Денелердің электрленуі


Slide 1

Денелердің электрленуі. Электр заряды.

Slide 2

8. 4. 1. 1 - электр зарядын сипаттау;

8. 4. 1. 2- үйкеліс арқылы денені электрлену және индукция құбылысын түсіндіру;

8. 4. 1. 3 - электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру

Оқу мақсаттары:

Slide 3

Электрсіз қазіргі дүниені көз алдымызға келтіру қиын.

Slide 4

Атом құрылысы

Атомныӊ құрылысын ашудағы маӊызды рөл ағылшын физигі Э. Резерфордқа тиесілі. Оныӊ 1911 жылы ашқан планетарлық моделі бойынша: атом оӊ зарядталған ядро және оныӊ айналасында айналатын теріс зарядталған электрондардан тұрады. Ядроныӊ заряды оӊ және абсолют мәні бойынша барлық электрондардыӊ зарядына теӊ. Сондықтан, тұтас алғанда, атомда заряд болмайды, яғни ол - бейтарап.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Электр заряды

Элементар заряд. Элементар заряд шамасы Милликен және Иоффе тәжірибелерінде анықталды.

e = 1, 602177·10-19 Кл≈1, 6·10-19 Кл.

Электр заряды дискреттік (үзікті) қасиетке ие. Электр зарядының ең кіші порциясы (кванты) бұл элементар заряд (е) . q = N·e; N - элементар зарядтар саны; q -бөлшектің заряды.

Электрон заряды: e = -1, 6·10-19 Кл.

Протон заряды: p = 1, 6·10-19 Кл.

Slide 8

Электронның электр заряды элементар заряд деп аталады.

Электронның массасы m=9, 1·10-31 кг

Сутегі молекуласынан 3700 есе кіші

Slide 9

янтарь

Электрон деп атаған

Денелердің электрленуі деп атаған

Slide 10

Ежелгі заманымыздан (б. з. д. 600 жыл) жүнге үйкелген янтарьдыӊ женіл денелерді өзіне тартатыны белгілі болған. Янтарь - электрон (electron) деген грек сөзі.

Арадан 2000 жыл өткеннен кейін ағылшын врачы, физигі У. Гильберт (1544-1603) алмаз, шыны және басқа материалдарды жібекке үйкелегенде янтарь сыяқты қасиетке ие екендігін бақылайды.

Гильберт заттар янтарь сыяқты өзіне басқа денелерді тарты қабілетіне ие болғанда, оны электрленген күйде деп атайды. Дене электр зарядына ие болды айтамыз.

Заряды жоқ денелер бейтарап (нейтраль) деп аталады.

Slide 11

Вильям Гильберт

Петров Василий Владимирович

Шарль Дюфе

Денелердің электрлену құбылысы

Slide 12

Электрлену кезінде түрлі заттардан жасалған денелердің электрлік өзара әрекеттесу қабілетіне ие болу қасиетін электр заряды деп аталатын физикалық шамамен сипаттайды.

Денелердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуы денелердің электрленуі деп аталады.

Slide 13

Үйкелістен электрлену

Slide 14

. Жүнге үйкелген эбонит таяқшада немесе янтарьда болған зарядтар шартты түрде теріс «-», ал жібекке немесе жүнге үйкелген шыны таяқшадағы зарядтар оң «+» деп аталған

Slide 15

Зарядтың бір денеден екінші денеге өтуі:

Теріс зарядталған таяқша және зарядталмаған гильза берілген

Slide 16

Таяқшаны гильзаға тигізгенде оның теріс зарядының бір бөлігі гильзаға өтеді, нәтижеде екі денеде теріс зарядталып тебіседі

Slide 17

Индукция көмегімен электрлену

Денелерді бір-біріне жанастырмай-ақ электрлеуге болады. Зарядталған денені жақындатсақ екінші дененіӊ қасына жақындатсақ дене электрленеді. Бұл құбылыс әсерден электрлену немесе электрлік индукция деп аталады. Зарядталмаған екінші денеде пайда болған зарядтар индукцияланған зарядтар деп аталады.

Slide 18 Slide 19

Бір текті зарядтар бір-бірінен тебіледі.

Әр текті зарядтар бір-біріне тартылады.

Slide 20

Рефлексия.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма: параграф 28 оқу, сұрақтарға ауызша жауап. Есеп №11, 23-11, 24. Генденштейн


Ұқсас жұмыстар
Электр құбылыстары тұрмыста
Дененің электр заряды оның құрамына енетін барлық бөлшектің Электр зарядының алгебр
Атом құрылысы
Ток күші
Потенциалдық және кинетикалық энергия туралы ақпарат
Масса және күш
Механиқалық қозғалыстын түрлері
Инерциялық санақ жүйесі
МАССАСЫН ӨЛШЕУ
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz