Үсіктің дәрежелері




Презентация қосу
Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Үсіктер
2.Үсіктің дәрежелері
3.Үсіктің емі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Үсік (congelatio) - қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі. Қоңыржай
климатты аймақтарда үсіктік жарақаттар 1% құрайды. Қиыр Солтүстікте
және суық климатты аймақтарда бұл көрсеткіш 6-10% жетеді. -30°С
температурада үсіктің дамуының себебі мұздай ауаның әсері болса, ал одан
жоғары температурада ауаның ылғалдылығы мен желдің жылдамдығы
үсіктің дамуында маңызды орын алады. Желдің жылдамдығы өскен сайын,
жылудың жоғалуы да артатүседі. Қоршаған ортаның температурасы -20°С,
желдің жылдамдығы 20 м/сек болса, онда желсіз жағдайда -52°С -ғы
температураға теңеседі. Қоршаған ортаның суықтык әсері ауаның
ылғалдылығына байланысты болады. Қоршаған ауныңтемпературасы 0°С,
бірак ьшғалдылығы жоғары болғанда аяқ-қолдың терең үсікке ұшыраған
кездері байқалған.
Негізгі бөлім
Үсік – дене ұлпаларында жергілікті
мұздаудың арқасында қалыптасатын
шіру мен кері әсерлерден қабынулар
арқылы бейнеленетін
зақымдалу.Қалыпты жағдайда ішкі
өзгерістер (микроклимат), малдың
жылуды реттеудегі әрекеттері үсікке
шалынуға тосқауыл болады. Денедегі
ішкі өзгерістер малдарға тән
физиологиялық ортада болатын тері
бетіндегі қалыпты жылуды тудырады.
Мұндай ішкі өзгерістердің жоғалуы
қарлы боранда, аяздарда, жоғары
ылғалдықта кездеседі. Үсіктің пайда
болуына желдің жылдамдығы мен
бағыты және ылғалдықтың қосар әсері
көп. Ауа жылуды нашар өткізсе, су
жақсы өткізеді. Тері тесіктерінде
жиылған ылғал жергілікті ұлпаның
жылулығын төмендетеді.
Сырттан әсер етуші себептерден басқа, үсікке соқтыратын бірнеше іштен
әрекет етуші жағдайлар бар: қансырау, әлсіздену, арықтау, физикалық
шаршау, буындардың ауруы, бұдан бұрын да үсікке шалдығу, т.б.
Жекешеленген ұлпалар мен ағзалар оң температура аралығындағы ұзақ
уақытта суыққа жақсы шыдап қана қоймай, аз мерзімдегі мұзданудыда көтере
алады.
Қоянның терісі сұйық
азоттың - 196 ұзақ мерзімде
мұздатуына шыдайды, ал
егер оны содан соң дереу
жылы физиологиялық
ертіндіде жылытса, ол өз
тіршілігін сақтай алады.
Бұдан шығар қорытынды,
жарақаттаушы себеп тек
төменгі температураға ғана
байланысты емес. Сонымен
қатар, басқа да пікірді
жақтаушылар бар. Кейбір
ғалымдар- үсіктегі орын
алатын ұлпалардың шіруін
суықтың торша
протоплазмасына тікелей
әсерімен байланыстырады
немесе ішкі су-тұз
алмасуының тежелуін тіндер
мен торшалардың өліміне
тікелей себепші болады деп,
- санайды.
Ұлпалардың бірінші
кезектегі суықтан
зақымдалу мүмкіндігі
шектеулі, өйткені малдың
өлімі жаурап, мұздануға
қарағанда, жалпы тоңуда
жиірек кездеседі.
Мал организмiнiң төменгi
температураның ұзақ
уақыт әсер етуiнен (аяз бен
үскiрiк, желдiң
ұштасуынан) үсiк
патологиясы болады.
Сиырдың сүт безi,
бұқаның ұмасы, айғырдың
жыныс мүшесi, ұмасы,
шаша сiңiрлерi, астыңғы
ернi, аяқтың диетальды
бөлiгi шошқаның тұмсығы,
құйрығы, құлақ
калқандары көбiне үсiкке
ұшырайды.
Клиникалық белгiлерi. Ғылыми әдебиеттерде үсiктiң төрт дәрежесi
болатындығы белгiлi. Негiзiнен реакцияға дейiнгi кезеңдегi үсiктерде
төмендейдi. Үсіктiң дәрежелерiне сай белгiлерi, малды жылы жерге
әкелгеннен кейiн бiлiне бастайды.
Үсіктiң белгiлерiне
жалпы тоқталсақ,
бiрiншi дәрежесiнде
сол аумақтың сәл
iсiнгенi, ауырсынғаны,
екiншi дәрежесiнде —
iсiну жақсы байқалады,
iшi қызарған
сұйықтыққа толған
күлдiреу пайда
болады. Үшiншi
дәрежеде жан - жаққа
жайылған сұйық iсiну
қызара көгеру,
сезiмталдығының
жайылуы және
дымқыл өлiеттену
байқалады.
р і
ле
ж е Үсіктiң бiрiншi дәрежесiнде зақымдалған жер бозарып,
р е малдың жалпы күйiнде өзгерiс байқалмай, терiсi аздап
Дә тығыздала түседi де, бiрнеше күннен кейiн ісiнген аумақ
түлейдi немесе терiнiң эпидермiсi әр түрлі көлемде
тiлiнедi.

Үсіктiң екiншi дәрежесiнде терi едәуiр тығыздалып, күңгiрттенiп
аздаған қанды сарысуды күлдiреу пайда болып, кейде тоңазытқан етке
ұқсайды, күлдiреуiктер жарылады немесе ондағы қанды сарысу сiңiп
кетедi, оған қоздырғыштар түссе ластанып iрiңдi жараға айналады.
Асқынған жағдайда малдың жалпы қызуы көтерiледi.

Үсіктiң, үшіншi дәрежесiнде терi бозарып, жансызданып салқын
тартып қатаяды, жылытқаннан соң қара қошқыл, кейде қарайып
кетедi. Ісiген аумақта қоңыр күңгiрт сұйығы бар үлкен көлемдi
күлдiреу байқалады. Аталған жердiң және айналасындағы ұлпалар
iсiнiп, жансызданып тiлiнедi.
Үсіктiң төртiншi дөрежесiнде зақымданған аумақтың ұлпалары жарылған
ағаш сияқты сынып кете бередi, қолмен ұстасақ бұл жерлер мұздаған,
жылыған соң, домбығу ұлғаяды, дымқылданып өлiеттену тереңгi ұлпаларға
( бұлшық ет, сүйекке дейiн) жайлады.
Үсіктің емі
Үсіктiң жалпы емiне
тоқталсақ реакцияға
дейiнгi кезеңде жылы
ванна қолданып, Соллюкс
шамымен қыздырып
уқалайды. Реакция
кезiнде, яғни үсiктiң
бiрiншi дәрежесiнде,
үсiген малды жылы қораға
әкелiп, үсiген жердi
сабынды сумен жуып,
камфорлы спиртпен, 0,5-1
пайыздық пиоктаниннiң
спирт ерiтiндiсiмен сүртiп,
уқалап, Соллюкс
шамымен қыздырып,
қымтап жылытады.
Екiншi дәрежесiнде камфорлы
спиртпен үсiктiң, бетiн өндеп,
күлдiреген терiнiң бетiн
жарып, пиоктаниннiң 2
пайыздық ерiтiндiсiмен,
ультра күлгiн сәулесiн
пайдаланып, Вишневский
эмульсиясының,
стрептомицин, биомицин май
дәрiлерiн қолданып дәкемен
таңады. Көлемдi
өлiеттенулерде (үсiктiң
үшіншi, төртiншi
дәрежелерiнде) некроэктомия
операциясын, кей жағдайда
мүшелерге ампутация жасап
емдейдi. Операцияны
асептика және антисептика
ережелерiн сақтап, жалпы
немесе жергiлiкгi
жансыздандыруды қолданып
жасайды.
Қорытынды
Жануарлар әлемінің көптеген түрі өз өмірінің белгілі кезеңінде қоршаған
ортаның қолайсыз температуралық ақаулықтарына жолығып отырады. Оған
организмді бейімдеп отыратын арнаулы механизмдер болмаса, тршілік
тоқтаған болар еді. Сырқы орта температурасы – жануарлардың әлемде
таралуын реттеп, шектеп отыратын маңызды экологиялық факторлардың
бірі. Үй жануарлары сыртқы орта температурасының үлкен ауытқулары
жағдайында тіршілік етеді. Жер шарының ортаңғы полюсында сыртқы орта
температурасының деңгейі -35 пен +35С аралығында жатады. Мұндай
жағдайда өнім беру үшін мал ызғарлы аяз бен аптаған ыстыққа төзімді болу
керек. Дене температурасы тұрақты болған жағдайда ғана ұлпалар мен
торшаларда зат алмасу процесі қалыпты деңгейде жүреді. Ал дене
температурасының тұрақтылығы химиялық және физикалық жылу реттеу
механизмдері қызметінің арқасында сақталады. Өз кезегінде олар
организмнің тіршілік жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Түлік түріне,
төлдің жасына сай ортаның температуралық оптимумы болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Д.Чередков, В.Никаноров, В.Захаров. "Хирургия және
ортопедия " Алматы, 1953 жыл.
2. Орысша - қазақша малдәрігерлік сөздігі.
Т.Сайдулдин. Алматы, 1993 жыл
3. Б.К.Ілиясов."Алғашқы ветеринариялық жәрдем".
Алматы 2001 жыл.
4. Б.К.Ілиясов. Ветеринариялық хирургия. Алматы 2009
жыл.
5. К.И.Шакалов, Б.А.Баликиров, Б.С.Семенов,
А.В.Лебедов, А.И.Федеров, В.А.Лукьяновский.
"Хирургические болезни сельско - хозяйственных
животных".
6. Интернетте «Stud.kz» сайтынан

Ұқсас жұмыстар
Қан айналым баяу
Темірден үсу
Тез жылыту
Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
Үсіктердің емі
Тотығу - тотықсыздану реакцияларының түрлері
Графтың қасиеттері
Аурушаңдықты зерттеу әдістері
VIIA топша элементтері. Галогендер
Сұйықтық экстракциясы
Пәндер