Аурудың себептерін жойып




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
«АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
« ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА» КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: Анемия

Шымкент 2018
Кіріспе
Организмде қанныңазаюынан болатынаурулар — Aнемия
• Қандағы эртроциттер мен гемоглобиннің азаюы салдарынан оның қызметінің
бұзылуымен сипатталатын ауру.
Бұл ауруда қанның дем алу процесіне қатысуы бұзылып, организм тіндерінде оттегінің
жеткіліксіздігі (гипоксия) пайда болады. Оны толықтыру (компенсация) үшін:
•аурумалдың бастапқыда дем алысы мен жүрек соғысыжиілейді;
• қан айналысы жылдамдайды;
• шеткергі қан тамырларының өзектері тарылады;
• деиодан қосымша қан қан айналысына шығады;
• капиллярлар мен эритроциттердің мембраналарының өкізгіштік қабілеттері
газдар үшін жоғарылайды;
• эритропоэз үдейді.
Бұл аурулардың себептерінің көптігіне қарамай жалпы дануына екі жағдай әсер етеді:
1. Эритроциттер мен гемоглобинің қалыптан тыс азаюы;
2.Сүйеккеміктерінін қызметінің бұзылуы салдарынан организмде эритроциттердің аз
түзілуі.
Сүйек кеміктерінің қызметтерінің жағдайларына байланысты 3 түрлі анемияны
анықтауға болады:
Регенераторлық - бұзылған түрінің қайта қалпына келуі
Гипорегеиераторлық - аз мөлшерде қайта калпына келуі;
Арегенераторлық - бұзылған түрі қалпына келмейді.
Анемияларды олардың себептері мен даму процестеріне қарай төмендегідей жіктеуге
болады:
.
Гипопластикалық жэне апластикалық анемиялар – Аnemia
hypoplasticaetaplastica- қан түзетін ағзалардың қызметін нашарлауы
салдарынан (әсіресе эритропоэздің) болатын анемиялардың топтары.
Мұнда пролиферация процесі менклеткалардың жіктелуі
бұзылады. Апластикалық түрінде текэритропоэз ғанаемес,лейко-
және тромбоцитопоэздердің де бұзылғандығы байқалады.
Сондықтан да анемиямен қатар лейкопения және
тромбоцитопениялар да дамиды, Анемиянын бұл түрлері барлық
сиырларда да кездеседі.
Себептері. Аурудың басты себебі сиыр рационыңда қажетіі протеин, темір,
кобальт, мыс, В12, С витаминдері, фолийқышқылдарының жеткіліксіз болуы.
Гастроэнтерит пенгепати ауруларының созылмалы түрлері асқынғанда,
созылмалы микотоксикоздар (фузариотоксикоз, стахиоботрио токсикозі
індетті жөне құрт аурулары да анемияға апарып соғады. Организмге ұзақ
уақыт химиялық препараттар (қорғасын, сынап, висмут, мышьяк, бензол, толуол)
мен дөрілер (антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар), радиация әсер
еткенде бұл аурулар пайда болады.
Бүйректерде, бүйрек бездерінде, гипофиздің гормондарынди
эритропоэтиндердің жеткілікті түрде түзілмеуі де ауруға себеіі болады.
Дамуы Сиыр азығында керекті заттардын жеткіліксіздігінен эритроиды
клеткалардын түзілуі мен. дамуы бұзылады. Ал ионды радиапциямен созылмалы
улануларда жалпы миелоидты, эритоитдыт ромбоцитті бұтақтары әлсірейді.
Осы өзгерістер аутоиммундық процестерді тудырады. Сүйек Т-лимфоциттер,
плазматикалық клеткалар, марофагтаркөбейеді және қан түзетін
клеткаларға қарсы денелер пайда болады. Ондағы клеткалардың жіктелуі
нашарлап, артынан барып токтайды. Егер ол процесс тек эритроидты бөлігінде
ғанаболса, онда тек қызыл қан түйіршіктерінде ғана : өзгерістер болады. Ал егер
полинотенггі қатардағы клеткаларда болса, онда өзгерістер қанның түзілуінің
барлык бөліктеріңде байқалады. Мұндай жағдайда сүйек кемігі организмді керекті
эритроциттермен, лейкоциттермен, тромбоциттермен қамтамасыз етеалмайды.
Ондағы миелокариоциттер жоғалады да –анемияның аластикалық түрі дамиды.
Өлекседегі өзгерістер:
• кілегей қабықтары, ішкі ағзалардың сырт қабықтары бозарған кейде қанталаған;
• бауырда, бүйректерде, жүрек етіңде түйіршікті, майлыдистрофиялар;
• тыныс алу, ас қорыту жүйелерінің ағзаларында қабына процесіне тән
өзгерістер;
• жілік майында реактивті гиперплазия (жас эригроидты клеткалар), қызыл майы
сары түске айналған.Қызыл бөлігінде эритроидты клеткалар жоқ, лимфоциттер
мен плазматикалық клеткалар көп.
Клиникалық белгілері қан түзудің қай
бөліктерінің жарақаттануы мен аурудың

ұзақтығына байланысты. Жалпы белгілері:
әлсіздік, тез шаршағыштық, өнімінің төмендеуі,
демікпе, тахикардия. Негізгі клиникалық
белгілеріне жататындар:
Кілегей қабықтары, терінің пигментсіз
жерлері бозарған,кей жерлері қанталаған;
Ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің ағзалары
жағынан қабынуыдың белгілері;
Қанда эритроциттер мен гемоглобин
аз, эритроциттердің толық жетіліп үлгермеген
түрлері көп.
Қанның түрлі-түсі көрсеткіші 0,7 және одан да
төмен; сүйек кемігінің пунктатында
гемоглобині аз, эритроидты қатардағы клеткалар
көп;
Радиацияда - анизоцитоз, пойкилоцин
эритроциттердің шөгуі жылдамдайды.
Қанның түзілуінің барлық бұтақтары
жарақаттанғанда лейкопения,тромбоцитопения
салыстырмалы лимфоцитоз.
Анықтау үшін ауру сиыр
жөніндегі мәліметке, аурудыі
клиникалық белгілеріне, қан мен
сүйек кемігін лабораториялық
зерттеулердің нәтижелеріне
сүйенеді.
Саралау.Ауруды
микотоксикоздардан, радиация
ауруларынан, шошқа обасынан,
індетті анемия мен анемиям басқа
түрлерінен ажырата білу керек.
Болжамы. Аурудың
гипопластикалық түрін уақытын
дұрыстап емдегенде жазып алуға
болады. Ал апластикалық түріңде
болжамы онды емес.
Анемияның емі

Емі. Аурудың себептерін жойып; құнарлы, құрамын барлық
керекті заттар бар рацион құру керек. Құрамында темірі бар
препараттар жақсы көмектеседі: темірлі глицерофосфя лактат,
күкірт, көміртегі - 10 мг/кг мөлшерінде; күкіртті мыс хлорлы
кобальт - 0,4-0,6 мг/кг; гемостимулин (құрғақ қан,
темір,лактаты, күкіртті мыс), ферроглюкин, ДИФ-3 (йод пен
темірі (Ц препарат), В12 витамині, глюкоза, аскорбин
қышқылы, фолий қышқылы, жүрек дәрілері; аллогенді,
гетерогенді қан, глобулин полиглобулин, кортикостероид
гормондары (преднизолон, преднйзон, дексаметазон).
Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын барли
ережелерін сақтай отырып қолдануға болады.Аурудың
апластикалық түрі ауыр жағдайда өткенде емдеуден
экономикалық кіріс шамалы.
Сақтандыру шаралары. Бірінші кезекте дүрыс қүралгаі
құнарлы рацион. Сиырларды реактивті сәулелерден,
уланулардан, зат алмасуының бұзылуынан, індетті, құрт
ауруларынан сақтандыру керек.
Топырағында микроэлементтер жетіспейтін жерлерін
малдың азығына құрамында темір, мыс, кобальттар
барқоспаларды қосып отыру керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары. К.Н. Қожанов.
Семей 2005ж.
2. Ауыл шаруашылық малдарының жұқпайтын ішкі аурулары.
Құрбанов С., Мамбетали О.Д., Құрбанова К.С. Шымкент,
2010 ж
3. Малдың ішкі жұқпалы емес және инвазиялық аурулары.
Тулеметова С.Е. Шымкент 2012ж
4. Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары. М. Қожабаев,
Ш.М Қаратаев. Шымкент 2006ж
5. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных
животных . Курбанов С., Курбанова К.С. Шымкент 2010г
6. Внутренные болезни животных. Г.Г. Щербаков Москва.
2006г
7. Ветеринариялық клиникалық диагностика. Оқу құралы.
Құрастырған М.А.Молдагулов. Алматы: Мерсал, 2004 г.
8. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы.
М.А.Молдагулов. Алматы,2007

Ұқсас жұмыстар
Несеп шығару жүйесі аурулары
Патологиялык анатомияның заманауи зерттеу әдістері
Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология пәні, міндеттері және мақсатары
АСҚАЗАННЫҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Картоптың түйнегінің сақиналы шірігі Corynebacterium sepedonicum (Spiek. et Kotth.) Scapt. et Burkh
Эмиль Дюркгейм
Күрішітің күйік бактериозы
Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау
БҮЙРЕККЕ ТАСТЫҢ ЖИНАЛУЫ БҮЙРЕК ТАС
МЕДИЦИНАЛЫҚ СҰХБАТТАСУ
Пәндер