi. Негiзгi ауруды жою.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Клиникалық белгілері
Жедел іріңді периостит
Сиырдың тізе алды бурситі
Жақтың одонтогенді остеомиелиті
ООФОРИТТІ ЕМДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Тіс алмасуы
Құстардың респираторлық аурулары
Бұзаулардағы ішек инфекцияларының салыстырмалы патоморфологиясы
Сілекей безі
Ішектерді кесіп алып тастау және тігу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz