Флебиттер - көк тамыр қабырғаларының қабынуы




ЖОСПАР
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Флебит және тромбофлебиттiң этиологиясы. Клиникалық белгілері
Iрiңдi тромбофлебит. Клиникалық белгілері
Емі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Флебиттер - көк тамыр қабырғаларының қабынуы. Тромбофлебит - флебит, тамыр iшiнде тромб болуынан пайда болады.
Себептерi: малдың көктамырынан қан алған жағдайда, қан кеткен жағдайда, дәрi құйғанда, ассептика мен антисептика сақтамағанда, көк тамыр көп тесiлген жағдайда, егу барысында пайда болады. Тромбофлебит өте ауыр жағдайдағы ауру малдарда кездеседi.

Флебиттер классификациясы:
Тамыр қабынуын тудырушы себептерiне қарай
жарақаттық
операциядан кейiнгi
токсиндiк (улы)
инфекциялық
Эксудат түріне байланысты
iрiңдi
ассептикалы
Өтуiне байланысты
жіті
созылмалы

Клиникалық белгілері
Жiтi түрінде көк тамыр терiнiң сыртынан ұсталып байқалады, сәл iсiнген, аздап ауырсынады. Ал созылмалы түрінде терi сыртынан тамырдың iсiнгенi байқалады, ауырсынуы басылады. Бiрақ бiр түрлі тартылып тұрғандай байқалады (тяжа) .
Тромбофлебит:
Көк тамрыларымен байланысты ұлпалардың зақымдануы және қабынуынан пайда болады. Дер кезiнде емделмесе соңы сепсиске апарып, одан әртүрлі ағзаларға таралып (метастазды өкпеге, жүрекке), өлiмге әкеп соғуы мүмкін.
Болжам: асспетикалық түрі жақсы өтедi егер ем дер кезiнде берiлсе.

Патогенез
Алғашқы сатыларында көк тамыр маңы жасушалары зақымдалады (парафлебит), кейiн көктамырдың сыртқы қабығы зақымданады (перифлебит), бiрте келе көк тамырдың барлық қабырға қабаттары зақымданады (флебит) .

Этиологиясы
Этиологиялық себептерiне байланысты жарақаттық операциядан кейiнгi токсикологиялық және венаның инфекциялық қабынудың түрлеріне; клиникалық белгiлерiне қарай жiтi және созылмалы; қабыну процесiнiң сипатына байланысты iрiңдi және асептикалық деп бөлiнедi.
Бiрiншi венаның iшкi және сыртқы қабықшаларының қабынуы байқалмайды. Ол жер iсiнедi, iшкi қабықшасы ұлғайып, жұмсақтығын жоғалтып, вена қуысы тарылады. Сонымен қатар, қан тамырының қабырғасының өткiзгiштiгi артады. Егерде бұл аталған көрсеткiштер аз уақытта байқалса және қан тамыр қабырғасына механикалық зақымдау келтiрмесе онда қабыну процесiнiң алдын алып, ендi басталып келе жатқан флебиттi тоқтатуға болады. Егер ұзақ уақыт токсикологиялық зақымдауға ұшыраса қабыну процесi арта түседi. Кейбiр жағдайларда бiрiншi тромбоз дамиды, одан кейiн қабыну болады. Зақымдалған жерге микроорганизмдер тұрақталса тромбының түзілуi артады. Асептикалық тромбофлебит венаның қабынуымен зақымдалған ошағында тундайды. Бiрақ тромбаның түзілунiң маңыздылығы сонша, ол венаның қабынған аумағына жайылып қабынған қантамыр торшаларын жаулап алады. Тромбофлебиттiң дамуы кезiнде вена қантамыр қабырғасындағы iсiктiң көлемi едәуiр артады. Ол клеткалық элементтерге бөлінедi. Мұндай рецепторлық тiтiркендiруге ұшырағанда венада рефлекторлы тамырлардың рефлекторлық жиырылуы болады. Венаның жиырылуы рефлекторлы түрде артерияларымен альвеолаларға да жайылады.

Iрiңдi тромбофлебит
Әдетте iрiңдi инфекцияларының әсерiнен туындап ауыр түрде өтедi. Флегмонадан және басқа инфекциялық ошақтардан енген инфекция лимфа қан тамырларына енiп, ауыр жағдайда iрiңдi тромбофлебитке ұласады. Басында инфекцияға ұшыраған вена қабырғалары серозданып лейкоциттiк инфильтрацияға ұшырайды, iшкi қабықшасы кеңейiп едәуiр мөлшерде шегiнедi. Нәтижесiнде аз уақыт iшiнде тромбофлебит пайда болады. Тромб түзiлiп, венаның бойына тез жайылады. Iрiңдi жерлерде ұсақ абцесстер пайда болады, олар өздiгiнен жойылып кетуi мүмкін, егерде инфекциянң күшi әлсiз болса немесе перифлебиттiк және парафлебиттiк абцестерге айналуы мүмкін.

Клиникалық белгiлерi. Зақымдалған аймақта қабыну және ауырсыну белгiлерi байқалады. Асептикалық перифлебитке ұлпа қан тамырында iсiктiң болуы тән. Терi сыртынан басып көрген кезде iсiну байқалады. Созылмалы перифлебитке вена қантамырлары тартылады. Орта бөлiгiн саусақпен басқан кезде, қалған бөлiгi кеңейiп бiлiнедi, егерде саусақты қайтып алсақ, қайта қалпына келедi. Асептикалық тромбофлебитке iсiну, аурысыну, тромбо түзiлген жерде, қан тамырларының толуы тән. Венаның орталық iсiнген аумағын басқанда, босайды, кейiн жайлап тромбоға тола бастайды. Сонымен қатар, асептикалық тромбофлебит жергiлiктi және жалпы қызудың көтерiлуiмен сипатталады. Iрiңдi тромбофлебитте жалпы организмде өзгерiстер тез пайда болады. Жануарлар күйзелiп, кiлегей қабықтары қызарып, басы iседi, ас қорытуы нашарлайды, қантамырларының қан толуы, ауырсынуы байқалады.


Емі
Бiрiншiден аурудың туындау себептерiн жою керек. Малды оқшаулап тыныштық жағдай жасап емдеу керек. Тромбы түзілуiн тоқтату үшін, оған қарсы ерiтiндiлердi қолданамыз. Iрiңдi тормбофлебитте емдi оперативтi түрде тез ем жасау керек.
Барлық жағдайда ем кешендi түрде жүргізіледі. Асептикалық флебит және тромбофлебитте зақымдалған аумақтың терi жабынын спирттi йод ерiтiндiсiмен сүртiп, алғашқы тәулiкте суық басады. Екiншi тәулiкте физиотерапия емдеудi спирттi - ихтиол және т. б. жылытқыш компресстердi, парафиндi соллюкс және жылыту лампаларын қолданады. Зақымдалған венаға фибролизин препаратын гепаринмен, дикумаринмен қоса енгiзуге болады. Есте сақтайтын жағдай-дикумарин мен неокумарин кумулятитi әсерге ие. Алғашқы уақытта гепариндi тәулiгiне 4-5 реттен тамырға егедi (жылқы және iрi қараға тәулгiне 150 мың әБ, ұсақ жануарларға 5000-1, әБ) .

Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz