Бұдан басқа, мал шаруашылығы жергілікті халықтың атадан келе жатқан дәстүрлі кәсібі
Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Ет өндірісінің қазіргі
жағдайы
Алматы 2016
Кіріспе
Республикамыздың фермалары мен шағын мал шаруашылығында және құс
фабрикаларында жоғары сапалы ет өндіруді шұғыл арттыруға қажетті жағдайлар жеткілікті.
Көптеген шаруашылықта мал мен құстың жоғары өнімді тұқымдары, оларды жайып
семіртетін недәуір мол жайылым бар.
Бір сыпыра шаруашылықтарда бордақылау алаңы салынған.Онда ересек мал
бордақыланады.Біраз шаруашылықта мал шаруашылығы өнеркәсіптік комплексінің
құрылысы аяқталуға жақын.
Алайда республикамызда ет өндіруді арттыру жөнінде біраз табыстарға қол жеткенмен,
халықтың бұл бағалы өнімге қажеттілігі әліде болса толық қанағаттандырылмай отыр.
Мұның негізгі себебі барлық шаруашылықта ет өндіру бірдей жолға қойылмаған. Фермалар
мен шағын мал шаруашылықтарының мал мамандары малды өз төлі есебінен өсіруі, арзан
жайылым шөбін пайдалана отырып, жайып семіртуді кең көлемде қолдану.
Мал бордақылау және тағы басқа маңызды мәселелерге әлі де болса жете мән берілмей
келеді
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМІНІҢ ҚАЗІРГІ
ЭКСПОРТ ЖАҒДАЙЫ
Елімізде ет өнімдерін өңдеу мен экспорттау артып келеді. Қазіргі таңда соңғы 3 жылғы
статистикалық мәліметтер бойынша ет және ет өнімінің экспорт жағдайы 3есе артқан, яғни 2015
жылы 12 мың тонна ет және ет өнімдері экспортталған. Осы айтылған талаптарды орындау үшін ет
және ет өнімдерінің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет. Негізінен, өнімнің
бәсекелік қабілеті оның нақты қажеттілік үшін құндылығымен анықталады. Әрбір тұтынушы
қандай да бір өнімді сатып аларда оның қажеттілігін өтеудегі тиімділігін тексеріледі.
Экспортқа ет өнімдерін шығаратын фирмалардың артықшылықтары:
- мамандар квалификациясы, бәсекеге қабілетті кәсіпорындармен, шетелдік
фирмалармен тәжірибе алмасу;
- кәсіпорындағы ет өндіру құрылғыларының сапалы болуы;
-- арнайы дәмдеуіштер мен қоспалардың сапасы (оргонолептикалық көрсеткіштері);
-- шикізат көзін (сиыр еті, қой еті, жылқы еті) бордақылайтын фирмалардың болуы;
-- сынақ зертханаларының болуы;
-- нарықтағы сұраныс және ұсыныс;
-- өнімді нақты сатып алушылардың талаптары мен сұраныстарын зерттеу жағдайлары
әсер етеді.
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген
орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Етті бағыттағы мал көбінесе
қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда
экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде
етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады
Ет өндіруден жетекші елдер
Дүниежүзіндегі
Елдер Өндіру көлемі, млн т
орны
Ұлыбритания 3,8 10
Үндістан 4,6 6
Қытай 55,3 1
Франция 6,2 5
Ресей 4,4 8
Мексика 4,1 9
Испания 4,4 7
Дүниежүзі
216,2 0,0
бойынша
Германия 6,5 4
Бразилия 11,7 3
АҚШ 35,8 2
Қазақстан Республикасындағы қайта өңдеуші кәсіпорындардың барлығының қосылған қуаты ХХ
ғасырдың 80 жылдарының соңында бір ауысымда 2250 тоннадан артықты құрады. Олардың
көбінің қуаты бір ауысымда 20-100 тоннаға дейін, ал ең ірі екеуі бір ауысымда – 200 артық: Бұл
Семей (бір ауысымда 389тонна ) және Алматы (бір ауысымда 386тонна ) ет комбинаттары
Оңтүстік-Қазақстан облысында төрт ірі ет комбинаты жұмыс істемесе, Атырау және
Маңғыстау облыстарында етті өндірістік қайта өңдеу мүлде жоқ, ал Қызылорда және
Жамбыл облыстарында тек орташа қуаттағы бір-бір кәсіпорын жұмыс істейді. Өтпелі
кезеңде әсіресе ет индустриясындағы ірілері болып саналатын Семей, Қарағанды,
Петропавл ет комбинаттары қатты зардап шекті, олар жаңа жағдайларда тиімсіз деп
саналып, соңында құлдырауға келіп тірелді .
Алайда, біздің республикамыз малшаруашылығында ет өндіруді
дамытудың барлық шарттарына қолайлы. Бұл табиғи мал жайылымының
барлылығы (180 млн.га аса) және пайдаланылмайтын
егістіктер, малшаруашылығының ет өндірісіндегі азшығынды жайылымдық
технологиясы.
Бұдан басқа, мал шаруашылығы жергілікті халықтың атадан келе жатқан
дәстүрлі кәсібі.
Бұның барлығы Қазақстанның әлемдік ет нарығында бәсекеге қабілетті
мүмкіндігін көрсетеді. Біздің еліміз географиялық орналасуы жағынан ірі
нарықтық импорттаушы болуға(бірінші кезекте бұл Ресей мен Қытай) нарық
өтімінде өзіндік септігін тигізеді.
Бірақ, малшаруашылығының ет саласын дамытудың негізгі шарты -
заманауи жаңа технологияны пайдалану және қайта жаңарту болып қала
береді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz