Десмургия - байлам жөніндегі оқу жүйесі


Slide 1

Мазмұны:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Таңғыш материалдарының сипаттамасы.

Таңғыш материалдарының түрлері.

Таңғыштарды салу тәсілдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 2

КІРІСПЕ

Десмургия - байлам жөніндегі оқу жүйесі. Негізі гректің (desmos-байланыс, байлам, esgon- іс) термині, байлам материалдарының түрлерін әртүрлі әдістермен байлап (таңып) және олардың қасиеттеріне қарай хирургиялық патологияда пайдалануды үйретеді.

Жануарлар денесіне байлам қан тамырлары бүлінгенде, қан аққанда оны тоқтату үшін, инфекциядан қорғауға және екінші рет жараланудан сақтау үшін салынады.

Байламдар көбінесе хирургиялық ауруларда емдік шаралары жүзеге асыру үшін қолданылады. Атап айтсақ, жарадағы экссудатты шығару үшін, сорғыш байлам, қабынуда қыздырғыш компресстері қолданса, ал жабық жарақаттарда иммобилизациялау (бекемдеу) үшін, қатайтылған байлам қолданылады.

Сүйек сынғанда немесе орнынан тайғанда, оларды белгілі бағытта жалғау үшін де байламдардың маңызы зор.

Байлам материалдарында қойылатын талаптар: олар элластикалық қасиетті, жұмсақ және байланған ұлпаға жақсы беттесетіндей болуы керек. Ашық жарақаттарда қолданылатын байланыс сұйықты сорғыштық қасиеті болуы міндетті болса, қатты сорғыштық қасиеті жоқ байламдар жабық жарақаттарда қолданылады .

Slide 3

Таңғыш материалдарының сипаттамасы.

Байлам материалдары (марлі, мақта, лигнин, целофан т. б. ) үстел үстіне үтіктелген алжапқыштың бетінде жасалады. Стерилизация жасаушы адам қолын жылы суға сабындап жуады. Марлiден компресстер, салфетка, косынка, лагнет және басқада байлам материалдары дайындалады.

Компресс - бөлінді марлі немесе басқа материалдан жасалған, төртбұрышты бүктетілген, көлемі 25х100см2, ішкі бұрыштары қайырылған.

Салфетка - бұл квадратталған немесе тік төртбұрышты пішінді марлі бөліндісі. Салфетканы дайындағанда оны бұрыштары 1, 5-2см ғана аздап бүктеледі. Содан соң, барлық салфетка ұзынынан 2 есе бүктеледі. Салфеткалар 10x16см, 20x50см және оданда үлкендері болады.

Косынка - үшбұрышты марлі бөлігі, оның негізі 180см, биіктігі 65см.

Лонгет-марлiден дайындалған тікбұрыш пішінді лента, басқа материалдан да дайындалады(полотня, бяз т. б. )

Праща- бұл лонгет, ұштары көлденең кесілген, 2-3 байламы бар.

Марлілі тампон- төртбұрыш пішінді марлі бөліндісі, көлемі 10х10 см конверт тәрізді бүктелген.

Мақта-марлілі тампон- түтілген мақта бөліндісі, конвертке салынған мақта марлілі салфетка.

Slide 4

Марлілі турунда- марлі бөлігі ұзындығы 5-7 см, екі, төрт бүктетілген, ұштары қайырылған, кәріз ретінде қолданылады.

Дәке(бинт) - валик тәрізді оралған марлi лентасы, ені 5-15см, ұзындығы 5-10см. Дәкені дайындағанда ағаш, темір стерженге марлi лентасы оралады да стерженді суырып алады. Өндірісте стерилденген дәкелер, мақта, марлі салфеткалар және мақта-марлілі тампондар сыртынан пергамент қағазға оралып қолданысқа шығарылады(қорапта) .

Slide 5

Таңғыш материалдарының түрлері.

Пайдалануына байланысты байламдар төмендегідей жіктелінеді: жедел көмектік байлам - екіншілік жарақаттанудан және инфекцияға қарсы дәкеден, тағы дәкі тәрізді материалдан салфетка түрінде салып, сыртынан дәкімен орап таңады.

Окклюзиондық (өткізбейтін) байлам - көкірек, құрсақ қуыстарын тесіп өтетін (енетін) жараларды аталған қуыстарға ауа, шаң, микрофлора тағы басқа бөгде заттар түспес үшін қолданылады. Ол үшін, ішкі қабаттағы дәкелі салфетеканы майлы эмульсияға батырады да, жоғары жауып, оның үстіне мақтаны салып, оның сыртынан дымқыл және ауа жібермейтін клеенка немесе целофанмен таңып байлайды.

Құрғақ сорғыш байлам - жараның бірінші кезеңінде, оның ішіндегі жиналған экссудатты, микрофлора мен оның уыттарын сорып құрғату үшін қолданылады. Байламның бірінші (ішкі) қабаты дәкелі тампон толтырылып тығылады, екінші қабаты гигроскопты мақта (қалыңдығы 1 см аспауы керек), үшінші қабатты бекіту қабаты (бөз, дәкі) . Капиллярлық заң бойынша ішкі қабаттан сорылған жара экссудаты мен уыттары екінші қабаттағы мақтаға сорылады, аталған қабаттар ластанғанда құрғақ сорғыш материалдармен ауыстырылып тұрады.

Slide 6

Дымқыл сорғыш байлам - жара қуысындағы экссудат және уыттарды тезірек, көбірек сорып алу үшін қолданылады. Ішкі қабаты да дәкелі кәріз, жараның қуысына енгізілместен бұрын NаСІ - дын гипертоникалық ерітіндісіне батырылады да, екінші ұшы жараның сыртына шығарылады, қалған қабаттары құрғақ сорғыш байламмен бірдей.

Қысатын байлам - денедегі ұлпалардың бөлінген бөлігін қысу үшін, мысалы аққан қанды тоқтату үшін қолданылады.

Иммобилизациялық байлам - ұлпалардың бөлінген жерін қозғалтпай бекемдеу үшін. Мысалы, сынған сүйектің екі басын бір-біріне салып бекемдеу үшін қолданылады. Бұл емдік шараға жатады.

Қыздырғыш компресс байламдар - ұлпалардың жарақаттанған жеріне жоғары температура беру үшін қолданылады. Мысалы, асептикалық қабынуды емдеу үшін. Бірінші (ішкі) қабаты 3-4 қабат жұмсақ материалдан (жұмсақ мата т. б. ) дайындалып, 40-50% спиртіне малып сұйықтан сорғытылды да, бүлінген жерге жабылып шеттері 2-3 см патпроцесс аумағынан шығарып тұруы керек. Оның үстінен жабылатындай мөлшерде ылғал, ауа жібермейтін қабат (целофан, пергамент қағазы т. б. ) оралады. Үшінші қабат жылу өткізбейтін материалдан (мақта т. б. ) жасалады. Төртінші қабат қалған үш қабатты жануардың денесіне бекемдеу үшін жасалады (дәкі, марлi т. б. ) Қызу компресс байламдары 4-6 сағат арасында 2 сағат үзіліспен қолданылады.

Slide 7

Дәкелік байламдар

Циркулярлық байлам - байламдардың ішіндегі орындалуы жөнінен ең қарапайымы. Сол қолмен дәкінің бір ұшын оралатын денеден қиғаштап шығарып, дәкінің келесі қабаттары бір-бірін жабатындай орап тағып байлаймыз.

Спираль тәріздес байлам - байлайтын дененің астынан үстіне қарай спиральді жүріспен, әр қайталанатын орам алдыңғысының 1/3-1/2 жабуы керек. Ең үстінен 2-3 циркулярлық байламмен бекітіледі.

Slide 8

Спираль бүгілмелі байлам - спиральдің байламнан айырмашылығы байлам салынатын дененің әртүрлі жуандығына байланысты, кей жерлері бүгілмелі болып таңылады (мысалы сираққа байлам салынады) .

Жылжымалы байлам - әр оралған дәкі түрінің ара қашықтығы дәкінің еніндей пішіні бинт тәріздес. Байламның басталуы мен аяқталуы спиральді байламдағыдай.

Сегіздік тәріздес байлам - оралған дәкі әр орамында сегiздiк сызып отырады (мысалы тұсамыс буынға жасалады) . Жануарларға жоғарыдағы аталған байламдардан басқа тасбақа тәрізді, жаулықша тәріздес, төртбұрышты, суспензорлық байламдар да салынады. Аталған байламдар марлiден, бөзден, дәкіден жасалады, сыртқы пішіндері өздерінің аттарына сәйкес келеді. Байламдардың қолданылуы жануар денесіндегі мүшелері мен олардағы пайда болған патологиялық процеске байланысты.

Slide 9

Таңғыштарды салу тәсілдері

Мүйізге байлам салу- дәкінің бір ұшын сау мүйізге 2-3 рет орайды да, оны алып келіп ауырған мүйізге әкеледі, әуелі ауырған мүйіздің негізінен жоғары қарай заласызданған салфетеканы қолданатын дәріге малып салған соң, сау мүйізден келген дәкемен 3-4 спираль тәріздес орам салып содан соң, мүйіздің ұшына дейін спиральді бүгілмелі орам салып, қалған ұшын сау мүйізге әкеліп бекітеді.

Slide 10

Тұяққа байлам салу - көмекші жануардың (жылқы, қара мал т. б. ) аяғын көтеріп тұcамыс буынынан вентральді жағына бүгеді. Мал дәрігері жұмысқа бірнеше циркулярлық байлам жасап, дәкінің бір ұшын өкше жағынан 20-25 см ұзындықта келесі қабаттарды бекемдеу үшін қалдырады. Дәкенің екінші ұшымен тұяқтың мүйіз қабырғасын (глазурьды) орап таңады. Тұяқ ұлтанының ойық жерін мақталы дәкемен керекті дәріні жағып толтырылады, глазурьдан келген ұшымен, бүкіл ұлтан орамды да өкше жағына да, дәкінің қалған ұшымен бүкіл орам бекітіліп байланады.

Slide 11

Құйрыққа байлам салу - құйрықтың өзі жарақатқа ұшыраса, айналасындағы ұлпаларға (бөксе, тік ішек, сан, пішкенде) оперативтік ем жасалғанда, байлам салынады. Құйрықтың негізінен бастап бірнеше орам дәкелік бүгілмелі байлам төмен сырғып түспес үшін, дәкені құйрықтың қылымен қоса ұшына келгенде, жылдам ілмешек жасалып бүкіл құйрықтың, сол ілмешек арқылы жануардың мойынына байланады. Осындай жағдайда құйрық жануар денесінің басқа ұлпаларына емдік жұмыс жүргізгенде кеселін тигізбейді.

Slide 12

Каркасты шиналық байлам - көбінесе тілерсек буынның патологиясына қолданылады. Дәкелі байламды қанша орап қалың салынғанда ол жылжып кетеді.

КАРКАСТЫ

ШИНАЛЫҚ

Slide 13

Қатайтқыш байламдар - жануарлар мүшесіне тыныштық керек болғанда, ұлпаларды қозғалмайтындай етіп түпкілікті бекіту үшін салынады. Сүйек сынғанда, шытынағанда, жарылғанда, сүйекке, буындар аумағында оперативтік емнен кейін қолданылады.


Ұқсас жұмыстар
Байламдардың классификациясы және салу техникасы
Жұмсақ және қатты таңғыштардың түрлері
ТАҢҒЫШТАР ЖҰМСАҚ ТАҢҒЫШТАР
Бинтті таңғыштар
Жарақат түрлері
Компрессті таңулар
Таңғыш материал пішіндері
Гипс таңғыш түрлері
БІР САУСАҚ БАЙЛАМЫ БЕС САУСАҚ БАЙЛАМЫ
ҚАҢҚА СҮЙЕКТЕРІНІҢ ТҰТАСА ЖӘНЕ БУЫНДЫ БАЙЛАНЫСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz